400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тері гигиенасы. Шынықтыру негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тері гигиенасы және оны шынықтыру түрлері туралы мәлімет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тері гигиенасы. Шынықтыру негіздері

Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі. Tepi үш қабаттан: сыртқы, ішкі жене шел қабатынан тұрады. Терінің құрылысы: 1 — жанасқы денешік, 2 — жүйкенің бос ұшы, 3 — тақташалы денешік, 4 — Tepi түгі, 5 — терінің үстінгі қабаты, эпидермис, 6 — нағыз тepi қабаты, 7 — май безі, 8 — түк ұясы, 9 — терідегі тамырлар, 10 — дәнекер ұлпасы, 11 — тер безі, 12 — шелдегі май ұлпасы.

Гигиена – денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше һyгіеінос, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды.

Шынығу

Шынығу- организмнің ауа райының қолайсыз әсеріне төзімділігін арттыруға арналған шаралар жиынтығы. Шынығуға негізінен ауа, су, күн сәулесі пайдаланылады және бұлар дене шынықтыру жаттығуларымен байланыстырылса, шынықтырудың төзімділігі арта түседі.

Таза ауада шаңғы тебу.

Шынығу түрлері

Таза ауа

Таза ауа - шынығудың ең кең тараған және жеңіл түрі. Бұл жағдайда жыл маусымының ерекшелігі ескерілуі тиіс:

  • жылдың жылы кезеңінде шынығу үшін ұзақ уақыт таза ауада серуендейді; ауа температурасы 16°С-тан төмен болмаса, үйдің терезесін ашып қойып ұйықтауға болады;

  • жылдың суық кезеңінде шынығу үшін белгілі бір уақыт жаяу серуендеу, шаңғы тебу, жеңіл киініп, шынығу жүгірісі деп аталатын "баяу", "жүгіру", коньки тебу т.б. пайдаланылады. Далада организмді мұздатып алмау үшін тез қимылдап, жаттығуды ұзаққа созбайды.

  • Жалаңаяқ жүру. Үйдің ішінде біраз уақыт жалаңаяқ жүру де пайдалы. Бұның ұзақтығын 1минуттан бастап, әрбір 5-7 күн сайын 1 минутқа ұзартып отырып, 10-15 минутқа жеткізеді.




Су процедурасы

Су ауаға қарағанда жақсы шынықтырады. Судың жылу өткізгіштік қасиеті ауаның жылу өткізгіштігінен 23 есе артық. Су теріс температуралық әсер етумен бірге механикалық әсер етіп - массаж жасайды. Капиллярлық қан айналысын жақсартады. Су көмегімен үй жағдайында шынығудың ең көп тараған түрлері:

  • денені сулы орамалмен ысқылап сүрту - суық судың температурасы 34-35°С-тан төмен болмағаны жөн. Күн сайын дымқыл орамалмен сүртінгенде 6-7 күннен кейін судың температурасын бір градустан төмендетіп отырып, оны 24-22°С-қа дейін жеткізеді. Денені дымқыл орамалмен ысқылауды және суық сумен жуыну осы температурада 2-3 ай бойы жасайды. Бұдан кейін адамның денсаулығында ешқандай өзгеріс (тыныс алу жолдарының қабынуы, әлсіздік, қалжырау немесе кейгіштік, абыржу, ұйқы қашу, асқа тәбет тартпау) байқалмаса, судың температурасы -22°С шамасында шынығуға көшуге болады, оны әрбір 10 күн сайын 1°С-қа кемітеді, ал дымықыл орамалмен күнделікті сүртіну (суық суға жуынуы) жағдайында судың температурасын 10-12°С -қа (су құбырындағы судың температурасы) жеткізеді;

  • душ - шынығудың тиімді тәсілі, әсіресе, контрасты (қарама-қарсы) деп аталатын душ қабылдау ( бірақ бұны тек дені сау және едәуір шыныққан адамдар пайдаланған жөн). Бұл тәсілде 3 минуттай уақыт ішінде жылы суды (40°С шамасындағы) бірнеше рет суық сумен алмастырып отырады.




Шомылу

Айдын суға шомылудың пайдасы зор, ол денені шынықтыруға жан-жақты әсер етеді, өйткені судың термикалық және механикалық тітіркендіру әсері ауа, күн сәулесі әсерлерімен және суда жүзу қимылымен ұласады.

"Морж" болу

Қыста суық суға түсумен ("морж" болу) тек денсаулығы зор адамдар ғана айналысуға болады. Ол үшін организмді суық судың әсеріне алдын-ала біртіндеп (бір жылдан кем емес) үйретеді. Суық суға 20-30 секундтан артық түспей, тез, жылдам қимылдау қажет. Қыста суға түсумен шұғылданушылар дәрігердің бақылауында болады.




Ыстық бу

Бу моншасын жылу,бу, су және механикалық тітіркендіру әсерлерімен ұштастырғанда, олар организмнің зат алмасу, тыныс алу және қан айналысы процесін жақсартып, дененің шынығуына қолайлы жағдай жасады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
2358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі