«Теперішті
тағдыр» (Темірбек Жүргенов туралы
сахналық қойылым)
I АКТ .Театр
сахнасы
II АКТ. Тергеудегі
Т.Жүргеновтың жұбайы
III АКТ.Тергеудегі
Т.Жүргенов
Н.Алақай!
Шара:Қыздар ,жігіттер естідіңдер
ме!
Біздің театр Мәскеуден операға
шақырту алды.
Күләш:Иә,иә естідік.Біз өте
қуаныштымыз!.
Бақытбек:Қыздар ау Қыз жібектің рөліне
екеуің де лайықсыңдар.Біздің Мәскеуге жолдама алғанымыз Темірбек
ағамыздың арқасы.
Күләш:Осы еңбектің барлығы опера мен
театрдың алға қарай жылжуы, біздің көп жетістіктерге жетуіміз осы
Жүргеновтың арқасы.
Шара:Жалт етіп қарағанда көзі өте
қорқынышты.Дегенмен ,Темірбектің еңбектері адам сүйсінерліктей өте
керемет.
Бақытбек:Ай, Қыздар-ай!Біздің Темірбек
ағамыз Өзбекстанда қызмет етіп,4000 мектеп жалдаған,Қазақстанда
7000 мектеп салдырған,Тәжікстанда 40 мектеп салдырған.Мұның бәрі
Темірбек ағамыздың арқасы.Темірбек ағамыз білімсіздікпен күрескен
адам.
Күләш:Жүргенов Азия мен Қазақстанға
ортақ тұлға.Мемлекет қайраткері.
Шара:Қазақстанның
мәдениеті,әдебиеті,өнер саласының ұйымдастырушыларының
бірі.
Бақытбек:Темірбек жүргенов
келе жатыр.
Жүргенов:Амансыңдар ма? Дайындықтарың
қалай.
Хормен:Дайындық жақсы.Өте
жақсы.Керемет!
Бақытбек:Мәскеуге
баратынымызды естіп қуанып жатырмыз.
Жүргенов:Мәскеуліктер опера құрамыз
дегенді естіп таңғалуда.Қазақ өнері тұңғыш рет Кремелдің төріне
шықпақшы.Сондықтанда бізге рух керек.Ұлағатты қойылым
керек.
Бақытбек:Мәскеуліктерді
киіммен таңқалдыру қиын болады-ау.
Күлаш:Біз барынша
киінеміз,жасанамыз.
Шара:Иә аянып қалмаспыз.Барлық
әшекей бұйымымызды тағамыз.
Жүргенов:Киім жасау,жабдық әр ұлттың
ерекшелігі.Тіпті рухани байлығы.Біз оны көрсетуіміз
керек.
Бақытбек:Темірбек аға Қыз
Жібектің рөлін екі қыздың қайсысына
берейін?
Жүргенов:Әнді,әуелі Күлашқа бер да,Шара
сен биге шықсаң қандай кеңес берер едің?Сонда екеуі бәсекелеспей
екі өнердің басын ұстайды.
Күләш:Иә,иә біз келісеміз
қуана,қуана.
Шара:Бізді алдымызда үлкен Мәскеу
сапары күтіп тұр.Ендеше біз дайындала
берейік.
Жүргенов:Қазақ өнері мәдениеті мен
әдебиеті асқақтаған рухы одақтың төріне шықпақшы.Мәскеу зиялылары
мен халқы біздің әрбір қойылымымызды,кездесуімізді зор құрметпен
қабыл алуы керек.
Тергеуші:Отыр.Сізбен бірге тұратын
жұбайыңыз
Жүргеновтың
жұбайы:Қалт бибі жаулығы бар адам
күндіз түн ұйқысын сарт етіп,еңбек ете ме?Қыспәлең идеясы
үшін,совет үкімет үшін еңбек қызылту орденін не үшін
берген?
Тергеуші:Хх ол жәй әншейін өнерпаздарды
тәрбиелегені үшін жәй нәрсе.
Жүргеновтың
жұбайы:Не айтайын деп тұрсыз төтесіне
көшіңіз.
Тергеуші:Сіздің жұбайыңыз Жүргенов
халық жауы деген айыппен айыпталды.Өткен аптада үлкен бір ғалымның
әйел келіп,күйеуінің шетел шпиондарымен араласатынын айтып кеткен
еді. Үйіне,жұмысына,баласына тиіскен жоқпыз.Рахметімді айтып
кеттім.Сізде солай күйеуіңіздің қылмыстарын айтсаңыз сізге де жақсы
болады.
Жүргеновтың
жұбайы:Еее Малақаевтың әйелі
де.Түсінікті.Алыңыз осыдан өзге айтарым
жоқ.
Тергеуші:Менің күйеуім Темірбек
Жүргенов қазақтың зиялы азаматы.
Ол,1926 ж. Ташкенттегі Қазақ
педагогикалық Институтының директоры.
1929ж Тәжікстан үкіметінің
қаржы комиссары.
1930-33ж Өзбекстан үкіметінің
халық ағарту комиссары
1933-37ж Қазақстан үкіметінің
халық ағарту комиссары қызметін атқарды.
1934 ж. Алматыда өткен
бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының
1-слетін,
1936 Мәскеудегі Қазақстан
өнері мен әдебиетінің онкүндігі негізгі ұйымдастырушылардың бірі
болды.Оңбаған көрсетемін әлі саған.
Жүргеновтың
жұбайы:Не көрсетейін деп тұрсыз.Онсыз
да көріп жүргенім аз еді.Көрсет,қане.
Тергеуші:Күйеуіңді түрмеге,балаңды
жетімдер үйіне,өзіңді Алжирге жіберемін.Алып кетіңдер!Жүргеновты
алып келіңдер!
Жүргеновтың
жұбайы:Темірбек!Темірбек!
Жүргенов:Мұның бәрі уақытша.Түбі әлі
жеңеміз!
Тергеуші:Еліміздің бүгінгі басты
газетінде жерлестерін жазыпты.Тыңдап ал! Темірбек Жүргеновтың әкесі
қара заманда екі мәрте болыс болған.Бай,феодаль кәмпескелеуден мал
жасырған.Өзге байларды ит жеккенге айдаса,ол бар жоғы Қарқаралыға
жер аударылған.Мына баласы Темірбек қолындағы билігін жасап,оның
өзінің туған қайнағасы ордашыл Ермеков төре тұқымының нағыз қой
терісін жамылған бөрі.Оның бәрі қазіргі халық жауы Жүргеновтың
қазіргі әрекетінің айла шарғысы .
Жүргенов:Бұның бәрі лас,бұның бәрі
өтірік.
Тергеуші:Куә керек па?Куә керек болса
кірсін Ғабит.
Жүргенов:Ғабитжан, сен де сондай ма
едің?
Тергеуші:Иә сондай.Халық жауына
сенгендердің бәрі осындай.Мен сізден екінші мәрте
сұраудамын.Жүргеновты халық жауы дегенге келісесіз
бе?
Ғабит:Мирзоянның тапсырмасымен бұл
ешқандай да жау емес.
Тұрыңыз.(Сұлап жатқан
Т.Жүргеновты тұрғызады)
Қазақтың
мәдениетін,өнерін,әдебиетін бұлай ешкім көтерген
жоқ.
Тергеуші:Сайрай түсіңіз.Тағы не
айтасыз?
Ғабит
Мүсірепов:Кекетпей сөйлеңіз.Темірбек
бізден де үлкен адам.Бәлкім ісін бастар кезінде біреуді өкпелеті
қойған шығар.
Жүргенов:Естіген,естіген жылы сөзім
осы болды ау.
Тергеуші:Мынаның ішінде Бейімбеттің
де,Ілястың да,Сәкеннің де, мына отырған Жүргеновтың да тағдыры
бар.Бұны ұстап берген сен емес,өздерің,өз
қазағым
Өз қазағым дейді, мен осы
соңғы кездері қазақтардан қорқа бастадым.Эх,қайран қазағым-
ай.
Жүргенов:Эх уақыт ай неткен аз
едің.Бәлкім көп болғаныңда көп зат бітірермедім? Кеңес үкіметіне
сеніп отыра берсек,қазақтың болашағы не болмақ.Әй қайдам...Ертең
әшкереленіп барлығымызды атып тастамайды дегенге қандай кепілдік
бар?Ешқандай да кепілдік жоқ.Мен де тіктім
бәйгеге.
Тергеуші
(Шахзаданы алып
келеді).Кір
Жүргенов:Шахазада
,қарындасым-ау.Бұл сенбісің
қайдан жүрсін не болған саған?
Шахзада:Ағатай -ау жауыздардың
көрсетпегені жоқ.
Жүргенов:Сонша сені тепкілейтіндей не
жазығың бар еді?
Шахзада:Ұлттық универді
өртедім.Мойындамасаң атамыз деп қорқытты.Ағатай ау осындай күнді
кешетіндей басымызға не жазып едік.
Жүргенов:Біздің соғыс әлі нәтижесін
береді,шыда,тек сен шыдашы.Сені босатады.Ұлттық университетті мен
өртедім деп айтадым.
Шахзада:Жоқ,универ ғимараттарын
өртеген мына менмін.
Жүргенов:Жоқ!.. Сен не айтып
тұрсың.Мен өртедім.
Шахзада:Алдыңызды орап
қарындасыңыздың бір қылығын кешіре көріңіз.Мен ақ құрбан
болайын.Мен ақ кінәлі болайын.Сіздей асыл ағаларымыз аман
болса,қазақ елі аман болады.
Тергеуші:Екеуің де алдыма түсіңдер.
Сендер ату жазасына кесілдіңдер.Әкетіңдер.