Оқу сауаттылығы 7 – сынып
1- нұсқа
1-мәтін
Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда. Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан болып келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын.
Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін. Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға итермелейтін.
Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. (174 сөз) Ә.Әлімжанов « Ұстаздың оралуы», «Жазушы» Алматы
1. Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз.
A)
Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі
B) Бұлбұлдың таңғы үнін естуі
C) Қоңыр салқын самал желдің соғуы
D) Құстардың сайраған үніне таңдануы
E) Таңғы жұпар ауамен тыныстауы
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
1.Сайраған құстар әні оның
музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.
2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар
улап-шулап қоя беретін
A) Екеуі
де дұрыс B) Дұрыс жауап жоқ C) Тек екіншісі
D) Тек біріншісі E) Екеуі де бұрыс
2- мәтін
Абылайдың азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Ол 1711 жылы Түркістан билеушісі «қанішер» Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келген. Атасы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Түркістанды қалмақтар басып алғанда Көркем Уәли өліп, Әбілмансұр далаға қашып шығады да, аман қалады. Әбілмансұр барған жерінде ата-тегін жасырып күн кешеді. Осы «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім бала, үйсін Төле бидің қолына келеді.
Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің атын өшірмей, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. 1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды.
Үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды. Қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан куатты мемлекетке айналдырды. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында 1781 ж қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген.
1.Мәтіннің екінші бөлігінде айтылған ой.
A) Абылайдың тәрбиесі
B) Үйсін Төле туралы
C) Абылайдың жорығы
D) Төленің даналығы
E) Абылайдың жорығы
2.Төленің Абылайдың бойына қазақ даласының даналығын сіңіруінің мәнісі.
A) Абылаймен сырлас болғандықтан
B) Абылайдан үлкен үміт отын көргендіктен
C) Абылайдың Уәлидің ұлы болғандығынан
D) Абылай қанішер болғандықтан
E) Абылай хан болғандықтан
3. Әбілмансұр есімінің ұмытылу себебі.
A) Халық ақ киізге көтеріп хан сайлағандықтан
B) Жауға Абылайлап шапқан соң, ел Абылай деп атап кеткендіктен
C) Бүкіл қазақ ұлысының сұлтаны болғандықтан
D) Арғы атасы қанішер Абылай болғандықтан
E) Қашып жүргендегі лақап аты болғандықтан
4. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Абылай хан
B) Әбілмансұр хан
C) Уәлидің ұрпағы
D) Батыр Абылай
E) Абылайдың ерлігі
3-мәтін
Бабыр шах (1483-1530) – Үндістандағы ең үлкен мұсылман мемлекеті Бабыр Империясының құрушысы. Есімі Заһируддин Мұхаммед Бабыр. Әкесі Әмір Темірдің ұрпағынан Омар Шейх, анасы Шағатай ханның шөбересі Құтлық Нигар Ханым. Бабыр жас кезінен әскери тәлім тәрбиені жетік меңгеріп, жорықтарға қатысып, қолбасшылық қасиеттерін дамытты. 1494 ж әкесінің қайтыс болуынан кейін Ферғананың әмірі болды. 1498-1500 жылдары арасында Шайбанилердің басқыншылығы кезінде Самарқандпен Әндіжанды алып қалуға тырысады. Бірақ сәтсіздікке ұшырап барлық иелігінен айрылады. Ташкентте нағашысының жанында болып әскер жинайды.
Кейін Гиндикуш тауларын асып Кабулды қан төкпей басып алады. 1504 ж Гиндикуштан Ғазнаға дейінгі жерлерді иемденді. Парсы, түрік, татар, үнді, пешту тілдерінде сөйлейтін халқын әділеттікпен басқарды. Исламның таралу жолында көп еңбек етті. Барған жерлерінде Ислам шариғатын орнатты. 1519 ж Индус өзенінен өтіп Пенжабты қолға түсірді. Пұтқа және отқа табынатын раджалардың зұлымдығындағы Үндістанға Исламды үйретуді мақсат тұтты. Үндістанды жаулау үшін батыстағы ең үлкен Түрік-Ислам мемлекеті Осман империясынан зеңбірек жасайтын ұсталар алдырды. Жақсы дайындықпен 1526 ж Дели, Агра, Ханпур қалаларын басып алды. Аграны астана етіп 1526 ж Бабур империясының құрылу жылы деп жариялады. Бабыр шах Гималайдан Гувалиар және Амудариядан Бенгалға дейінгі жерлерге иелік етті.
Соңғы отыз жылдық өмірі соғыспен өтіп қажыған Бабыр шах 1530 ж қайтыс болды. Алдымен Аграда жерленіп кейін қабірі Кабулге көшірілді. Немерелерінен Шах Жихан 1646 ж қабіріне көрікті кесене салдырды. Мұсылмандардың ең үлкен дұшпаны ағылшындардың жаулап алуына дейін империя салтанаты 340 жыл жалғасты. Бабыр шах сонымен қатар дарынды ақын әдебиетші еді. Өмірін өзі жазды. Бабыр шахтың Тузук, Бабури және Бабырнама деп аталатын кітаптары сол дәуірдегі Орта Азия, Ауғанстан және Үндістан тарихы үшін құн жетпес дерек болып табылады.
1. Мәтін мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер.
A) Ақпарат, хабарлау
B) Зерттеу, пайымдау
C) Суреттеу, ақпарат
D) Баяндау, зерттеу
E) Салыстыру, сипаттау
2. Осман империясынан ұсталар алдыруының себебі
A) Соғыс қаруларын жасату үшін
B) Үндістанды жаулау үшін
C) Ұсталық өнерді меңгеру үшін
D) Ислам дінін тарату үшін
E) Оқ дайындау үшін
3. Бабырдың дарынды әдебиетші болғанының дәлелі
A) Бірнеше кітаптары сақталған.
B) Өз өмірін жазып шықты.
C) Жорықтары туралы жазды.
D) Үндістан тарихын жазды.
E) Ислам діні туралы жазды.
4. Мәтін мазмұнын түйіндейтін ой
A) Жігіт жақсысын «сұлтан» дейді, Ит жақсысын «сырттан» дейді.
B) Жігіт жауда өлер, Шешен дауда өлер.
C) Жігіттің бір басы екеу болмай, жиғаны жетеу болмайды.
D) Ер салмағын ел көтереді, Ел салмағын жер көтереді
E) Ер тамыры елде, Ел тамыры жерде.
Өтілген тақырыптардан білімін тексеру
11. Ма, ме, ба, бе, па, пе
шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді
атаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
12. Есімше дегеніміз не?
А) Өзіне тән істі, қимылды басқа біреу арқылы істемей, тікелей өзі істейтіндігін я өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі.
В) Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктің түрі.
С) Есімдер сияқты түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де қызметінде қолданылатын етістіктің түрі.
Д) Негізгі қимыл- амалды және негізгі қимылды айқындайтын, қосымша қимылды білдретін етістіктің түрі
Е) Табыстан басқа барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздермен тіркесіп келетін етістік.
13.
Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды
табыңыз.
А) Заман, кесте, көңіл.
B) 2 кг алма, тары, мол.
С) Байланыс, төбе, сандық.
D) Жілік, соқпақ, бала.
E) Қуаныш, кезең, мәтін.
14.Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп
жалғанатын септіктер қатарын
көрсетіңіз.
А) Ілік, атау, барыс.
B) Ілік, жатыс, шығыс.
С) Барыс, табыс, жатыс.
D) Табыс, жатыс, шығыс.
E) Жатыс, шығыс, көмекес.
15.Зат
есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін
табыңыз.
A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
B) Кең болсаң, кем болмайсың.
C) Ол әрең келеді.
D) Абай қатты қуанды.
E) Мұның тамыры тереңде.
16. Сөйлемнен пысықтауыш
қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.
Өлеңмен сөзді желдей
құйындатқан.
A) Өлеңмен.
B) Сөзді.
C) Желдей.
D) Құйындатқан.
E) Жоқ.
17. Сөйлемнен сан
есімді көрсетіңіз.
Біз екі-екіден бөліндік.
A) Біз.
B) Екі-екіден
C) Әдемі.
D) Бөліндік.
E) Пысықтауышы жоқ.
18. Етістіктің болжалды
келер шақ түрін табыңыз.
A) Бармақпын.
B) Кетпекпіз.
C) Алмадық.
D) Айтқанмын.
E) Келерміз.
19. Етістіктің мақсатты
келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Жазбақпын.
B) Айтармын.
C) Келмеспіз.
D) Сөйлепті.
E) Тартты.
20. Салыстырмалы шырайды
көрсетіңіз.
A) Ұп-ұзын.
B) Сұп-суық.
C) Үлкенірек.
D) Аппақ.
E) Тым биік.
Оқу сауаттылығы 7 – сынып
2- нұсқа
1-мәтін
Ертеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да: – Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? – деп сұрайды. Сонда бағбан: – Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайсысы тәтті екенін білмеймін. Қазы таңғалып: – Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін әлі күнге ажырата алмай жүрмісің? – Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де аузыма салып көрген емеспін, – депті Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып: – Біз іздеп жүрген күйеу бала алыста емес, дәл біздің шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы жігітке берейік – деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді.
1. Бақша күтушісіне қызын беруінің мәнісі
A) Қызы бақша күтушісіне ғашық болады.
B) Бақша күтушісінің адалдығына тәнті болады
C) Бақшы күтушісі өз ісіне жақсы қарайды.
D) Байларға қызын бергісі келмейді.
E) Қызымен шамалас жас болған соң келіседі.
2.Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем
A) Жүзімнің дәмі тым тәтті болады.
B) Қызын байға бергісі келеді.
C) Жүзім толық піспеген еді.
D) Байлар көңілінен шықпайды.
E) Әйелімен ақылдаспай шешеді.
2-мәтін
Құлпынай – дəрумендерге өте бай. Ќұрамында ағзаға аса пайдалы С дəрумені көп. Оның құрамында темір, магний, калий, кальций, цинк, марганец, фосфор, кремний, мыс пен йод та бар. Қыс бойы дəрумен жетіспей əлсіреп шығатын ағзаға аса пайдалы.
Құлпынайдың пайдалары:
— Дəрумен жетіспеушілікке өте пайдалы.
— Тамырдың бітелуін алдын алады жəне холестеринді түсіреді.
— Құрамындағы антиоксиданттар қартаю процесін тежейді.
— Иммунитетті күшейтіп, қан аздыққа көмектеседі.
— Микробқа қарсы қасиеті жоғары болғандықтан, асқазан ауруы бар
адамдарға аса пайдалы.
— Жүрек қан-тамырлар жүйесін қорғайды.
Жөтел жəне өкпе аурулары
кезінде құлпынайдың жапырақтарын қайнатып ішсе, тез арада жазылып
кетуге болады. Құлпынайды десерт ретінде жейді. Құлпынайдың
пайдасын арттыру жəне организмге сіңімдірек болу үшін, қаймақпен
немесе кілегеймен жеу керек. Құлпынайдан шырын, тосап, джем
жасайды. Хош иісі үшін парфюмерияда қолданады.
Құлпынайды қалай таңдауға болады?
— Сатылғанда құлпынайдың гүлсабағы да міндетті түрде сақталуы
керек. Себебі гүлсабағының сақталуы құрамында С дəруменінің қажетті
мөлшері болуына кепіл болады.
— Өте үлкен құлпынай жидектеріне қарағанда орташа жəне ұсақ
жидектерінде дəрумендер көбірек болады.
— Құлпынайдың ашық қызыл немесе қанық қызыл түрлерін кездестіруге
болады. Бұл құлпынайдың өскен жеріне, түріне байланысты болып,
əрқайсысының өзіндік дəмі мен ерекшеліктері болады.
— Сапалы жидектердің табиғи жағымды иісі болады. Иісі байқалмайтын
жидектердің «химия» көмегімен өскендігі белгілі болады.
203сөз
1. Құлпынайды гүл сабағымен сатып алудың мәнісі
A) Дәрумендер көп болады
B) С дәрумені жақсы сақталады
C) Табиғи жақымды иісі болады
D) Химиялық заттар болмайды
E) Сабағын қайнатып ішеді
2.Мәтін мазмұнына сай тақырып
A) Дәрумен құлпынай
B) Құлпынайдың ағзаға пайдасы
C) Құлпынайдың теріге пайдасы
D) Құлпынай сабағының пайдасы
E) Табиғи құлпынай
3.Бірінші азат жолда айтылған ой
A) Құлпынайдың дәрумендері
B) Құлпынайдың ағзаға пайдасы
C) Құлпынайдың жөтелге пайдасы
D) Құлпынайдың иммунитетке пайдасы
E) Құлпынайдың асқазанға пайдасы
4. Құлпынай құрамындағы дәрумендер
A) кальций, сульфат
B) марганец, сульфид
C) фосфор, гелий
D) кремний, марганец
E) Магний, калий
3- мәтін
Кеңес Одағы заманында талантты спортшыларымыз КСРО құрамаларының сапында болды да, қазақ халқының спортқа бейім екендігін біреу білсе, біреу білмеді. Әрі әртүрлі себептерге байланысты құрыш білек жігіттеріміз бен нәзік те, қайсар қыздарымыз өз мүмкіндіктерін толығымен паш ете алмады. Ал халықаралық додаларға дербес мемлекет ретінде қатыса бастағалы қазақтың да спортқа бапандай екендігі тайға таңба басқандай болып көрінуде.
Ең бастысы, қазақ топырағын мекендеген ұлттар мен ұлыстар ұйым-шылдық танытып, бір тудың астына бірігіп, татулығымыз бен бірлігімізді мейлінше сомдап келеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілеттігі мен статусы 1992 жылы 9 наурызда Лозаннада танылып, бекітілді. Содан бері қазақ елі дербес мемлекет ретінде спорттық додаларға қатысып келеді. Бүгінде қазақтың қайыс қолғап киген қырандарынан көптеген елдің боксшылары қаймығады. Білек түрінген балуандарымен көбі имене күреседі. Зілтемір көтерген толағай қыз-жігіттерінің көрсеткіштеріне барлығы да бас иеді.
Жиі-жиі жаңартып тұратын рекордтарын мойындайды. Қандай спорттың түрі болсын, қазақтың қыз-жігіті немесе Қазақстан спортшысы небір бүкіләлемдік додада топ жарып, жүлдеге ілігіп жатса, оған ешкім де таңданбайды. Қазақстан тек жекелей сындағы спорт түрлерінде ғана емес, командалық спорт түрлеріне де қара жаяу еместігін ерен жетістіктерімен дәлелдей білді. Хоккейшілеріміз (қыздарымыз да, жігіттеріміз де), ватерполшыларымыз (қыздарымыз да, жігіттеріміз де), волейболшыларымыз (қыздарымыз), гандболшыларымыз (қыздарымыз) бірнеше рет төрт жылда бір өтетін Олимпиада ойындарына қатысып, қазақ топырағында спорттық ойындардың да аса жоғары деңгейде дамығандығын көрсетті. Осы спорттың түрлерінен Азияда көшбасшы құрамалардың біріміз.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетінің өкілеттігіне мүше болғанына қанша жыл болды?
A) 24
B) 26
C) 27
D)30
E) 29
2.Қазақ спортшыларының таныла бастауының себебі
A) КСРО құрамында болғандықтан
B) Спортқа жеке мемлекет ретінде қатыса бастағандықтан
C) Ұлттық комитет ұйыма мүше болғаннан
D) Тәуелсіз ел болғандықтан
E) Бүкіләлемдік додаларға қатысқандықтан
3.Мәтіннің мазмұнын жеткізуде қолданылған тәсілдер
A) Әңгімелеу, ақпарат
B) Зерттеу, хабарлау
C) Пайымдау, суреттеу
D) Сипаттау, пайымдау
E) Салыстыру, зерттеу
4.Қазақстанда дамып жатқан топтық спорт түрлері
A) Футбол, хоккей
B) Волейбол, гандбол
C) Баскетбол, ватерпол
D) Теннис, волейбол
E) Волейбол, пионербол
Өтілген тақырыптардан білімін тексеру
11.
-ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін
анықтаңыз.
A) Хабарлы сөйлем.
B) Бұйрықты сөйлем.
C) Лепті сөйлем.
D) Жай сөйлем.
E) Сұраулы сөйлем.
12.Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды
табыңыз.
А) Заман, кесте, көңіл.
B) 2 кг алма, тары, мол.
С) Байланыс, төбе, сандық.
D) Жілік, соқпақ, бала.
E) Қуаныш, кезең, мәтін.
13.Тәуелденген зат
есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын
көрсетіңіз.
А) Ілік, атау, барыс.
B) Ілік, жатыс, шығыс.
С) Барыс, табыс, жатыс.
D) Табыс, жатыс, шығыс.
E) Жатыс, шығыс, көмекес.
14.Зат

15. Сын есімнің шырай түрін
көрсетіңіз.
A) 3.
B) 4.
C) 2.
D) 5.
E) 1.
16. Күшейтпелі шырайды
көрсетіңіз.
A) Ағырақ, көкше.
B) Қуаң, бозаң.
C) Сұрша, бозғыл.
D) Аппақ, аса терең.
E) Сарғылт, күреңдеу.
17.Салыстырмалы шырайды
көрсетіңіз.
A) Ұп-ұзын.
B) Сұп-суық.
C) Үлкенірек.
D) Аппақ.
E) Тым биік.
18.
Сөйлемнен анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді
белгілеңіз.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
A) Жақсының.
B) Жақсылығын.
C) Айт.
D) Нұры.
E) Тасысын.
19. Етістіктің
болжалды келер шақ түрін
табыңыз.
A) Бармақпын.
B) Кетпекпіз.
C) Алмадық.
D) Айтқанмын.
E) Келерміз.
20. Етістіктің мақсатты
келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Жазбақпын.
B) Айтармын.
C) Келмеспіз.
D) Сөйлепті.
E) Тартты.
Жауабы
7-сынып оқу сауаттылығы 1- нұсқа
1-а Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі
2-д Тек біріншісі
3 – а Абылайдың тәрбиесі
4- B) Абылайдан үлкен үміт отын көргендіктен
5- B) Жауға Абылайлап шапқан соң, ел Абылай деп атап кеткендіктен
6- A) Абылай хан
7- B) Зерттеу, пайымдау
8- A) Соғыс қаруларын жасату үшін
9- A) Бірнеше кітаптары сақталған.
10- A) Жігіт жақсысын «сұлтан» дейді, Ит жақсысын «сырттан» дейді.
11- E) Сұраулы сөйлем.
12- С)
13- B)
14- С
15- А
16- С
17- B)
18- Е
19- А
20- С
7-сынып оқу сауаттылығы 2- нұсқа
1- B) Бақша күтушісінің адалдығына тәнті болады
2- D) Байлар көңілінен шықпайды.
3 – B) С дәрумені жақсы сақталады
4- B) Құлпынайдың ағзаға пайдасы
5- B) Құлпынайдың ағзаға пайдасы
6- E) Магний, калий
7- A) 24
8- B) Спортқа жеке мемлекет ретінде қатыса бастағандықтан
9- A) Әңгімелеу, ақпарат
10- B) Волейбол, гандбол
11- С
12- B)
13- С)
14- А
15- C)
16- D)
17- C)
18- А
19- Е
20- A)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тест

шағым қалдыра аласыз