Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал 5 сыныпқа тарих пәнінен беретін мұғалімдерге көмегін тигізеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Бөлім 1A: Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін

Мектеп: 279

Уақыты: 20.09.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: С.Қонысова

Сынып:

Қатысқан оқушылар саны:21

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Неліктен адамдар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастады ?


Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме)

5.4.1.1 – кәсіп және шаруашылық түрлерін терімшілік ,аңшылық балық аулау,егіншілік,мал шаруашылығы,метал өндеу,айырбас сауда,сипаттау ;

5.4.1.2 – неолиттік төңкеріліс ұғымынтүсіндіру,оның мәнін пашу

5.4.2.1-экономикалық ілгерілеуді түсіндіру үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру.


  • Алғашқы адамның шаруашылығы ,егіншілігін ,терімшілік пен айналысуын түсіндіру

  • Алғашқы адамдардың бірлестік формаларын түсіндіріп, ажырата алады

Тілдік мақсаттар

Оқушы тарихи деректерде берілген теориялар мен гипотезалар туралы дискуссияға қатыса алады

Құндылықтарды

дарыту

Еркіндік, теңдік, ұлттық ой-сана, патриотизм

Пәнаралық

байланыстар

География, биология, Қазақстан тарихы, экономика.

Алдыңғы меңгерілген білім


Алғашқы адамдардың шығуы, эволюция теориясы мен түрлердің пайда болуы, континенттердің қалыптасуы мен климаттық өзгерістер туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер


Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

(БЫМ) Оқушылар үлестірілген иллюстрацияларды қарап, олардың арасындағы ұқсастықтарды анықтайды. Оқушылар өз болжамдарымен бөліседі.

Мұғалім адамдардың пайда болуы туралы бейнебаян көрсетеді. Оқушылардан ықтимал теорияны анықтау сұралады.

Оқушылар «Менің ойымша, ежелгі адамдар … пайда болды, себебі …» тіркесі бойынша пікір алмасады.

Гоминидтерден қазіргі адамдарға дейінгі эволюцияны бейнелейтін сурет, иллюстрациялар, алғашқы адамдардың пайда болуы туралы түрлі теорияла


Алғашқы адамның пайда болуы туралы бейнекөрсетілім


Сабақтың ортасы

(Т) Оқушылар топқа бөлініп, түрлі ресурстарды (интернет, мұғалім ұсынған материалдар) қолдана отырып, ежелгі адамдардың пайда болуы туралы теорияны зерттейді. Зерттеу нәтижелерінен жоба (постер) әзірлейді.


Талдау және талқылау

Постерлерді қорғау

Проблемалық сұрақтарға жауап беру.

Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар адамдардың пайда болуы туралы әртүрлі теория арқылы түсіндіреді

Дескрипторлар:

  1. Топ бір теорияны қарастырды.

  2. Әртүрлі ресурстарды қолданды.

  3. Шағын жобаларын дайындады.

  4. Шағын жобаларын қорғады.

Проблемалық сұрақтарына жауап берді. 


(Т) Топтарға қоғамдық ұйымдардың (тобыр, ру, қауым, тайпа) атауы алдын-ала жазылған 4 карточка беріледі. Оқушылар карточкаларды хронологиялық тәртіппен орналастыру керек. Барлық оқушылар тапсырманы дұрыс орындауы үшін терминдердің анықтамаларын беруге болады.


(Т) Оқушыларды топқа бөліп, оларға алғашқы адамдардың бірлестік формаларын пантомимо түрінде бейнелеу тапсырылады.

Тапсырманы орындап болған соң мұғалім оқушыларға алғашқы адамдардың өміріндегі өзгерістер туралы аргументтік шешім, қорытынды жасауды ұсынады.


Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар адамдардың бірігуінің бастапқы нысандарын ажырата және көрсете алады.

Дескрипторлар:

  1. Оқушылардың әртістік қабілеттері.

  2. Пантонимада адамдар бірігуінің әртүрлі нысандар бейнелеуі.

  3. Қорытынды жасайды.



Адамның пайда болуы туралы теориялар.


Әлем мен адамның қалыптасуы. Адам мен Хауа.


Сабақтың соңы

(Ж) Зерттеу нәтижесінде оқушылар адамның шығуы туралы түрлі теорияларды талдап, қорытынды жасай алады.


Рефлексия. Оқушылар сабақта алған білімдерін қорытындылау үшін «Білемін, білгім келеді, үйрендім» (ББҮ стратегиясы) кестесін толтырады.



Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)















Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2019
1610
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі