400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тербелмелі қозғалыс сабақ жоспары физика 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Физика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тербелістер және толқындар

Күні: 19.04.2019

Сынып: 9

Мектеп: «Қаратұма орта мектебі және балабақша» КММ-сі

Мұғалімнің аты-жөні: Шолтыков Мукаш Оиранович

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тербелмелі қозғалыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


9.2.5.1-Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру.

9.2.5.2-эксперименттік әдіспен амплитуда,период,жиілікті анықтау.

9.2.5.3-формулаларды қолданып период,циклдік жиілікті анықтау

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру.Тербелмелі қозғалыс ережесін сипаттау

Көптеген оқушылар: Механикалық тербелістерді бақылау барысында амплитуда,период,жиілікті анықтау.

Кейбір оқушылар: Координатаның уақытқа тәуелділік графигі бойынша және формулаларды қолдана отырып период пен жиілікті табуға деңгейлік есептерді шығару

Бағалау критерийлері


-Тербелмелі қозғалысқа өмірден мысалдар келтіреді.Тербелмелі қозғалыс ережесін сипаттайды.

-Механикалық тербелістерді экспериментте бақылау барысында амплитуда,период және жиілікті табады.

-Координатаның уақытқа тәуелділік графигі бойынша және формулаларды талдай отырып период пен жиілікті табуға деңгейлік есептерді шығарады.

Тілдік мақсаттар


Тілді оқыту мақсаты: Тербелмелі қозғалыс,амплитуда,тербеліс периоды,тербеліс жиілігі.


Құндылықтарды дарыту


«Мәңгілік ел» идеясы бойыншаЖалпыға бірдей еңбек қоғамына баулу.Оқушыларға топпен жұмысы барысында жауапкершілік пен өз-ара құрмет құндылықтарын дамыту.

Пәнаралық байланыстар


Математика

Бастапқы білім


бұрыштық өлшемді(радиан),шеңбер бойымен қозғалысты, механикалық қозғалыс, бұрыштық жылдамдық



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы


5 минут









Сабақ ортасы


30минут


































Ұйымдастыру кезеңі

Cыныпта жағымды ахуал қалыптастыру(2 минут)

«Қозғалыс » әдісі Сынып оқушылары екіден бір қадам аралығында тұрады.Аяқтары бірге,қолдары алдарына қарай алақандарын тигізеді.Бір-бірін итереді,орындарынан қозғайды.


Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»(3 минут)


G. видеоны көру «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру(10минут)


ҚБ: «Бағалау парағы»


Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

1. 1.Тербелмелі қозғалыс дегеніміз не?

2. Тербеліс пайда болуы үшін қажетті шарттар қандай?

3. Тербелмелі жүйелер дегеніміз не?

4. Механикалық тербелістер дегеніміз не және оның механиканың негізгі есебін шешудегі маңызы қандай?

5. Тербелістер өту сипатына қарай қандай түрлерге бөлінеді.

6. Гармоникалық тербелмелі қозғалыс дегеніміз не?

7. Период дегеніміз не ?

8.Адам өзінің жүрек соғысын есептей отырып қандай физикалық шаманы табуға болады.



ҚБ: «Сиқырлы әткеншек»





Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық!»

би билеу




Синтез(12 минут)

Топтық жұмыс «Конверттегі сұрақ» әдісі.

Деңгейлік есептер шығарту.

1. деңгейі:

1.Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8с ішінде 32 тербеліс жасады.Тербеліс периоды мен жиілігі қандай?

2.Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10Гц.Оның қанаты 1 минутта қанша тербеліс жасайды?

3.Масаның қанат қағу жиілігі 600Гц,ал араның тербеліс периоды 5мс.1минутта кайсысы қанатын көп қағады?

В деңгейі:

1.Шыбынның тербеліс жиілігі 300Гц.Оның қанаты 1сағатта қанша тербеліс жасайды?

2.Бал арасының қанаты 300 Гц жиілікпен тербеледі,ал маса қанаттарын 1 с ішінде 600 рет қағады.Бірдей қашықтыққа ұшқанда олардың қайсысы қанаттарын көп және қанша есе көп қағады?Бал араның жылдамдығы 6м/с,масанікі 10м/с.

3.Серпімділік күшінің әсерінен пайда болатын тербелмелі қозғалысқа техникалық құралдардан үш мысал келтіріңдер.


С деңгейі:

1.Шектің өшпейтін тербеліс жасайтын нүктесінің амплитудасы1мм, жиілігі1кГц.Нүкте 0,2с ішінде қандай жол жүреді?

2.Шәрбатқа ұшып бара жатқан араның қанаттары 420 Гц жиілікпен,ал кейін қайтарда 300 Гц жиілікпен тербеледі.Шәрбатқа ара 7м/с жылдамдықпен,ал қайтарда 6м/с жылдамдықпен ұшады.Егер ұядан гүлді аймаққа дейінгі ара қашықтық 500м болса,ара қай бағытта ұшқанда қанатын көп қағады және қаншаға көп қағады?

3.Егер адам алтыбақанды түрегеп тұрып тепсе,отырып тепкенге

қарағанда тербеліс периоды өзгере ме?Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

4.Тербеліс үшін үйкелістің маңызы қандай?



ҚБ: Жетон тарату











Қағаз қиындыларын жинастыру арқылы сынып оқушыларын топтарға бөліп алу



Электронды оқулық

Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі.



«Интервью» әдісі

Оқушылар тақырып. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жабыстырады.










Қыдырып қайтайық!» биі










Оқулықтар:

1.Физика 9сынып «Мектеп баспасы»2013 жыл.Авторлары:

Р.Башарұлы,Д.Қазақбаеа, У.Тоқбергенова,Н.Бекбасар.

2. «Физика есептерінің жинағы»

А.П.Рымкевич





















Сабақ соңы:

5 минут

Үй тапсырмасы:§24,§25,

«Тербелмелі қозғалыстың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында реферат жазу


Кері байланыс:

Оқушылардың тақырыпты қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін

«Ромбтық жіктелу әдісімен тексеремін.


Рефлексия:

«Аяқталмаған сөздер»

Бүгінгі сабақта түсінікті болғаны_____

Бүгінгі сабақта есімде қалғаны______

Бүгінгі сабақта ұнамағаны_______

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады


Оқулықтар:

1.Физика 9сынып «Мектеп баспасы»2013 жыл.Авторлары:

Р.Башарұлы,Д.Қазақбаеа, У.Тоқбергенова,Н.Бекбасар.


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Саралау сабақ мақсатынан басталып, тапсырмаларда, үй жұмысында байқалады


Житон тарату

«Сиқырлы әткеншек»

«Бағалау парағы»



Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Техника қауіпсіздік ережесін сақтау























Қосымша 1

Физика 9 сынып

Бөлім

Тербелістер және толқындар

Тақырып

Тербелмелі қозғалыс

Оқу мақсаты

9.2.5.1-Еркін және еріксіз тербелістерге мысалдар келтіру.

9.2.5.2-эксперименттік әдіспен амплитуда,период,жиілікті анықтау.

9.2.5.3-формулаларды қолданып период,циклдік жиілікті анықтау

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Тұжырымдау,қолдану,бағалау

Бағалау критерийлері

-Тербелмелі қозғалысқа өмірден мысалдар келтіреді.Тербелмелі қозғалыс ережесін сипаттайды.

-Механикалық тербелістерді экспериментте бақылау барысында амплитуда,период және жиілікті табады.

-Координатаның уақытқа тәуелділік графигі бойынша және формулаларды талдай отырып период пен жиілікті табуға деңгейлік есептерді шығарады.

Тапсырма 1

Бағалау критерийлері

Дескриптор

-Тербелмелі қозғалысқа өмірден мысалдар келтіреді.Тербелмелі қозғалыс ережесін сипаттайды

-Механикалық тербелістерді экспериментте бақылау барысында амплитуда,период және жиілікті табады.


1.Тербелмелі қозғалысқа мысалдар келтірді.

2.Тербелмелі қозғалысты сипаттады.

3.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын амплитуда,период,жиілікті ажыратты.

Тапсырма 2

Бағалау критерийлері

Дискриптор

Тербелмелі қозғалысқа өмірден мысалдар келтіреді.Тербелмелі қозғалыс ережесін сипаттайды.

-Механикалық тербелістерді экспериментте бақылау барысында амплитуда,период және жиілікті табады.

-Координатаның уақытқа тәуелділік графигі бойынша және формулаларды талдай отырып период пен жиілікті табуға деңгейлік есептерді шығарады.

1.Тербелмелі қозғалысты сипаттады.

2.Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын амплитуда,период,жиілікті ажыратты

3.График бойынша период пен жиілікті табуға есептер шығарды.

4.Кейбір оқушылар формулаларды қорыта отырып күрделі есептерді шығарды



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
5833
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі