"Терроризмнен сақтану - басты міндет" 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Терроризмнен сақтану - басты міндет" 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Терроризмнен сақтану - басты міндет. Мақсаты: А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру: Б) Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеу. Сабақтың әдісі: конференция. Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар,мәтіндер Жургізуші 1: Қайырлы күн,оқушылар,қонақтар! Жургізуші 2: Бүгінгі «Терроризмнен сақтану - басты міндет» атты конференциямызға қош келіпсіздер! Жургізуші 1: Конференцияға келіп отырған мамандармен таныс болайық. Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы КММ теолог маманы ____________________________________________________________________________ Жүргізуші 1: Тероризмнен сақтану бағытында қазіргі кездері бүкіл әлем болып күрес жүргізуде. Бірақ әртүрлі ұйымдар .топтар адамзат өміріне қатер төндіруін тоқтатар емес. Сол себептен де бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күрес жүргізу құптарлық іс екендігі айтпаса да белгілі.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Терроризмнен сақтану - басты міндет.

Мақсаты:

А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру:

Б) Жасөспірімдерге қоғамның әлеуметтік, құқықтық сипаттарын ұғындыра отырып, террорлық, лаңкестік бағытта арандатуға жол бермеу.

Сабақтың әдісі: конференция.

Көрнекілігі: бейнефильм, слайдтар,мәтіндер


Жургізуші 1:

Қайырлы күн,оқушылар,қонақтар!


Жургізуші 2:

Бүгінгі «Терроризмнен сақтану - басты міндет» атты конференциямызға қош келіпсіздер!


Жургізуші 1:

Конференцияға келіп отырған мамандармен таныс болайық.

Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы КММ теолог маманы


____________________________________________________________________________


Жүргізуші 1:

Тероризмнен сақтану бағытында қазіргі кездері бүкіл әлем болып күрес жүргізуде. Бірақ әртүрлі ұйымдар .топтар адамзат өміріне қатер төндіруін тоқтатар емес. Сол себептен де бүкіл әлем болып терроризмге қарсы күрес жүргізу құптарлық іс екендігі айтпаса да белгілі.

Жургізуші 2:

Жалпы терроризм туралы тоқталып өтейік.

Кейбір анықтамалықтарда «терроризм» дегеніміз джихадты, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм»- араб тілінде «ирхаб» ,мағынасы-«қорқыту» дегенді білдіреді .Ал, терроризм сөзі \латынша terror-қорқыныш,үрей\ деген мағынада айтылады.Осы жерде террорлық қадамға кімдер барады деген заңды сұрақтар туады.Қоғамдағы сәтсіз қолайсыз отбасылар мүшелері,мансап,билік,жеке мүдені көздеушілер, компьтерлік ойындар арқылы психиканың бұзылуына тап болғандар тағы көптеген террорлық ұйымдар арбауына алданған жандар.Террористер тек қана діни ағымдағы адамдар деп ойлау кәте пікір.Террористер қатарына кез-келген жастар мен ересектер,қыздар мен әйелдер, адам өміріне қауіп төндіретін арандатушылыққа сеніп қалғандар да кездеседі.


Жүргізуші 1:

Ендеше мына мәтінді тыңдап көрейік.

... Оның ойынан жаңа ғана орталық кафелердің бірінде болған әңгіме кетер емес. Ол жерде бейтаныс адамдар бұған ұсыныс жасаған болатын. Бұның отбасындағы қолайсыз жағдайдан да хабардар екен. Көмектескілері келетінің айтты. Әйелінің бақилық болғанына да екі жылдай уақыт өтті. Өзі жұмыста жоқ. Ішкілікке де әуестеніп кетті. Өмір сүру , жас балалар бағып, қағуда бір өзіне оңай болған жоқ. Балаларына алатын мардымсыз жәрдемақыда шайлығына жетпейді. Жетер еді-ау құрығыр, арақ пен темекіге әуестенгелі үйге қажетті азық-түлік те алуды қойды. Балалары қара шәймен бір бөлке нанды жеп жүрек жалғаған кездері қаншама?!

Осы қиындықтарды қалай жеңем деп жүргенде, мына жігіттер кездесіп тұрмысын түзейтін ақшамен қамтамасыз етеміз дейді. Тек олар бұған бір тапсырманы орындауды талап етіп отыр. Тапсырмасы да онша қиын емес. Тек бір сумканы адамдар көп жиналатын базардағы «супермаркентке» апарып қоюы керек. Оның ішінде жарылғыш зат бар екенінде жасырмайды. Еңбекақысын алдын ала береміз дейді. Бұл ұзақ ойланды. Жауабын ертең айтармын деп уәделесіп, үйіне келе жатқан беті осы. Үй жанына жақындағанда моржадан шығып жатқан түтінге таңдана қарады. Күн салқындағалы жағатын отында таусылып, кағаз, тезек, көшеден балалары теріп әкелген ағаш жаңқаларын жағып күнің көріп отырған. Мына түтін күндегі түтіннен ерекше. Күн тынық болғасынба, түтін тура шығып жатыр. Үйдің бұрышында бір тоннаның көлеміндей көмір жатыр. Ол, үйге жүгіре кірді. Үйдің ыстық лебі беті шарпиды. Бұл шынымен менің үйімбе деп жаң-жағына таңдана қарады. Балалары алдарынан жүгіріп шығып «әкелеп» құшақтап жатыр. Тұла бойынан бейне бір тоқ жүріп өткендей дір ете қалды. Соңғы рет қашан балаларының жадырап күлгені,құшағына қысқаны есінде жоқ. Не деген керемет! Балалары жапырлап бірдеңелерді айтып жатыр.

Түсінгені, бұл жоқта үйге үйге тұрмысы төмен отбасыларды қолдау орталығынан адамдар келген. Көмірді де солар әкеліпті. Азық-түлік, балаларына жылы киімдер де силаған. Мейірімді жандар туралы балалары кезекпен айтып тауыса алар емес. Тіпті отты да солар жағып кетіпті. Ең таң қаларлығы жұмысқа шақыру қағазын да тастап кетіпті. Онда толық телефон, мекенжай жазылған. Қолындағы бір жапырақ қағазға үнсіз тесіле қараған оның жанарынан бір тамшы жас жерге үзіліп түсті...


Топпен жұмыс

Жүргізуші 2:

Осы мәтін бойынша кімде қандай пікір бар?

  1. Сұрақ : Ол әлгі жігіттер ұсынған тапсырмадан бас тартама? Қалай ойлайсыздар?

Әлде Жігіттердің ұсынысын қабылдап мол қаржыны алама?


  1. Сұрақ: Енді оның алдағы тағдыры туралы кім, не айтады?


\Осы сұрақтар төңірегінде пікірталасқа оқушылар белсене араласып өз пікірлерін айтады.\


Жүргізуші 1:

Келесі тапсырма- постермен жұмыс.


Бірінші сұрақ: Егер сізге телефон арқылы терроризм актісі туралы хабар түссе, сіздің әрекетіңіз?


(жауаптары: І. Әңгімелесудің мазмұнын есте сақтап қалуға тырысамын. Қоңырау шалушының сөйлеу мәнерін, дауыс ерекшеліктерін, өзгеше сөздер мен сөз орамдарын белгілеп аламын. Дыбыстық фонды аңғаруға тырысамын.

ІІ. Мен мүмкіндігінше әңгімелесуді таспаға жазып алуға тырысамын. Тұтқаны қоймай тұрып, телефон номерін жазып аламын. Бұл туралы тез арада мекеменің қауіпсіздік қызметін және құқық қорғау органдарына хабар беремін.)


Екінші сұрақ. Егер жарылғыш құрылғылар және олардың белгілері туралы білген кезде не істеуіміз керек.


( жауаптары: І. Жарылғыш заттардың белгілері төмендегіше болып табылады. 1. Антенна

2. Сағат дыбысы. 3.сымдар . 4. Батериялар .

Ал, сезікті заттарға иесіз портфельдер, шабадандар, сөмкелер, түйіншектер,қаптар, шәшіктер, қораптар, иесіз көліктер жатады.

ІІ : Мен, жарылғыш заттың жанында ұялы телефонды, радиостанцияны қолдануға тиым салынғанын, затты қолмен ұстауға, жылжытуға, ашуға болмайтынын, мүмкіндігінше затқа тиіспей, полиция қызметкерлерін келуін күту керектігін, жарылғыш заттарды тек құқық қорғау орындарының қызметкерлері ғана жүзеге асыратынын білемін).

Үшінші сұрақ: Егер сізді қылмыскер кепілге алса сіздің іс-әрекетіңіз.


(жауаптары: қарсылық білдірмей барлық талаптарын орындаймын, қашуға әрекет жасамаймын, террористер туралы: олардың саны, қарулары, дене бітімдері, мінез-құлқы, акценті, сөйлеу мәнері секілді тағы да басқа белгілерін есте сақтауға тырысамын).


Төртінші сұрақ: Қандай адамдар сектаға енуі мүмкін?

(жауаптары:  Бейтаныс нәрсеге қызығушылығы жоғары;

Өзінің зақымдалған мендігін қорғауға ашулы дайындық және өзін-өзі төмен бағалау;

Әлеуметтік әділетсіздікті уайымдай отырып, өзінің өмірлік сәтсіздіктерін жақындарынан және жалпы қоғамнан көру;

Әлеуметтік оқшаулық және жатырқаушылық салдарынан, жаңа қоғам табу мен өмірлік құндылықтарды жоғалту (шиеленіс));


Террорлық іс-әрекеттер туралы бейнефильм.

Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.

Жургізуші 1:

Қазір конференцияға катысып откан оқушылардың сауалдарына құлақтүрелік ортамыздағы мамандарымызға өз сұрақтарын қоюға болады «Ашық микрофон» алдыны шақырамыз



Жүргізуші 2:

Біз бүгін террорлық іс-әрекеттер туралы көптеген маңызды жаднамаларды үйрендік. Бұл әрбір оқушы үшін маңызды деп ойлаймын. Сіздер арқылы сіздердің ата-аналарыңыз, достарыныз, аға-іні, апа-қарындастарыңыз хабардар болады деп сенемін!



Жургізуші1:

Экстремистердің қатарына сауаты төмен, нанғыш жастардың да тартылатынын еске алатын болсақ, ата - аналарды, бүкіл халықты экстремизм қаупінен сақтандырған жөн. Елімізде, жалпы әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық үстем болсын. Елімізде тек қана бейбітшілік, тыныштық болу үшін әр адам оған ат салысуы керек. Әр білім алушы сапалы білім алуға, өнегелі азамат болып өсуге тырысуы арқылы өз отанына зор үлес қосады екен. Аспанымыз ашық, елімізтыныш болсын!

Уақыттарын бөліп , мағыналы мағлүмат берген қонақтарымызға көп рахмет!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.03.2025
284
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі