Тербелістер және толқындар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тербелістер және толқындар

Материал туралы қысқаша түсінік
толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

§ 29.Толқындық қозғалыс

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім

Тербелістер және толқындар

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Өрісбай Жолдас

Күні:

14.04.2022

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


§ 29.Толқындық қозғалыс


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



9.2.5.12 – толқын жылдамдығы, жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолдану;

9.2.5.13 – көлденең және бойлық толқындарды салыстыру

Сабақтың мақсаты




-толқын жылдамдығы,жиілігі және толқын ұзындығы формулаларын есеп шығаруда қолданады;

-көлденең және бойлық толқындарды салыстырады

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі


Оқушылармен амандасу,түгелдеу.

Топқа бөлу.


Белгіленген топтарға отыру


Презентация

ІІ.Меңгерілген білімді тексеру

(жеке жұмыс)




Меңгерілген білімді тексеру.

1. Электромагниттік тербелістер дегеніміз не?

2. Еріксіз электромагниттік тербелістерге мысал келтіріңдер.

3.Тербелмелі контур дегеніміз не? Тербелмелі контурда қандай тербелістер орындалады?

4.Тербелмелі контурдың тербеліс периодын қалай анықтайды?

ҚБ «Жеке жұмыс»

Сұрақтарға жауап беру

Дескриптор

-әрбір дұрыс жауапқа 2 балл


Оқулық,

презентация

ІІІ.Жаңа тақырып



§ 29.Толқындық қозғалыс.

Механикалық толқын – тербелмелі қозғалыстың серпімді ортада таралу құбылысы.

Бойлық толқын – орта бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағыты бойымен жүретін толқын.

Көлденең толқын– орта бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр жүретін толқын.

Механикалық толқындардың қасиеттері:

1.Тол­қын­дар­ энер­гия­ та­сы­мал­дай­ды.

2. Тол­қын­ зат­ бөл­шек­терін­ та­сы­мал­да­май­ды.

3. Тол­қын­дар­ ша­ғы­ла­ды.

4. Тол­қын­дар­ бө­гет­ті­ орап­ өту­ қа­сие­ті­не­ ие.

Тол­қын кө­зі бо­лып та­бы­ла­тын де­не­нің тер­белме­лі қоз­ға­лы­сы­ның гра­фи­гін (174-су­рет) тол­қын гра­фи­гі­мен (175-су­рет) са­лыс­ты­рай­ық. Бір қа­раған­да гра­фик­тер ұқ­сас бо­лып кө­рі­не­ді, бі­рақ олардың ай­ыр­ма­шы­лы­ғы бар. Де­не­ тер­бе­лісінің графи­гі оның уа­қыт бой­ын­ша түр­ле­нуін көр­се­те­ді, ол бой­ын­ша біз де­не­нің кез кел­ген уа­қыт ме­зе­тінде­гі те­пе­-тең­дік күй­дены ғы­су­ын анық­тай ала­мыз. Тол­қын­дық­ про­цесс­ гра­фи­гі­нен­ тол­қын кө­зі­нен­ r­ қа­шық­тық­та­ ор­на­лас­қан­ ор­та­ бөл­шегі­нің­ ығы­су­ын­ анық­тай ала­мыз.

Толқынның негізгі сипаттамалары: толқын ұзындығы мен жылдамдығы.

Толқын ұзындығы – толқынның бірдей тербеліс жасайтын, ең жақын орналасқан екі бөлшегінің арақашықтығына тең шама.


мұн­да­ғы­ –­тол­қын­ ұзын­ды­ғы; ­қоз­ға­лыс­ жыл­дам­ды­ғы; Т­–­тол­қын кө­зі­нің­ тер­бе­ліс­ пе­ри­оды.

Толқын жылдамдығы-толқынның таралу қашықтығының уақытқа қатынасы.


мұндағы -толқын жыл­дам­ды­ғы;-толқынның таралу қашықтығы.

1. Толқындық қозғалыс, оған мысал.

2. Механикалық толқын-тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі.

3. Көлденең толқын-бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын.

4. Бойлық толқын-бөлшектердің тербелісі толқынның таралу бойында жүзеге асатын толқын.

5. Толқын ұзындығы-Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.

6. Толқын жылдамдығы-толқын ұзындығының бөлшектердің тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.

7. Сейсмимкалық толқын-жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.

8. Гравитациялық толқын-ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.

Керекті жерлерін жазып отырады


Оқулық,жұмыс дәптері,презентация

ІV.Есептер шығару

(топтық жұмыс)


Топтан бір адам шығып тақтаға есептер

шығарады.

А) Толқындардың таралу жылдамдығы 6 м/с, тербеліс жиілігі 5 Гц болғандағы толқын ұзындығы қандай? (1,2 м)

Ә) Балықшы қалтқы 10 с ішінде толқынды 20 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өрнектерінің арақашықтығы 1,2м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай? (2,4 м/с).

Б) Теңіз толқындары өркештерінің ең жақын арақашықтығы 10 м. Егер толқындардың жылдамдығы 3м/с болса, оның қайыққа соғылу жиілігі қандай болады? (0,3 Гц).

ҚБ «Үздік топ»

Есептер шығарады

Дескриптор

-есептің берілгенін жаза алады (1 балл)

-есептің формуласын жаза алады(1 балл)

-физикалық шамалардың өлшем бірліктерін жаза алады(2 балл)

-есепті толығымен шығара алады(2 балл)

Оқулық,жұмыс дәптері

V.Сабақты бекіту

§30 Дайындық сұрақтарын талдау.

Толқын дегеніміз не?

Көлденең толқын қандай ортада пайда болып таралады?

Толқын ұзындығы дегеніміз не?

Толқын жылдамдығы дегеніміз не?

Толқынның энергияны тасымалдайтынын қалай дәлелдеуге болады?

Сұрақ-жауап алмасады

Дескриптор

-әрбір дұрыс жауап үшін сол топқа +1 балл

-әрбір дұрыс емес жауап үшін ,сұрақ қойған топқа +1 балл


VІ.Кері байланыс



Кері байланыс

-Бүгінгі сабақ сіздерге түсінікті болды ма?

-Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

-Түсінбеген жерлеріңіз бар ма?

-Сабақ мақсаттарына толық жеттік пе?

О
лай болса бүгінгі сабақты бағдаршам әдісімен

қортындылайық!

Оқушылар сабақ жайлы өз пікірлерін айтады

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Презентация

VІІ.Үйге тапсырма

«§29.Толқындық қозғалыс» тақырыбын оқып,үй жаттығуын орындау.

Үй тапсырмасын жазып алады


Презентация



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.08.2023
1126
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі