Тақырыбы:
«Терроризм және лаңкестік ұйым»
Мақсаты:
«экстермизм», «терроризм» терминдеріне
түсінік беру. Қ.Р – ғы лаңкестікпен
қарсы күрестің құқықтық негіздері,
қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде
мағлұмат беру. Келер жас ұрпақты
жанашырлықпен бейбіт рухтағы адами
қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Слайд суреттері, палакаттар.
Дамытушылық:Діни
наным - сенім мен олардың пайда, зияны
турасында өмірден нақты мысалдар келтіре
отырып түсіндіру. Әлемдік діндер мен
түрлі ағымдарға
байланысты
ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
Түрі:
Дөңгелек үстел
Әдісі:
Сұрақ – жауап (ситуация туғызу, шешу
жолын айту, нақты дәлелдер келтіру)
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар бүгінгі дөңгелек
үстелде қозғалатын өзекті мәселе діни
экстремизм мен терроризмнің алдын-алу.
Ұлт болашағы үшін дұрыс, салмақты
ойларымызды ортаға сала отырып, өзекті
ой-пікірлерімізбен бөлісе отырайық.
Пікірталасқа
қатысушылар:
1.
Г.Карагулова
2.
Ж.Жылдамбаева
3.
Ж.Илесбаева
4.
А.Сегізбаева
5.
С.Құсайнова
Жүргізуші:
Діни
экстремизм мен терроризм туралы қысқаша
мәлімет бере кетсем, қазіргі
кезде ең көп таралған лаңкестік – дінді
бетперде еткен түрі. Олардың негізгі
мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді
пайдалана отырып, адамдардың пікіріне
әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық
соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру,
дінді саяси құрал ретінде пайдалану.
Лаңкестікке қарсы күресудің мақсаты
рухани және материалдық, экономикалық
тұрғыдағы нысандарды залалсыздандыру.
Сол үшін лаңкестіктің пайда болу тарихын,
оның түрлері мен алуан көріністерін,
сондай-ақ қаупінің алдын алуды да
білген абзал.
Жүргізуші:
1)
Діни экстремизм дегенді қалай түсінеміз?
2)
Экстремизмнің негізгі белгілерін қалай
ажыратамыз?
3)
Бүгінгі шиеленіскен діни ахуалдың
себеп-салдары қандай?
4)
Елімізде әр жерден бой көтеріп отырған
лаңкестік ұйымдар
туралы
не айтасыздар?
5)
Діни экстремизм және оның алдын алу
үшін не істеу керек деп
ойлайсыз?
Түйін:
Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни
экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы
тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің,
ынтымақтың маңызын жете түсінген.
Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен
«Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі
жарасқан елге барамын деген қанатты
сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін
жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау
ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел
болса төбедегі келер»деп елді бірлікке
шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік
экономикалық жаңғырту - Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты жолдауында
біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып
өтуі тегін емес, Сондықтан бәрімізге
қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы
үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық
татулықтың сақталуы үшін бір кісідей
атсалысайық. Бірлігіміз
бекем, тәуелсіздігіміз баянды болсын