400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тербие сағаты Мүшел жас -мерейлі жас

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге қазақтың мүшел жасқа толуының ерекшелігін, жоралғыларын ұрпаққа меңгертеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Юсупова Куралай Абатовна

Тақырыбы:       Мүшел жас-мерейлі жас

Оқушылардың мүшел жасын тойлау мақсатына құрылған іс-шара үлгісі

   Жүргізілу барысы

Құрметті: Ата-аналар, Ұстаздар және оқушылар Сіздерді бүгінгі  Мүшел жас-мерейлі жас деп аталатын әдеби  монтажды мерекелік кешіміздің қонағы болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз !

Біреулер өмір өткелін  

13-ке жетіп,асып қыр

Біреулер балғын көңілмен

  Мүшеге қадам басып тұр

Ортаға  13-жасқа толған жас өрендерді шақырамыз

(1 қыз және1 баладан оқушылар қол ұстасып шығады)

Мұғалім: - Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен аты шулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Содан қаған өзінің қауымына былай депті, - «Біз тарихымызды анықтаудан көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұдан да жаман шатасады. Біз жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын».
Сөйтіп, Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп, әр қайсысы бір – бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты.

Бұл өмір білінбейді өтерінде

Той қызық көңіл күйді көтеруге

Болмаса ойлағаның көңіл тынбас

Бұл өлең бұрынғыдан қалған мирас

-Ән «Туған күн»әні орындалады

 Тәжірибелі де тәлімді

Шоқтығы биік өзгеден

Шеберлігі мол алымды

 Ұстазға сыйлы сөз берем

13-жас мүшел тойымыздың алғашқы құттықтау сөзін мектебіміздің директоры---------------

   сөз береміз

 Күй нөсерін төгейік

Жырдан моншақ өрейік

Уа жәмиғат, ал енді

Биге кезек берейік

-Би орындалады Қазақ биі

Күтіп тұр алда сан қызық

Асулар асқар, неше сын

Ұстазың сенің алғашқы

Кеудеңде үміт жанғызды

Сөз кезегі(13-ке толған той иелерінің алғашқы ұстаздарына беріледі)

Күмбірге толы сырлы әлем

 Мереке әнмен жалғансын

Музыкалық бір сәлем

Ұстаздарға арналсын

--Ән  Ұстазым

Алтын күздің сыйындай

Жеткен сайын мен ұшыпБылтыр құлын,

биыл тайБолып өстің тебісіп

Мұғалім: - Бүгінгі өткелі отырған тәрбие сағатымызды ата – бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ.
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғандаы бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. 
Сонда бір мүшел - 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 

Ендеше ортаға мүшел жас иелерін шақырайық

Ата-анаң бір бәйтерек

Аясы мол саялар

Әзірлеп асыңды ертелеп

Өбек болып аялар

-Ән  Сымбатпын

Кейбір деректерде«мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдай беріп, қан шығарып, мүшелден аман - есен шығару үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы - жақыбайларға таратылады екен.
Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту жеті нан тарату да мүшел жастан аман - есен шығып, ұзақ сүру үшін. бақытты болу үшін істелетін ырым екен.


Ендеше жеті нан тарату рәсіміне кезек береміз. Ұл-қыздарымызды Құдай тағала қашан да жаманшылықтан сақтасын.

 Өнерпаз шықсын алдына

Биін көріп тамсанып

Құлақ құрышын қандыра

Қол соғалық қарсы алып

Би: Өзбек биі

Ата-аналық үлкен сын

Бала өсіру ұлы өнер

 Жақсылардың соңынан

Жарқын қыз бен ұл өсер

--- Осы сәтте ата-аналарына сөз береміз

Зымырап жылдар керуені

  Есею сәті тез кепті

Азаматтай зерделі

Түсінер бәрін кез жетті

Арманға жеткін мақсатты

Сара жол алға салардай

Аяқтайық бал шақты

Мәңгілік есте қалардай

Егемен елдің төсінде

Шуағын шашсын арай күн

Мәнерлеп өлең арнарсың

Қызыға жұрттар қарайтын

 

-Әдеби монтаж айтылады.

(10 оқушы 1 шумақтан айтады )



1.Бар дәулеттің көзі деп

Білім болсын жанарың

13-ке келген жас достым

Құтты болсын қадамың



  1. Әділдікті жақтаймыз

Ізеттілік сақтаймыз

Осындай зор мақсатпен

 13-ке келіп қалыппыз.



  1. Өткердік жазды дүбірмен

Туған жер төсін тербеттік

Мүшелге келіп ер жеттік

Уақытпен алға жүгірген



  1. көңіл толы нұр ағыс

Мен де шаттық жайдамын

Құтты болсын қуаныш

Құтты болсын мейрамың



  1. Біздің сынып жақсы оқып

Қалдырмайды ұятқа

Ұстаздардың жолымен

Талпынамыз мұратқа





  1. жасымыз толды он үшке

Ересек біздер баламыз

 Мәпелеп ата-анамыз

Оқуда озат боламыз



  1. Көтеріптағдыр ел жүгін

Өмірдің көші алға асты

Он үшке толдың сен бүгін

Мүшелің ол алғашқы



  1. Жылдармен мәлім өсерсің

Мезгілге қарсы тұрған кім

Құтты болсын достым-ау

Құтты болсын туған күн



  1. Шешкен бәрін ойланып

Ғалам сырын білгіш ел

Он екі жыл айналып

Қайта оралса бір мүшел



  1. Сен туғалы бәріде

Он екі жыл өтіпті

Он үшінші желіге

Туған жылың жетіпті





Мұғалім:Сыйлаған  өмір өзіне

Қастерлеп оны ардақта

Жүректен терең сезіне

Қасиетін біл әр уақытта

Әке жаны жазғы нұр

Сендерсің-жолын жалғар шың

Сыр толы мынау сазды жыр

Соларға енді арналсын



 Өнерпаз шықсын алдына

Әнін тыңдап тамсанып

Құлақ құрышын қандыра

Қол соғалық қарсы алып

Ән :Әке- ана

 Мұғалім:

Он үш жасқа толғанда,

Бірінші мүшел болғанда.

Жастықты жарқын сезім көп,

Жас адам «білем өзім» деп.

Шыңына жетер бала шақ,

Шыңдайды жасты болашақ.


Жоғарыдағы мүшел жылдардың әрқайсысының адам өміріне тигізер әсері, ықпалы болады. Алғашқы мүшел он үш жаста баланың ересектік шаққа өту кезеңі айқындалады. Бұл кезеңде ер балалардың дауысы өзгеріп, сүйегі іріленіп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Халқымыздың осындай ес тоқтатып, етек жаба бастаған жасты «Он үште отау иесі» деп дәріптеген. Балаларын отбасылық өмірге баулуды қолға алған.

  1. Осындай жеткіншек шағын Ақтамберді жырау:

Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кең есікке,
Бұғана қатып, бел бекіп!
Ерегіскен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске! – деп талпынса,


2
.Алмажан Азаматқызы:

Он төртіме келгенде,
Салиқалы қыз болдым
Жібектей шашын талдаған, - деп ,
бойын күтіп, бойжеткендік шаққа жеткенін аңғартады.


 Көңіл аудар даналардың сөзіне.
Адал жанды өнеге тұт өзіңе.
Дегендей ұлы адамдар өміріне бір сәт көз жүгіртейік.

Оқушылар даналар туралы сөз айтады

Ана-бала өнерлі

Көрелікбала шын-үнін

Баласын таусын көрейік

Көрейік сынап мейірімін

Ата-аналармен ойын ұйымдастыру

 Таудай болсын талабың

Құтты болсын қадамың

Деп құттықтап бір-бірін

Сыйлайды өз сыйлығын

--13- мүшел жасқа толған оқушылар бір-біріне сыйлықтарын таратады

Мұғалім:

Бұл тойдағы бас тағам

Торты болар жайнаған

Бас тағамнан дәм татып

Тамашалап біз оны

--Ортаға аспазшы болып киінген оқушы 13-жас деп аталатын  үлкен тортты алып шығады оқушылардың барлығы шығып свечаны өшіреді



Шашу шашады

Мұғалім:

 Жылдармен мәлім өсерсің

Мезгілге қарсы тұрған кім

Құтты болсын достым-ау

Құтты болсын туған күн

Би. Флешмоб

Ілім іздеп дананы

Өрісті бол жан-жақты

  Өмір сүр де саналы

Азамат бол ардақты

Көпті білу борышың

 Беріп қуат, денге сау

Аман болғай ол үшін

Мүшел жасты өренім

Ақыл толы зеренім

Ақ батаны сұрайық

Қолыңды жай –Ақ ниет

--Сыныптағы оқушыларға бата береді

   Келген кезде сен өмірге шыр етіп

Ата-анаңыз қуаныштан жыр есті

Қыран болып шыға ма деп балапан

Содан бері сені ойлап түлетуде

Тілейік біз сіздерге жақсылықты

 

Өсе бер гүлдей жайнап,ей жас талап

Бейбіт елдің бақытты ұланымыз

Бейбітшілік бұл біздің  ұранымыз -дей отырып бүгінгі «Мүшел жас –мерейлі жас» атты мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар! Келесі кездескенше аман болыңыздар!






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
592
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі