Тест

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест

Материал туралы қысқаша түсінік
әдебиеттік оқу тест жинақтары жауабымен
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдебиеттік оқу 4-сынып №1 тест

1-нұсқа Білім алушы________________________________________________


Мақсаты:4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу;


Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Қамқорлық

Бір кісі жол үстінде келе жатқанда оны қатты шөл қысады. Ол айналасына қарап су іздейді. Сол маңнан құдық табады. Ол құдыққа түсіп, шөлін қандырады да, шүкіршілік етіп, жолын ары қарай жалғастырады. Жолдың бойында шөлден тілі салақтаған бір итті көзі шалады. Иттің қатты шөлдегені соншалық, ылғал топырақты жалап тұр екен.

Оны көрген әлгі кісі: «Менің басыма түскен хал мына итке де түсіпті- ау!»- деп құдық ішіне қайта түсіп, аяқ киіміне су толтырып шығып әлгі итке су береді.


1. Асты сызылған сөзге мәндес сөзді табыңыз.

А) Қасірет В) Әл С) Жағдай Д) Қуат


2. Мәтіндегі жолаушыға тән қасиетті көрсетіңіз.

А) Өзімшілдік В) Мейірімділік С) Сараңдық Д) Тәкаппарлық


3. Мәтіннің идеясын анықтаңыз.

А) Еңбекқорлыққа үйрету В) Қамқорлыққа баулу С) Төзімділікке шақыр Д) Үнемшілдікті насихаттау


4. Жолаушы итке суды неге құйып берді

А) бас киіміне В) алақанына С) аяқ киіміне Д) ыдысқа


2-мәтін

Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.

Үлкен әулет

Өсіп- өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату- тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты.

Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату- тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?»- деп сұрапты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар- жоғы бір- ақ сөз жазылыпты. Үсті- үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «сабыр» екен.


1. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз.

А) Патша қариядан бейбітшілікте өмір сүрудің сырын сұрайды. В) Жүз кісінің бәрі де сабырлы екен.

С) Патша әулет туралы естігенде қатты қызығады. Д) Жүз кісі бейбітшілікте өмір сүреді.


2. Асты сызылған сөзге қатысы жоқ жауапты белгілеңіз. А) Үш буыннан тұратын сөз.

В) Қатаң дауыссыздан басталған сөз. С) Дыбыс пен әріп саны бірдей. Д) Алты дыбыстан тұратын сөз.


3. «Сабыр» сөзіне мағынасы қарама- қарсы сөзді табыңыз.

А) байсалды В) сабырсыз С) ержүрек Д) мейірімді


4. Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал А) Сабыр түбі- сары алтын. В) Сабын кірді ашады, сабырсыз сырды ашады . С) Барыңа шүкір ет, жоғыңа сабыр ет. Д) Біреу жәбір етсе, сен сабыр ет.


5. Патша қариядан ненің сырын білгісі келді?

А) Бір үйде неліктен жүз адам тұрып жатқандығын білгісі келді. В) Сабыр сөзінің сырын білгісі келді.

С) Жүз адамға азық- түлікті қалай жеткізетіндігін білгісі келді. Д) Бейбітшілікте өмір сүрудің сырын білгісі келді.


Сөйлемнен ілік септігінде тұрған сөздерді табыңыз

Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты.

А) патшасы, ақсақалына В) қызығушылықпен, естігенде С) елдің, әулеттің Д) жолығуды, ұйғарыпты


11.Мәтінді түсініп оқы.


Биік таудың беткейінде үлкен емен ағашы өсіп тұратын. Бірде өтіп бара жатқан жел еменді құлатпақ болып, бар күшімен үрлей бастады. Ол қанша күшенсе де, емен былқ етпеді. Керісінше жапырақтарын қимылдатып, желді мазақ қылғандай болды. Ызаланған жел найзағай мен жаңбырды көмекке шақырды. Аспанды қап-қара бұлт басып, күн күркіреді. Найзағай ойнап, жаңбыр жауды. Емен одан сайын құлпыра түсті. Еменді құлата алмайтынын түсінген жел оның сырын сұрады.

- Мен туған жерімде өсемін, тамырларыммен туған топырағыма мықтап бекінгенмін. Менің күшті болуымның сыры осында, - деді емен.


  • Мәтіннің кейіпкерлерін жаз.

  • Мәтінге ат қой.

  • Мәтіннің негізгі ойын білдіріп тұрған сөйлемді тауып, көшіріп жаз.


Shape1


12.«Қайырлы таң балалар» өлеңінің авторы кім?

а/ Өтебай Қанахин с/ Әдібай Табылды в/ Мұқағали Мақатаев д/Тұманбай Молдағалиев


13.Әдебиеттегі көркемдегіш құрал ,заттар мен құбылыстарды сипаттайтын бейнелі сөз қалай аталады?

а/әсірелеу с/ фонтастика в/ эпитет д/аллитерация


14.Өтебай Қанахиннің жарық көрген кітаптары:

а/»Көл жағасында», «Бақыт бәйшешегі» в/»Бөбекке сөз» ,»Қайырлы таң балалар»

с/»Дулыға»,»Қоңыр қаз» д/»Кім болам?» «Алматы көшелері»


15. «Сонда сен судың айдынында жұбын жазбай жүзіп жүрген кербез аққуларға көзің түскен болар. Құс төресі сол аққулар да-өзің өскен өлкенің көркі»-деген жолдар қай мәтіннен алынған үзінді?»


а/Дала сұңқары қиырға қарайды» с/ «Мысойған»

в/»Туған жер» д/»Ақдауыл хан»















1 -1-нұсқа


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

с

в

в

с

в

с

в

а

д

с


с

в

а

в



Жел, Емен, Найзағай, Жаңбыр

Емен ағашы


- Мен туған жерімде өсемін, тамырларыммен туған топырағыма мықтап бекінгенмін. Менің күшті болуымның сыры осында, - деді емен.























Әдебиеттік оқу 4-сынып №1 тест

2-нұсқа Білім алушы________________________________________________


Мақсаты:4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу;


1 мәтін

Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.


Қайыңның көз жасы

Қапан кешке бұтағы сынған қайыңнан су тамшылап тұрғанын байқады. Қайта- қайта қарап, таң- тамаша. Осы сәтте Күркебай қарт таяп келді. Қапан:

- Ата, айтыңызшы, неге су ағып тұр?- деді қайыңның бұтағын нұсқап.

- Су емес... Қайыңның көз жасы- ол. Біреу бұтағын сындырған. Содан жаны жараланып, жылап тұр. Тілі жоқ. Айтатын. Қайтсін байғұс?! Табиғат перзенті- ағаштың да жаны, жүрегі бар! Адамдардан аялы алақан, күтім тілейді! Ал олардың жасайтыны- осы...

Қапан ұялды. Қарттың уәжді сөздері зердесіне жеткендей басы салбырап, қозғалмастан тұрып қалды. «Енді сындырмаймын, ата!» деген сөзді іштей қайталай берді.


1. Мәтінде қандай ағаш туралы айтылған?

А) қарағай В) қайың С) қарағаш Д) қарақат


2. Қарамен жазылған сөздің мағынасын табыңыз

А) санасына В) ойына С) басына Д) жүрегіне


3. Қапан іштей қандай сөзді қайталай берді?

А) Мен сындырған жоқпын, ата. В) Ағаштың жаны, жүрегі жоқ

С) Мені кешіріңіз, ата. Д) Енді сындырмаймын, ата!


4. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз

А) Табиғат- тал бесік. В) Табиғат- жер байлығы, батырлар- ел байлығы.

С) Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.

Д) Ағаш тамырымен мықты, адам досымен мықты.


2 мәтін

Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.


Қайырымды балалар


Сәулет көкке қарады. Қарлығаштар төмен құйылып, кеудесімен жер соға жаздап барып, қайта көтерілді. Келбет екеуі біраз қарап тұрды. Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.

Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап. - Әне, ана балапанды қарашы.

Қане, қайсы, қай жерде?

Әне, байқа, басып кетпе. Келбет келіп қалды. Кіп- кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр. Көздерін ашып- жұмып, дір- дір етеді. Сәулет балапанды алақанына салып көрді.

Ұядан ұшып түскен ғой,- деді.

Тірі ме?

Иә, тірі сияқты.

Бізден қорқып тұрған шығар. Онда ұясына салайық,- деді де, сатыны әкеп, үйдің қабырғасына сүйеді. Сатыға шығып, балапанды ұяға салды. Сәулет пен Келбет сатыны алған соң қарлығаштар ұяға қонды. Манағыдай емес, көңілді. Көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі- үш айналып өтті.


1. Мәтіндегі балаларға тән қасиетті көрсетіңіз

А) мейірімділік В) өзімшілдік С) өжеттік Д) қатыгездік

2. Қарамен жазылған сөздер қай септікте тұрғанын табыңыз

А) атау септік, ілік септік, көмектес септік В) атау септік, табыс септік, ілік септік С) жатыс септік, ілік септік, шығыс септік Д) барыс септік, табыс септік, көмектес септік

3. «Дір- дір» сөзі қандай қос сөздерге жатады?

А) қосарлама қос сөздер В) қосымшалы қос сөздер С) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер

Д) қайталама қос сөздер


4. «Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр» сөйлеміндегі етістік қай шақта екенін табыңыз.

А) келер шақ В) өткен шақ С) осы шақ Д) барлық жауап дұрыс


5. Сөйлемнен буын үндестігіне бағынбайтын сөзді табыңыз. Ой!- деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап.

А) Сәулет В) сүрініп С) тізесін Д) сипалап


6. Мәтінде кездеспейтін ақпаратты табыңыз

А) Сәулет балапанды алақанына салып көрді. В) Балапандар ұядан құлап түсті.

С) Сәулет пен Келбет балапанды өздерімен алып кетті. Д) Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр.


3- мәтін

11. Мәтінді түсініп оқы.

Үш бала орманға барды. Орманда жеміс-жидектер, құстар көп. Олар қыдырып жүріп, күннің қалай өткенін байқамай қалды. Енді үйлеріне қайтып келе жатыр. Ата-анасына не деп айтарын білмей, қорқып келеді.

Үйдегілерге не дейміз? – деді балалардың бірі. Олар жол бойына тұра қалып, ақылдаса бастады. Өтірік айту мен шындықты айтудың қайсысы оңайырақ?

Мен орманда қасқырдан тығылып отырдым деп айтамын. Сонда әкем маған ұрыспайды, – деді бірінші бала.

Мен жолда атамды кездестірдім деймін. Сонда анам ашуланбайды, –деді екіншісі.

Ал мен шынымды айтамын, – деді үшінші бала. –Шындықты айту оңайырақ, себебі ештеңе ойлап табудың керегі жоқ.


Мәтінге ат қой. ______________________________________________________________________

12. Мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді тауып, қоршап сыз.

13. Балалар қандай сұраққа жауап іздеді? ___________________________________________________

14. Оларға не әсер етті? ____________________________________________________________________

15.Мәтін бойынша «неліктен?» сөзін қатыстырып, 1 сұрақ құрастырып жаз. ________________________________________________________________________________

















1 -2-нұсқа


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

в

а

д

с

а

в

д

с

д

с







Шындық/ Үш дос

-Шындықты айту оңайырақ, себебі ештеңе ойлап табудың керегі жоқ.

Үйдегілерге не дейміз?

Олар қыдырып жүріп, күннің қалай өткенін байқамай қалды.

Неліктен шындықты айту оңай?

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі