400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ

Материал туралы қысқаша түсінік
ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 сынып


Сабақтың

тақырыбы:

ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ

Жалпы

мақсаты:

Өз сезім мүшелерінің ерекшеліктерін біле отырып, пәнге қызығулықтарын арттыру


Сілтеме

Биология оқулығы, суреттер

Оқу нәтижесі

Оқушылар иіс, дәм, сипап сезу мүшелерінің ерекшеліктері, олардың жұмыс істеу қызметін біледі;

Сезім мүшелерінің гигиеналық ережелерін сақтауды үйренеді

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер

АКТ байынша интерактивті тақта, суреттер, қағаз, түрлі-түсті қарандаш, оқулық.

Оқыту әдісі

1.Жеке жұмыс (үй тапсырмасын сұрау).

2.Топпен жұмыс (тапсырма беру, постер салу).

3.Сыныппен жұмыс диалог әдісі. (сұрақ-жауап).

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының

іс-әрекеті

Ұйымдастыру: 2 мин.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғазу.

Жұмыс жасау ортасын қалыптастыру.

Сыныпты ортаға шығарып сандар арқылы 2 топқа бөлу.

І топ. Дәм сезу

ІІ топ. Иіс сезу




Психологиялық сәт.

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймын

Өткенге шолу

(үй тапсыр-масы).

5 мин.

Жеке жұмыс (диалог әдісі).

Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушыларға бір-біріне сезім мүшесі тақырыбында әр түрлі сұрақтар қойғызу.


Өту барысы

Топпен жұмыс

Жаңа тақырыпты түсіндіру

ББК әдісі бойынша.

Негізгі бөлім: жаңа тақырып

20 мин

Мағынаны ашу

Тән сезіп, көзбен көрмек,

Мұрын иістен, тіл дәмнен хабар бермек.

Бесеуінің мұндағы ойы-хабар алып,

Жақсы-жаман әр істі сол тексермек.

Шәкәрім Құдайбердіұлы



Сипап сезу – бұл тері сезімі және оны арнайы рецепторлар жасайды. Олар: саусақ, тері ұшында, ерінде көп болады. Рецепторлар капсулаға немесе қабыққа оралаған жүйке ұштары болып табылады.

Еңбек іс-әрекетінің дағдысы саусақ ұштарының сезімталдығымен байланысты. Сезімтал жүйке бойынша тері рецепторларының сигналы жұлын мен мидағы бұлшықет сезімі аймағына бағытталады.

Терінің қызметі:1. Қорғаныш 2. Сезімталдық 3. Ыдырау өнімдерін шығару. 4. Жылу реттеуші. 5. Тыныс алу



Дәм сезу мүшесі. Тамақты оның иісімен бірге қабылдағанда дәм сезімі пайда болады. Дәм сезу рецепторлары суда еріген заттың дәмін сезіп қабылдай алады. Сілекеймен немесе дәм сезу сұйықтығымен араласпаған құрғақ тамақтың дәмі сезілмейді. Дәм сезу рецепторлары тілде орналасқан, бұл тіл бүртіктері. Дәмді тілдің әр түрлі бөліктері әр түрлі сезеді. Тіл ұшы — төтті нөрсеге, орталык-арткы бөлігі — ащы, алдыңғы және бүйір бөліктері тұзды нөрсеге сезімтал. Қышқыл дәмді тілдің бүйір шеті сезеді. Тілдің өр түрлі бөліктерінде орналаскан рецепторлардан жүйке талшыктары қозуды мидың белгілі бір бөлігіне өткізеді. Тамақ ішкенде тілдің барлық рецепторлары жұмыс істейді.



Иіс сезу тамақ қабылдауға міндетті түрде қатысады. Мұрын бітіп, иіс сезбей калған кезде тамақ дәмі өзгереді

Иіс сезу мүшесі адам үшін маңызды рөл атқарады. Ол тұрмыстық газдың шығып жатқанын, ашып кеткен тамақ туралы хабар береді. Мұрын қуысының үстіңгі мүрын қалқанында иіс сезу мүшесі орналасқан. Бұл — пішіні түйреуіш тәрізді және кірпікшелері бар иіс сезу рецепторларының шоғыры. Осы кірпікшелер хош иісті заттардың молекулаларын газ тәрізді күйінде қабылдайды. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал.

Сабақты қорытындылау.

15 мин

Сыныппен жұмыс.

Кері байланыс, диалог әдісі әр топ бір-біріне сұрақ қойғызу.

Биологиялық диктант:

1. Иіс сезу рецепторлары өте сезімтал.

2. Лимонның дәмін тілдің орталық-артқы бөлігі сезеді.

3. Соқыр адамда сипап сезу өте жақсы дамиды.

4. Ауру сезімдерін терідегі бос жүйке ұштары қабылдайды.

5. Дәм сезу рецепторлары – бұл тіл бүртіктері.



Теріде қанша ауырсыну рецепторлары болады?
1см2 – де, шамамен, 100 ауырсыну рецепторы болады.
Көзді жұмып затты ұстағанда нені сеземіз?
Пішінін, мөлшерін, бетінің сипатын, температурасын.
Бұлшық ет сезімінің маңызы?
Бұлшық ет сезімінсіз бірде – бір үйлесімді қызмет атқара алмайды.
Тамақ қабылдауға қандай сезім мүшелері қатысады?
Иіс, дәм сезу мүшелері


Үйге тапсырма:

ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ

Бағалау.

3 мин

Топтық аралық (өзін-өзі бағалау).

Сұрақ-жауап арқылы бағалау.
























Тақырыбы: «Химиялық элементтердің табиғаттағы айналымы»


Мақсаты: Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту


Жалпы мақсат: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру

Күтілетін нәтиже: Тақырыптың идеясын аша отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамиды.Логикалық ойлау қабілеттері артады.Пәнге деген қызығушылығы артады

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Венн диаграммасы, Автобус аялдамасыКейіпкерге хат, Топтастыру

Қолданылатын ресурстар: Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук


Ұйымдастыру кезеңі

















Тренинг

«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушылардың жақсы көңіл – күйлерін, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Барлығын ортаға шығып шеңбер құрду. Мен және оқушылар бір – бірімізге допты лақтыру арқылы өз ұсыныстарымыз бен тілектерімізді білдіргізу

Оқушылардың мұндағы мақсаты жақсы тілектер арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу.

Сабақ кезеңдері

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Білім



Қызығушылық

тарын ояту

Композициялық талдау жасау арқылы сұрақ жауап өткізу

Үй тапсырмасын кайталау

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы оқушылар өзі бір- біріне қоя отырып өткен сабақ туралы не білгендерін ортаға салады

Бір- біріне жақсы сөздер айта отырып сұрақ джауап арқылы бір- біріне жақсылықпен сәттіліктілейді

Түсіну

Венн диагамманы талдау

Тақырыптың мазмұнын қысқаша баяндайды,тақырыптың ең маңызды жерін ең қызық жерін табады,оны неге қызық деп тапқанын айтады,тақырып туралы ақпарат жинайды

байланыстырыды, суреттейді - өз бағасын береді

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Қолдану

Тақырып төңірегінде оқушыларға «Автобус аялдамасы» әдісін қолданам

Оқушылардың қабілеттеріне сай "Автобустық аялдама" әдісі бойынша әр топтың алдына сұрақ жазылған парақ берем. Олар жауап жазып келесі топқа жіберіп отырды.


Сқрақтар тақырып төңірегінде болады, әр топ тапсырма мен сұрақтарды орындавп келесі топқа береді, олар тексерді, бағасын қояды

Сергіту сәті

«Қара жорға биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероиктегідей жаттығулар жасайды.

Талдау

«Топтастыру» арқылы жалыпы бүгінгі сабақты меңгерту іс-әрекетіне балайнысты сабақты талдау


Әр топқа жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар татату, Әр топ өз беттеріншге ақылдасып, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап табады, сол арқылы тақырыптың мағанасын ашады

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара тапсырмаларды орындайды, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап табу керек

Жинақтау

Ойын жазу арқылы сабақты жинақтайды

Топ бойынша тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты кейіпкерге өз ойларынан хат жазады топ басшысы оқйды

Өз ойларынан кейіпкерге хат жазады, қысқаша оқып шығавды тақырыпты жинақтайды

Бағалау

Өзін-өзі бағалау (2 мин)

Бағдарша, бағалау парақшалары

Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату

Өзін өзі топпн бағалайды

Рефлексия

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
1436
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі