Тест 8-сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен 8-сыныпқа арналған тест тапсырмалары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрастырған: Мурынбаева Б.Т.


Қазақ тілі 8-сынып

1-нұсқа

  1. Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
    A) Ол жығылып қалды.
    B) Табиғат – біздің досымыз.
    C) Марат күліп жіберді.
    D) Еңбек етсең, есейерсің.
    E) Ол тыңдағанды жақсы көреді.
    Дұрыс жауап: D

  2. Бастауыш қызметін атқарып тұрған сан есімді көрсетіңіз.
    A) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
    B) Сабақты екеулеп оқыды.
    C) Қызыл шұбары – он үш.
    D) Отыз – онға бөлінеді.
    E) Сексенді екіге бөл.
    Дұрыс жауап: D

  3. Толымды сөйлемді анықтаңыз.
    A) Күздің суық түні.
    B) – Жоқ.
    C) Келгеніне екі сағат өтті.
    D) – Сен түс көрдің бе, жаным?
    E) – Иә.
    Дұрыс жауап: D

  4. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.
    A) Бұл – Еркебұлан сөзі.
    B) Кешікпей Абайлар да аттанды.
    C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.
    D) Орамалың бар ма?
    E) “Тұр орныңнан,” – деп әмір етті.
    Дұрыс жауап: C

  5. Бастауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
    A) Ол – күлдіргі бала.
    B) Оқыған озады.
    C) Мақсат ән айтты.
    D) Армансыз адам болмайды.
    E) Арманға жету керек.
    Дұрыс жауап: B

  6. Анықтауыштың сұрағын белгілеңіз.
    А) Қалай?
    В) Нені?
    С) Кімі?
    D)
    Кімнен?
    E)
    Қандай?
    Дұрыс жауап: Е 



  1. Жалпылау есімдігінен болған бастауышты табыңыз.
    A) Бәріміз уәдені орындадық.
    B) Жата-жастана айтарсыз.
    C) Мен ертең келемін.
    D) Қашан келесіңдер?
    E) Біз тез келдік.
    Дұрыс жауап: А

  2. Жалқы есімнен болған бастауышты белгілеңіз.
    A) Жиырма – тақ сан.
    B) Сара қуанды.
    C) Ол сүрініп кетті.
    D) Поезд уақытында келді.
    E) Орындық әкеленді.
    Дұрыс жауап: B

  3. Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз.
    Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар.
    A) Сендер.
    B) Өмірдегі.
    C) Ең.
    D) Бақытты.
    E) Адамсыңдар.
    Дұрыс жауап: Е

  4. Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
    A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
    B) Іздеген жетер мұратқа.
    C) Тау жақтан баяу жел еседі.
    D) Әбіштен келген екен.
    E) Жауын сіркіреп тұр екен.
    Дұрыс жауап: С

  5. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
    A) Сәуле кеше келді.
    B) Алатау — әсемдіктің символы.
    C) Ол шешесіне хат жазды.
    D) Сымбат – үлгілі қыз.
    E) Баласы тиянақты екен.
    Дұрыс жауап: С

  6. Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
    A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз.
    B) Жас мұраты – білім.
    C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.
    D) Омар жолдасымен кездесті.
    E) Тақырыбы дұрыс емес.
    Дұрыс жауап: А

  7. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.
    A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
    B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
    C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
    D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
    E) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.
    Дұрыс жауап: А

  8. Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.
    A) Мен сендерге көргенімді айтамын.
    B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
    C) Тыңда, дала, Жамбылды.
    D) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған.
    E) Дариға, домбырамды берші маған.
    Дұрыс жауап: В

  9. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
    A) Ауылдың малы өсті.
    B) Асан ұйықтап қалды.
    C) Досанның тауға барғысы келді.
    D) Бұл — үлкен сыйлық.
    E) Ермек өте жақсы оқиды.
    Дұрыс жауап: C

  10. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.
    A) Мен оны тыңдадым.
    B) Сен оны ұнатпайсың.
    C) Менің тыңдағым келеді.
    D) Көп оқисың.
    E) Емтиханға барамын.
    Дұрыс жауап: C

  11. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
    A) Мен кетіп барамын.
    B) Сендер қараңдар.
    C) Үй жап-жарық.
    D) Ол өте көркем жігіт.
    E) Айдала.
    Дұрыс жауап: D



  1. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
    A) Мен елдің жіберген емшісімін.
    B) Ол еш уақытта қуанған емес.
    C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
    D) Ораз отыр.
    E) Бақыт кеше келді.
    Дұрыс жауап: C

  2. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Бүгін күн жылы

В) Бүгін күн неткен жылы

С) Бүгін күн жылы ма

D) Бүгін күн жылы бола ма

E) Бүгін күн жылы екен

Дұрыс жауап: В


  1. Сөйлемде бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылатын сөздер қалай аталатынын тап?

А) Сөйлем мүшелері

В) Дара мүшелері

С) Күрделі мүшелері

D) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

E) Сөйлемнің айқындауыш мүшелері

Дұрыс жауап: D


  1. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарына ықпал ететін жұрнақтар.
    А) –қы, -кі, -ғы, -гі.
    В) –а, -е, -й.
    С) –атын, -етін.
    D) –лы, -лі.
    Е) –да, -де
    Дұрыс жауап: А

  2. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.
    А) Жақсыз сөйлем.
    В) Құрмалас сөйлем.
    С) Жай сөйлем.
    D) Толымды сөйлем.
    Е) Жақты сөйлем.
    Дұрыс жауап: А

  3. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
    A) Оның Абайды білгісі келді.
    B) Енді сізге айтуға тура келді.
    C) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
    D) Ол дос жүрегіне сенеді.
    E) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
    Дұрыс жауап: D

  4. Жақсыз сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
    A) Бір ғана сөзден жасалса.
    B) Іс, оқиғаны баяндамай, атап қана тұратын сөйлем.
    C) Сөйлемнің оқшау келетін түрі.
    D) Баяндауыштың өзі сөйлемге негіз болатын түрі.
    E) Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің қатысуы.
    Дұрыс жауап: D

  5. Мақсат пысықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.
    A)
    Жібек жолы қазақтың кең даласын басын өткен.
    B)
    Асан білімін жалғастыру үшін Алматыға барды.
    C)
    Түркістан көне қала.
    D)
    Марқакөл байлығының бірі - балық.
    E)
    Қорықта көптеген орман, тоғайлар көп.
    Дұрыс жауап: В 



Қазақ тілі 8-сынып ІІІ тоқсан

2-нұсқа



  1. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
    А) Енді сізге айтуға тура келді.
    В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
    С) Ол дос жүрегіне сенеді.
    D) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
    Е) Менің айтқаным келді.
    Дұрыс жауап: С

  2. Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
    А) Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.
    В) Қазақстанның көлдері ластанып жатыр.
    С) Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.
    D) Ғарыш ғылымының пайдасы бар.
    E) Сусыз өмір жоқ.
    Дұрыс жауап: С 

  3. Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.
    Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы.
    А) Бастауыш.
    В) Анықтауыш.
    С) Толықтауыш.
    D) Баяндауыш.
    E) Пысықтауыш.
    Дұрыс жауап: А 

  4. Есімдіктен болып тұрған бастауышты анықтаңыз.
    A) Маған сыйлық әкелді.
    B) Мен еңбекті бағалаймын.
    C) Ана сүтін ардақта.
    D) Оның төрттен бірін ал.
    E) Сыйлық бәріне жетті.
    Дұрыс жауап: B

  5. Мезгіл пысықтауыштың сұрағын белгілеңіз.
    А) Қайда?
    В) Қашан?
    С) Не себепті?
    D) Не үшін?
    E) Не мақсатпен?
    Дұрыс жауап: В 

  6. Толықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.
    А) Қай?
    В) Кімге?
    С) Кімнің?
    D) Қандай?
    Е) Кім?
    Дұрыс жауап: В

  7. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін көрсетіңіз.
    А) Анықтауыш.
    В) Бастауыш.
    С) Баяндауыш.
    D) Етістік.
    Е) Үстеу.
    Дұрыс жауап: А

  8. Кімнің? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
    А) Анықтауыш
    В) Толықтауыш
    С) Пысықтауыш
    D) Бастауыш
    Е) Баяндауыш
    Дұрыс жауап: А

  9. Тұрлаусыз сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз.
    A) 2.
    B) 5.
    C) 3.
    D) 6.
    E) 4.
    Дұрыс жауап: С 

  10. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.

А) Мұғалім сыныпқа кірді

В) Жылқы кісінеді.

С) Мысық күшікпен ойнады.

D) Суық жел соқты.

E) Балалар түгел жиналды.

Дұрыс жауап: В

  1. «Жиналыс қайда болды» сөйлемнің түрін анықтаңыз.

А) Бұйрықты

В) Сұраулы

С) Лепті

D) Хабарлы

E) Құрмалас

Дұрыс жауап: В


  1. Қазақ тілінде сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді?

А) 4

В) 3

С) 2

D) 1

E) 7

Дұрыс жауап: А


13.  Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.

А) Жай сөйлем

В) Жайылма сөйлем

С) Сұраулы сөйлем

D) Құрмалас сөйлем

E) Атаулы

Дұрыс жауап: С


  1. Лепті сөйлемді табыңыз.

А) Пай-пай, мына аттың жорғасын-ай.

В) Білім-адамның қанаты.

С) Қарлығаш, не сонда жалғыз жатпақ па иесіз үйде.

D) Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе.

E) Жолда абайлап жүріңдер.

Дұрыс жауап: А


  1. Қуану, ренжу, аяу, кекету мақсатында айтылатын сөйлем түрін көрсетіңіз.

А) Хабарлы сөйлем

В) Сұраулы сөйлем

С) Лепті сөйлем

D) Бұйрықты сөйлем

E) Атаулы сөйлем

Дұрыс жауап: С


  1. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?

А) Бұйрық, тілек – өтініш ету мақсатында айтылатын сөйлем.

В) Адамның көңіл-күйін, сезімін білдіретін, көтеріңкі дауыспен айтылатын сөйлем.

С) Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем.

D) Бірдеңенің жайын хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында

айтылған сөйлем.

E) Бастауышы жоқ сөйлем.

Дұрыс жауап: D


  1. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
    A) Менің оқуға түсуім керек
    B) Ұлжан ойлана қарап отыр.
    C) Асан әдемі.
    D) Олар келді.
    E) Айнаш күлді.
    Дұрыс жауап: A

  2. Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
    Кейбіреулері сәл тоқтады.
    A) Зат есім.
    B) Сын есім.
    C) Есімдік.
    D) Етістік.
    E) Одағай.
    Дұрыс жауап: C



  1. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.
    A) Талай сырды атқардық.
    B) Мен елдің елшісімін.
    C) Рахмет күлді, қуанды.
    D) Біздің замандасымыз қандай екен?
    E) Қазақтың осынысы ұнайды.
    Дұрыс жауап: С

  2. Атаулы сөйлемді анықтаңыз.
    A) Сені тексергім келіп тұр.
    B) Тәңірберген осы жолы үндемеді.
    C) Айсыз қараңғы түн.
    D) Инабаттылықты қастерлейік.
    E) Еңбек етсең, емерсің.
    Дұрыс жауап: С

  3. Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.
    A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем.
    B) Бастауышы жоқ сөйлем.
    C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.
    D) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі.
    E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.
    Дұрыс жауап: С

  4. Атаулы сөйлемді табыңыз.
    A) Бұрқыраған ақ қар.
    B) Беті албыраған қыз келді.
    C) Сулы жерде шөп өседі.
    D) Көрмегеніңді көрдің.
    E) Өркенің өссін.
    Дұрыс жауап: А

  5. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

А) Ертеңіне ол ақсақалмен ұзақ әңгімелесті

В) Сен оны танисың ба

С) Ә, сені ме, бәлем

D) Жүр, тез аяғынды бас

E) Япырай, бұл сен бе?

Дұрыс жауап: А


  1. Жайылма сөйлемді табыңыз.

А) Күн суытты .

В) Қар жауды.

С) Қар қалың жауды.

D) Ай

E) Асқар келді.

Дұрыс жауап: С


25. Сөйлемнің қай түріне жататынын табыңыз: «Абайжан,өзіңе асыл сөз, алғыр ой тауып айтқан кісі болды ма...»

А) хабарлы сөйлем

В) сұраулы сөйлем

С) жалаң сөйлем

D) лепті сөйлем

E) Атаулы сөйлем

Дұрыс жауап: В





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
508
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі