Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс. Пуассон теңдеуі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс. Пуассон теңдеуі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Термодинамиканың бiрiншi заңын түсіндіреді; Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолданады; Формуланы қолдана отырып, деңгейлік есептер шығара алады;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді:

Қысқа мерзімді жоспар


Білім беру ұйымының атауы:

Опорный ЖББМ

Бөлім:

Термодинамика негіздері

Педагогтің аты-жөні

Достлеуова Лаззат Биекеновна

Күні:

28.11.2024

Сынып:10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану.Адиабаталық процесс.

Пуассон теңдеуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану;

Сабақтың мақсаты

  • Термодинамиканың бiрiншi заңын түсіндіреді;

  • Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолданады;

  • Формуланы қолдана отырып, деңгейлік есептер шығара алады;

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

Білу және түсіну, қолдану, жоғары деңгей дағдылары

Құндылыққа баулу

  • Жауапкершілік, дәлдік

  • Ғылыми ойлау және логикалық байланыстарды тану

  • Ынтымақтастықта есеп шешу дағдыларын дамыту

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

1.Ұйымдастыру
Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу.

Психологиялық ахуал:

"Екі қолды жұмысқа жұмылдыру"

Екі қолымен бір мезгілде әртүрлі әрекеттер жасағанда, мидың екі жағы да іске жұмылады екен.

Екі қолына қалам алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттерді атқарады: 1. Оң қолымен 5 үшбұрыш, сол қолымен 5 төртбұрыш салады.

2. Оң қолымен 5 шеңбер, сол қолымен 5 үшбұрыш салады.

3. Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады.

Амандасады

Топқа бөлуде физикалық білімдерін байқау үшін таратпа қағаз суырып, сол
бойынша топқа бөлінеді


Психологиялық тренингке қатысып, сабаққа деген құлшынысы артады






«Жарайсың!», «Керемет!» сөздерімен

мадақтау



Интертақта

Слайд

таратпа қағаз

Қалам, қағаз


Wordwall

платформасы


2. Үй тапсырмасын сұрау

а) «Миға шабуыл» әдісі

Өткен тақырып бойынша тест сұрақтар беріледі.

https://wordwall.net/resource/55945954

ә) «Сұрақ – жауап» әдісі

1.Қандай құбылыс жылу берілу деп аталады?

2.Жылу берілудің қандай түрлері бар?

3.Жылу мөлшері деп біз нені түсінеміз?

4. Меншікті жылу сыйымдылығының формуласын жаз?

Оқушылар тест

тапсырмасын орындайды







Сұрақтарға жауап береді




Дескриптор:

- Жылу берілу құбылысына анықтама береді - 1 ұпай;

- Жылу берілудің түрлерін айтады - 1 ұпай;

- Жылу мөлшеріне анықтама береді - 1 ұпай;

- Меншікті жылу сыйымдылығының формуласын жазады - 1 ұпай;



QR- код


ұялы телефон






слайд

Сабақтың

ортасы



15мин

















7 мин

















9 мин



































4 мин





3. Жаңа сабақ

Біз бүгін «Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану» тақырыбын өтетін боламыз, сонымен қатар есептер шығарамыз

Жаңа сабақты бекіту. «Кім алғыр?» әдісі

Формулалар жазу

Shape1 Shape2

Q=


A=


U=


PVγ=










4. Жеке жұмыс. Есептер шығару

Бір моль идеал газ изобаралық (тұрақты қысымда) және адиабаталық процестерде жұмыс істейді. Газдың бастапқы температурасы 300 K, қысымы 100 кПа. Изобаралық процесс кезінде газдың температурасы 400 K-ке дейін көтерілді.

  1. Изобаралық процесс:

a) Газдың ішкі энергиясының өзгерісін анықтаңыз.

b) Процесс барысында газға қосылған жылуды есептеңіз.

c) Газдың атқарған жұмысы қанша?

  1. Адиабаталық процесс:

a) Газ адиабаталық процесс кезінде 200 K-ке дейін салқындағанда, ішкі энергияның өзгерісін есептеңіз.

b) Бұл процесс кезінде жұмыс қанша жасалды?

c) Жұмыс істеген кезде газдың температурасын сақтау үшін қандай параметрлерді өзгерту қажет?

5. Топтық жұмыс

Функционалдық сауаттылық тапсырмасы

Мәтін: Сіз автомобильдің қозғалтқышын зерттеп жүрсіз. Автомобиль қозғалтқышында жану процесі кезінде адиабаталық процесс орын алады. Жану камерасындағы газдардың қысымы мен температурасы өте жоғары болады.

Тапсырма

  • Адиабаталық процесс кезінде газдың қысымы мен температурасының қалай өзгеретінін сипаттаңыз.

  • Пуассон теңдеуін пайдаланып, PVγ=const формуласы бойынша газдың күйін анықтаңыз.

  • Автомобиль қозғалтқышының жұмыс істеу барысында газдардың бастапқы және соңғы температуралары мен қысымдарын анықтаңыз. Мысалы, жану камерасындағы газдардың бастапқы температурасы 600 K, көлемі 0.01 м³, ал соңғы көлемі 0.005 м³.

Есептеу:

Бастапқы және соңғы күйдегі қысымды (P1, P2) және температураны (T1, T2) есептеңіз.

Адиабаталық процесс кезінде газдың ішкі энергиясының өзгерісін табыңыз:ΔU=nCvΔT

Нәтижелерді талдау:

Нәтижелерді салыстырыңыз. Автомобильдің энергия тиімділігін және қуатын қалай жақсартуға болатындығы туралы ойыңызды жазыңыз

Қорытынды:

Адиабаталық процестер мен Пуассон теңдеуінің автомобиль қозғалтқышындағы маңызын сипаттаңыз.

6.Жұптық жұмыс «Жүйрік болсаң шешіп көр»

Термодинамиканың бірінші заңын қолдана отырып, изопроцестердегі жұмыс, жылу, және ішкі энергияны есептеу.

Шарттар:

  1. 1 моль идеал газ (мысалы, ауа) бар.Газдың бастапқы температурасы T1=300 K және соңғы температурасы

  2. T2=400 K.Газ тұрақты қысымда кеңейеді (P=100 kПa).

  3. Газдың меншікті жылу сыйымдылығы Cp=72R мұндағы R≈8.314 

Сұрақтар:

  1. Газдың ішкі энергиясының (ΔU) өзгерісін есептеңіз.

  2. Газға қосылған жылуды (Q) есептеңіз.

  3. Газдың атқарған жұмысын (А) анықтаңыз.

  4. Термодинамиканың бірінші заңын тексеріңіз: ΔU=Q−А


Жаңа сабақты

меңгереді




Теориялық материалмен жұмыс







Формулалар жазады


Оқушылар тапсырманы жауапкершілікпен, дәлдікпен орындайды













Есептер шығарады

Ынтымақтастықта есеп шешу дағдыларын дамытады




Функционалдық сауаттылық тапсырмасына берілген есептерді шығарып, сұрақтарға жауап береді



Оқушылар термодинамиканың бірінші заңын пайдаланып, изопроцестерге және адиабаталық процеске есептер шығарады;


Оқушылар ғылыми ойлау және логикалық байланыстарды тани алады;


Дескриптор:

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану.Адиабаталық процесс, Пуассон теңдеуін біледі;











Дескриптор:

Формулаларды дұрыс жаза алады;

1 ұпайдан








Дескриптор:

Изобаралық Процесс:

    • Ішкі энергияның өзгерісін есептей алады – 1 ұпай;

    • Газға қосылған жылуды есептей алады - 1 ұпай;

    • Газдың атқарған жұмысын анықтай алады - 1 ұпай;

Адиабаталық Процесс:

    • Ішкі энергияның өзгерісін есептей алады - 1 ұпай;

    • Жұмыс мәнін анықтай алады –

1 ұпай;

    • Температураны сақтау үшін өзгерту қажет параметрлер - 1 ұпай;

6 ұпай


Дескриптор:


  • Адиабаталық процесс кезінде газдың қысымы мен температурасының қалай өзгеретінін сипаттайды – 1 ұпай;

  • - Пуассон теңдеуін пайдаланып, PVγ=const формуласы бойынша газдың күйін анықтайды – 1 ұпай;

  • - Автомобиль қозғалтқышының жұмыс істеу барысында газдардың бастапқы және соңғы температуралары мен қысымдарын анықтайды – 1 ұпай;






















Дескриптор:

    • Ішкі энергияның өзгерісін есептей алады - 1 ұпай;

    • Газға қосылған жылуды есептеуй алады - 1 ұпай;

    • Газдың атқарған жұмысын анықтай алады - 1 ұпай;

    • Термодинамиканың бірінші заңын тексереді – 1 ұпай;


Видеоролик


Оқулық, жұмыс дәптері

QR- код


ұялы телефон






Слайд

таратпа қағаз













Оқулық, жұмыс дәптері
















Слайд

таратпа қағаз


































Слайд

таратпа қағаз






Сабақтың

соңы

3 мин

Рефлекция

Бағалау « Термометр» әдісі

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу

Жаттығу есептерін шығару

Оқушылар сабаққа кері байланыс береді


Менің өзіме қойған балым:

Мұғалімнің маған қойған балы:

Рисунок 5



Стикер


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.04.2025
131
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі