Тақырып бойынша 11 материал табылды

Терминжасам мен сөзжасамның байланысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тіл білімінің терминтану саласы мен сөзжасам саласының байланыстылығы туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Терминжасам мен сөзжасамның байланысы


Оразбаева Э.Б. ф.ғ.к. Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ

Бексейіт Ү.Т. М01701-Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты


Қазақ тілінің терминжасам саласы соңғы кездерде қарқынды дамып, тіліміздің сөздік қоры жаңа сөздермен толығуда. Терминжасам арқылы жаңа сөздердің тілімізге енуі заңды құбылыс болып табылады. Өйткені қазіргі XXI ғасыр ғылымның қарқынды дамуымен ерекшелініп отыр. Инновациялық жаңалықтар ғарыштық жылдамдықпен ашылып, қоғамдық өмірге енуде. Осыдан 10 жыл бұрын еліміздің білім беру жүйесіне енген жаңа технологиялар мен оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері өзгеріп, білім беруде жасанды интеллектіні қолдану үрдісі кеңінен енді. Бұл үрдіс мектеп мұғалімдері үшін ғана емес, білімалушылар үшін де үлкен көмек болып отырғандығы белгілі. Пән мұғалімдері жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқуға, пәнге деген білімалушылардың қызығушылығын ғана тудырып отырған жоқ, уақытты тиімді пайдалану, білімалушылардың өздігінен іздену жұмыстарына да әсерін тигізіп отыр.

Тіліміз бен сөздік қолданысымызға бір ғана жасанды интеллектке байланысты көптеген жаңа сөздер енді. Білім беру саласынан басқа да қоғамдық өмірдің барлық саласында дерлік жасанды интеллектіні қолдану процесі қарқынды жүріп жатыр. Осы үдерісті бақылап, зерделеп жатқан зерттеушілердің айтуы бойынша жасанды интеллект адамдардың кәсібіне, мамандығына да әсерін тигізеді деп болжам жасауда.

Терминжасам деп ғылым мен техниканың салаларына байланысты пайда болған ұғымдардың атауларын қарастыратын тіл білімінің саласын атасақ. Сөзжасам деп сол атаулардың жасалу жолдарын, заңдылықтарын қарастыратын тіл білімінің жеке саласын атаймыз.

Терминжасам мен сөзжасам бір-бірімен тығыз байланысты, алайда өз зерттеу нысандары бар, тілдің жеке салалары.

Терминжасамдағы ең өзекті мәселе – термин сөздердің жасалу заңдылықтары, термин жасаудың тілдік амал-тәсілдері. Терминжасам сөзжасамның заңдылықтарын негізге алады, яғни грамматикалық жүйеге сүйенеді. Қазақ тілінің даму, қалыптасу тарихындағы зерттеулердің негізі алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерінен бастау алады. А.Байтұрсынұлының «Тіл құрал», «Тіл жұмсар», «Баяншы» атты еңбектерінде ұсынған қағидалары 1924 жылы Орынборда өткен съезде қабылданады. Съезде қабылданған қағидалар:

Біріншіден, қазақтың төл сөздері арқылы термин жасау;

Екіншіден, қазақ тілінде баламасы болмаған жағдайда туыс түркі тілдерінің сөздерін алу;

Үшіншіден, жалпыға түсінікті халықаралық терминдерді қабылдау;

Төртіншіден, тіліміздің үндестік заңын ескере отырып, қолдану [1].


«Қазақ тіліндегі негізгі терминжасамдық тәсілдер» атты мақала авторлары мынадай ұсынымдар жасайды: терминтанымдағы ықшамдылық қағидасына сәйкес келмейтін терминдердің санын көбейтпеу; терминтанымның жүйелілігін сақтауға ықпал жасайтын фономорфологиялық бейімделудің қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Сонымен бірге алдағы уақытта латын графикасына көшкен жағдайда халықаралық терминдерді таңбалауда ұлттық кодты сақтау қажеттігін алға тартады [2].

Терминжасамның негізгі ерекшеліктері:

  1. Нақтылығы – термин сөз бір ғана ұғымды білдіреді және анықтамасы болады;

  2. Жүйелілігі – терминдер белгілі бір салаға қызмет етеді;

  3. Бірізділігі – түрлі саладағы терминдерді бір ізге түсіреді;

  4. Маңыздылығы – сала мамандарына ғылыми түсінікті болады.

Терминжасам жаңа термин жасау үдерістерін айқындайтын терминтанымның бір бөлігі болып табылады. Қазақ терминтану ғылымының қалыптасу мен даму тарихы бірнеше кезеңдерден өтті. Терминтанудың жеке сала ретінде қалыптасуына алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектері негіз болды. А.Байтұрсынұлының барлық еңбектері қазақ тіл білімі мен оқыту әдістемесінде құнды болып табылады. Сондай еңбектерінің бірі «Тіл құрал». Бұл еңбегі үш бөлімнен тұрады: фонетика, грамматика, синтаксис. Осы еңбектерінде қазақ тілі білімінің терминдерінің негізін қалады. Біздер қолданып жүрген морфологияның зерттеу нысаны саналатын: зат, есім, сын есім, етістік, есімдік; синтаксис саласының термин сөздері: бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, сөйлем, құрмалас сөйлем тағы да басқа терминд сөздерді түзіп, оларды «пән сөздер» деп атайды.

А.Байтұрсынұлының термин жасаудағы ғылыми жолын Қ.Жұбанов, Ш.Біләловтер қолдап, сол кезеңде болған түрлі съездерде талқылаулар жасап, терминтанудың жеке сала болып қалыптасуының алғышарттарын жасады. Профессор Қ.Жұбанов мәдениет қызметкерлерінің съезінде сөйлеген сөзінде тілімізге еніп жатқан терминдерді 11 қағида бойынша қабылдау керек деген ұсыныс айтады: халықаралық терминдерді сол қалпындау қабылдау, баламасы болмаған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасын қабылдау, әр түрлі салада қолданылатын терминдерді бірегей қалыпта қабылдау, сөзжасам тәсілдері арқылы қабылдау т.б.

Терминтанудың қазіргі күні өзекті болып саналуының бірден-бір себебі – қазір ғылым мен техниканың қарқындап дамуымен байланысты. Бір ғана ақпараттық технология саласы бойынша көптеген терминдер енуде. Тіл білімінде жаңа бағыт – компьютерлік лингвистика негізін қалауда. Терминтану – аударматану мен сөзжасаммен өте тығыз байланысты болып отыр. Өйткені тілімізге еніп жатқан сөздерді тілдік қолданысқа ендіру үшін халықаралық терминдерді сол қалпында қабылдау немесе сөзжасамдық тәсілдер арқылы қабылдау, аударма арқылы баламасын жасау секілді мәселелер өзекті және бұл мәселелер жайында ғалымдар тарапынан түрлі тұжырымдар мен ой-пікірлер айтылуда.

Қазіргі терминтану мәселелері бойынша Ә.Қайдар, Ө.Айтбаев, Р.Сыздық, Ш.Құрманбайұлы және де басқа ғалымдардың еңбектерінде айтылған қағидалар мен тұжырымдар маңызды болып саналады. Соңғы жылдары терминтануда әр саланың терминдер сөздігін шығару жұмысы жолға қойылды. Академик Ә.Қайдар қазақ тілінің терминтануын жаңа бағытта дамыту керектігіне тоқталады: терминтануға мемлекеттік қолдау қажеттігі, салалық терминдерді дамыту және қалыптастыру, терминжасамда қазақ тілінің ерекшелігін сақтау, туыс тілдердің тәжірибесін пайдалану.

Қазақ терминтануының қалыптасуы мен дамуының ғылыми теориясы туралы құнды еңбектер профессор Ш.Құрманбайұлына тиесілі. Ғалымның «Терминтанушы құрал», «Қазақ терминологиясы», «Алаш және терминтану» атты еңбектерінде айтылған ғылыми негіздемелер өте маңызды болып табылады.

Терминтанудағы өзекті мәселенің бірі – терминжасам мәселесі. Терминжасам мен сөзжасам бірлікте қарастырылады.

Терминтану секілді сөзжасам да жаңа саланың бірі болып есептеледі. Сөзжасам қазақ тіл білімінің морфология саласынан бөлініп, жеке сала ретінде қарасытырылып келеді. Сөзжасам, сөзжасамдық жүйе, сөзжасамдық бірлік туралы ғалымдар З.Бейсембаева, С.Исаев, Н.Оралбаева, А.Салқынбайдың зерттеулері бар.

Ғалымдар еңбектерінде сөзжасам ғылымына талдау жасай отырып, сөзжасамдық тәсілдің үш түрі бар екендігіне тоқталады:

  1. Синтетикалық тәсіл: түбір сөздерге сөзжасамдық жұрнақтар жалғау.

  2. Аналитикалық тәсіл: сөздердің түкесуң, қосарлануы, бірігуі арқылы жаңа сөздер жасау.

  3. Лексика-семантикалық тәсіл: сөздің мағынасының ауысуы немесе жаңа мағынаға ие болуы.

Осы аталған тәсілдер арқылы жаңа атаулар – термин сөздер жасалынып, сөздік қорымызға енуде. Бұл мәселе «Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдері арқылы жасалған компьютер терминдері» атты зерттеу мақаласында кеғңнен тататылып талданған. Аторлар қазіргі қоғамдағы адамдардың өмірінің ажырамас бөлігіне арналған компьютерлік технология терминдеріне талдау жасаған:

Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер: батырма, жүктеуіш,

Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер: гипермәтін, жедел жад, аспаптар тақтасы, бағдарламалық жасақтама, байланыс желісі, бас мәсзір.

Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған терминдер: ағын, аумақ, баған [3].







ең өнімді тәсіл – морфологиялық тәсіл болып саналады.

Қорыта айтқанда қазақ тілінің терминжасам мен сөзжасамы тығыз байланысты. Сөзжасам арқылы тіліміздің сөздік қорына жаңа атаулар- терминдердің енуі заңды құбылыс, өйткені XXI ғасырда ғылым мен техника қарқындап даму үстінде.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Байтұрсынұлы А. Тіл танытқыш. –Алматы, 1992. –448 б.

  2. Әшімбаева Н.М., Шүленбаев Н.Қ., Жампейіс Қ.М. Қазақ тіліндегі негізгі терминжасамдық тәсілдер. https://bulletin-philology.ablaikhan.kz/index.php/j1/article/view/362

  3. Шойбекова Ғ.Б., Абдрахманова Ж.Ә. Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдері арқылы жасалған компьютер терминдері. https://philart.kaznu.kz/index.php/1-IL/article/download/2797/2656/5357











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12