400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Терминальды жағдайының түсінігі. Жүрек – өкпе реанимациялық шаралар.

Материал туралы қысқаша түсінік
-Науқастың терминальды жағдайлары туралы түсінік -Терминальды жағдайлардың сатылары және олардың негізгі клиникалық көріністері -Клиникалық және биологиялық өлім туралы түсінік -Реанимация туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі

Учреждение «Медицинский колледж «Семей»






Оқу-әдістемелік кешен

Учебно-методический комплекс






Пән: Мейіргер ісінің негіздері

Предмет:


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специаность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Тақырып: Терминальды жағдайының түсінігі. Жүрек – өкпе реанимациялық шаралар.

Тема: Понятие о терминальных состояниях. Сердечно -легочная реанимация.

Theme: The concept about terminal states. Cardiopulmonary resuscitation


Оқытушы: Мендекина А.Е.

Преподаватель:






ӘБК мәжілісінде қаралды

Хаттама №________________

«____»____________ 20__ ж.

ӘБК төрайымы __________


Рассмотрено за заседании ПЦК

Протокол №________________

«____»____________ 20__ ж.

Председатель ПЦК __________


Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны

Содержание УМК


  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.

Выписка из ГОСО РК


  1. Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типовой учебной программы


  1. Жұмыс бағдарламасынан көшірме

Выписка из рабочей программы


  1. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Методическая разработка занятия






























Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартынан көшірме

Выписка из государственного стандарта РК

ҚР ДСЖӘДМ 29.07.2016-661

ГОСО МЗСР РК 29.07.2016-661


Мейіргер ісінің негіздері

Основы сестринского дела


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

пәннің атауы: «Мейіргер ісінің негіздері»



Пән бойынша барлық сағат: 216 сағат


Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы

білуі керек:

  • Медициналық мекемелерінің түрлерін және ондағы жұмысты ұйымдастыру негізін;

  • Медициналық мекемелерді санитарлы-эпидемологиялық тәртіппен қамтамасыз ету ерекшеліктерін;

  • Қауіпсіздік дәрежесі бойынша медициналық қалдықтардың класы туралы түсініктерін;

  • Науқасты күтудің негізгі ережелері;

  • Медициналық қызметкермен науқастың қарым-қатнас принциптерін;

  • Дәрі-дәрмекті енгізу жолдары мен әдістерін;

  • Зертханалық және зерттеу әдістерін;

  • Жедел дәрігерге дейінгі көмек көрсету ережелерін;

игере білу керек:

  • Науқастарға жалпы күтім

  • Медициналық мекемелерде инфекциялық қауіпсіздіктерді қамтамасыз ету.

  • Науқастармен медицина қызметкерлерінің өзара қатынастарында медициналық биотик принциптерін қолдану туралы.

  • Науқастардың тамақтанулары туралы.

  • Науқастардың жеке бас гигиенасын қамтамасыз ету.

  • Дәрі-дәрімектерді енгізу.

  • Науқастарды аспаптар мен тексерулерге дайындау.

  • Ағзада әртүрлі жүйелердің функциялары бұзылғанда мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

  • Ауыр және агониядағы науқастар күтімін игеру.

  • Клиникалық өлім кезінде реанимациялық шаралар жүргізу

Оқуда жетістікке жету үшін, білім алушы стандартта бекітілген білім бағдарламасы бойынша келесідей құзіретті игере білуі тиіс.

Құзыреттілік коды: КҚ 2, КҚ 3


КҚ -2. Қауіпсіздік және сапа

КҚ -2.1 Зиянды факторлардан сақтау: адамдардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігі үшін зиянды факторлар әсерінен қорғау әдістерін пайдаланады

КҚ -2.2 Сапа және қауіпсіздік технологиясы: көрсетілетін қызметтер сапасын жақсарту және қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін инновациялық технологияларды қолданады

КҚ -2.3 Стандарттар: медициналық қызметтер сапасын және қауіпсіздікті камтамасыз ету үшін стандарттарға сәйкес емшаларды орындайды



КҚ -3. Клиникалық құзыреттер

КҚ -3.1 Медициналық көмек көрсету процесін басқару:

  • Отбасы және қоршаған ортаның қатысуымен тұлғаға бағытталған тәсілді қолдана отырып, пациенке күтім жасайды, диагностикалайды және емдейді:

  • Емдеу және түрлі пациент санатына шұғыл медициналық көмек көрсету принциптерін таңдай алады

  • Өткізілетін емшаралардың тиімділігін бағалайды

  • Ауруларда және күрдклі жағдайларда қарқынды терапияның және реанимацияның қазіргі әдістерін қолданады

КҚ -3.2 Оңалту: элективтік оңалту негізінде пациенттің функциялық қабілетін жақсартады

КҚ -3.3 Дәлелдемелі практика: кәсіптік қызметте дәлелдемемі медицина практикасын қолданады

БҚ -1.Оқу

БҚ -1.1 Өзін – өзі дамыту: ұзақ мерзімді жоспарлау машықтары игерген, кәсіпке және өзінің әлеуметтік міндеттеріне тұрақты, оң көзқарас қалыптасқан

БҚ -1.2 Ақпарат: ақпаратты жинайды және талдайды, білімін практикада қолданады

БҚ -1.3 Компьютерлік технология: жұмысында және өзін дамыту барысында қазіргі ақпараттық білім алу технологияларын қолданады

БҚ – 2. Этика

БҚ – 2.1 Қоғамдық өнер: қоғамдық өмірге белсенді қатысады

БҚ – 2.2 Этикалық қағидаттар: кәсіптік этикалық құндылықтарды дәріптейтінің, әлеуметтік – мәдини диалогке дайындығын көрсетеді

БҚ – 2.3 Эстетика: жұмыс ортасының эстетикасын сақтайды және бағалайды

БҚ – 3. Коммуникациялар және командада жұмыс жасау

БҚ – 3.1 Коммуникативтік дағдылар: жағдайды ескере отырып, әртүрлі адаммен тиімді қарым – қатынас жасай алатынын көрсетеді

БҚ – 3.2 Командада жұмыс жасау: әртурлі комаандада жұмыс жасай отырып, жауапкершілігін көрсетеді



Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типового учебного плана


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Тақырыптық жоспар:

Тематический план:


Пән бойынша барлық сағат: 216

Всего часов по предмету:


Теория: 36

Тәжірибе: 180

Практика:


Типтік оқу бағдарламасы:

Теория

білім алушы білуі керек:

-Науқастың терминальды жағдайлары туралы түсінік

-Терминальды жағдайлардың сатылары және олардың негізгі клиникалық көріністері

-Клиникалық және биологиялық өлім туралы түсінік

-Реанимация туралы түсінік

Типовая учебная программа:


Пәннің мазмұны:

Содержание дисциплины:

Теориялық сабақ: 2

Теоретическое занятие:


Тәжірибелік сабақ: 4

Практическое занятие:










Жұмыс бағдарламасынан көшірме

Выписка из рабочей программы


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Пән: Мейіргер ісінің негіздері

Предмет:

Курс ІІІ семестр V


Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 6

Общее количество часов на данную тему:


Теория: 2 сағат

Тәжірибе/Практика: 4 сағат

№ 9 сабақ

Тақырып: «Терминальды жағдайының түсінігі. Жүрек – өкпе реанимациялық шаралар»

Тема:


Сабақтың түрі: Теория

Вид урока:


Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру

Тип урока:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтың өтетін орны: Оқу бөлмесі

Место проведения урока:


Білім алушы білу керек:

-Науқастың терминальды жағдайлары туралы түсінік

-Терминальды жағдайлардың сатылары және олардың негізгі клиникалық көріністері

-Клиникалық және биологиялық өлім туралы түсінік

-Реанимация туралы түсінік

Обучающийся должен знать:


Білім алушы игере білу керек: Терминальды жағдай кезінде бақылау және күтім. Жүрекке тікелей емес массаж жасау

Обучающийся должен уметь:


Оқытушыға арналған әдебиеттер:

Негізгі: С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері»

Литература для преподавателя:


Білім алушыға арналған әдебиеттер: Дәріс, С.Қ.Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері»

Литература для обучающихся:




































Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Методическая разработка теоретического занятия


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру

Тип занятия:


Өткізу әдісі: аралас

Методика проведения:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтың өтетін орны: Оқу бөлмесі

Место проведения занятия:


Сабақтың тақырыбы: «Терминальды жағдайының түсінігі. Жүрек – өкпе реанимациялық шаралар»

Тема урока:


Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік стандартпен бекітілген оқу бағдарламасында берілген тақырып бойынша: терминальды жағдайының түсінігі. Жүрек – өкпе реанимациялық шаралар туралы жалпы түсінік беру.

Цель занятия:


Сабақтың міндеттері:

Задачи занятия:

  1. Білімділік: Терминальды жағдайының түсінігі білу

  2. Тәрбиелік: Медицина қызметкерлеріне сай келетін ұқыптылық, қайырымдылық, жанашарлық сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

  3. Дамыту: Қатынас негізінде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту


Сабақтың жабдықтары:

  • Мультимедия

  • Презентация

Оснащение занятия:


Пәнаралық байланыс: Физиология

Межпредметная связь:


Пәнішілік байланыс: Латын тілі, физиология, анатомия

Внутрипредметная связь:



Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия




Сабақ бөлімдерінің атауы

Название раздела занятия

Уақыт тәртібі

Временной режим


1

Ұйымдастыру кезеңі

Организационная часть



2 минут



2

Оқытушының кіріспе сөзі

Целевая установка занятия



3 минут



3

Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме



25 минут



4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Изложение нового материала



40 минут


5

Жаңа тақырыпты бекіту

Закрепление новой темы



10 минут


6

Баға қою

Выставление оценок



5 минут


7

Үй тапсырмасы

Домашнее задание



5 минут
















Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Білім алушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын және жабдықтарды тексеру. Сабаққа келмеген білім алушылардың себебін анықтау.

Организационная часть.


  1. Оқытушының кіріспе сөзі.

Тақырыбы: «Терминальды жағдайының түсінігі. Жүрек – өкпе реанимациялық шаралар»

Сабақтың мақсаты: мемлекеттік стандартпен бекітілген оқу бағдарламасында берілген тақырып бойынша: терминальды жағдайының түсінігі. Жүрек – өкпе реанимациялық шаралар туралы жалпы түсінік беру.

Целевая установка занятия.


  1. Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.

    1. Сұрақ: Ренгенодиагностика деп нены айтамыз ?

Жауабы: ағзаны ренген сәулесымен зертеуды

    1. Сұрақ: Ренгенологиялық зерттеу тәсілдерінің қайсысын білесіздер?

Жауабы: ренгеноскопия, ренгенография, ренгенофлюрография

    1. Сұрақ: Ультра дыбыспен зерттеу адам ағзасына қауіптіма?

Жауабы: қауіпсіз

    1. Сұрақ: Өте жиі қолданатын эндоскопиялық зерттеу тәсілдері?

Жауабы: ФГДС, колоноскопия, ректороманоскопия, цистоскопия, бронхоскопия

    1. Сұрақ: ректороманоскопиямен кай ағзаны зерттеймыз?

Жауабы: сигма тәрізді және тік ішекті

    1. Сұрақ: бронхоскопия кай ағзаны зерттеймыз

Жауабы: бронх ағашын

    1. Сұрақ: эндоскапиялық зерттеу алдында емделушінің қанын қандай анализге зерттеу керек?

Жауабы: ЖИТС

    1. Сұрақ: ағзаны дыбыс толқындары арқылы зерттеу диагностика деп аталады?

Жауабы: ультрадыбыстық зерттеу

    1. Сұрақ: Ішкі ағзаларды бір проекциядан ренгенге түсіру

Жауабы: Рентгенография

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


Ақтық жағдайлар

Ағзаның өлу сатыларын (преагония, агония, клиникалық өлім) ақтық жағдай деп атайды. Ол түрлі патологиялық процесстердің әсерінен, гомеостазды қолдап отыратын, мүшелер мен жүйелердің үйлесімді өмірлік- маңызды қызметтерінің бірдей бұзылып, төмендеу салдарынан дамиды. Терминалдық жағдайларды шақыратын себептер әр түрлі болып келеді: ауыр біріккен жарақаттар, жіті қан кетулер, жоғары және төмен температураның әсері, электрожарақаттанулар, ауыр жіті интоксикациялар, жүрек-қан айналымының бұзылуы және т.б.

Өлудің клиникалық диагностикасы ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерін қамтитын патологиялық процестер тізбегімен көрсетілген (ми, жүрек, алмасу заттары және т.б.). Олар бір мүшеде ертере, ал басқа мүшеде кешірек пайда болады.

Ақтық жағдай кезінде, оның себебіне қарамастан, ағза жалпы өзгерістерге ұшырайды.

Гипоксияға (қан мен ұлпаларда О2-нің аз болуы) бас миының қабы өте сезімтал келеді. Сондықтан терминалдық жағдай кезінде ОЖЖ жоғарғы бөліктерінің қызметтері бәрінен де ертерек (сөнеді) өшеді: адам есінен танады. Егер О­2-мен ашығу 3-6 минуттан асса, онда ОЖЖ-нің бұл бөлігінің қызметін қалпына келтіруге мүмкіншілігі болмайды.

Ми қабының өшу салдарынан, мидың қабығы астында да өзгерістер дамиды. Тыныс алу, қан айналу орталықтары орналасқан сопақша ми ең соңынан өледі. Бас миының қайтымсыз өлімі дамиды. Терминалдық жағдай кезіндегі үдемелі гипоксия және ми қызметтерінің бұзылуы жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бұзылуына әкеледі.

Преагониялық кезеңде жүректің насостық қызметі бірден төмендеп, жүректің қан айдау қызметі азаяды. Мүшелердің әсіресе, мидың қанмен қамтамасыздануының азаюы, қайтымсыз өзгерістердің дамуын жылдамдатады. Жүректің автоматизміне байланысты, ол ұзақ уақыт бойы жиырыла береді. Бірақ бұл жиырылулар әлсіз нәтижелі емес, пульс толымдылығы төмендейді, ол жіп тәріздес болады. АҚ бірден төмендеп, кейіннен анықталмайды. Сонымен жүректің жиырылу ырғағы бұзылып, жүрек қызметі тоқтайды.

Гипоксияға бауыр мен бүйректерде реакция береді. Ұзақ гипоксия кезінде оларда да қайтымсыз өзгерістер жүреді. Терминалдық жағдай кезінде ағзадағы зат алмасуларда да қосалқы ауытқулар байқалады. Олар тотығу процестерінің төмендеуімен байқалады. Ол ағзада органикалық қышқылдар (сүт және пирожүзімді) мен көмір қышқыл газының көптеп жиналуына әкеледі. Соның салдарынан ағзаның қышқылды-сілтілі тепе-теңдігі бұзылып, ацидоз дамиды (қышқылдық жағы басым болады).

Ағза клиникалық өлім жағдайынан шыққаннан кейін, ең алдымен жүрек қызметі, кейіннен өздігімен тыныс алу қызметі қалпына келеді, соңынан барып зат алмасу мен қышқылды-сілтілік жағдайдағы қомақты өзгерістер жойылғанда ғана, бас миының қызметі қалпына келуі мүмкін. Бас миы қызметінің қалпына келу кезеңі ұзағырақ жүреді. ( қысқа уақытты гипоксия мен клиникалық өлімнен кейінде ). Қысқа уақытты гипоксия мен клиникалық өлімнен ( 1 минуттан аз) кейін де, есіне ұзаққа дейін келмеуі мүмкін.



Ақтық жағдайдың кезеңдері мен олардың клиникалық көріністері

  1. Преагония. ОЖЖ қызметінің бұзылыстары мен гемодинамика бірден нашарлауымен сипатталады:

  • Есі әлі сақталған, бірақ емделуші өте баяу, есі шатасқан;

  • Терісі боз немесе көгерген;

  • Пульсі жіп тәріздес, тахикардия;

  • АҚ 80 мм сынап бағанасының биіктігіне дейін төмендейді;

  • Тыныс алу жиілейді

  • Көз рефлекстері сақталады, көз қарашығы жіңішке, жарыққа беретін реакциясы жоқ;

  • Осы фазаның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше тәулікке созылады.

  1. Агония кезінде:

  • Естің болмауы мүмкін, бірақ емделушінің естуі мүмкін;

  • Терісі өте боз, кейде акроцианоз немесе мәрмәр түсті болады немесе басы көгереді;

  • Пульсі ірі тамырларда ғана анықталады(ұйқы), брадикардия дамиды.

  • Сирек, ырғақсыз, жанталаса (атональдық тыныс) тыныс алу байқалады

  • Көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакция беруі өте әлсіз

  • Тырысулар, еріксіз зор, нәжіс бөлулер дамуы мүмкін.

Бұл фазаның ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады.

  1. Клиникалық өлім. Бұл бірнеше минут (3-6 минут) аралықтарында ағзаның басынан кешіретін жағдайы. Ол кезде қан айналу мен тыныс алу тоқталып, тіршіліктің барлық сыртқы көріністері толығымен жойылады, бірақ, гипоксияға көбірек ұшырайтын ұлпаларда қайтымсыз өзгерістер әлі де дамымайды. Бұл өмір мен өлім аралығындағы қайтымды, қысқа мерзімді кезең:

  • Есі болмайды

  • Терісі боз, көгерген, суық, мәрмәрлі, тамыр дақтары пайда болады

  • Пульс анықталмайды

  • Тыныс тоқтайды (апноэ)

  • Көз қарашығы мейлінше кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ.

Кешірек (егер реанимациялық шаралар жүргізілмеген болса немесе нәтиже болмаса) ұлпаларда қайтымсыз өзгерістер дамиды және клиникалық өлім биологиялық өлімге ұшырайды.

  1. Биологиялық өлім

  • Дене температурасының қоршаған орта температурасына дейін төмендеуі

  • Мәйіт дақтарының пайда болуы- ол тері бетіне шығатын көкшіл дақтар. Мәйітті арқасына жатқызғанда олар жауырын, жамбас тұстарында, ал етбетімен жатқызғанда- бетіне, мойныңда, кеуде, іш тұстарында пайда болады.

  • Мәйіттің сіресуі. Бұл өлімнен 2-4 сағат өткеннен соң дамитын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі.

Ол бет бұлшық еттерінен басталып, дене бұлшық еттеріне, кейіннен аяқтарға біртіндеп тарайды.

-«мысық көзі» симптомының болуы- көзді басқанда, көз қарашығының формасы өзгеріп, мысық көзін еске салады.

- көздің мөлдір қабы майланып, кебеді, көз алмасы босансиды.



Жүрек пен өкпе қызметін қарапайым түрде қалпына келтіру.

Жүректің тоқтауы мен тыныс алудың жоғарылауы қайтымсыз биологиялық өлім дамығанын көрсетпейді. Ұлпалар мен мүшелер біразға дейін өмір сүреді. Клиникалық өлім дамығаннан кейін белгілі бір уақыты бар (3-6 минут). Сол уақыт ішінде ми және т.б. мүшелердің қызметін қалпына келтіруге және ағзаны тірілтуге мүмкіндігі болады.

Клиникалық өлім кезеңіндегі жүрек пен тыныс алу тоқтаған кезде , ағзаның сөнген және сөнетін қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешенін реанимация тез арада қолданады.

Реанимациялық шаралар кешенін жүрек пен дем алудың толық тоқталуы дамығанға дейін, ертерек бастаған жөн. Бұл жағдайда реанимацияның нәтижелі болуына мүмкіншілік көбірек туады, үміт пайда болады. Емделушіні тірілту кезінде барлық шаралар гипоксиямен күресуге және ағзаның сөнетін қызметін стимуляциялауға бағытталған болуы керек.



Жүрек пен өкпе қызметін қалыпқа келтіру кезеңдері:

  1. Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру

  2. Өкпені жасанды тыныс алдыру (ӨЖВ)

  3. Жүректің жабық (тікелей емес) массажы

  4. Дәрілерді енгізу (көктамырға, жүрек ішіне)

  5. Дефибриляция

  6. Постреанимациялық кезеңдегі, ағзаның өмірлік маңызды қызметтерін қолдауға және тұрақтандыруға бағытталған, интенсивті терапия.

Жүрек-өкпе қызметін қарапайым қалпына келтіру үш кезеңнен тұрады. Реанимациялық шараларды бастамас бұрын «өзіне» көмек шақыру керек және жүргізілетін шараларды бастаған уақытты тіркеу керек.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту.

  1. Сұрақ : Преагония кезіне пульс қандай болады

Жауабы: Пульсі жіп тәріздес, тахикардия

2. Сұрақ : Мәйіттің сіресуі.

Жауабы: Бұл өлімнен 2-4 сағат өткеннен соң дамитын биологиялық өлімнің күмәнсіз белгісі.

3. Сұрақ : ӨЖТА-ын неше әдістермен жүзеге асыруға болады

Жауабы: «ауыздан мұрынға», «ауыздан ауызға» әдісімен өкпеге жасанды вентиляция жасау болып табылады.

4. Сұрақ : Науқастың биологиялық өлгенін кім дәлелдейді

Жауабы: Науқастың биологиялық өлгенін дәрігер дәлелдейді

5.Сұрақ: Клиникалық ажалдың созылуы?

Жауабы: 3:6 минут

6.Сұрақ : Жүрек пен өкпе қызметін қалыпқа келтіру кезеңдері нешеге бөлінеді

Жауабы: 6

7.Сұрақ: Жүрек пен өкпе қызметін қалыпқа келтіру кезеңдері?

Жауабы: Тыныс алу жолдарының өтімділігін қалпына келтіру

Өкпені жасанды тыныс алдыру (ӨЖВ)

Жүректің жабық (тікелей емес) массажы

Дәрілерді енгізу (көктамырға, жүрек ішіне)

Дефибриляция

Постреанимациялық кезеңдегі, ағзаның өмірлік маңызды қызметтерін қолдауға және тұрақтандыруға бағытталған, интенсивті терапия.

8.Сұрақ: Латын тілінен реанимация деген сөз кандай магна береды?

Жауабы: Жандандыруы

9.Сұрақ: Ақтық жағдай деп атайды нены айтамыз ?

Жауабы: Ағзаның өлу сатыларын

Закрепление новой темы.


  1. Баға қою Оқытушы білім алушылардың жауаптарын талдайды, сұрақтарына жауап қайтарады, бағаларды түсіндіріп, жариялайды.

Выставление оценок


  1. Үй тапсырмасы.

С.Қ. Мұратбекова «Мейірбике ісінің негіздері»

Домашнее задание.

Тема:

Литература:










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
4317
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі