Тест Оқу сауаттылыыығы мен қазақ тілі
10 – сынып 1- жарты жылдықтағы білім тексеру
1- нұсқа
Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда. Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан болып келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын.
Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін. Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға итермелейтін.
Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. (174 сөз) Ә.Әлімжанов « Ұстаздың оралуы», «Жазушы» Алматы
1. Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз
A) Әупілдектің сиқырлы әніне
елтуі
B) Бұлбұлдың таңғы үнін естуі
C) Қоңыр салқын самал желдің соғуы
D) Құстардың сайраған үніне таңдануы
E) Таңғы жұпар ауамен тыныстауы
2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.
1.Сайраған құстар әні оның
музыка жайлы кітап жазуына кедергі
болатын.
2. Алыс таулардан
соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя
беретін
A) Екеуі де дұрыс
B) Дұрыс жауап жоқ
C) Тек екіншісі
D) Тек біріншісі
E) Екеуі де бұрыс
2- мәтін
«Тірі жетім» атануға не себеп?
1. Бейресми дерек көздеріне сүйенсек бүгінгі күнге дейін кең байтақ Қазақстанда 94 мыңнан астам бала мемлекет қамқорлығына алынып, жетімдер үйінде тәрбиеленуде екен. Тұтас халықтың өзін саусақпен санап аламыз деп жүргенде бұл есептің қаншалықты аз-көптігін ұғынған боларсыздар?..
Республика көлеміне бармай-ақ шағын ғана Тараз қаласының бір ғана балалар үйінен мәлімет берудің өзі жеткілікті секілді. Осы мақсатпен қаладағы «Ұлан» ұлттық балалар үйіне бас сұққан болатынбыз. Қилы-қилы тағдыр жолымен ата-анасынан айырылып, амалсыздан жетімдер үйінің табалдырығын аттаған жәудір көздер туралы осы мекеме директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Диля Лесбекқызы баяндап берді: «Біздің балалар үйінде бүгінге дейін 107 бала тәрбиеленуде. Оның 7-і өзге ұлт өкілдері де қалғаны қазақ балалары. Осы бүлдіршіндердің 13-і таза тастандылар. Тастандылар дейтінім,олардың ата-аналары ішімдікке салынып, тиесілі құқығынан немесе бас бостандығынан айырылғандар. Қайсы біреулері заңсыз некеден немесе зинақорлық жағдайында өмірге келіп, «тірі жетім» атанғандар.
Қамқорсыз қалған балаларға қолдан келген барлық жағдай жасаудамыз»-дейді. Әрине, әке-шешесіз балаға қамқорлық танытудың, жақсылық жасаудың түрі көп-ақ: киім әперіп, жылы орын беру, қарнын тойдыру, ойыншық сыйлау, ақыр аяғы басынан сипап, жылы сөз айтумен аяқтағанда. Бірақ бала үшін жақсылықтың жақсысы – отбасы сыйлау. Яғни, асырап алу. «Бұл тұрғыда да көңілге кірбің ұялататын жайлар баршылық. Кейде бір жөргекке зар болатын жандар кездесіп балаларымыздың бағы жанып кетіп жатса, кейде көзге түрткі, сөзге сылтау болып балалар үйіне қайта әкеп тастап жататын ата-аналар да бар.
Енді аты-жөнін атамай-ақ қояйын, бізде бір ер баламыз осындай күйге ұшыраған еді. Он үш жастағы ес тоқтатқан кезінде. Сондағы қайта әкелген себеп – отбасының өзге мүшелеріне ұнамай қалғаны. Осы тығырықтан шығудың жолын іздеген асырап алушылар тіпті психолог көмегіне жүгінбестен қайта тапсыруды жөн деп тапқан. Ал балалар үйіне қайта келген оның жай күйін еш ойламады да. Бала көпке дейін тұйықталып, өзін психологиялық тұрғыда нашар сезініп жүрді»-деп күрсінген Диля Лесбекқызының үнінде аталған ата-анаға деген өкпе де, өкініш те сезілгендей. Осындай жағдайларды ескере отырып қазіргі таңда заңға түзетулер енгізілген екен. Яғни, заң бойынша асырап алған ата-ана біріншіден, үйіне құжат бойынша тіркейді.
Екіншіден, қайтарған жағдайда, осы үйдің бір бөлігі балаға тиесілі болып табылады және психологиялық залал келтіргені үшін 15-18 мың теңге көлемінде нәпақа төлеуге міндетті. Сол себепті бала тағдырына бей-жай қарамай, оны өз ұрпағым деп тану үшін іштей берік шешіммен келген жөн- деп есептейді Диля Лесбекқызы.
2. P.S. Әңгіме мәресінде бастапқы деректің біріне қайта назар салсақ. «Қамқорсыз қалған 107 баланың 100-і қазақ…Олардың ата-аналары ішімдікке салынып, тиесілі құқығынан немесе бас бостандығынан айырылғандар». Осы дерек-ақ, тағдыр жазуымен жетім атанған емес, әке-шешесінің тірісінде «тастанды» атанғандардың өмірі туралы ойлантады. Олардың обалы сол 107 ата-ананың мойнына жазылмақ. Онсыз да күнә мен кінәден аяқ алып жүре алмайтын қоғамда ұрпақтың обалына қалып жатқан жоқпыз ба? Бұл түйінмен «жас отбасылардың құлағына алтын сырға» демекпіз…
Мәтіннің жазылу стилін анықта
3. А. Ғылыми стиль
В. Ресми іс- қағаздар стилі
С. Публицистикалық стиль
Д. Көркем әдебиет стилі
Е. Ауызекі сөйлеу стилі
4. Екінші абзацтың бірінші абзацқа қатысы
А. Суреттейді
В. пайымдайды
С. анықтайды
Д. қорытындылайды
Е. тұжырымдайды
5. Бала үшін жақсылықтың жақсысы не болып табылады ?
А. Киім әперу
В. Ойыншық сыйлау
С. Нәпақа төлеу
Д. Отбасы сыйлау
Е. Қарнын тойдыру
6. Мақалада сөз болған көңілге кірбің ұялататын жайлар
А. Қаражаттың тапшылығы
В. Балалардың қайтарылуы
С. Балалардың қашып кетуі
Д.Жөндеу жұмысының жүрмеуі
Е. Балалардың тентектігі
7. Бірқатар жағдайларды ескере отырып қазіргі таңда заңға қандай түзетулер енгізілген ?
А. Құжаттарды дұрыс рәсімдеу, нәпақа төлеу
В. Психологтың көмегіне сүйену, үйге тіркеу
С. Асырап алуға тыйым салу, құжаттарды дұрыс рәсімдеу
Д. Жаңа баспана салып беру, дәрігерге қарату
Е. Үйге құжат бойынша тіркеу, нәпақа төлеу
8 . «Тірі жетім» атануға не себеп?
А. Қоғамның бейжайлылығы
В. Ата- аналарының қайтыс болуы
С.Ата- аналарының құқықтарынан айырылуы
Д. Баспанасыз қалуы
Е. Үйлерінен қашып кетуі
9. Мәтіннің негізігі ойына сәйкес келетін мақал- мәтел
А.Тыңдамаған сөз -жетім.
В. Бала-ананың бауыр еті.
С. Жетім көрсең, жебей жүр.
Д. Бесік баласы бес түлейді.
Е. Әкеден- ақыл, анадан -мейір.
10. Мәтіннің мазмұнына сәйкес келмейтін қатар
А.Қазақстанда 94 мыңнан астам бала мемлекет қамқорлығына алыныпты.
В. Кейде бір жөргекке зар болатын жандар кездеседі.
С. Сөзге сылтау болып балалар үйіне қайта әкеп тастап жататын ата-аналар да бар.
D.Психологиялық залал келтіргені үшін 40-50 мың теңге көлемінде нәпақа төлеуге міндетті
Е. Тағдыр жазуымен жетім атанған емес, әке-шешесінің тірісінде «тастанды» атанғандардың өмірі туралы ойлантады.
Қазақ тілінен тест
11. Қазақ халқының ана
тілі
А) орыс тілі
В) қазақ тілі
С) өзбек тілі
Д) ағылшын тілі
Е) татар
тілі
12. Ауыз әдебиеті материалдарын жинау,
бастыру жұмыстары қай ғасырдан
басталады?
А) ХІХ ғ
В) ХҮІІІ ғ
С) Ү — ҮІ ғғ
Д) ХХ ғ
Е) ХХІ
ғ
13. «Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай,
икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай
дәлелдеген болатын» Қанатты сөздің авторы
кім?
А) С.
Аманжолов
В) Т. Қордабаев
С) Ы. Алтынсарин
Д) В. Радлов
Е) Ш. Уәлиханов
14. Тілдің
таңдамалы, қолайлы, ой — пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ
жүйелері – қай норманың анықтамасы?
А) Лексикалық
норма
В) Орфоэпиялық норма
С) Орфографиялық
норма
Д)
Грамматикалық норма
Е) Әдеби норма
15. Сөздік
құрамдағы қолданылу жиілігіне қарай жаппай қолданылатын сөздер
қалай аталады?
А) Пассив
сөздер
В) Актив сөздер
С) Бейтарап сөздер
Д) Оқшау сөздер
Е) Көмекші
сөздер
16. Сөздік
қорға жаңадан енген сөздер қалай аталады?
А)
Архаизмдер
В) Историзмдер
С) Неологизмдер
Д) Фразеологизмдер
Е) Омофондар
17. Әдеби тілде
жазуда бірізділікті қалыптастыратын норма қалай
аталады?
А) Лексикалық
норма
В) Орфоэпиялық норма
С) Орфографиялық
норма
Д)
Грамматикалық норма
Е) Әдеби норма
18. Үндестік
заңы дегеніміз не?
А) Сөздегі
немесе сөз тіркесіндегі соңғы буынның көтеріңкі
айтылуы
В) Сөз ішіндегі немесе сөз арасындағы дауыссыз дыбыстардың бір — біріне ықпал етуі.
С) Сөздердің бірыңғай біркелкі әуезбен айтылуы.
Д) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуы.
Е) Тіліміздегі сөздердің
дұрыс жазылу ережесі.
19. Тіл
дыбыстарын зерттейтін тіл білімінің саласы
қайсы?
А)
Синтаксис
В) Морфология
С) Фонетика
Д) Лексика
Е) Фразеология
20. Тұрақты сөз
тіркесін табыңыздар.
А) Көркем
ой
В) Көзі ашық
С) Қара көк
Д) Көп түкірсе көл
Е) Кең
жайлау
Жауабы
1. а
2. д
3. с
4. д
5. д
6. в
7. е
8. с
9. с
10. е
11.в
12 а
13 а
14 е
15 в
16 с
17 с
18 с
19 с
20 в

2- нұсқа
1-мәтін
Сәкен шаруаға ұқыпты болды. Үстін тап-тұйнақтай таза ұстайтын еді. Ағайынды жетеуміз. Сәкен бәрімізден үлкен. Жаздың күні ол бізден бұрын оянады да, үй шаруасына көмектеседі. Біз оянып, далаға шыққанда, Сәкен есік алдында жүреді. Ол бізді Қараөзек бойына соқпақ жолмен бастап алып кетеді. Мөлдір бұлақ басына барамыз да, жуынамыз. Сәкен әуелі кішкентай қарындасымыз Рахима, Халима, Сәлималарды жуындырады, шаштарын тарап, өріп береді. Содан кейін барып, өзі жуынады. Біздің күндегі әдетіміз – осы. Қайтадан қатар тізіліп алып, ауылға қарай жүреміз. “Айналайын, менің ақ қаздарым”,- деп анамыз есік алдынан бізді қарсы алады. Сәкеннің маңдайынан сүйіп жатып: — Қолқанатым менің!- дейді.
1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып
A) Ақ қаздар
B) Қолқанат
C) Ұқыпты Сәкен
D) Ағайынды балалар
E) Біздің анамыз
2. Анасының: «Айналайын,
менің ақ қаздарым» — деп қарсы алуының
мәнісі
A) Барлығы тетелес болғандықтан
B) Бірдей тәртіппен келе
жатқандықтан
C) Барлығы тап-таза болғандықтан
D) Әдемі балаларына сүйінгендіктен
E) Балалар судан келе жатқандықтан
2- мәтін
1.Үндістан – өзінің мыңжылдық тарихында өне бойына қызықты оқиғалар мен таңдай қақтырар дүниелерді жинай білген ғаламат ел. Себебі, Ежелгі Үндістан адамзат дамуын елестетуге болмайтын бүгінгі заманауи ғылымдардың көпшілігінің негізін қалады. Үндістан Республикасы Оңтүстік Азияда орналасқан, жер көлемі бойынша жетінші орынды, халық саны бойынша екінші орынды иемденіп отыр. Үндістандағы атақты Тәж-Махал, Амритсардағы алтын сарай, Махабодхи, Аджантаның үңгір ішіндегі ғибадатханалары, Эллора ғибадатханасы, Делидегі және Агре жеріндегі қызыл форт туристердің сүйікті орындарына айналған.
2.Үндістан халқы 17 негізгі тілде сөйлеседі және мұнан бөлек байырғы тұрғындар мен заманауи тұрғындарға таныс 844 диалект бар. Соңғы 10 000 жылда Үндістан ешбір елдің аумағына басып кірмеген. Осындан 5000 жыл бұрын жер шарындағы адамдардың басым көпшілігі көшпелілікпен айналысып, орманда өмір сүргенде Үндістан тұрғындары Харапптық өркениетті ойлап табады. «Үндістан» атауы Инд аталатын өзенге байланысты берілген. Бұл өзен ең алғашқы қоныстанушыларды бауырына басқан көрінеді. Кейде өзен «Шинду» деп те атала береді. Үндістан шахматтың, алгебраның, геометрияның, көптеген математиканың, гауһар тастардың, сандардың, йоганың отаны саналады. Үндістанда басқа елдерге қарағанда почта жәшіктері әлдеқайда көп екен.
3. Үндістандаға ең үлкен жұмыс беруші – Үндістан теміржолдары. Ол жерде шамамен 1 млн.-нан астам адам жұмыс істейді. Әлемдегі ең алғашқы университет б.з.д. 700 жылдары Үндістанда салынған. Онда 10,5 мыңнан астам студенттер келіп, алпыстан көп пәндерді оқыған екен. Ал Наланда аталатын IV ғасырда соғылған тағы бір университет білім беру саласында үлкен жетістіктерге жетті. Адамзат тарихындағы тұңғыш медицина мектебі – Аюр-веда осыдан 2500 жыл бұрын Үндістанда ашылды. Әлемдегі ең үлкен Бейли көпірі (Гималай) Үндістан аймағында 1982 жылы соғылды. Заң бойынша, Үндістанға үнді валютасын (рупии) әкелуге және әкетуге болмайды. Үндістандағы қала көшелерінде сиырлар еркін жүре алады. Олар сиырды сәттілік нышаны ретінде қабылдап, қасиет тұтады.
4.Үндістанға барар алдында сіз бен біздің келісім ретінде жасайтын «бас изеу» ишарамыз оларда керісінше жасалатындығын біліп алған жөн. Біздің «бас шайқауымыз» оларды келісімді білдіреді. Үндістер сөйлескенді бастарын өте көп қимылдатады. Мұны екі тұрғынның бір-біріне қарап отырып айтқан әңгімесінен байқауға болады. Оларда еркек пен еркек арасындағы достық өте жақсы қалыптасқан. Олар көшеде бір-бірімен құшақтасып, қол ұстасып жүре береді. Бастапқыда көзге оғаш көрінгенімен, кейінірек, мұндай достықтың ешқандай жамандықпен байланысы жоқ екенін мойындайсыз.
5.Үндістан асханасы өте дәмді әрі сондай ащы келеді. Даяшыдан бұрышсыз тағам сұрағанның өзінде, ащы тағамды қанағат тұтуға тура келеді. Олардағы ең танымал тағам – Meals (әртүрлі дәмдеуіштер қосылған күріш банан жапырағына салынып беріледі). Үндістанда ананас, папайя, банан және мандариндер өте танымал. Алманың бағасы өте жоғары. Үндістанда таңғы ас, түскі ас және кешкі ас уақытпен бөлінген. Таңғы асқа берілетін тағамдарды кешкі асқа әкелдіре алмайсыз. Түске ас 12-15 аралығында, сонан кейін сағат 19:00-ге дейін барлық дәмханалар жабылады.
3. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлемдерді көрсетіңіз
1.Пошта жәшіктері әлдеқайда аз орналасқан.
2.Үнді ақшасы көп елдерге шығады.
3.Жер көлемі бойынша жетінші орында.
4.Үндістан асханасы ащы болады.
Үндістан халқы 17 тілде сө йлейді.
A) Бірінші мен екінші
B) Екінші мен бесінші
C) Үшінші мен төртінші
D) Бірінші мен төртінші
E) Үшінші мен бесінші
5. Заң бойынша, Үндістанға үнді валютасын (рупии) әкелуге және әкетуге болмайды, себебі?
A) Ақша елде қалу үшін
B) Өзге елдерде жүрмегені үшін
C) Үндістан ақшасының өзге елде құнсыз болғаны үшін
D) Ақша айналымға жай түсетіні үшін
E) Өзге елдермен сауда- саттық нашар болғаны үшін
6. Үндістандағы негізгі көлік түрі?
A) Пойыз
B) Су көлігі
C) Ұшақ
D) Жеңіл машина
E) Жүк машинасы
7. Үндістанда 844 диалект қалай қалыптасқан деп ойлайсыз?
A) Тұрғындар тілінің тез шұбарлануынан
B) Көптілділік жақсы дамығаннан
C) Басқа тұрғындардың көптеп келуінен
D) Тұрғындар тілінің нақты болмауынан
E) Жергілікті халықтардың көптеп қоныс аударуынан
8. Инд өзенінің ерекшелігі неде?
A) Суы мол болғандықтан
B) Алып егістерді суаратындықтан
С) Үндістан халқын бауырына басқан
D) Үндістан атауы берілгендіктен
E) Алғаш қоныстанушыларды бауырына басқан
9. Үндістанның үлкен жетістігін атаңыз
A) Білім саласында
B) Темір жол торабы
C) Ерекше асханасы
D) Бірнеше тілдің дамығаны
E) Атақты ғимараттардың көптігі
10. Мәтіннің мазмұнына лайық ойды көрсетіңіз
A) Әр елдің салты басқа
B) Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
C) Жеті жұрттың тілін біл…
D) Білім инемен құдық қазғандай.
E) Бірлік бар жерде тірлік бар
Қазақ
тілінен тест
11. Ана тілін жетік білу, ана тілінде таза сөйлеу ненің
белгісі?
А) Мәдениеттіліктің
В) Әдептіліктің
С) Іскерліктің
Д) Даналықтың
Е)
Надандықтың
12. ХІХ ғасырдан басталатын ауыз әдебиеті материалдарын жинау
жұмыстарын жүргізген қазақтан шыққан алғашқы зерттеуші —
ғалым?
А)
Ы. Алтынсарин
В) Абай
С) М. Әуезов
Д) Ж. Аймауытов
Е) Ш. Уәлиханов
13.
«Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт — санасының
негізгі өзегі, нағыз белгісі» Кімнің сөзі?
А) Абай
В) Б. Момышұлы
С) Ш. Құдайбердиев
Д) М. Әуезов
Е) Ғ.
Мүсірепов
14. Сөздік
құрамдағы сөздердің қолданылу жиілігіне қарай сирек қолданылатын
сөздер қалай аталады?
А) Актив сөздер.
В) Пассив сөздер.
С) Бейтарап сөздер.
Д) Фразеологизмдер.
Е) Полисемия
15. Тілдегі сөздердің дұрыс жазылу
ережесінің жинытығы қалай аталады?
А) Орфография
В) Орфоэпия
С) Лексика
Д) Фонетика
Е) Ықпал
16.
Сөйлем мүшелерінің орын тәртібін сақтамауды, қосымшаларды ретімен
қолданбаудан, сөз тіркестерін дұрыс қолдана білмеуден қандай норма
бұзылады?
А) Грамматикалық норма
В) Лексикалық норма
С) Фонетикалық норма
Д) Әдеби норма
Е) Орфоэпиялық
норма
17.
Дұрыс жазылған сөзді анықтаңдар.
А) Кең — маңдай
В) кеңмаңдай
С) кен маңдай
Д) кең маңлай
Е) кең
маңдай
18. Орфоэпия
нормасына сай жазылған сөзді табыңыз.
А) жарыайлану
В) жарыйды
С) жүктөу
Д) мәңгү — бақый
Е)
қайбір
19. Қармы —
қатынас құралдары: тіл — дыбыстау құралдары және тілге көмекші
құралдары болып екіге бөлінеді. Тіл – дыбыстау құралдарына нелер
жатады?
А) ымдау, ишара
В) көзқарас
С) қол алысу
Д) дене қимылдары
Е) сөз, сөйлеу
20.
«Қазақтардың тілі жатық та, шешен, әрі өткір, көбіне іліп — қағып
сұрақ пен жауап беруге келгенде, таңғаларлықтай оралымды сөйлейді»
деген орыс ғалымы.
А) В. В. Радлов.
В) М. Горький
С) А. Диваев.
Д) А. С. Пушкин.
Е) С. Аманжолов.
Жауабы:
1.в
2.в
3.д
4.а
5.д
6.а
7.с
8.е
9.а
10.а
11.а
12. е
13. в
14. в
15. а
16. а
17. е
18. е
19. е
20. а
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тест 10- сынып оқу сауаттылығы мен қазақ тілі

шағым қалдыра аласыз