Термодинамиканың бірінші заңы. Газ бен будың жұмысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Термодинамиканың бірінші заңы. Газ бен будың жұмысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарламаны дамыту, әдіс тәсілдермен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітілді:

Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Г.Инирбекова


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3. Термодинамика негіздері


Мектеп: Р.Толқымбекұлы атындағы орта мектеп

Күні: 05.10.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Райымбек А

Сынып: 8

Қатысқандар: 7

Қатыспа

ғандар: 0

Сабақтың тақырыбы:

Термодинамиканың бірінші заңы. Газ бен будың жұмысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.17. Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлығы: термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіреді.

Көпшілігі: термодинамиканың 1-заңы жылу процестері үшін энергияның сақталу заңы болатынын дәлелдейді.

Кейбірі: газ бен будың жұмысын есептеу формуласын, 1- заңды практикалық есептерді шығарғанда қолданады.

Бағалау критерийі

  1. Термодинамиканың 1-заңын тұжырымдайды

  2. Термодинамиканың 1-заңы жылу процесі үшін энергияның сақталу заңы болып табылатынын дәлелдейді.

  3. Газдың жұмысын есептейді

  4. Жылу мөлшері мен ішкі энергия өзгерісінің мәндері тең болатын жағдайды анықтайды.

Тілдік мақсаттар


Пәнге тән арнайы лексика және терминология:

Жылу мөлшері – количество теплоты – amount of heat

Жұмыс – работа – work

Ішкі энергия – внутреняя энергия – internal energy

Газ қысымы – давление газа – gas pressure

Мәңгілік қозғалтқыш – вечный двигатель – perpetual motion machine



Диалог:

- Жылу құбылыстары үшін энергияның сақталу заңын саралау;

- Егер газды қыздырсақ … Себебін түсіндіру

- Ішкі энергияның есебінен механикалық жұмыс атқару … Мысал келтіру

Құндылықтарға баулу


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Еңбек және шығармашылық ынтымақтастық, өмір бойы білім алу.

Пәнаралық

байланыс

Математика (есеп шығаруда), жаратылыстану (теория)

Алдыңғы білім


Жаратылыстану 5-класс: жылу құбылыстарын біледі

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңдері:

  1. Сәлемдесу, оқушылар арасында жағымды ахуал қалыптастыру.

  2. Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру

  3. Q”, “U”, “A” үш жұпқа бөлінеді.

Үй тапсырмасы.

Әріп суреттері

Сабақтың ортасы

20 мин

  1. Ой қозғау

Мұндай топтарға бөліну себебін түсіндіреді. (әр топтан 1-2 оқушы себебін түсіндіреді)

Егер дененің ішкі энергиясы бір уақытта екі тәсілмен де өзгерсе, онда бұл процестің қалай жүретіні туралы өз ойларыңмен бөлісіңдер

Ой қорытындысы бойынша DU=Q+A/



Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегі:

Жүйеге берілген жылу оның ішкі энергиясының өзгеруіне және

жүйенің сыртқы денелермен істейтін жұмысына жұмсалады.


Қысым тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін

термодинамикалық процесті изобаралық процесс деп атайды.

Изобаралық ұлғаю кезінде газдың сыртқы күштерге қарсы

атқарған жұмысы газ қысымын оның соңғы және бастапқы

көлемдерінің айырымына көбейткенге тең.


Изобаралық процесс үшін термодинамикнаың І заңы:

Газдың көлемі тұрақты, ал температура мен қысымы өзгеретін

термодинамикалық процесті изохоралық процесс деп атайды.

Изохоралық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Температура тұрақты, ал қысым мен көлем өзгеретін

термодинамикалық процесті изотермалық процесс деп атайды.

Изотермалық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық процесс деп атайды.

Адиабаталық процесс үшін термодинамиканың І заңы:

Адаибаталық процесті графикте адиабата деп аталатын қисықпен

көрсетуге болады:



  1. Жеке жұмыс. «Үздік бестік»



Бағалау критерийі: газ бен будың жұмысын есептеу формуласын және 1- заңды есептерді шығарғанда қолданады.

Тапсырма 1. Изотермиялық процесс кезінде газға 5*105 Дж жылу мөлшері берілген. Газ қандай жұмыс атқарады?

Дескриптор Білім алушы

- термодинамиканың бірінші заңын жазады;

- термодинамиканың бірінші заңын изотермиялық процесс үшін жазады;

- газдың жұмысын есептейді.



Тапсырма 2. Изохоралық процесс кезінде газға 3*106 Дж жылу берілді. Газдың ұлғаю жұмысын және ішкі энергиясының өзгерісін есептеңіз.

Дескриптор Білім алушы

- термодинамиканың бірінші заңын изохоралық процесс үшін жазады;

- газдың ұлғаю жұмысын есептейді;

- газдың ішкі энергиясын есептейді.



Тапсырма 3. 5 МПа тұрақты қысымда 3 л-ден 10 л-ге дейін көлемі ұлғайған газ қандай жұмыс жасайды?

Дескриптор Білім алушы

- есептің берілгенін жазады;

- ХБЖ түрлендіреді;

- газдың жұмысын есептейді.



Тапсырманы орындап болған алғашқы 5 оқушыны мұғалім дескриптор бойынша тексереді де, қасына көмекші етіп алып барлық оқушыны тексеріп шығады.



  1. Жұптық жұмыс. «Шахмат» әдісі.

Әр топта 1 жұп. Барлығы 3 жұп. 2 жұпқа бір-бір проблемалық сұрақтан беріледі де, 3-жұпқа дұрыс жауаптар кестесі беріледі.



1. Неліктен сығу кезінде газ қызады?

2. Қандай жағдайда жылу мөлшері мен ішкі энергия өзгерісінің мәндері тең?

3. Мәңгі қозғалтқышты жасау неліктен мүмкін емес?

4. Қандай жағдайда жылу мөлшері мен газдың жасаған жұмысы тең болады?

5. Адиабаталық процеске табиғаттан бір мысал

6. Қандай жағдайда газдың жұмысы мен ішкі энергия өзгерісінің мәндері тең?





















ҚБ: Бағалаушы соңғы жұп дайын жауаптар үлгісімен «+», «-», «?» белгісімен бағалайды

Үлестірме материалдар, бағалау парағы, есептер

Сабақтың соңы






















Үй тапсырмасы: 10-жаттығу №1,2

«Бірінші ретті мәңгі қозғалтқыш моделі» хабарлама





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2018
1819
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі