400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тербелмелі қозғалыс. Математикалық маятник.

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылар табиғаттағы ең көп тараған қозғалыс бірдей уақыт аралықтарында дәлме-дәл немесе шамамен қайталанып отыратын тербелісін сипаттайтын шамаларды қайталау арқылы жаңа тербелмелі жүйелермен танысу. Тербелмелі қозғалыстың не екенін, қандай шамалармен сипатталатыны туралы мағлұмат беру. Маятниктің тұрмыстағы техникадағы рөлін анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТЭК білім беру қызметі туралы ережесі АТУ-ТЭК-ҚТЕ-7.5.1-2017-04

Ү.ТЭК-7.5.1-2017-04-17


Сабақ жоспары № __


Тобы

Күні

ПМиМП(9)17-1







Пәні: Физика

Сабақ тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Математикалық маятник.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушылар табиғаттағы ең көп тараған қозғалыс бірдей уақыт аралықтарында дәлме-дәл немесе шамамен қайталанып отыратын тербелісін сипаттайтын шамаларды қайталау арқылы жаңа тербелмелі жүйелермен танысу. Тербелмелі қозғалыстың не екенін, қандай шамалармен сипатталатыны туралы мағлұмат беру. Маятниктің тұрмыстағы техникадағы рөлін анықтау. 

Дамытушылық:

Тербелістер туралы ойлау қабілеттерін өмірмен байланыстыра отырып дамыту. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалардың формулаларын түрлендіру, есеп шығару дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік:

Өз ойын тиянақты жеткізе білу, теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу машықтарын тәрбиелеу. Жауапкершілікке, алғырлыққа, ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: «топтастыру» әдісі, сұрақ – жауап, «Джигсо» әдісі, постер қорғау, СТО, АКТ, «INSERT» әдісі

Сабақтың көрнекілігі: ЭО, тұрғы, шарик, жіп, презентация

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Түгендеу, сабақты бастауға дайындау.

2) Топқа бөлу (түрлі түсті смайликтер арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасы

Үйге берілген тақырыпты, әр топ білім алушылары тақырыпшаларды таңдап алу арқылы, қорғап шығады.

1-топ: Изопроцесстер және оның түрлері

2-топ: Магнит өрісі және магнит өрісінің негізгі қасиеттері

3-топ:м Электр заряды және зарядтың сақталу заңы

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. «Мағынаны тану»


Интерактивті тақтада берілген суреттер арқылы, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.


  1. «Джигсо» әдісі арқылы, әр топқа берілген тақырыпты постер бетіне түсіріп қорғайды.

1-топ: Тербелістер және оның түрлері

2-топ: Математикалық және серіппелі маятник

3-топ: Тербелмелі қозғалыс сипаттайтын негізгі шамалар

IV. Сабақты бекіту

«Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпқа байланысты есептер шығару.

  1. Камертонның жиілігі 440 Гц болса, 5 с-та қанша тербеліс жасайды?

2. Серіппенің 8 сек ішіндегі тербеліс жиілігі 4 ке тең болса, қанша тербеліс жасайды?

3. Ұзындығы 2,45 м математикалық маятник 60 с-та жасайтын тебеліс саны ( g=9.8 м/с2)

4. Ұзындығы 1м болатын математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеп шығарындар.

5.Ай бетіндегі ұзындығы 1м математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай болады? Айдағы еркін түсу үдеуі 1,62 м/с2

6.Серіппеге ілінген массасы 1 кг дене периоды 1с-қа тең тербелістер жасайды. Осы серіппеге ілінген массасы 4 кг дененің тербеліс периоды қандай?

7. Дене 4 мин-та 60 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі

8. Егер Айда ұзындығы 1 м маятниктің тербелістерінің периоды 4,9 с болса, ондағы еркін түсу үдеуі?

9. Ұзындығы 2,5 м математикалық маятник секунд уақытта жасайтын тербеліс саны

10. Жүк серіппеде тербеліп тұр, оның қатандығы 1200 Н/м. Тербеліс амплитудасы 4,8 см. Жүктің жылдамдығы нөлге тең болған мезеттегі оған әрекет етуші күш модулі

V. Қорытынды

Тест тапсырмалары арқылы сабақты қорытындылау

VI. Үйге тапсырма беру

1) Г.Герц туралы баяндама жазу

2) «Тербелістің тұрмыста қолданылуы» тақырыбында конспект


Бағалау (Әр топ өзін-өзі бағалайды).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі