400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

20-нұсқа

Нұсқау: сізге берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі. Таңдаған жауапты жауап парағына сәйкес орынға , дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

1. Палеолит дәуірінің ашель кезеңіне жататын Қаратау жотасындағы тұрақтар:

А) Шабақты, Шақпақата

В) Ш.Уәлиханов, Қанай

С) Тәңірқазған, Құдайкөл

D) Бөріқазған, Тәңірқазған

Е) Бөріқазған, Ащысай

2. Түркеш теңгелері кезіккен жерді анықтаңыз:

А) Батыс Сібірде

В) Римде

С) Грекияда

D) Парсы елінде

Е) Галлияда

3. Әмір Темір ұрпағы Ұлықбекті жеңген Ақ Орда ханы:

А) Ерзен

В) Қойыршақ-Оғлан

С) Ұрыс

D) Барақ

Е) Темір-Мәлік

4. Республика одақта өндірілетін шойынның 25 –ын, темір кенінің 9,2, -ын берген жыл:

А) 1947 ж.

В) 1965 ж.

С) 1954 ж.

D) 1951 ж.

Е) 1960 ж.

5. Қарахан мемлекетінің құрылуына жол ашқан саяси жағдай

А) Арабтардың Атлах шайқасында жеңіске жетуі

В) Мұса Боғраның ислам дінің таратуы

С) Қарлұқтардың арабтардан жеңілуі

D) Сатұқ Боғраның Оғұлшақты жеңуі

Е) Түргештердің Қарахандықтарға қолдау көрсетуі

6. Х-ХІІ ғасырлардағы Сарайлы,Торайлы қалалары орналасты:

А) Сыр бойында

В) Талас өзенінің жағасында

С) Ертіс өзенінің жағасында

D) Нұра өзенінің бойында

Е) Кеңгір өзенінің бойында

7. Орталық комитет Қазақ АКСР- інде ұжымдастыруды негізінен аяқтауға белгіледі:

А) 1932 жылдың көктеміне қарай

В) 1931 жылдың көктеміне қарай

С) 1930 жылдың көктеміне қарай

D) 1933 жылдың көктеміне қарай

Е) 1927жылдың көктеміне қарай

8. Ғалымдардың өмір сүру уақыты бойынша дұрыс ретін анықтаңыз:

1)Әлихан Бөкейханов 2) Қаныш Сәтбаев 3) Шоқан Уәлиханов 4) Мұрат Айтхожин

А) 1.2.3.4

В) 2.1.3.4

С) 3.1.2.4

D) 4.1.2.3

Е) 1.4.3.1

9. 1907 ж. Орал облысынан ІІ мемлекеттік Думаға сайланған,қоныс аударудың қазақтардың шаруашылығына кері әсерін баяндаған қайраткер:

А) Ә.Жангелдин

В) Ж.Аймауытов

С) Ж.Ақшора

D) Б.Қаратаев

Е) М.Дулатов

10. 1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі:

А) «Сындарлы он жыл»

В) «Ақиқат майданында»

С) «Өркениеттің адасуы»

D) «Тарих толқынында»

Е) «Қазақстан 2030»

11. Ерте темір дәуірі ескерткіштерін табылған аймақтарымен дұрыс сәйкестендіріңіз:

1.Берел; 2.Сынтас; 3.Есік; 4.Шірік-Рабат;

А.Жетісу; Б.Батыс Қазақстан; В. Шығыс Қазақстан; Г.Оңтүстік Қазақстан

А) 1-В;2-Г;3-А;4-Б

В) 1-А;2-Г;3-В;4-Б

С) 1-Г;2-А;3-Б;4-В

D) 1-В;2-Б;3-А;4-Г

Е) 1-А;2-Б;3-В;4-Г

12. Ақпан революциясынан кейін Петропавлда құрылған жастар ұйымы:

А) «Талап»

В) «Жанар»

С) «Жас қазақ»

D) «Тайшұбар»

Е) «Жас жүрек»

13. Тұңғыш дүниежүзі қазақтарының құрылтай өткен уақыты:

А) 1993 жылы қыркүйек

В) 1994 жылы қыркүйек

С) 1990 жылы қыркүйек

D) 1992 жылы қыркүйек

Е) 1995 жылы қыркүйек

14. Орыстың атақты ақыны А.С.Пушкин Орынбор жерінде зерттеу жүргізді:

А) Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі жайында

В) Сырым Датұлы бастаған көтерілісі жайында

С) С.Разин көтерілісі бастаған жайында

D) И.Таймаұлы көтерілісі бастаған жайында

Е) 1824 жылы бекітілген жарғы жайында

15. Қола және мыс орақтар табылған Батыс Қазақстандағы қоныс:

А) Мало-Красноярка

В) Алексеев

С) Петровка

D) Боголюбов

Е) Железинка

16. Патша үкіметіне қарсылығы үшін Тобыл қаласына жер аударылып,өз өтініші бойынша әскери міндетін Польша,Литва жерлерінде атқарған ақын, композитор

А) Тәттімбет Қазанғапұлы

В) Ықылас Дүкенұлы

С) Құрманғазы Сағырбайұлы

D) Біржан сал Қожағұлұлы

Е) Жаяу Мұса Байжанұлы

17. 1931-1932 жылдары Оралда ашылған жоғарғы оқу орны:

А) Медициналық институт

В) Кен-металлургиялық институты

С) Ауыл шаруашылық институт

D) Педагогикалық институт

Е) Зоотехникалық-малдәрігерлік институт

18. Ұжымдастыруға қарсы болған толқулар мен бой көрсетулер саны:

А) 450

В) 510

С) 400-дей

D) 800-дей

Е) 600-дей

19. Мөде шаньюйдің Хань әулетінің императоры Лю-Банды жеңген уақыты:

А) Б.з.б. 55 жыл

В) Б.з.б. 188 жыл

С) Б.з.б. 212 жыл

D) Б.з.б. 201 жыл

Е) Б.з.б. 209 жыл

20. «Ол өзінің батырлығымен, орасан зор дене күшімен, парасатты ақыл-ойымен, қызыл тілге шешендігімен, сондай-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен халыққа ерекше танылған еді. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлігі, бір орыннан екінші орынға жедел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қаруланған, күші басым орыс әскерлерін қапыда қалдырып, талай рет жеңіске жеткізді. Ол ғажайып шешен адам болатын, өз тындаушыларын үйіріп әкетіп, ерлік күреске жігерлендіре білетін. Ағылшын зерттеушісі Бульжер Демитриус Чарлз... батырдың өз руластарын патша үкіметіне қарсы күреске жігерлендіре шақырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Ат пен қару бізде жоқ деп кім айта алады? Біздің мұхит түбіндегі құмның қиыршығы сияқты көп екеніміз өтірік пе? Өздерің мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстік пен оңтүстікте де қаптаған қалың қырғызды (қазақты.-авт) көретіндерің анық. Сөйте тұра неге біз ат төбеліндей азғана жатжерліктерге бағынуға тиіспіз?!».

Мәтінде сипатталған тұлғаны анықтаныз:

A) Есет Көтібарұлы

B) Сырым Датұлы

C) Досан Тәжіұлы

D) Жоламан Тіленшіұлы

E) Исатай Тайманұлы

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН

СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
27.03.2025
294
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі