жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді?
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы Зеленобор мектеп-гимназиясы 6 тарау «Ежелгі Қытай»
Күні: 21.01.2020 Мұғалімнің аты-жөні: Жуздибаева Ш.Б. Сынып 5 Қатысқандар Қатыспағандар |
||||
Сабақтың тақырыбы |
Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді?
|
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.3.1.1.Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау
|
|||
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар Цинь империясының құрылуын және саяси құрылымын сипаттайды Оқушылардың басым бөлігі Цинь Шихуанди императордың қызметін әңгімелейді Кейбір оқушылар Терракота әскерлерінің жасалу себептерін болжайды |
|||
Бағалау критерийі
|
-Цинь империясының құрылуын және саяси құрылымының ерекшеліктерін түсіндіреді -Цинь Шихуанди императордың қызметін әңгімелейді -Терракота әскерлерінің жасалу себептеріне мысалдар келтіріп болжам жасайды |
|||
Тілдік мақсаттар
|
Диалогқа арналған тармақ: - Цинь империясының құрылуын және саяси құрылымын сипаттай алады; - Цинь Шихуанди императордың қызметін әңгімелей алады; - Терракота әскерлерінің жасалу себептерін болжап біледі; Жазылымға арналған тіркестер: -Мүмкін бірінші императордың моласы осындай болған … -Моланың құрылысы осындай жолмен құрылыған … - Себебі, келесі куәгерліктерге сүйене отырасақ …. -Менің ойымша Ежелгі Қытай көптеген жетістіктерге жетті … Терминология:Император, Цинь Шихуанди,Ұлы Қытай қорғаны,Конфуций,терракотта, терракотты әскер. |
|||
Құндылықтарға баулу
|
Осы тақырыптарды оқыта отырып,Қытайдың саяси өміріндегі жауынгерлердің елді қорғаудағы маңызын зерттей отыра,оқушыларды өз елінің қауіпсіздігін қорғай білуге,отанды сүйе білуге баулу |
|||
Пәнаралық байланыс |
Ортағасыр дүние жүзі тарихы 7 сынып Ортағасырлардағы Қытай География 7 сынып Шығыс Азия елдері |
|||
Алдыңғы білім |
Оқушылар Ежелгі Қытайдың ойшылдары туралы біледі |
|||
Сабақ барысы |
||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||
Сабақтың басы 5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Топқа бөлу (Қытай, император, қорған т.б. суреттер бойынша) Психологиялық ахуал. «Көршіңе сәттілік тіле» әдісі Оқушыларға әрбір тапсырма көрсетілген жеке «Өзін-өзі бағалау» парақтары таратылады.
|
|
||
Сабақтың ортасы 2 минут
15 минут
3 минут
5 минут
5минут
5минут
|
Қызығушылықты ояту. Бейнебаяннан үзінді және терракот әскерлерінің суреттері арқылы оқушылар бүгінгі тақырыптың қандай екенін іздеп, өз ойларын айтады, ортаға салады.
1 тапсырма. Мәтінмен толықтай танысып, мәліметтерді топтастырады. Әр топ өз мәтінін постерге түсіреді және картадан айтылған қалаларды көрсетеді Жүзеге асыру әдістері: «Топтастыру» Өткізу формасы: Топтық жұмыс
2 тапсырма. Сергіту сәті және «Араласқан сұрақтар» әдісі бойынша тапсырма. Оқушылар тақырыпқа сәйкес берілген сұрақтарды ортаға шығып араласып жүріп бір-біріне қояды. 1. Қай ғасырдан бастап Ин Чженнің басқаруымен Цинь патшалығының үстемдігі арта түсті? Б.з.д. ІІІ ғасыр 2. Қай жылы Қытай біртұтас мемлекетке біріктірілді? Б.з.д. 221 жылы 3. Цинь Шихуанди тұсында мемлекеттің астанасы қай қала болды? Саньян 4. Құлдар қандай жұмыстарға жегілді? Қамалдар құрылысы, каналдар және кен ошағын қазу жұмыстарына 5. Цинь Шихуанди қандай істерге мол қаражат жұмсады? Алып құрылыстар, жол тораптары мен суару каналдарын салу үшін 6. Цинь Шихуанди өзіне қарсы шыққандармен бірге кімдерді қатал жазалауға бұйрық берді? Конфуцийдің ізбасарларын, ойшыл даналарды 7. Қай жылы Лю Бан өзін жаңа Хань әулетінің негізін қалаушы деп жариялады? Б.з.д. 206 жылы 8. 1974 жылы сазбалшықтан жасалған бұйымдарды қай қала тұрғыны тауып алды? Сиань 9. Археологтар сазбалшықтан жасалған қанша жауынгер мен аттың мүсіндерін тапты? 8099 10. Таңғажайып жауынгер мен аттың мүсіндері қай императордың мазарының маңынан табылды? Цинь Шихуанди
3 тапсырма. «Автобус аялдамасы» әдісі бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. 1. Цинь Шихуанди билігіне сипаттама бер: жақсы жақтарын жаз. 2. Цинь Шихуанди билігіне сипаттама бер: жаман жақтарын жаз. 3. Терракот әскерлерінің жасалуы және себебі туралы жаз. 4. Цинь Шихуандиге үш сөзбен мінездеме бер. 4 тапсырма. «Конверттегі тапсырма» ауызша тапсырмаға жауап береді. Сабақты қорытындылау. Бейнебаянды дыбыстау: Әр топтан оқушы шығып өтілген тақырыпты бейнебаянды дыбыстау арқылы қорытынды жасайды.
|
|
||
Сабақтың соңы 5минут |
Оқушыларға кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, «Ғажайып Қытай» тақырыбында шағын мақала жазу |
|
||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
||
Баяу оқушыларға мұғалім тарапынан нұсқаулар беріліп, түрткі сұрақтар қойылады. Жылдамдығы жоғары оқушыға тапсырмалар арнайы күрделеніп беріледі. Барлық оқушылар:
Басым оқушылар:
Жекелеген оқушылар:
|
1.Тақырып бойынша жалпыға сұрақ жауап (бағалауды мұғалім жүргізеді) 2.Терминдерді толтыру (бағалауды мұғалім жүргізеді) 3.Топтық жұмыс (бағалауды мұғалім жүргізеді)
|
АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша жүктелген материалдармен жұмыс істей алады. Құндылықтар – өз еліміздің мысалдарымен байланыстыра алуына көмектесу.
|
||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||
|
||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1:
2: Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты) 1:
2: Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?
|
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген