жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тест - математика сабақтарында оқушылардың білімін бақылау мен бағалау құралы ретінде
Тақырыбы: Тест – математика сабақтарында оқушылар білімін бақылау мен бағалаудың құралы ретінде
Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Бастауыш сатыда оқушыны бұрынғыша пәндік білім, біліктерінің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мәселесі қойылған. Белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерумен қатар табиғат, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту басты талап болуда.
Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамытумен қатар, оларды үнемі бақылау мен бағалау бүгінгі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашанда дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, белгілі бір білім, білік, дағдыларының қалыптасуы, оларды керекті бағытына жаңаша ізденіспен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдаструдың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. Баланың қабілетін өрістететін, дамытатын тек мектеп қана.
Қазіргі таңда республикамызда білім беру ісін жаңғыртудың негізгі ұстанымдары ретінде демократияландыру, ізгілендіру ұстанымдары анықталды. Елбасы Жолдауында көрсетілген оқыту үдерісіне әсемдік озық әдістемелер мен технологияларды енгізу арқылы білім беру жүйесін түбегейлі жаңғырту, білім сапасын жетілдіру – қазіргі жалпы білімнің алдында тұрған ең көкейкесті мәселе. Онда, оқу оқушыларға тек білім беріп қана қоймайт сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде қолдалана білуге де үйретуі тиіс. “...оқыту үрдісінің тәрбиелік құрамдасын жүйелету қажет” -делінген.[3,2]
Мектеп барған сайын білім сапасын кеңейтілдіруде, оқыту үрдісінде оқушыға бірінші кезекті мән беруге, оның талабын, сұранысын, қызығушылығын қанағаттандыруды оның өз ыңғайына қарай жүргізуге баса көңіл аударып келеді. “Өмір бойы білім алу ” әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. “...саналы білім беру Қазақстаның индустрияландырылуының жеке иновациалық дамуының кезеңіне айналуы тиіс”-делінген. [2,2]
Оқыту үрдісінің обьектісі де, субъектісі де – оқушы. Яғни олар өздеріне сырттай бағытталған оқыту үрдісіндегі білімдік ықпалды енжар қабылдап алушы емес, оған өздерінің ішкі бар мүмкіндіктерін бағыттай отырып, оны меңгеруге белсенді қатысушы. Білім, ең алдымен, оқушыға керек болса, оның меңгерілу деңгейі де оқушының қаншалықты саналы, белсенді, өз мүмкіндігін жеке пайдалана білу іс-әрекетіне тікелей байланысты.
Олардың талабы бойынша оқытудың басты мақсаты өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан теориялық материалдардың мазмұны, оқушының өздігінен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды педагогикалық бақылаудың бір түрі - тестілеу бағытында жан-жақты дамыту.
Тестілеу - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ол үшін баланы бастауыш сыныптардан бастап тестілеу түрлерін білуге, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру керек.
Тестілеп бақылап оқыту әдісіне негізделген технология оқушының ойлау, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, оқытудың мақсаты өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни субьективті тәрбиелеп шығару. Оқытудың ендігі жердегі мақсаты оқыту әдістерінің оқушының өз бетімен ізденіп қызмет жасау әдістері мен тәсілдерімен толығуын қажет етеді. Осыдан жаңа шарттар мен талаптар да туындайды. Әдістемелік жүйені осылайша жаңалау, сәйкестік оқулық әдістемелік, дидактикалық - өте күрделі бақылауды, тексеруді, тестлеуді қажет ететін жұмыс.
Тестілеу қазіргі оқыту үрдісінде қолданыс тапқанымен оған арналған әдебиеттер мен нұсқаулар жеткіліксіз. Зерттеу жұмысы кез-келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тестік тапсырмалар туралы баспадан шығару аз болғандықтан мұғалімдер газет-журналдардағы мақалалардан ғана тапқанын басшылыққа алады.
Қазіргі таңда бастауыш мектепте педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда оқушылардың өзіндік бағалау рефлексиясын қалыптастырудың орны ерекше. Сондай-ақ, нарықтық экономика да тұлғаның өз әрекетіне есеп беріп, өз әрекетін бағалау рефлексиясын қалыптастыруды қажетсінуде. Сол себепті де оқу әрекетінің аясы кеңеюде.
Жалпы білім беретін мектептің 1997 жылғы бастауыш білім мазмұны тұжырымдамасында: «... оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Осы тапсырма түрлерін меңгеру оқушының ойын тәртіппен, оның белгілі бағытта жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді, тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, рефлексия, әрекет – амалдың ішкі жоспары, өз әрекетінің барысын бақылау, бағалау сияқты жаңа түзілімдер пайда болады. Оқушы әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әрекетін бақылап бағалауды, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгертуді ...» талап етіп отыр. [1,5]
Міндетті деңгейге жету және бағалау кезінде бастауыш сынып оқушыларының жалпыға бірдей бастауыш білім дайындығының мемлекеттік стандартына қойылатын талаптарына қарай жүзеге асырылады. Бастауыш сатыдағы білім бойынша оқушылардың міндеті дайындық деңгейіне жетуін тексер, ауызша сұрау тақырыптық және қортынды деңгейлік жазбаша тапсырмалар немесе такырыптық қортынды бақылау жұмыстары, диктант сынау, тестілеу тапсырмалары арқылы жүзеге асады. Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үрдісінің межелік кезеңінде, яғни оқытудың бастауыш сатысының соңында 4-сыныпта жүзеге асырылады.
Оқушылардың білім, білік,
дағдыларын тексеру,
бақылаудың түрі
тестілеу болып
отыр. Қазіргі
бақылау мен
бағалаудың,
яғни тест
түрі
мен
тексеру,
барлық мектеп тәжірибесінде бар.
Дегенмен әлі де болса
жүзеге толық түрде
аса қойды деп айту
да қиын. Осы
тұрғыдан
алғанда зерттеп
отырған
мәселеміздің
өзектілігін
түсінуге
болады.
Жұмыстың тақырыбы: Тест – математика сабақтарында оқушылар білімін бақылау мен бағалаудың құралы ретінде.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білім,білік, дағдыларын тестілеу арқылы анықтау, оны практикада жүзеге асырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу үрдісі.
Зерттеу пәні: Тестілеу - оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау түрі мен бақылаудың құралы.
Зерттеу міндеттері.
- бастауыш сатыда оқушының іс-әрекетін анықтау үшін жүргізілетін ұлттық педагогикалық тестілер жөнінде ғылыми әдебиеттерге талдау жасай отырып, мәселені теориялық тұрғыдан негіздеу;
- бастауыш мектепте сабақтарындағы тестілеу жұмыстарының орнын анықтау;
- математика сабақтарындағы тест жұмыстары арқылы оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастырудың тиімді әдістерін жасау.
Зерттеу әдістері: бақылау, салыстыру, тестілеу, талдау, сауалнама.
Зертеу базасы: 1-ші мектеп Орал қаласы.
Диплом жұмысының теориялық қолданылымы:
Бастауыш мектептерде білім, білік дағдылары тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда оқушылардың білім, білік дағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар математиканы оқыту әдістемесі толықтырады.
Диплом жұмысының практикалық қолданылымы:
Диплом жұмысында ұсынылып отырған оқушылардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі бастауыш сынып мұғалімдеріне тест көмекші құрал бола алады.
1-тарау. Бақылау мен бағалаудың оқу үрдісіндегі маңызы.
1.1. Тест әдісінің пайда болуы және дамуы.
ХХ ғасырдың басында іскерлік пен дағдыларды, объективті білімді бақылауға арналған алғашқы тесттар пайда болды. Олар Англия мен АҚШ-тың жоғарғы оқу орындары мен мектеп мұғалімдері арасында, кейін КСРО-да танымалдылыққа ие болды. АҚШ-та Американың білім Кеңесі шығарған «Білім саласындағы тест қызметтері» 1947 жылдан бері жұмыс істейді. Тест арқылы тексеру Германия, Польша, Болгария, Венгрия, Турция елдерінде кеңінен тараған. Мысалы,Турция, Чехия мен Словакияда барлық пәннен стандартты тест жасалған. Белгілі психолог А.В.Петровский тест бойынша тексерудің (сонымен бірге педагогикалық) былай жедел қарқын алуын: «адамның жан жақты білуге құмарлығынан туып отыр» - деп түсіндіреді. Білім деңгейін тест арқылы тексеріп жүрген ғалым – педагогтар: «Тест – оқушылардың өз-өзін тексеруіне мүмкіндік ашатын есеп беру – оқыту үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау сияқты жүйелеу құралы» - дейді. Тест әдісінің тағы бір ұтымды жағы оқушылар білімін тексеруде уақыт үнемдейді. [23,135]
КСРО – да практикалық тестілеу тесттің санының өсуіне, тесттік зерттеулерге қарай тежелу мен тыйым мүмкін болып, қатаң қайшылықтармен сипатталды.
30 жылдарда тесттік практикалық жұмыс тоқтатылды. Бұл әдістің біздің елімізде ғылыми зерттеудің шынайы мүмкіндігі толыңымен тоқтатылмады. Тесттің бір бөлігі бақылау тапсырмалары, тәжірибелер түрінде қолданылды және керсінше әр түрлі тәжірибелер жиі тест деп аталады. Тестті қолдануға деген ресми түрде тыйым өзгертілмеді. Оны өмірдің өзі өзгертті.
1966 жылдың тамызында АҚШ сенатында тестке толық шек қою талқыланды, бірақ бұл ұсыныс көпшілікпен қабылданбады.
Тесті өңдеудегі тоқырау мен олардың қолданылуы шамамен қырық жылға созылды. 30 ж. ортасы мен 70 ж. аяғына дейін, кейін осы проблема жөнінде мақалалар қайтадан шыға бастады. Тестті бағыттарын кейбір тұлғалар қолданса да, кейбіреуі қарсы болды.
Тест әдісі оқытушыны және оның жеке тәжірибесін алмастыра алмайды, оған көмектесуге шақыру арқылы қиын жұмыстан босатады. Сонымен жоғары сапалы білім беруге шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Тест – мектеп оқушыларын оқытудағы тексеру мен қортынды бағалаудың бірден-бір құралы. Дейтұрғанмен тестке және оның құрастырылуы жөнінде бірнеше ойлар әдебиеттерде көрсетілген.
Біріншіден - ғылымға «тест» сөзі ағылшын тілінен енген, сынау, байқау, тексеру деген мағынаны білдіреді. Сөздік бойынша, тест – стандартталған индивидуальдік - психологияның сандық және сапалық айырмашылығын анықтауға арналған уақыты шектеулі сынақ. Бұл терминді Р.Кэттеллам енгізді. Фрейд пен Юнгтің оқыту әдістемесінің үлгісіне сүйене отырып, алғашқы тесті танымал ағылшын ғалымы Дарвиннің туысы, Френсис Гальтон құрастырды деген.
Екіншіден - тест – ағылшын сөзі (test), аударғанда ``байқау, бақылау, зерттеу`` деген мағынаны білдіреді. Педагогика тарихында тесті пайдалану 130 жылдан артық уақытты қамтиды. Ең алдымен педагогикалық тестіні 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде педагогы С.Пресси мен оның қызметкерлері шығарған деп есептейді. [4,17] Тест туралы көптеген еңбектердің авторы - Ресей математигі Вадим Сергеевич Аванесов болып табылады.
Белгілі ғалым-математик Е.Ө.Медеуов «... тесттік бақылау оны ұтымды түрде пайдалағанда оқу процесін басқару ғана емес, ол тәрбиелік функциялар да атқарады. Осы әдістің көмегімен оқытушы оқушының материалды игеруде қажетті деңгейді игергенін , не игермегенін анықтай алады, сонымен бірге курсты әрі қарай меңгеруге дайындығын анықтайды» дейді. [32, 37]
Осы айтылғандардан мемлекеттік білім беру стандартына енгізуге байланысты бақылау әдістерін жетілдіру проблемасы ғана емес, білімнің тиянақты болу проблемасы да өткір түрде қойыла бастайды. Оларды шешудің бір бағыты ретінде кешенді тестілеуді алуға болады, ал ол біріншіден, бақылау процедураларының объекті болуын, екіншіден, білімді игерудің деңгейін көтеруді, үшіншіден, жүйелі түрдегі қайталауды, әр пән ішінде және пән аралық байланыстар түріндегі дидактикалық қайталаудың деңгейін көтереді, ал бұдан білімнің тиянақты болуы туындайды.
Бақылауға қолданылып жүрген тестілер білімді игеру деңгейлеріне лайық классификациялауға ыңғайлы. Білімді игерудің бірінші деңгейіне байланысты осыған лайық тестілерді танып білу, айыру, салыстыру тестілеріне және жалған бірінші деңгейдің есептердің жауаптарын табу түріндегі тестілерге бөлуге болады.
Таным түріндегі тестіде оқушыларға ``иә`` немесе ``жоқ``, ``болады`` немесе ``болмайды``, ``қатысты`` немесе ``қатысты емес``, т.с.с. сұрақтарға жауап беруге арналған сұрақтар қойылады. Олардың бір түрі ретінде эталондық тестілер алынады. Тапсырмада қасиеттері мен сипаттамалары оқушыға белгілі болуға тиіс объектілер міндетті түрде болады. Мұндай тестілер оқу құралында бар.
Мысалы: Төртбұрыштың қабырғалары өзара тең бе?
Иә Жоқ
Шар дөңгелек пе?
Иә Жоқ
Жетіден сегізді алуға болама?
Болады Болмайды
Тоғыздан алтыны алуға болама?
Болады Болмайды
Салыстыру тестілері зерттелген объектілердің жалпы айырмашылықтарын немесе әр түрлі болатын қасиеттерін табуды ұсынады, оның өзінде тапсырма да объектілер мен оларды салыстыратын қасиеттері мен параметрлері міндетті түрде көрсетіледі.
Дұрыс емес жауап таңдап алынды дейік. Мысал үшін 3-ші жауапты таңдап алуға белгілі бір параметрді дұрыс таңдап алу кедергі болды дейік, яғни барлық операциялардың ішінен маңыздысы қарастырылмады; дұрыс емес жауапты таңдап алуға арифметикалық операцияны дұрыс орындамау себеп болуы мүмкін. Дегенмен, мұндай тестілер кең таралған, себебі ондай тестілер оқушылар уақытын көп алмай-ақ, оның оқушылардың дұрыс жауапты тез табуына мүмкіндік береді, сондықтан да бұл әдіс кеңінен қолданылуда.
І деңгейдегі білімді игеруді тексеру, басқа деңгейдегі сияқты оқушыға тапсырма беріп, оның жауабының дұрыстығын «эталон» бойынша тексеруге болады.
Таңдамалы тестілер олардың жауаптарын тексеруді автоматтандыруға қолайлы, себебі бір ғана дұрыс жауапты таңдап алу екі немесе оданда көп дұрыс жауаптары бар тестілерге қарағанда жеңілірек.
Жауаптарды тексеруді автоматтандыру үшін студенттің дұрыс деп тапқан жауабымен салыстыратын эталондық жауаптардың кодтарымен салыстыратын әдістер мен құрылымдар пайдаланылады.
ІІ деңгейге информацияны еске түсіретін тестілер, тест-есептер және тест-құбылыстарды жатқызады. Информацияны еске түсіретін тестілерді тест-алмастырулар немесе конструктивті тестілер түрінде беруге болады. ІІ деңгейде тест-есептер мен тест-құбылыстар оқушылар орындайтын шешімдерді ешбір қосымша мәлеметтер мен түрлендірулерді қажет етпейтін алдыңғы кезеңдегі оқытудың нәтижелерін пайдалануға болатын түрлерін келтіруге болады. Типтік емес жағдайларды қамтитын тест-есептер мен тест-құбылыстар, сол сияқты тәжірибедегі икемділік пен іскерлікті қамтитын тестілерді ІІІ деңгейге жатқызуға болады. «...Тапсырмалардың жауаптары мүмкіндігінше «жасырын» болуы керек. Соған қарамастан оқытушы дұрыс жауапты мағыналы түрде таңдап алғанына сенімді болғаны дұрыс. Оқытушы өзінің мүмкіндігіне қарай кез келген жекелеген тесттерді олардың жауаптарын алып тастап, бақылау жұмыстарына айналдыруына болады.» өзімізге белгілі кез келген деңгейдегі тест тапсырма мен оның жауаптарының үлгілерінен тұратын белгілі, ол жауаптардың үлгілері тапсырманы дұрыс және ретімен орындаудың жолын байқатады.
Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, қазіргі уақытта басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр. Тест – оқушылардың өзін-өзі тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі.
Тест қолдану мына талаптарды қанағаттандыруға тиісті.
- барлық сұраушыларға бірдей дәрежеде түсіндіріледі, әдетте ол жазба түрінде болады. Егер нұсқаулар берілетін болса, онда әрбір топта, түсініктілігі жұрттың бәріне бірдей болатын бір түрлі сөздермен түсіндіріледі;
- бірде де бір сыналушыға басқалармен салыстырғанда ешқандай артықшылық берілмейді;
- тестпен сынаудың нәтижелерін бағалаудың алдын-ала жасалған жүйесі барлығына бірдей қолданылады;
- тестпен сынау әртүрлі топтарда мүмкіндігінше бірдей уақытта, яғни бір топта сынау күннің бір мезгілінде жүргізілуге, басқа топтарда да сол мезгілде және ұқсас жағдайда жүргізіледі.
- тестпен сынауды жүргізуші тесттік сұрау кезінде қосымша түсінік және кеңес бермейді. Тестке берілген нұсқау және әрбір тұжырымдаманың мағынасы сыналушылардың әрқайсысына түсінікті болу керек. Бұл тест құрастыру кезінде мұқият тексеріледі.
Біздің елімізде де тест мәселесі соңғы жылдары қоғамның барлық салаларына. әсіресе білім беру салаларына батыл енгізілуде. Оқушыларды тестілермен жұмыс жасауға әртүрлі сабақтарда, соның ішінде математика пәні сабақтарында үйрету қажет.
Тест жүйесінің қолдану аясының кеңдігіне жоғары оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде айқын сезіледі. Сол себепті, мектепте жұмыс істеп жүрген мұғалімдерді, жоғары оқу орны оқытушыларының тест жүйесінің ерекшеліктері, яғни тест жүйесінің теориялық негізімен, оны құрудың практикалық бағыттары жайлы біліммен қаруландыру кезек күттірмейтін мәселе.
Оқушының әлеуметтік көз қарасының өзгеруі, танымдық әрекеттің дамуы, мектептерде тест мәселесінің тиімділігін көрсетеді. Тиімділігін арттыру және оқушының тестпен жұмыс істеу технологиясына машықтандыру білім-біліктілік деңгейлерін анықтау мақсатында сыныптарда математикадан тест тапсырмаларын өткізуге болады.
Тестілерді білім мен қабілеттілікті тексеруге арналған бақылау сабақтарында пайдалануға болады, сол сияқты материалды жақсы игеру үшін үй тапсырмасы ретінде беруге болады. Сұрақтарға нақтылы жауап бере отырып, оқушы өтіп отырған материалдық өзара байланысы мен қатынасын игеруді, сараптауды, салыстыруды үйренуді, оның теориялық, шығармашылық санасы кеңейеді. Бірақ бұл оқушының толық өздігінен жұмыс істеуінен ғана пайда болады. Оқушылар қиынырақ сұрақтарға жауап беруге қиналады, олар осы қиындықтың шешімін өздігінен ойлануды білмейді. Сұраққа жауап беру алғашында оқушыға ауыр болуы мүмкін, лезде шешімі табылмайды. Бірақ, шығармашылық қайраткерлік тәжірибе алғанына қарай, оның білімі мен қабілетіндегі қашықтықты жойғанына қарай және интуициясының өсуіне қарай бұл үрдіс тездетіледі. [28,55]
Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуге, есеп дағдыларының қалыптасуына тез шешімін қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында студенттер тест әдісімен қабылдануда. Бүгінгі оқушы - ертеңгі талапкер, студент екенін ескерсек, математика сабағында тесттік жүйені пайдалану өте тиімді әдіс.
Математика білімдерінің негізгі құрылымдық элементтері: ғылыми фактілер, математикалық шамалар, физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялар болып табылады.
Математика пәні бойынша оқушылардың білімін тексере отырып, мұғалім берілген тақырыптағы математикалық білімдердің негізгі құрылымдық элементтерін, сондай-ақ меңгеруге тиісті біліктер мен дағдыларды бөліп алып, тест арқылы оқушылардың математикадан алған білімдерін тексерудің ерекшеліктерін анықтайды. [31,11-13]
Тест - бүгінгі заман талабына сай жасалған жүйе.
Математика сабағында тест жүйесінің мынадай ерекшеліктері бар:
-
оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытады;
-
оқушы математикалық анықтамаларды, теорияның негізгі мәселелерін тұжырымдай алады.
-
оқушы қандай мазмұнды есеп қарастырып отырғандығын анықтап, белгісіз шаманы табу үшін математикалық заңдарды, формулаларды қолдана алады.
-
сұраққа жауап беру үшін, оқушы математика курсының әртүрлі бөлімдерінен алған білімдерін қолданады.
-
оқушының зейінін, ынтасын, зеректігін, тапқырлығын, жігерін дамытып, математика сабағы жағдайында есеп шығаруға деген қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
-
оқушылардың өмірге қажетті алуан есептерді өте қысқа жолмен ұтымды шығара білуіне, ойын тиянақтауына, уақыт үнемдей білуіне, материалды график немесе сызба түрінде елестетуге көп көмегін тигізеді.
-
оқушыларға математика пәнінен өтілген тақырыптардың қандай бөліктерінің ауыр тиетіндігін біледі.
-
ең басты тест құрастыру қиын да, көп уақыт алатын жұмыс болғанымен, ол оқушының білім деңгейін тексерудің тездігі арқасында мұғалім еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сондықтан да оқыту процесінде оқушыларға математика пәнінен тест тапсырмаларын жиі ұсынған қолайлы.
Тестілеудің тиімділіктері:
Біріншіден, тест – объективті түрде сапасы жағынан өте маңыздылығымен бағаланады. Сонымен қатар жүргізілуіндегі шара стандартталған.
Екіншіден, тест – аса кең құрал: тест көрсеткіштері маңызды түсініктердің дәрежесін анықтауға, оқу бағдарламаларының тақырыптары мен бөлімдеріне, ептілік пен дағдыларға бағытталған.
Үшіншіден, тест – бұл аса жұмсақ құрал: тестілеу қатысушылардың барлығына бірдей шарт қояды, бірдей шара және бірдей бағалау белгісін қолданады. Мұның бәрі экзамен алдындағы жүйке толқыныстарының бәсеңдеуіне әкеледі.
Төртіншіден, аралық бақылау көзқарасында, тест – бұл ауқымды құрал. Егер биіктікке секіруден аналогия (ұқсастық) жүргізетін болсақ, онда дәстүрлі бақылау жұмысы кезінде, таяқшада 2,3,4,5 белгілері қойылады.оқушының барлық тапсырманы дұрыс орындағанына қарай, ол «өте жақсы» деген таңбаны (белгіні) алады.
Бесіншіден, адамгершілік тестілеуге назар аударган жөн. Бәріне бірдей мүмкіндік беріліп, тесттің кеңдігі оқушыға ауқымды материалдардан өзінің жетістіктерін көрсетуі арқылы қортындыланады.
Мектептік білімді компьютеризациялаудың маңызды аспектілерінің бірі сапалы компьютерлік бағдарламаны қамтамасыз ету болып табылады. Себебі кәсіби бағдарламашылар жасаған бағдарламалар техникалық сауатты болғанымен, олар әдістемелік, диагностикалық, психологтық-педагогикалық бірқатар аспектілерді ескермейді.
Педагогикалық бағдарламалық құралдарды әзірлеу үрдісі мақсатсыз өтеді, бұл оқудың бағдарламалық құралдарын жасау және пайдалану бойынша ғылыми негізделген әдістемелік ұсынымдар жүйесінің жоқтығымен байланысты. Сондықтан, қазіргі бастауыш мектеп қажеттілігіне сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуді құру компьютерлік бағдарлама құрылымы туралы мәселелердің қаралуын талап етеді. ЭЕМ бастауыш мектептің математика сабақтарында алынатын білімді қолдануға тиімді. Оның себептері:
Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау үшін ЭЕМ-ді қолдану бақылаудың дәстүрлі әдістері мен құралдарында табылатын көптеген кемшіліктерді жояды. Бұл компьютердің бақылаулық дәстүрлі құралдарының алдында келесі артықшылықтары негізінде мүмкін болып табылады:
1. Ол оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді. Түстерді, графикаларды, мультипликацияларды, дыбысты, бейнетехниканың барлық заманалы құралдарын қолдану қызметінің іс жүзіндегі жағдайатын жасауға мүмкіндік береді.
2. Компьютер оқу мативациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Дұрыс шешімдерді кеңейтіп, сонымен қатар педагогтың оқушыға жиі қолданатын насихаты мен сөгіс жариялауын қолданбай отырып, оқу есептерінің ұсыныстарын реттеуге мүмкіндік береді.
3. Оқу материалдарын ұсыну мен бірге жауаптарды тіркеп қана емес, оқушылардың жауаптары мен сұраныстарды талдау мүмкіндігі.
4. Жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалатын қателерге диагностика жүргізу мүмкіндігімен кері байланыстың болуы – оқытудың дәстүрлі түрінің негізгі кемшіліктерінің бірі мұғалімнің оқу қызметінің аса маңызды сәттерін бақылауға алуға мүмкіндіктерінің жоқтығынан болады. Сыныппен жұмыс жасай отырып, педагог оқушылардың жеке орындаған тапсырмаларын тексеріп шығуы мүмкін емес. Ал, дер кезінде байқалып, табылмаған қателер білімді меңгерудің дұрыс көрінісін бермейді. Бұл жағдайда оның салдарынан жою қиынға сағады. Компьютер барлық жауаптарды тексеруге мүмкіндік береді, көп жағдайда ол қателерді тіркеп қана емес,оның сипатын да анықтайды, бұл оның пайда болуына себеп болған шарттарды жоюға көмектеседі.
5. Қателерді диагностикалау мүмкіндіктерінен бейімділік сияқты компьютерлік бағдарламаның ерекшеліктері шығады. Компьютерленген сабақ оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру арқылы өтеді. Сол материалдың өзін бақылау жеке қарқынмен, сонымен қатар біріңғай (оқушының өзінің таңдауымен) толық және терең өтеді.
6. Оқу үрдісінде алынатын статистикалық ақпараттың көп факторлы жинағы мен талдауын автоматтық тәртіпте жүргізу мүмкіндігі. Бұл жағдайда компьютер параметрлердің жеткілікті түрдегі санын тіркеуге қабілетті:
- оқушылардың бақылау жұмысына кеткен уақыты ;
- жауаптардың саны мен сапасы;
- қателердің түрлері мен жіктелуі;
- анықтамалық ақпаратқа жолдау саны, сонымен қатар жиі сұранатын көмек;
- тапсырманы орындау кезіндегі әрекет саны.
Компьютер оқыту мақсаты мен міндеттеріне байланысты басқа параметрлер бойынша да ақпаратты тіркейді.[41,16]
Оқушыларды оқыту сапасын көтеру мен оларды дамыту мақсатына жеткізетін компьютер сияқты мұндай қуатты құралдың қаншалықты тиімді болып шығатынын анықтайтын білімді компьютерлендірудің психологтық-педагогикалық және әдістемелік мәселелеріне тоқталу қажет.
Элементтер жинағы түрінде ұсынылатын компьютерленген оқыту процесінің құрылымдық нобайын қарастырамыз: оқытушы, оқушы, дидактикалық материал және жеке компьютер.
Мұғалім
![]()
Тапсырма
материалдары
Компьютер
![]()
Оқушы

Бұл элементтердің барлығы бір-біріне әсер берумен шартталған өз ара ақпараттық ағындармен біріккен. Негізгі психологтық-педагогикалық және әдістемелік мәселелер бұл элементтердің жеке және барлық жүйені бүтіндей функцияландырудың өзара әрекеттестікке дайындық деңгеймен байланысты.
Осы аспектте көрсетілген бірінші маңызды мәселе оқытушыларды қалай болса, оқушыларды да солай компьютер және оның перифериясымен жұмыс істеу біліктілігі, оның қызметінің қағидалары, оның мүмкіндіктерін түсіну сияқты компьютерлік сауаттылықпен қамтамасыз ету болып табылады.
Білімді компьютерлендіруге байланысты басқа да өзекті мәселе тиісті бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу болып табылады, себебі «компьютерлік құрылғының өзіне қарағанда кәсіби тұрғылан аса күрделі жұмыс болып табылады». Оқытуды компьютерлендіруде компьютер мүмкіндіктерін оқушылардың белсенділіктерін өз қызметінде көтеру мақсатында пайдалану мәселесінің маңызы зор. Көптеген психологтар білімді игеру процесінің бұл аспектісінің маңыздылығын былай көтсетеді: «Оқушы оқу материалымен белсенді өз ара әрекет жасап, тиісті білімді қолдануға әрекет жасаған кезде ғана білімді игеруі мүмкін». Алайда, мұндай оқуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін компьютерді жеткілікті түрде қолданбау жиі кездеседі. Көп жағдайларда оқушыны жай байқаушы ретінде қалдыра отырып, компьютерді оқу материалын көрсету тәсілінің бірі ретінде қолданылады.[7,15]
Бастауыш білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған моделін жүзеге асырудың негізгі мақсаттарының бірі оқушының өзін, оның шығармашылық қабілетін дамытып, оқуға деген ынтасын және оқу біліктерін қалыптастыру болып табылады. Білімнің жаңа сапасын анықтайтын түйінді компетенттіліктердің негізі оқушылардың бағалау тұрғысындағы ізденімпаздылығы болып саналады. Баланың бағалау қызметін жүзеге асыруда базалық біліктері ретінде оның өз іс-әрекетін өзіндік бақылауына және өзін-өзі бағалауына қатысты дайындығы болуы тиіс. Сондықтан іс-қимылды бақылайтын және бағалайтын «құралды» оқушыларда қалыптастыру бойынша тізбекті және жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Оқушылар іс-қимыл амалдарының құрамына енетін операцияларының орындалуының дұрыстығын, толықтылығын және бірізділігін бақылауды жүзеге асырады. Осылайша оқу іс-әрекетіндегі бақылаудың басты формасы осы операциялардан кейінгі бақылау болып саналады. Іс-қимыл тәсілдері оған енетін операциялар тізбегі толық орындалған сайын және олардың әрқайсысы тиянақты орындалған сайын жақсы меңгеріле түседі.
Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, қазіргі уақытта басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр. Тест – оқушылардың өзін-өзі тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі.
1.2.Тестке қойылатын психологиялық – педагогикалық талаптар және оның түрлері.
Оқыту үрдісінде оқушылардың білім, білік дағдыларын есепке алу, бақылау тестің аса құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайларда оқу тәрбие үрдісінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалаудың орны ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі, сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыдан білім, білік, дағдыдыны есепке алу және бақылау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Бақылаудың тақырыптық түсін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, У.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.Қ.Исаков, Е.И.Теповский, С.Ф.Сухорский, Чергинский, ғылыми педагогикалық еңбектерінде талдаған. Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Доган теориялық талдау жасаған. Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген. Себебі «есепке алу» «бақылау» ұйымдастырудың мәні, олардың оқу-тәрбие үрдісіндегі қызметі, формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден, оқыту сапасын тексерудің «5» балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді. Ондағы негізгі кемшілік оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында, соның нәтижесінде оқыту үрдісінде сапасын арттыруда мұғалім әркезде бағалау жүйесін қолдана алмайды. Жоғарыда айтылған тұжырымдамаларға сүйене отырып, білім, білік пен дағды нәтижесін есепке алу, бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы мен практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
20-жылдары үй тапсырмасын беру білімді және емтиханды бағалауды оқыту үрдісі жүйесінде қарастырмайды. Соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасау түрлері кең көлемде тартылды. Ол бір жағдайда үлгерім нәтижесін бақылауда иесіздік, жауапкершіліксіздікке әкелсе, екінші жағдайда, оқу сапасының төмендеуіне кері әсерін тигізді.
30-жылдары білім, білік, дағды нәтежесін есепке алуды, бақылау (Е.В.Гурьянов) және тәрбиелік қызметіне көптеп көңіл аударыла бастады.
40-60 жылдары бұл мәселе төңірегінде отандық білім мен практика тәжірибесін жинақтау жұмыстары қолға алынды.
Белгілі психолог А.В.Петровский тест бойынша тексерудің (сонымен бірге педагогикалық) былай жедел қарқын алуын: «адамның жан жақты білуге құмарлығынан туып отыр» - деп түсіндіреді. Білім деңгейін тест арқылы тексеріп жүрген ғалым – педагогтар: «Тест – оқушылардың өз-өзін тексеруіне мүмкіндік ашатын есеп беру – оқыту үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау сияқты жүйелеу құралы» - дейді. Тест әдісінің тағы бір ұтымды жағы оқушылар білімін тексеруде уақыт үнемдейді.
Осы мәселені дұрыс шешудегі оң қадам 70-жылдары Педагогика ғылым академиясының оқыту мазмұны мен әдістері ғылыми зерттеу институты қызметкерлерінің зерттеулері негізінде бастама алды. Мұнда оқу-тәрбие үрдісінің барлық буындарын басқару және тексерудің диагностикалық қызметі айқындалды.
80-жылдардан бастап оқыту нәтижесін есепке алу, бақылау мазмұны, амал тәсілдері мен қызметінің дидактикалық әдістемелік негіздерін талдап, жасау қолға алынды. Оның әділдігін, дәлдігін көтеруге бағытталған мәселелер, үлгерім нәтижелерін есепке алуды қатаң және тәртіпке келтіру жүйесіне арналған жұмыстар қолға алына бастады.[5,6]
«Білім», «Білік», «Дағды» деген ұғымдарды мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:
Білім шындықты танып білу процесінің нәтижесі, оның адам санасында елес, ұғым пікір, ой-тұжырымы, теория түрінде сәйкесті көрінісі. Шынайы білім - танудың нәтижесі, қоғамдық - тарихи практиканың тексерілген және логикамен көз жеткізілген. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады.[9,217]
Білім - оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен құбылыстарды табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі. Білім - фактілер, ережелер қортындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың түрлі салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе. Бұл адам санасында түсініктер ұғымдар түрінде бейнеленеді.
Білім жеке адамның қажеттігіне белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне байланысты ынта жігеріне байланысты жүзеге асады. Білім деген ұмтылу, іс-әрекет, сезім қабылдауының бірлігі, теориялық ой-жүйе, оны тәжірибеде қолдану арқылы қалыптасып, іске асады. Білім теориялық, практикалық әрекетті ұштастыру арқылы қажетке жарату.[11,26]
Білік іске асқан, қолданысын тапқан білім. Ал біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша білік, ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген. Ю.Н.Бабанский қандайда болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді - білік деп атаған. Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді. Оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жинтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру - білік.[12,140]
Дағды - оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.
Сондай-ақ дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде қалыптасады. А.В.Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын қалыптасады деген пікір айтылады. Оқушының күрделі іс-әрекетті әр түрлі жағдайда орындау үшін бойындағы бар білім мен дағдысын саналы түрде пайдалануын білік деп анықтайды.
Қандай болсын білікті, дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді. Білік, дағды еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білігін, дағдысын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын меңгеруін жетілдіру, ой-өрісін тұрақты кеңейту. қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.
Ендеше қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей, оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек.
Мұғалімнің ең алғашқы міндеті - оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.
Сөйтсе де, әлі де болса оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, оларды күнделікті бақылау-бағалау бес балдық жүйеден аса алмай отыр. Қазіргі таңда, бақылау мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдіс-жолдары жолға қойылып отыр. Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саыалы түрде бағытталып отырады. Еңбекте болсын, оқуда болсын, адам алдында бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.
«Дағды, - деп көрсетеді психолог С.Л.Рубинштейн саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады. Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендерден естіген іс-әрекеттерін көріп, бақылап оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды.[14,132]
Білім, білік, дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерулері арасында принципті үйлесімділік бар. Бастауыш сынып оқушыларының білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдің құрылысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы, әрі берік меңгеріледі. «Білім негізі - бастауышта» деп бекер айтылмаған. Мысалы, дыбыс туралы ұғым беру әліппе кезеңінін өзінде-ақ басталады Бұл кезеңде дыбыс белгілі заттың атауында, белгілі бір ұғымды танытуда сөздің басында, сөздің аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі түсіндіріледі. Осы мағлұмат бірінші класта қазақ тілін оқытқанда «дыбысты айтамыз, естиміз» деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші класта дыбыс туралы білім берілгенде де негізге алынады. т.с.с. Оқыту процесінде білім, білік, дағдыны бақылау өте маңызды деп қарау керек. Өйткені бастауыш сынып оқушыларды үнемі назардан тыс қалдырмай, алған білім нәтижесін бақылаудың ең оңайынан бастап, күрделілендіріп отыру қажет. Сонда әр шәкірт өз еңбегінің жемісін көре біледі, сезеді, оны таразыға салып, тиімді жағын ойластыра бастайды. Өзін-өзі бақылауға ала бастайды, өзіне де, жан-жағындағыларға да сын көзбен қарай бастайды. Жаңа заман талабына сай енгізілген бақылау түрлерін қазақ тілі сабағында әр тақырып бойынша, көлемін сәл үлкейтіп тарау бойынша да, аралық т.б. түрліше етіп, баланы жалықтырмайтындай тексеру түрлерін өткізуге болады. Тест түрлерін әуелі оқушы жақсы ажырата білуі керек және оны пайдалану жолдарын да білгені шарт. Тестілеу арқылы арнайы бақыланған балалар тексерудің бұл әдісіне түсінгеннен соң өзгереді де, соған икемделіп, келесі сабақта өтілетін тестілеуге іштей дайындалып жүреді. Білім, білік, дағдыны тесті арқылы үнемі тексеруден кейде баланың қызығушылығы кемуі мүмкін.
«Сапа» ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі - стандартқа сәйкестігі, екіншісі - оқушының сұранысын қанағаттандыру (бұл 12 жылдық оқуға ауысудың бағдарламасында ескерілген ереже).
Бағалау - оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтау. Мектептің бастауыш сатысындағы оқу пәндері бойынша оқушылар білімінің оқу пәндері бойынша мемлекеттік міндетті стандартпен оқу бағдарламасына сәйкестігін тексеру, олардың білімді меңгеруіндегі кемшіліктерді анықтап, оны жетілдірі мақсатында жүргізілетін күнделікті бақылау.
Мониторинг түсініктері: байқау, сынау, сараптау, жетілдіру.
Бұлар «Оқушы-оқытушы» қатынасындағы ынтымақтастық, бірлігін жұмыс істеу шығармашылық одақта бөлу, бірге басқару сияқты қарым қатынастардың орнығуына ықпал етеді. «Оқушы - оқытушы» жүйесіндегі үздіксіз бақылау нәтижесінде оқушыны білімсіздіктен білімге қарай ұмтылдырады. Оқушылардың білімін бағалау білім берудің мазмұны мен мақсаттарын өлшейтін өзіндік құрал ретінде қарастырылады. Бастауыш білім мазмұнын игергендігін бағалау. Берілген мазмұнның міндетті стандарттық деңгейде игерілген білім көлемі арқылы жүзеге асады. Білім мазмұнын жаңалау және оқыту сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары жасалып, бекітілді және Базистік оқу жоспары жетілдірілді. Оқу бағдарламалары (1-4 сыныптар) баспадан шықты.
Педагогика ғылым саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын қортынды деген пікірлер айтады. Ал Г.И.Шукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын қортынды және емтихан деген көзқарастарын білдірді. У.А.Дмитриев -күнделікті, тақырыптық және қортынды нәтижесі деген тұжырымға келген. Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтың «Педагогика» оқулығында ол тақырыптық тараулар бойынша оқтын-оқтын және қортынды бақылау деп бөлінген.
Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық меңгеруінің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психолгиялық, педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.
Бақылау үрдісінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескел сөздер айтып, ескерту жасауға болмайды.[13,35]
Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту болуы тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алуы өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылар білімді, іскелікті, дағдыны меңгеруі тексерілед. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымеы толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми тәжірибелерді оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының тарауын оқып болғаннан кейін беріледі.
Қорытынды бақылау барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптың және тарау бойынша тарау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан және жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қортынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамсыз етіледі. Оқу процесін компьютерлендірудің жедел қарқынмен дамуы оқушылардың дайындық деңгейін анықтаудың бұрынғы сапалық сипаттау жүйесіне көшуге мүмкіндік туғызып отыр. Ағылшын тілінде «Роіnt rаtіng» деп аталатын бұл жүйе бойынша оқушылардың күнделікті сабақ үстінде, сондай-ақ аралық және қортынды бақылау жұмыстары кезінде бағалары немесе ұпай санымен есептеліп, бір ортаға жинақталады.
Бақылау түрлерінің біріне тестілер де жатады. Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды, осы күнделікті әр кезеңдегі бақылаудың нәтижесінде жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді
Ш.И.Амоношвили, В.М.Полонский М.Н.Скаткин, В.С.Цетлин, Н.В.Селезнев, т.б дидактиктердің және басқа да әдіскердің еңбектерінде айтылмыш екі мәселе жіктеліп, әрқайсысы жеке-жеке қарала бастады. Бағалау - бұл оқушынын оқу-тәрбие алу үрдісінід деңгейін көрсетті Оқушы программаны қаншалықты меңгергендігін мұғалімнің басқаларға көрсете білуі.
Бағалауға екі объект қатысады, мұғалім бағалаушы, оқушы бағаланушы. Бағаланушы пікірін, ойын сөзбен немесе сандық балмен білдіреді. Бағалаушы маман баға сұрағында жатқан мәселені терең біледі, берген сұрағына айтылатын жауаптың моделін алдын ала болжамдайды, немесе оған ол мәселе әбден жаттанды болып қалған, ешқандай қиындығы жоқ, сондықтанда оқушының жауабын бағалауға бағалаушы алдын ала даяр. Бағалау барынша кең түсінік, ол тек баға қоюмен ғана шектелмейді, ауызекі пікірден және баға қоюдан тұрады.
Профессор Щ.А.Амоношвили бағалау - баға берудің ісмерлік нәтижесі, үрдіс-іскерліктің қортындысы, шартты формальды түрі екенін айтқан.
Оқытудың негізгі технологиясында оқушылардың білімін тексерудің күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қортынды бақылау сияқты үш құрамдас бөліктен тұратын кешені қолданылуда.
Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады Тақырыптық бақылау оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы материалдармен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады. .[39,23]
Күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылаудың бұл түріне әр сабақта күнделікті жүзеге асатын бақылау жұмыстары жатады. Бақылаудың бұл түрінін формалары: ауызша сұрау, тест тапсырмаларына жауап беру, қысқа-қысқа жазба жұмыстары, баяндама, есеп беру, лекция немесе арнаулы әдебиеттердің конспектісін тексеру.
Аралық бақылау. Бұл оқу материалдарының белгілі бір бөлімін немесе тарауын өткеннен кейін, мысалы қазақ тілінен фонетика, лексика бөлімдерін, сөз таптарынан зат есім, сын есім, сан есім, етістік сияқты көлемді тақырыптарды, оқыту әдістемесінің әр тарауын өткеннен кейін, солардың мазмұны бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Тақырыптың көлемі мен күрделілігіне қарай, шамамен 10-15 сабақтан кейін бір аралық бақылау жұмысын алу қарастырылады.
Бақылаудың бұл түрінің формалары: қалыпты және бағдарламалық бақылау жұмыстары, мәнжазбалар, жаттығу тапсырмалар, тестілер.
Қортынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қортынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестік шешімі бойынша қортынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамсыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Жоғарыда айтылған талаптарды орындау ең алдымен бақылаудың сенімділігін, оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау бағалау - педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар: ауызша баяндау, (әнгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ). [41,16-18]
- Жазбаша бақылау (диктант, шығарма, кесте, сызба, суреттер,
құрастыру).
- Практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек
операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).
- Машиналы бағдарламалар (бақылау карталарын, дұрыс жауап,
диафильмдерді қолдану).
- Өзін-өзі бақылау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз
жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
- Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес
формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі мұғалімнің оларды дұрыс
ұйымдастыруына байланысты.
- Фронтальдық (жаппай бақылау) жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады. Бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарын өз ара тексеріп іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде құнды мотивтер қалыптасады. Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнің тапсырмаларын орындайды.
Бұл әдістерге қарғанда бағдарламаны бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машиналы және машинасыз бағдарламаны бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалар бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны, бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа вариантты, жауаптың мазмұнын жазады, олардың ішінен бір сұраққа ғана жауап беріледі. Қалған сұрақтар варианттары дәл емес, толық немесе бағдар тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі (жазбаша бақылау жұмысы, тестілтк жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, шығарма, диктант, т.б.) немесе оқушылар әрекетінің бірі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру, т.б.) деп ұғынылады.
Білімді бақылау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі (әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке даралық, диференциялық және тәжірибелік). Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) бұл субъективтік факторларды болдырмауды көрсетеді.
Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қортындылау, тақырыптық бақылау сабақтар бойынша балл қою т.с.с.
Жеке дара қатынас. Әрбір оқушының ерекшелігін бақылау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті, т.б.) қарастырылады.
Жан-жактылықты бақылау. Оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық дағдыны, бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалды қатынас. Әрбір пәннің ерекшелігін жекелеген білімдерін, сонымен бірге, оқушылардың жеке дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әр түрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі, дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Емтихан - оқушылардың білімін қортынды бақылаудың арнаулы формасы. Оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойына оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.[16,956]
Әр пән бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар бұрынғы бағдарламаларда да болады. Бірақ, ол талаптар білім мазмұнының жалпыға бірдей бір деңгеймен анықталғандықтан, оқу үрдісін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін (қабілетіндегі, икемділігіндегі, жалпы дамуындағы т.б.) ескере отырып ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.
Жаңа оқу бағдарламалары жобасында бастауыш білім мазмұны оқушылардың білім, білік, дағдыларына койылатын талаптар түрінде екі деңгейімен беріледі.
1. Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі (немесе деңгейі).
2. оқушылар дайындығының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (міндетті деңгей).
Бұл екеуінің аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс.
Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушының меңгеретін білім, білік, дағдыларын міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.
Іс жүзінде осы деңгейдегі білім мазмұны бастауыш сатыдағы мемлекеттік білім стандартының негізі болып табылады.
Оқушылардың меңгерген білімдері мен біліктерінің міндетті деңгейіндегі талаптарға қаншалықты сай екендігін арнайы тапсырмалар арқылы бақылап, тексеруге болады.
Тапсырмалар міндетті деңгейіндегі талаптардың мазмұнын толық қамтитындықтан, олардың орындалу нәтижесі пәнінен алған оқушы білімі мен біліктердің объективті жадайын көрсетеді.
Бұл тапсырмалар нәтижесінде мұғалім өзін бақылауды жүзеге асыра алады: оқушы білімі мен біліктеріндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.
Қазіргі бастауыш мектеп тәжірибесінде оқушының игерген білім, білік, дағдыларын тексеру мен бағалаудың бірнеше формалары бар: осыған орай бақылап-бағалаудың бес баллдық жүйесінің басқа формалары мен түрлері анықталып отыр. Мысалы: тестік жүйе, рейтингтік жүйе. Тестік бақылау жүйесі – оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың алған білімдеріндегі олқылықтарын анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ең алғаш рет тест жеке тұлғаның даму деңгейін өлшеу әдісі ретінде енгізіліп әуелі психология саласында дамыған. Ол ХХ ғ. басында ғана психологиялық және педогогикалық тест болып бөлінді.
Тест мақсатына қарай мынандай түрлері бар:
а) жеке дара топтық объектіні таңдап алу;
ә) іс-әрекетінің сипатына жазбаша, ауызша, әрекет орындалу формасы;
б) табиғи (сынып) зертханалық жағдайда жүргізу орнына;
в) кинотест, телетест;
г) сөздік-сандық, кеңістік-графикалық көрсету формасына қатысты.
Формасы мен құрылымына байланысты тест сұрақтары мына талаптар бойынша құрастырылады, олар:
- логикалық байланыстарға берілген есептер;
- ситуациялық есептерді берілген үрдістегі модельді, нақты жағдайға қатысты шешу;
- бірнеше ұсынылған жауаптың ең жақсысын таңдап алу;
- берілген тапсырманан «дұрыс», «дұрыс емес» жауапты белгілеу;
- бір жолда бірнеше жауаппен берілген тапсырмалар арқылы негізінде жазылған тест, әр тапсырмаға байланысты дұрыс жауапты таңдап алу керек;
- жұп таңдау, сұрақ-жауап, бір-біріне сәйкес келетін;
- көп атылы тест, өзара байланысты сұрақты талдау.
Тесттік тапсырманы құрастырудың әдістемесі, олар:
1. Тексеруге алынған ауқымның тапсырмалары көп болса, соғұрлым оның сенімділігі жоғары.
2. Әр тапсырманы жан-жақты өңдеу, оған енетін сұрақтарды тиянақты және бірнеше қайтара тексеру, жауабында тексеру, бұл текстің сенімділігін анықтауға мүмкіндік береді.
3. Тәжірибеге сүйене отырып әрбір тапсырманың қиындық дәрежесін анықтау.
4. Нәтижесін есептеуді жеңілдету, берілген әрбір үлгі және трафарет арқылы есептеу.
Оқыту нәтижесіне қойылатын талаптар жүйесі математикалық білім мазмұнын оқып-үйрену барысында оқушылар меңгеруге тиісті білім, қалыптасатын іскерлік пен дағдылар жиынтығы арқылы анықталады.
Алдымен білімді тексеру нысаналы болуы керек. Қандай нақты міндеттердің қандай тәсілдердің көмегімен шешілетінін мұғалім анық білуі тиіс. Осыған орай оқу материалын игерудің әр алуан іскерліктері мен машықтарын тексерудің түрлері мен тәсілдері жараланады.
Білім тексеруге қойылатын маңызды талаптардың бірі – оның әділдігі. Тексерудің әділдігі деп оның нәтижесінің шындықққа сәйкес келуін түсінеді. Тексерудің әділдігі тексеру мазмұны мен тәсілдерін тексерілетін білімнің сипатына сәйкестендіру арқылы қамтамасыз етіледі. Мұның мәні – оқушыларға берілген білім ғана тексерілуі тиіс. Бұл талаптарды сақтамау алынған нәтижелердің бұрыс болмауына соқтырады.
Білім тексеру жан жақты болуы тиіс. Тексерудің жан-жақтылығы, тексерудің тиімді жүйесін қамтамасыз ететін бақылаудың неғұрлым пәрменді түрлері мен тәсілдерін пайдалану арқылы іске асырылады. Мұнда оқушылар көбірек қамтылса нәтижелер соғұрлым дәл болады.
Білім тексеруге қойылатын талаптардың бірі оның жүйелілігі. Әдетте білім тексеру мынадай белгілер бойынша жүргізіледі:
а) цикл бойынша, бұл белгілі бір оқу материалын оқытуды немесе іскерлікті қалыптастыру;
ә) уақыт бойынша, бұл белгілі бір уақыт өткенде ( тоқсан, жарты жыл, жылдық ) жүргізілетін тексеру;
б) машық бойынша, бұл тексеру белгілі бір машық қалыптасыпболғаннан кейін немесе оның белгілі бір сатысында жүргізіледі;
в) материал бойынша, бұл үйретілуге тиісті бүкіл оқу материалы мүмкіндігінше тексерілуі тиіс.
Білім тексеруге қойылатын басты талаптардың бірі – оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру. Мұнда әрбір оқушының білім, іскерлігі және машығы өзінің ерекшелігіне қарай тексерілуі тиіс.
Оқушы білімін бекіту, қайталау, алған білімді жүйелеу және бақылау мақсатында немесе жалпы қайтарымды білу мақсатында пайдалануға болатын тест түрлері:
1. толықтыру тесті;
2. таңдамалы тест;
3. еске түсіру тесті;
4. үйлестіру тесті;
5. реттілік тесті;
6. араласт тест;
7. кәсіптік бағдарлық тесті;
8. баламалы тест.[17,177]
Осы аталған тест түрлеріне қысқаша тоқталайық .
-
Толықтыру тесті. Оқушыларға тапсырма сөйлем түрінде беріледі де сөйлемдегі кей сөз орнына (цифр, формула, сөз, т.б.) үш нүкте беріледі. Мұндай тапсырмадағы жауап қысқа, тұжырымды, бір мәнді болуы шарт.
Мысалы:
9 жүздік 5ондық 8 бірлік тең _____.
____ жылда 1 ғасыр.
Үш бұрыш пен төртбұрыштың айырмашылыңы _____.
-
Таңдамалы тест – оқушыға берілетін тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі. Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокартамен тексеріледі. Мұғалімде алдын ала дайындалған перфокарта кілті болады.
Мысалы:
Хорда 6 ұл бала,және 2 есе артық қыз бала бар. Қыз балалардың саны ұл балаларға қарағанда қаншасы артық?
а) 8-ге б) 18-ге в) 6-ға
Арман 9 жасқа 5 айға толды. 7 айдан кейін ол неше жасқа келеді?
а) 10 жас б) 9жас 7 ай в) 10 жас 2 ай
Салыстыр: 8сағ 300мин*510мин
а) > б) < в) =
-
Еске түсіру тесті. Сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабы сөз, сан, формула, т.б. түрде берілуі мүмкін.
Мысалы:
795 санында неше ондық бар?
Төртбұрыштың ені – 2 см, ұзындығы – 4 см. Периметірін тап.
Үшбұрыш пен төртбұрыштың айырмашылығы неде?
-
Үйлестіру тесті. Мағынасы бір-біріне байланысты тапсырмалардан екі бағанға әр түрлі ретпен орыналастырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек. Сөйлем саны 5-ен 15-ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба-нұсқа, т.б. саны одан 2-еуі, 3-еуі артық болған.
Мысалы:
Тапсырма Жауаптар
-
4 ондық 2 бірлік 37
-
20+5 42
-
25-пен 12-нің қосындысы 6
-
Қосылғыш-17, қосынды-?, қосылғыш-3 25
-
Реттілік тесті. Бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула, т.б.) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тестік тапсырма дайындағанда оның саны 10- шақты болған жөн.
Мысалы:
-
Аралас тест. Оқушыға берілетін тапсырма әр түрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы) беріледі.
Мысалы:
4ц-77кг*3ц+80кг Мынандай _____ таңба қойылады.
Өрнектің шешімін тап: 20+30-40+70-60+20+50
а) 70 б) 120 в) 90
14700 пен 2 сандарын пайдаланып 29400 санын ______ шығаруға болады.
Салыстырып > , < және = таңбаларын қой
а) 5-3*10-8 б) 90+10*60+30 в) 8+0*10-1
-
Кәсіптік бағдар тесті – мазмұны қандай да бір кәсіптің пәнді оқыту кезінде айқындалуына немесе одан бір мағлұмат алатынынан негізделеді.
Мысалы:
Әдебиеттік оқу сабағында Арман 77 сөз оқыды, ал Данияр 11 сөз артық. Арман мен Данияр әдебиеттік оқу сабағында барлығы қанша сөз оқыды?
-
Баламалы тесті. Тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа, тұжырымды, мазмұны бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен («дұрыс», «дұрыс емес», «иә немесе жоқ» немесе белгілер арқылы «+», «-», т.б.) беріледі. Мұндай типтегі тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады.
Мысалы:
15-тен 9 алғанда 8 қалады
Дұрыс Дұрыс емес
Тақта төртбұрышты, оның ені мен ұзындығы бар
Дұрыс Дұрыс емес
2-ні 5 рет көбейткенде 10 шығады
Дұрыс Дұрыс емес
Математика пәніндегі оқу тапсырмаларын орындаудың әрбір кезеңін саналы меңгеріп, өзіндік бағалау рефлексиясын (рефлексия {латын тілінен аударғанда reflexio – кері қарау} – субъектінің ішкі психологиялық күйін өзіндік тану процесі дегенді білдіреді.) қалыптастыру, оқушылардың өз беттерімен әрекет жасауына мүмкіндік береді, өз-өзіне деген сенімділігін арттырады, батылдыққа баулиды, жұмысты дұрыс шапшаң орындауға машықтанады. Ол үшін алдымен бастауыш мектеп оқушыларының оқу міндетін орындау кезеңдерінің тізбегін бастауыш сынып мұғалімі әрдайым есте ұстағаны жөн:
- талдау (белгілі, белгісізді табу);
- оқу тапсырмаларын орындағанда неге үйренетінін анықтау (мақсат қою);
- тапсырмаларды орындауға қажетті ережелерді еске түсіру (актуализация);
- жоспарлау (әрбір талапты орындауда амалдар реттілігін белгілеу);
- орындау;
- тексеру (нақты нәтижені және орындау барысын тексеру);
- бағалау (мақсатқа жетті ме, жетпеді ме және оның сапасы) [18,383]
Оқу әрекеті барысында бастауыш мектеп оқушыларының бағалау іскерлігін қалыптастыру мақсаты – баланың жеке қасиеттері арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату;өз бетімен әрекеттену, іздену әдістерін меңгерту; нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру; қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау; баланың танымдық жүйесін қалыптастыру және дамыту.
2-тарау. Математика сабағында тесті пайдалану мәселелері.
2.1.Тесті пайдаланудағы әдістемелік мәселелер.
Мектепте оқытылатын пәндердің дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдынала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша, эксперименттік (практикалық) деп бөлуге болады.
Тексеру жүйесі белгілі бір мақсатқа жету үшін жоғарыда аталған түрлердің барлығын қолдануды қажет етеді. Мысалы алдынала тексерудің мақсаты – жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұгалім оқушылар біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады.алдын-ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады.
Күнделікті тексерудің мақсаты – мұғалім күнделікті жұмыс барысында пән бойынша әрбір оқушының білім, білік және дағдысын жеке тексереді. Мұндай тексерудің нәтижесінде оқушылардың жалпы үлгерімін қадағалауға мүмгіндік туады. Оқушы білімін күнделікті тексеріп отырмаған мұғалімнің сабақты дұрыс ұйымдастыруы, жалпы жұмысты бағдарлауы да қиындай түседі. Күнделікті тексеру үшін әр түрлі әдіс қолданылады.қосымша сұрау, жазбаша бақылау жұмысы, күнделікті бақылау, сарамандық сабақты бақытау,жазбаша үй жұмысын тексеру, үйде жүргізген практикалық жұмысты және танымжорық қорытындысын тексеру, экрандық құралдарды, қойылымдарды көру тәсілдері қолданылады. [42,17]
Алайда жоғарыда аталған әдістер білім, білік және дағдыны тек бір бағытта тексеруге мүмкіндік береді, сондықтан тексеру барысында түрлі әдісті қолдану қажет.
Мерзімді (периодты) тексеру. Бұл оқушылар білімін күнделікті тексеру нәтижесі ескеріліп жүргізіледі. Ол тақырыпты, тарауды өткен соң немесе тоқсан соңында, жарты жылдықтан кейін белгілі бір мерзім ішінде ұйымдастырылады.
Тексерудің барлық түрін, әдісін, формасын қажетті жағдайда, жүйелі түрде дұрыс қолдану оқыту сапасын жоғарылатып, оқушылар үлгеріміндегі жетіспеушілікті дер кезінде ашуға мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісіндегі білім деңгейін тексеру барысында ауызша сұрау қолданылады. Бұл оқушылардың өз ойларын сөзбен дұрыс жеткізуге, сұрақтарға толық жауап беруге үйретеді. Алайда ауызша жауап беру ұзақ уақыт алады және 3-4 оқушының білімі ғана тексеріліп, қалған оқушылардың пәнге қызығуын, таным әрекетін төмендетуі мүмкін. Сондықтан соңғы кезде оқушылардың білімін тексерудің жолдары мен әдістері, оны өлшеу құралдары көбейіп, сынақтан өткізілуде.
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тесті қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.
Тест құрастыру жұмысы тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң оқушылар оқыған тақырыптарға талдау жасалып, яғни тексерілетін білім, білік элементтері анықталынады.
Пән бойынша меңгерілетін білім, білік анықталған соң бағдарлама, тұрақты оқулықтар, сондай-ақ оқушылар меңгеруге тиісті материалдар талданады. Бағдарлама мен оқулық мазмұнын белгіленген тақырып бойынша талдау нәтижесінде тексерілетін және меңгеруге тиісті ең қажетті, негізгі ұғымдар таңдап алынады. Осы ең маңызды ұғымдардан тексеруге арналған тест тапсырмалары құралады.
Әр түрлі пәндер бойынша мемлекеттік білім стандартына сәйкес әрбір тақырып анықталған соң типтері немесе қаңқасы құрылады. Тест жүргізу арнайы ережелерде көрсетілгендей белгілі бір тәртіппен іске асырылады.
Тест тапсырмаларының негізгі төрт түрі бар:
1.Жабық тапсырма, мұнда оқушы ұсынылған нұсқаулардан бір не бірнеше дұрыс жауабын таңдайды;
2.Сәйкестікке тапсырма;
3.Жүйелікті дұрыс белгілеуге тапсырма (бірізділікке келтіру);
4.Ашық тапсырма, мұнда оқушы жауапты өзі құрастырады.
Жабық тапсырманы құру. Тапсырма қысқаша беріледі де, ішінде бір жауабы дұрыс болып келетін 4-5 нұсқа жауаптар ұсынылады. Неғұрлым жауап нұсқалары аз болса, соғұрлым оқушылардың кездейсоқ не жорамалдап жауап беру мүмкіндігі аз болады. Сондықтан балама (альтернативті) жауап шындыққа жанасымды болу керек.[19,274]
Ендеше тестік есептердің құрылу ережесіне тоқталайық:
1.Сұрақты дұрыс жауабымен жасаудан бастау керек.
2.Тапсырма құрылымы бағдарламалық талаптар мен білім берудің мазмұнына сәйкес болу керек.
3.Сұрақ аяқталған бір ойды білдіруі керек.
4.Сұрақты құрастырғанда кейде, жиі, әрдайым, бәрі, ешқашан сөздерін мұқият қолданған жөн.
5.Сұрақ үлкен, үлкен емес, кішкентай, көп, аз, кіші, көбірек және т.б. сөздерін қолданбай анық құрастырылуы керек.
6. Кірістірілген сөзбен және негізгі оймен аз байланысы бар сөйлемдерден аулақ болу керек.
7.Дұрыс емес жауаптары ақылға қонымды, дұрыс таңдап алынған, анық емес белгісіз болу керек.
8.Жалған сұрақтар қоюға болмайды.
9.Барлық нұсқаның жауаптары тапсырманың негізгі бөліміне грамматикалық жағынан сәйкес, мақсатты түрде көлемі жағынан сәйкес болуы керек.
10.Негізгі бөлімде теріске шығаруды екі рет емес сирек бір рет қолдану керек.
11.Қойылған сұрақтың жауабы, алдыңғы қойылған сұрақтың жауабымен байланысты болмауы керек.
12.Дұрыс немесе дұрыс емес жауаптары жалпы саны мен құрылымы мазмұнымен сәйкес келуі керек.
13.Санға байланысты сұрақтарды қоятын болсақ, жауабын өсуіне қарай қою керек.
14. «Көрсетілгендердің ешқайсысы» және « көрсетілгендердің барлығы» сынды нұсқалы жауаптарды қолданбаған жөн.
15.Қайталанбауы керек.
16.Сұрақтың өзінде шектеу болу керек.
17.Сұрақты оңайлатпау керек.
18.Дұрыс жауаптың орны сұрақтан сұраққа қайталанбауы керек.
19.Ұзын сұраққа қысқа жауап қолданған жөн.
20.Тапсырмалардың ішінен дұрыс емесіне анализ жүргізіп, көпшілік оқушының дайындығын қарау керек.
2-3-ші сыныптарда тестті қолдана алу мен қатысушылардың дағдысын тәжірибелік жұмыс негізінде білімді бақылауды қалыптастыру. Біз тестті құру жүмысын оқу пәндері бойынша тесттің жоспарын істеуден , білім берудің программалық анализінен бастадық. Кейін тестілеудің алдына қойылатын тапсырманың себептерін өңдедік.
Тесті өңдеудің екінші кезеңінде – тапсырманы іріктеп алу мен құрастыру. Берілген тапсырманың саны жоспарланған тапсырманың санынан басында көп болды. Кейбір тапсырмалар өте жеңіл, қалғандары күтілгеннен қиындау болып көрінеді деп түсіндіріледі. Сондықтан тапсырманың бір бөлігімен алғашқы тәжірибелі тексеруден кейін қоштасуға тура келді.
Тестік тапсырмаларға қатысты екіншші талап олардың формасы. Бастауыш сынып оқушыларында тесттік тапсырмалардың ең қолайлысы ашық және жабық фориалары.
«Ашық» тапсырманың нұсқауы бар: «толықтыру», «жабық» формадағы тапсырма: «дұрыс жауаптың номерін қоршау».
Талаптарға сәйкес, екі формадаға тестік тапсырамларды құрастыруда біз мыналарды ескердік:
-
мазмұндық тесттік тапсырмалар мынадай, оны білетін оқушы бірден орындайтын;
-
тапсырманы тұжырымжау, мүмкіндігінше, мінезі қарапайым, нақты, анық, екі мағынаны білдірмейтін;
-
дұрысы, негізгі сөз тапсырманың басында тұрғаны жөн.
-
тапсырманы лепті сөйлем түрінде емес, аяқталмаған жауап түрінде тұжырымдалады;
-
тапсырма қысқаша, артық ақпарат тасымалдайтын сөздерсіз;
-
тек бір жауап дұрыс болуы мүмкін.
« Толықтыру» нұсқауы тапсырмасына келесі талаптар қойылады.
-
толықтыруға неғұрлым маңызды ұстанымдармен толықтыру қажет;
-
әрбір тапсырмада бір ғана толықрыру болу қажет;
-
негізгі сөз сөйлемнің басында беріліп, ал толықтыру соңына қойылады;
-
толықтыратын сөз біреу болғаны дұрыс, бірақ сөздердің тұрақты келісуін пайдаланылуы мүмкін;
-
жауап жазуға қанша орын қажет сонша орын беріледі.
«Дұрыс жауапты дөнгелектеп қоршау» нұсқаудың тапсырмалары бойынша қосымша пайдаланғанымыз:
-
әрбір жауап шындыққа жақын;
-
жауап сандары 2-ден 5-ке дейін.
Жауап нұсқаларының көп болғаны дұрыс. Жауапты табу мүмкіндігінің төмендететінін, сол уақытта тапсырманың қиындайтынын айта кету керек.
Бастауыш білім берудің жеке тұлғаға бағдарланған моделін жүзеге асырудың негізгі мақсаттарының бірі оқушының өзін, оның шығармашылық қабілеттін дамытып, оқуға деген ынтасын және оқу біліктерін қалыптастыру болып табылады.[20,356]
Білімнің жаңа сапасын анықтайтын түйінді компетенттіліктердің негізі оқушылардың бағалау тұрғысындағы ізденімпаздылығы болып саналады. Баланың бағалау қызыметін жүзеге асыруда базалық біліктері ретінде оның өз іс-әрекетін өзіндік бақылауына және өзін-өзі бақылауына қатысты дайындығы болуы тиіс. Сондықтан іс-қимылды бақылайтын және бағалайтын “құралды” оқушыларда қалыптастыру бойынша тізбекті және жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Оқушылар іс-қимыл амалдарының құрамына енетін операциялардың орындалуының дұрыстығын, толықтылығын және бірізділігін бақылауды жүзеге асырады. Осылайша оқу іс-әрекетіндегі бақылаудың формасы осы операциялардан кейін бақылау болып саналады. Іс-қимыл тәсілдері оған енетін операциялар тізбегі толық орындалған сайын және олардың әрқайсысы тиянақты орындалған сайын жақсы меңгертіле түседі.
Оқушылардың математикадан алған білімдері, машықтары мен дағдылары күнделікті ауызша сұрау мен қорытынды бақылау жұмыстары арқылы тексеріліп бағаланады.
а) Ауызша жауаптарын бағалау
« 5 » деген баға оқушыларға мынандай жағдайда қойылады:
-
қойылған сұрақтарға дұрыс және толық жауап берсе;
-
есептерді дұрыс және барынша тез орындаса;
-
есеп шығаруда өзіндік жоспар құра алса немесе шығара алса, өзінің амалдарын түсіндіріп және есептің сұрақтарынаберген жауаптарын дәл тұжырымдап бере алса;
-
практикалық жұмыстарды дұрыс орындаса;
Егер оқушының жауабы негізінен « 5 » деген баға үшін тағайындалған талаптарға сәйкес болып, мына төмендегі жағдайлар орындалса, « 4 » деген маға қойылады:
-
жауап берген кездегі тұжырымдауларда жекелеген дәлсіздіктер (мағынасын бұзбайтын) жіберсе;
-
есептеу берген кездегі жекелеген ұсақ қателер жіберген болса және оны түзетуге шамалары жететін болса;
-
есептерді шығарған кезде дәлелдігі жеткіліксіз (шешу жолы дұрыс) түсініктемелер болса;
-
өлшеулер мен сызуларды орындаған кезде дәлсіздік жіберілген болса;
Мұғалім аздап көмектессе,оқушы бұл кемшіліктердің барлығын да оп-онай түзете алады.
« 3 » деген баға оқушыларға мынадай жағдайларда қойылады:
-
есептеулерде жекелеген өрескел қателер жіберсе, бірақ оларды мұғалімнің көмегімен түзете алса;
-
есепті мұғалімнің көмегімен ғана шығара алса;
Егер оқушы өздеріне қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алмаса, есептерді тіпті, мұғалімнің көмегімен де шығара білмесе және есептеулерді жүргізе алмаса, онда « 2 » деген баға қойылады.
Егер оқушы бағдарламалық материалды түгелімен білмейтін болса, онда « 1 » деген баға қойылады.
ә) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау
Математикадан жазбаша бақылау жұмыстары (күнделікті және қорытынды) бірыңғай мысалдар не бірыңай есептер немесе құрама болуы мүмкін.
Бақылау жұмысының көлемі оқушылар орындай алатындай өткен материалға байланысты әр тараудың соңында, әр аттестацияның алдында, не директорлық тексеру жұмыстарында немесе семестр соңында беріледі.
45 минут уақыт ішінде олар жұмысты орындап және тексеріп үлгеруі керек.
Математикадан жазбаша бақылау жұмысын бақылауда өрескел және өрескел емес қателер кездеседі.
Өрескел қателерге мыналар жатады:
-
есепті немесе мысалды есептеуден жіберілген қате;
-
арифметикалық амалдардың орындалу тәртібінен жіберілген қате;
-
есептің шешуін дұрыс орындамау (амалдарды қалдырып кету, амалдарды дұрыс таңдай алмау, артық амалдар орындау),
-
есепті немесе мысалды шешуде аяқтамау;
-
орындалмаған жұмыстар.
Өрескел емес қателерге мыналар жатады:
-
есептер шығару тәсілі орынды болмау;
-
есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;
-
есептің тұжырымдалу жауабы дұрыс болмау;
-
берілген сандардан, белгілерден көшіргенде қате жіберу;
-
қайта құруды соңына дейін аяқтамау.
Жұмысты тексеруге қатысқан адам есептеу дағдыларына баға қоюына болады:
-
егер жұмыс қатесіз орындалса, « 5 », ал жұмыста 1 өрескел және 1-2 және өрескел емес қате жіберілсе, « 4 » деген баға қойылады;
-
егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, « 3 », ал өрескел қате 3-тен,өрескел емес қате 2-ден артса, « 2 » қойылады.
-
Барлық тапсырма қате орындалса, « 1 » деген баға қойылады.
Тек есептерден ғана құралған жұмыс былай бағаланады:
-
егер есеп дұрыс орындалса, « 5 » деген баға қойылады;
-
егер есептерді шығарғанда 1-2 өрескел емес қате жіберсе, « 4 » деген баға қойылады;
-
егер есептерді шығарғанда 1 өрескел және 3-4, өрескел емес қате жіберсе, « 3 »деген баға қойылады;
-
егер есеп шыңарылмаса, « 1 » деген баға қойылады.
Құрама бақылау жұмыстары былай бағаланады:
-
егер жұмыс қатесіз орындалса, « 5 »деген баға қойылады;
-
егер орындалған жұмыста 1 өрескел және 1-2 және өрескел емес қате болса (есепті шығаруда өресел қате болмауы керек), « 4 » деген баға қойылады;
-
егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, бірақ есептің шығарылу жолы дұрыс болса, « 3 » деген баға қойылады;
-
егер орындалған жұмыста 4 өрескел қате жіберілісе, « 2 » деген баға қойылады;
-
егер оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындамаса, « 1 » деген баға қойылады.
Педагогика ғылымында диагностиканы іске асыруда бастауыш мектептің мүмкіндігі зор. Ол негізінен бастауыштағы оқыту және тарбиелеу ерекшелігіне байланысты. Көптеген пәндерді бір мұғалімнің беруі, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттері мен белсенділіктерін қалыптастырудағы ерекшеліктері. Бастауыш мектепке тән білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері. Сонғы жылдары дидактика төңірегінде оқушылардың танымдық, белсенділік әрекетін және оқыту үрдісінде тест әдістерін пайдалану жөнінде бірнеше мәні – мағынасы зор пікірлер айтылады.
Сабақ үстінде оқушылармен мүмкіндігінше тесттік жұмыстар жүргізіп, мұғалім тек осы жұмыстың үстінен басқарып, оны орындауға тапсырманы алдын-аладаярлап отыру керек. Тесттік әдіс негізінен оқушылардың білімділігін, біліктілігін және дағдысын өлшеуге арналған. Сондықтан оларды көбінесе педагогикалық немесе психологиялық тесттер деп атайды.
Тесттер белгілі бір ережелер, талаптар бойынша құрастырады. Әрбір тест объектісі болып табылатын білім, біліктілі және дағды компоненттерінің сипаттамасын анықтайтын бір түрлі тапсырмалар жиынтығынан тұрады.
Тесттерді пайдаланудағы әрекеттер мына схема бойынша жүгізілуі тиіс.
1-кезең:
- тест алдындағы талдау
- тестті жоспарлау
- құрастыру
- тест алдындағы жұмыстарды санау
- тест алдындағы нәтижелерді өңдеу
- тест алдындағы нәтижелерді сатылау.
2-кезең:
- түпкілікті тестті жасау
- тест алдындағы қайта жоспарлау
- түпкілікті тест құрастырып өңдеу
- тест нәтижелерін сатылау.
Тесттерді құрастыру және пайдалану кезінде ескерілетін ұйымдастырушылық талаптар:
-
Сыналушының ешқайсына артықшылықтар берілмейді. Барлығы бірдей жағдайда, бірдей сұрақтарға жауап береді.
-
Алдын-ала дайындалған нәтижелерді бақылау шкаласы барлығына бірдей қолданады.
-
Нәтижелердің бұрмалануын болдыртпау шаралары қолданылады (біреуден көшіру, біреуге айту т.б.)
-
Тест материалының мазмұны туралы хабарлардың алдын-ала таралуына жол бермеу.
Өкінішке орай бастауыш сыныптарда осы кезеңдерді ескермей жатады. Кез келген мәтіннің ортасынан 2-3 сөйлем жазып, сұрақ белгісін қойып, тест сұрағы деп береді. Тест саналы да нәтижелі болу үшін тест сұрақтары дәл, анық, ұғымды, әрі қысқа болуы тиіс. Тест оқушылардың жас ерекшеліктеріне, шама-шарқына лайықты құрастырылуы керек.
Оқып-үйрену үрдісі барысында оқушы:
-
мұғаліммен (яғни, мұғалімнің сұрағына жауап бергенде);
-
өзге оқушылармен (жұптасқан жұмыс барысында);
-
шағын топтармен (3-5 оқушы)
-
үлкен топтармен (рөлдік ойындар, дебат, сыныптық талқылаулар да т.б.);
-
оқушылар және жұртшылық тобымен (әлеуметік сауалнама жүргізуде);
-
кейбір техника түрлерімен (мысалы, компьютер) өзара қарым-қатынас жасайды.
Бұл «әрекеттестік» әдісінің негізгі ерекшелігі – оқушылардың әрекеттесу арқылы оқу дағдыларын игеруі.
Әрекеттестік үрдісі арқылы оқудың артықшылығы:
-
оқушы тек қана ақпаратты қабылдап қоймайды, сонымен бірге өз шешімінің дұрыстығын, тіпті болмағанда оның басқа нұсқалардың ішіндегі артықшылығын логикалық түрде түсіндіруге мәжбүр болады;
-
оқушы оз идеясын тереңірек қарастыруға мәжбүр болады, себебі логикалық жүйесіз құрылған қорытындыныңталасқа түсетінін біледі;
-
оқушы проблеманы шешу барысында өзінің және өзгелердің тәжірибесін пайдаланады. Бұлай ой біріктіру әрбір жеке оқушының біліміне білім қосады.
Жұптасып және шағын топтарда жұмыс істеу арқылы әрекеттесудің артықшылығы:
-
бүкіл сыныптың алдында өз пікірін айта алмайтын немесе тек оқытушыға ғана айтатын оқушы шағын топ ішінде өз ойын бөліседі;
-
оқушы өзгелердің өзінікінен басқа пікірі болатынын көреді.
Бақылау мен бағалау әрекеттерін дамытудың келесі кезеңі болып өзіндік жұмыс саналады. Оның нәтежесі бойынша қажеттілігіне қарай нашар меңгерілетін әрекетті шыңдау немесе оқу материалын тереңдете меңгерту бойынша оқушы топтарын құруға болады. Бұл жағдайда мұғалім оқу материалын жақсы меңгерген озат оқушы кеңесі, «көмек үстелі» және дидактикалық материалдар пайдаланылады. Осындай жағдайда оқушылардың жеке білімдік бағыты анықталады. Ұғымдарды және іс-қимыл тәсілдерін меңгертудәрежесі әр деңгейлі тапсырмаларқамтылатын межелеу жұмыстарының көмегімен айқындалады. Өзбетінше орындауға тапсырманы таңдау барысында баланың әлеуметтік мүмкіндіктерін анықтауды бақылау мен бағалау әрекеті қамтиды.
Ең соңында оқушы дамуының жақын зонасын анықтайтын бақылау жұмысы алынады. Бақылаудың мұндай жүйесі оқушы білімінің шекарасын және олардың оны өзбетінше анықтау қабілеттерін бағалауға мүмкіндік береді, сонымен бірге оқу барысында өзін-өзі бағалау негізі қаланады.
Тест – оқушылардың интеллектуалды дамуының міндетті деңгейінің жетістіктерін анықтайтын өлшеуіш қызметін атқарады.
Тест – оқушының білім дәрежесін қандай деңгейде екендігін анықтайтын және білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік береді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемделеді, оқушылар қызығып, белсенділігі артады.
Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайын.
Тест құру үлкен шығармашылық еңбекті, біліктілікті, іскерлікті мақсат етеді.
Тестілеудің негізгі мақсаты – жалпыға міндетті білім беру стандарттарын негізге ала отырып, әр оқушының белгілі бір математика пәні бойынша дайындығын объективті түрде көрсету.
Тест – стандартты үлгіде қарастырылған тәндік және сенімділік қасиеттерін қанағаттандыратын, білім, іскерлік, дағдының, сонымен қатар дидактикалық және психологиялық зерттеулерде ақыл-ой дамуын, қабілеттіліктің салыстырмалы бағасын беретін тапсырмалар жиынтығын айтамыз. [37,48]
Жеткілікті тестінің сенімділік және тәндік қасиеттерін қанағаттандыратын тест мазмұнды тест деп аталады.
Тесттің сенімділік және тәндік қасиеттерінен басқа негізгі сипаттамаларының бірі – тесттің ұзындығы. Тест ұзындығы деп, тестті құрайтын тапсырмалар санын айтамыз. Тесттің 2 түрі бар: ұзын тест, қысқа тест. Егер тест 5-7 тапсырмадан тұрса, онда ұзын тест деп аталады. Математика сабағында тест тапсырмаларын құру төмендегідей сатылардан тұрғаны жөн:
-
тест мақсатын анықтау;
-
тапсырманы таңдап алу және құру;
-
эксперимент және статистикалық ақпараттарды жинақтау;
-
тесттің сенімділік қасиеттерін тексеру;
-
тесттің ретін оптимизациялау;
-
тесттің ұзындығын оптимизациялау;
-
тест автоматтандыратын диалогты жүйеге енгізу;
-
тестті экспериментте тексеру;
-
тестті автоматты режимде.
Тесттің мақсатын анықтау үшін бақылаудың түрін таңдап алу қажет. Бақылаудың диагностикалық, басқарушы, оқытушы, дамытушы және тәрбиелеуші функциялары бар. Тестілеу кезінде жоғарыдағы бақылау функциялары ішінен диагностикалық және басқарушы функциялар айқын көрінеді. Оның біріншісі оқушы білімінің жетіспеушілігін көрсетеді, ал екіншісі оның жою жолдарын анықтайды.
Әрбір мұғалім тест құрастыру кезінде мұқият тексеруі қажет.
Тестті құрастыруды мынадай кезеңдерге бөлуге болады:
-
тестпен сынауды бағдарламалау;
-
тесттердің жоспары;
-
тесттердің мазмұнын жасау;
Тестпен сынаудың бағдарламасы оның мақсатына байланысты. Егер ол кішігірім тақырып бойынша білімдерді, біліктіліктерін тексеретін тесттерден тұрады, ал тақырыптың мазмұнын қамту деңгейі 80%-дан кем болмауы керек. .[44,3]
Тест құру үлкен шығармашылық ізденісті эксперименталды сұрақтарды қажет етеді. Тест сапасы-тапсырма мазмұнымен нақты, дәл жауабымен жалған пайымдауларға тәуелді.
Әр мұғалімнің басты міндеті - оқушының білімін жүйелі есепке алып, бақылау жүргізе отырып, білім сапасын арттырудың үздік әдістерін қарастыру.
Оқушының білім сапасын, іскерлігін бақылау - оқу процесіне жан-жақты әсерін тигізетін фактор.
Соңғы кездерде оқушылардың білімдерін күнделікті бақылауға дәстүрлі әдістерге қоса, тест арқылы жүргізудің пайдасы көп екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан да әрбір мұғалім сабақ беретін пәні бойынша оқушылардың білім деңгейлерін тест жүйесі арқылы тексеріп отыруы керек.
Тестік бақылау жөнінде айтқанда: біріншіден – тестік сұрақтың он-он бестен кем болмағаны жөн. Екіншіден – бағалауда субъективтіліктің өте-мөте аз болу үшін мазмұнға сәйкес тесттердің түрін дұрыс таңдай білу көп мәселені шешеді деп есептейміз. Үшіншіден – тестік бақылауға объективтіліктен гөрі субъективтіліктің басымдығы ескеріліп, бағалау критерийі соған сәйкестендіреді, яғни, жалпы сұрақтың:
50%-ге дейінгі дұрыс жауапқа – «2» ,
60-70% аралығындағы дұрыс жауапқа – «3»,
80-90% аралығындағы дұрыс жауапқа – «4»,
100% дұрыс жауапқа – «5» баға қойылады.
2.2. Тест қолданудың іс-тәжірибе.
Біз тәжірибе жүргізбес бұрын бастауыш сынып оқытушыларының өз пәндерін де, сабақ жоспарын құру барыстарында тесті қалай қолданғандарын қарадық. Атап айтатын болсақ қазақ тілі сабағында З.Солтанқұлова жаңа сабаққа дейін тест жүргізген:
-
Сөз табы нешеге бөлінеді?
а) 3
ә) 8
б) 9
2. Заттың атын білдіретін сөзді тап.
а) ойнады
ә) домбыра
б) көк
3. Қандай? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) шаңғы
ә) әдепті
б) биледі
4. Қимылды білдіретін сөзді тап.
а) сары
ә) ұшты
б) елу
5. Нелер? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) ойнады
ә) егіншілер
б) аюлар
А.Сыдықова мен В.Молдансанова жаңа сабақты қорытындылауда тестің екі және үш нұсқалық түрін ұсынған.
1. Нұржан қарады, күледі. Жалаң ба, жайылма ма?
а) Бастауыш, баяндауыштан құралған сөйлем.
ә) Тұрлаусыз мүшесі де бар сөйлем.
2. Жалаң сөйлем деген не?
а) Тұрлаусыз мүшесі де бар сөйлем.
ә) Бастауыш, баяндауыштан құралған сөйлем.
А.Сыдықова тестің осындай түрін қолданса, В.Молдансанова мынандай түрін ұсынады:
1. Зат есім дегеніміз не?
а) заттың атын білдіретін сөздер
ә) заттың санын білдіретін сөздер
б) заттың түсін білдіретін сөздер
2. Зат есімнің сұрақтары қандай?
а) Не істеді? Не қылды? Қандай?
ә) Қанша? Қай? Не?
б) Кім? Кімдер? Не? Нелер?
3. Туынды зат есім дегеніміз не?
а) Туынды сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады
ә) Туынды сөзге жалғау жалғану арқылы жасалады
б) Туынды сөзге қосымша жалғану арқылы жасалады
4. Сөздерден жалқы есімді тап.
а) Марат, орман, қасқыр
ә) Ит, Бөрібасар, жануар
б) Алматы, Айгөлек, Жанат
Дүниетану сабағында А.Сарсекова мен Т.Омарова үш нұсқалық тесті қолданды.
Мысалы:
1. Ауа қоспасындағы ең көп затты ата?
а) инертті газ
ә) көмір қышқылы
б) азот
2. Тікенекті бұталар қандай шөлде болады?
а) құмды
ә) тастақты
б) сартаңда
3. Биік тау жайылымын мекендейтін ірі аң?
а) арқар
ә) бұғы
б) елік
Т.Омарова тақырыптар бойынша білімді тест арқылы тексерді.
-
Ылғалды жерде өсетін өсімдік тамыры қандай?
а) ұзын
ә) қысқа
б) биік
2. Өсімдіктің қай мүшесі топырақ астында жатады?
а) сабағы
ә) тамыры
б) сағасы
3. Өсімдіктің неше түрі бар?
а) бес
ә) үш
б) төрт
4. Құрғақ жемістерге не жатады?
а) жүгері
ә) шие
б) өрік
5. Ағаштың жапырақтары қашан түседі?
а) жазда
ә) қыста
б) күзде
6. Ағаштың сабағы қалай аталады?
а) бұта
ә) тамыр
б) дін
Жоғарыда аттары аталып көрсетілген ұстаздардың іс-тәжірибелеріне сүйене отырып, 2-сыныпта оқушылардың қабілеттерін, іскерліктерін, дағдыларын және біліктілігін тексеру үшін, білімді тиянақтау мен қорытындылау кезінде тест әдісін қолдандым.
(2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Екі амалдан тұратын санды өрнектерді құру, оқу, жазу, мәнін табуды қайталау.
Сабақтың мақсаттары: 1) Екі амалдан тұратын санды өрнектер құру, оқу, жазу, мәнін табуды меңгерту. Теңдеу шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау,амалдардың, орындалу ретін анықтай білуге төселдіру; 2) Ой-өрістерін, есте сақтау, математикалық тілде сөйлеу, іздемпаздық қабілеттерін жетілдіру; 3) Ұйымшылдыққа, шығармашылықпен жұмыс істей білуге, мәдени қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ойын, тақпақтар, оқулықпен, интерактивті тақтада жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта көмегімен түрлі тапсырмалар, топтама, кітап, сағат моделі,сызбалар, тест.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың психологиялық көңіл-күйін көтеру.
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз, әрдайым,
Тек көңілді бастаймыз.
Білім жолымен жүреміз,
Арасында ойнап та, күлеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Мақсат қою: өтілетін сабақтың мақсатын таныстыру мақсатында.
- Бүгін бізде өте қызықты сабақ болмақ, ал оның қандай сабақ екенін білу үшін сенберге мына тапсырманы орындау керек. Әріптерді сызбадағы мәнге сәйкес тұсқа орналастыру. (Интерактивті тақтада жұмыс.)
76 – 70 А 80 + 10 Қ 90 – 1 Й
7 – 2 А 76 – 7 Т 30 + 70 А
6 + 1 Л 10 – 6 У
|
90 |
6 |
89 |
70 |
100 |
7 |
5 |
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауабы:Қайталау.
- Дұрыс. Жарайсыңдар. Бүгін біз екі амалдан тұратын өрнектерді оқу, жазу, мәнін табу, есеп шығару, теңдеу шешу, уақытты дұрыс анықтауды қайталаймыз.
Біз ақылды баламыз,
Еңбектеніп бағамыз.
Есеп, жұмбақ, ойынның,
Жауабын тез табамыз.
ІV. Жалпы білімді тексеру.
- Олай болса, сабағымызды түрлі қызықты тапсырмалардан бастаймыз. (Интерактивті тақта бойынша жұмыс.)
1. Он тоғыз санын көрсет.
а) 9; ә) 19; б) 90; в) 91.
2. 10 мен 20-ның дәл ортасында қандай сан тұрады?
а) 14; ә) 15; б) 16; в) 13.
3. Менде 34 теңге бар, Ерланның менікінен 10 теңгесі артық. Ерланда неше теңге болғаны?
а) 35; ә) 15; б) 44; в) 65.
4. 10-нан 100-ге дейінгі сандар шкаласында х-пен белгіленген жерде қандай сандар тұруы тиіс.
![]()
![]()
(Жауабы:30,60,80.)
Көркем жазу жұмысы. Келесі сандарды хабарлап жаздыру: 5 онд. 4 бірл., 6онд. 4 бірл., 7 онд.4 бірл., 8 онд. 4 бірл., 9 онд. 4 бірл.
Математикалық диктант (оқулықтағы бірінші тапсырма).
4 пен 3-тің қосындысынан 2-ні азайт.
40 пен 30-дың қосындысынан 20-ны азайт.
8-ге 7 мен 6-ның айырмасын қос.
80-ге70 пен 60-тың айырмасын қос.
Сергіту сәті. «Гүл жинау» ойынын. (Интерактивті тақтада.)
19 – 10 90 – 80 6 + 3 7 + 2
9 + 1 15 – 5 99 – 90 10 – 1
2 + 8 0 + 10 9 – 0 20 – 1
Гүлді кімдерге сыйлаймыз (тәрбиелік жұмыс.)
Біздің келер шамамыз,
Үшке үшті тез қосып.
Алтыдан оны азайтып,
Жауабын тез табамыз. (6 – (3 + 3).)
Оқулықтағы №2 тапсыриа ауызш түсіндіріледі, өрнектің мәні есептеліп табылады да, мәндері салыстырылып, (*) жұлдызшаның орнына сәйкес қатынас таңбаларын (<,>,=) қою.
№3. Ауызша. Теңдеудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.
Топпен жұмыс.
№4. Есеп ауызша талданып, қысқаша жазуы интерактивті тақтада көрсетіледі. 3 топ жұмыс жүргізіледі.
Сағат тілдері қай уақытты көрсетіп тұр? Осыдан 4 сағат өткен соң тілдер қалай орналасады?
![]()
![]()
11 сағат 45 минут ?
![]()

![]()
13 сағат 15 минут ?
![]()
![]()
![]()
6 сағат 25 минут ?
V. Сабақты қорыту.
- Сабақта не білдік, не үйрендік? Кім қандай қиындыққа кездесті? Өте жақсы еңбектеніп, көп нәрсені үйрендік.
Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма. 50-бет, №2,2-бөлігі; 51-бет, №7.
(2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Кестелі қосу мен азайтуды және көбейту мен бөлуді үйрендік.
Сабақтың мақсаттары: 1) «Кестелі қосу мен азайтуды және көбейту мен бөлуді» тақырыбы бойынша өткендерін қадағалау, тақырып бойынша жаттығулар және тапсырмалар орындау; 2) Оқушылардың білімдерін танымдылық дағдыларын, ой-өрісін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, есеп шығару машығын дамыту; 3) Тәртіптілікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке, тазалыққа баулу.
Сабақ жабдығы: Оқулық кесте, Электронды оқулық.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Сабақ мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Негізгі бөлім.
а) Дәптермен жұмыс. Күнді жазу.
Көркем жазу: 641, 641 = 600 + 40 + 1.
ә) «Сиқырлы сандар» ойыны.
|
А |
Б |
Г |
Д |
Е |
Ж |
З |
Й |
К |
Л |
М |
Н |
Ө |
П |
Р |
С |
Т |
У |
Ү |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
15 |
17 |
18 |
19 |
-
9 13 2 5 8 17 18 2) 2 13 10 18
б) Ауызша сұрақтар.
- Қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының компаненттерін ата.
- Кез келген санға 0-ді қосқанда не шығады?
- Кез келген саннан 0-ді алса не шығады?
- Кез келген санға 0-ді көбейткенде не шығады?
- Кез келген санға 0-ді бөлгенде не шығады?
- Қосу амалы мен көбейту амалы өзара өандай амалдар?
- Қосу амалы және көбейту амалының қандай қасиеттерін білесіздер?
в) Электронды оқулықпен жұмыс.
г) Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей. 2-жаттығу. Қосу кестесінің әрбір теңдігінен қосу амалына байланысты бір теңдік құрастыр. Барлығы неше теңдік жаздың? Неліктен? Не байқадың?
3-жаттығу. Ондықтан аттап қосу кестесін құрастыр. Оның әрбір теңдігінен азайту амалымен байланысты екі теңдік құрастыр. Барлығы неше теңдік жаздың? Неліктен?
ІІ деңгей.
-
47 х 3 113 х 4 720 : 3 625 : 5 963 : 3
-
Асханаға әрөайсысында 5 килограмнан салынған 36 жәшік қызанақ және әрқайсысынан килограмнан салынған 21 жәшік қияр әкелінді. Асханаға барлығы қанша килограмм көкөніс әкелінді?
5 х 36 + 6 х 21 = 306.
Жауабы: 306 кг көкөніс әкелінді.
ІІІ деңгей.
615 : 5 + 615 өрнегі арқылы шығарылатын есеп құрастыр және шығар.
(824 :4) х 3 + 618 : 3 – 528 + 704 = 1000
д) Сынау (электронды оқулық)
1. 400 х 2
а) 800; ә) 900; б) 600.
2. 9 x 7
а) 54; ә) 63; б) 64.
3. 40 x 4
а) 106; ә) 160; б) 610.
4. 5 жүзд. 2 онд. 1 бірліктен құралған қандай сан?
а) 520; ә) 525; б) 521.
5. 6 м 5 дм 2 см-ді сантиметрмен өрнекте.
а) 652 см; ә) 651 см; б) 605 см.
6. 1 метрдің жартысы қанша сантиметр болады?
а) 60 см; ә) 55 см; б) 50 см.
V. Сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны. Берілген өрнектердің арасынан әр топ өз тапсырмасына сәйкес өрнектерді теріп жазу.
46 х 37 +17; 102 : 3; 12 : 2; 8 х 7; 534 – 478; 23 х 4; 17 х 2; 915 – 823;
19 + 15; 56 + 36; 490 – 456.
VІ. Үйге тапсырма. І деңгей: 10, 11 жат. ІІ деңгей: амалдарды орындау. ІІІ деңгей: керіесептер құру, ребус құру.
(2-сынып)
Сабақтың тақырыбы: Шаршы.
Сабақтың мақсаттары: 1)Шаршы туралы түсінік, оны басқа фигуралардан айра білуге, ұқсастығын, айырмашылығын байқату. Екі амалдан тұратын өрнектермен, есептеулермен байланысты іс-әрекеттерде қолдануға машықтану. Қосудың терімділік, ауыстырымдылық заңын қолдану; 2) Жылдамдылыққа, ұқыптылыққа, логикалық ойлау қабілетін дамытуға әсер ете отырып, көркем жазуға тәрбиелеу; 3) Ойлау, есте сақтау, өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығарып, ой-пірін білдіре білуге дамыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: Суреттер, ауызша жаттығулар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
-
3 қатарға тік төртбұрыш сызып келу.
1-топ Ені 2 см, ұзындығы 5 см.
2-топ Ені 3 см, ұзындығы 6 см.
3-топ Ені 3 см, ұзындығы 5 см беттестіру арқылы тексеру.
-
Салыстыру.
Мына фигуралардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Тік төртбұрыштың қасиеті неде? Сыныптағы тік төртбұрыштарды атауы.
-
Көркем жазу. Күннің жады.
Математикалық диктант.
ІІІ. Жаңа сабақ. Қабырғаларын атау, өздеріне шығару.
-
Барлық қабырғалары тең тік төртбұрышты шаршы деп атайды. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шаршы деп аталады.
ІV. Дәптермен жұмыс. Әрбір топқа шаршы сызғызу.
1-топ 5 см.
2-топ 4 см.
3-топ 3 см.
Сергіту сәті.
V. Оқулықпен жұмыс.
Оқулықты мектебім,
Берер маған теп-тегін.
Білмеймін-ау мен бірақ.
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулықты құрметтеймін,
Күтіп ұстаймын, кіплетпеймін.
Кішілерге табыс етемін,
Дақ түсірмей бір бетке.
Есеп 2. (ауызша)
Есеп 3.
Болғаны – 48 кітап.
Түптегені – 20 және 10
Қалғаны - ? кітап.
Шешуі: 48 – (20 +10) = 18.
(48 -20) – 10 =18
(48 – 10) – 20 = 18
VІ. Шығармашылық есеп. Екі таяқшаны алып тастау арқылы, 2 шаршы шығар.
Есеп 4. Қосындыны салыстыру. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде? Қандай заңды пайдаланған?
50 + 10 +20 50 + 20 + 10 20 + 10 +50
(қосудың ауыстырымдылық қасиеті)
Мысал 5. 9 + 4 = 13
19 + 4 = 23
29 + 4 = 33
Шығармашылық жұмыс.
Cиқырлы шаршыдан жиналмалы мысық жасау.
VІІ. Қорытынды. Тест жұмысын ұйымдастыру.
-
Шаршы дегеніміз не?
а) қарама-қарсы қабырғалары тең тік төртбұрышю
ә) барлық қабырғалары тік төртбұрыш.
б) қабырғалары әртүрлі.
2. Қайсысы шаршы?
а
) ә)
б)
![]()
3.Шаршының бір қабырғасы 3 см болса, қалған қабырғалары нешеге тең болады?
а) 6 см; ә) 3 см; б) 5 см.
VІІІ. Үйге тапсырма.
Мысал 6. Бос тор көздерді толтыру.
Біз зерттеу жұмысымызды №1 жалпы орта білім беретін мектептің 3В сыныбында жүргіздік. Сыныпта 18 оқушы білім алады. Олардың білімділігін, біліктілігін, дағдысын тексеріп бағалау мақсатында тесттік бақылау жүргіздік.
Оқушыларға тесттік бақылау жүргізудің өзіндік пайдасы бар. Біріншіден, оқушылардың алып жатқан білімдерін бақылап, бағалауға және тексеруге мүмкіндік береді. Екіншіден, мемлекет аралық бақылауға және түрлі олимпиядаларға қатысуға, өз қабілеттерін шыңдай түсуге жол көрсетеді. Оқушыларға берілетін тесттік тапсырмалар бастауыш мектептің оқу бағдарламаларынан алынады. Өткен материалдар мен жана өтіліп жатқан тақырыптарды байланыстырыла жүгізіледі. Өткен тақырыпты жаңғыртса, жаңа материалды бекіте түседі.
Тест 10 сұрақтан тұрады және әр сұрақта 3 жауап нұсқасы бар. Оқушылар сол жауаптардың дұрысын таңдап алып қоршап көрсетеді. Парақтың төменгі жағында екі бағанды кесте берілген. Бірінші бағанда сұрақтар реті көрсетілсе, екінші бағанға оқушылар дұрыс деп тапқан жауаптарын толтырады. Тест парақтары толтырылып болғасын әр сұрақ бойынша талдау жүргізіп, оқушылардың қабілеттерін және тарауды қалай меңгергендерін тексердік. Жалпы сыныптың математика сабағындағы үлгерімдерін анықтап отырдық. Сол арқылы оқушыларды бірнеше топтарға бөліп, деңгейлік қосымша тапсырмалар бердік.
ТЕСТ
-
Болғаны – 200 теңге
Қалды – 50 теңге
Сатып алынды - ?
а) 120 теңге ә) 150 теңге б) 170 теңге
2. Теңдеуді шеш:125+х=200-25
а) 50 ә) 55 б) 60
3. Салыстыр: 9х4*9+9+9.
а) > ә) < б) =
4. Қосылғыш – 70+30
Қосылғыш – 60
Қосындының мәні - ?
а) 150 ә) 160 б) 170
5. Азайғыш – 900
Азайтқыш - 600-300
Айырманың мәні - ?
а) 400 ә) 500 б) 600
6. Есепті шығар.
Екі қатардың әрқайсысында теңдей 8 түп таңқурай өсіп тұр. Бір қатарда қанша түп таңқурай өсіп тұр?
а) 2 ә) 4 б) 8
7. Теңдеуді шеш: 182=х+58
а) 124 ә) 142 б) 144
8. Салыстыр. 10+10+10+4*10х4
а) > ә) < б) =
9. Қосылғыш - 125+15
Қосылғыш - ?
Қосындының мәні – 500
а) 360 ә) 365 б) 370
10. Азайғыш - 296+85
Азайтқыш - ?
Айырманың мәні – 200
а) 161 ә) 171 б) 181
|
Сұрақ |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
|
Жауап |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2011–2012 – оқу жылы экспериментке дейін.
%
3 “а” сынып 25 оқушы 60
50
40
Бағасы 5 4 3
Оқушы саны 9 10 6
30
24
20
10
0
Баға
5 4 3
%
3 “в” сынып 18 оқушы
60
50
Бағасы 5 4 3
Оқушы саны 6 7 5
30 27,8
20
10
0
Баға
5 4 3
2011–2012 – оқу жылы эксперименттен кейін.
%
3 “а” сынып 25 оқушы 60
50
44
40
Бағасы 5 4 3
Оқушы саны 11 10 4
30
20 16
10
0
Баға
5 4 3
%
3 “в” сынып 18 оқушы
60 50
50
Бағасы 5 4 3
Оқушы саны 9 6 3
30
20
16,7
10
0 Баға
5 4 3
Қорытынды
Тесттің пайда болуынан бастап оқытудағы тексеру мен қорытынды жасаудың бірден бір құралы болып саналады. Қазіргі кезде оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін бағалаудың ең тиімді жолдарының бірі бақылау жұмысын тест арқылы жүргізу кеңінен қолданылуда. Оның тиімділігі: сапасы жағынан маңыздылығында, бағдарламаға сай тақырыптар мен бөлімді меңгеруде, жалпыға бірдей талаптылығында, бірдей бағалау жүйесінде және тапсырманы шешуге бірдей мүмкіндік берілуінде болып келеді. Сонымен қатар, ол оқушыны берілген есепті шапшаң, ойланып дұрыс тұжырым жасауға тәрбиелейді. Берілген жауаптарды ой елегінен өткізіп, ізденімпаздылықты, дағдыны қалыптастырады.
Менің дипломдық жұмысымның жоспарында мынадай мәселелер қарастырылды:
Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысымның өзектілігін, зерттеудің нысанасын, зерттеудің мақсатын, зерттеудің ғылыми болжамын айқын көрсеттім.
Бірінші тарауда жалпы оқушылардың білім деңгейін тест арқылы тексерудің әдістемесі мен роліне тоқталып өттім. Сонымен қатар, тесттің пайда болуын, тесттің қолдану талаптарын, математика сабағындағы тест жүйесінің ерекшеліктерін, оқушыларға тест жүйесін берудегі мұғалімнің міндеттерін, тест тапсырмаларын құрудың әдістемесін, тесттің түрлерін қарастырдым.
Екінші тарауда математика сабағында тесті пайдалану мәселелері қарастырылды. Оқушылардың білімін, біліктілігін күнделікті және ағымдық сабақтарды бқылау мақсатында тест тапсырмаларын құру мен пайдалану жолдарының тиімділігін көрсеттім.
Белгілі ғалым-математик Е.Ө.Медеуов «... тесттік бақылау оны ұтымды түрде пайдалағанда оқу процесін басқару ғана емес, ол тәрбиелік функциялар да атқарады. Осы әдістің көмегімен оқытушы оқушының материалды игеруде қажетті деңгейді игергенін , не игермегенін анықтай алады, сонымен бірге курсты әрі қарай меңгеруге дайындығын анықтайды» дейді. Тестті құрастырудың өзі оқытушыңа көбірек ізденуді талап етеді.
Дипломдық жұмысқа қойылған міндеттер орындалды. Тесті пайдалану жөнінде жазған ғылыми әдебиеттер мен педагогикалық шолулар жасалды, бастауыш мектепте тесті қолдану жұмыстары анықталды. Оқушылардың білім, білік және дағды сапасын бақылау мен бағалауда тесті пайдалану тиімді екендігі көрсетілді және оның әр түрлі әдістері қаралды. Тоқтала кететін болсақ:
- бастауыш сатыда оқушының іс әрекетін анықтау үшін жүргізілетін ұлттық педагогикалық тестілер жөнінде ғылыми әдебиеттерге талдау жасай отырып, мәселе теориялық тұрғыдан негізделді;
- бастауыш мектеп сабақтарындағы тестілеу жұмыстарының орны анықталды;
- математика сабақтарындағы тест жұмыстары арқылы оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастырудың тиімді әдістері жасалды.
Қорыта келе, тест - педагогикалық ұжымның білім беру дәрежесін, рейтенгісін көрсететін, оқушылардың білімін қорытынды түрде бағалайтын бірден-бір мемлекеттік сынақ болса, онда қолданылатын тапсырмалардың да сапасы мен білімділік деңгейі жоғары болуы қажет деп ойлаймын. Тест жүйесі біздің еліміздің білім беру саласына енгізілген жаңа өзгерістердің бірі болғандықтан, ондағы кемшіліктер жылдан-жылға азаяды деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
ҚР «Білім туралы» заңы Астана-2000
-
Қазақстан Республикасы Президенті – ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» «Егеменді Қазақстан» 29 қаңтар 2011 жыл
-
«Әлеуметтік-экономикалық жаңару – Қазақстан дамуының басты бағыты» «Орал өңірі» 28 қаңтар 2012 жыл
-
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Егеменді Қазақстан» 18 маусым 2010 жыл
-
Қазақстан Республикасыны 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
-
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы.- Алматы, 1997, 5-б.
-
«Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Алматы-2003
-
Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика. Дарын – Алматы 2004
-
Агибалова А.В. Конструирование тестов и методика их использования при контроле знаний учащихся по математике. М.,1986, 221-б.
-
Клименко А. Практика тестирования. М., 1991, 217-б.
-
Искакова Л.Т. Методическая система дифференцированных задач как условме контроля и учета результатов обучения математики в средней школе. Дис... доктор пед.наук.-Алматы, 2005, 249-б.
-
Шуакбаева Р.С. Жоғары сынып оқушыларын көпжақтарға берілген есептерді компьютер көмегімен шығаруға үйрету әдістемесі. Педагогика ғылымдарының кандидаты... дис. авторефераты. – Шымкент, 2007, 26-б.
-
Барыбина И.А., Гринченко С.П., Колягин Ю.М. “Методические проблемы компьютеризации школьного обучения. Информатика и компьютерная грамотнось” Сб. ст. под. ред. Б.Н.Наумова. – М.: Наука, 1995, б 138-156.
-
Краудер Н. “Автоматическое обучение с внутренним (разветвленным) программированием” Программирование обучение. Сб. переводных статей. – М.: Воениздат, 1986, б 30-37.
-
Бабанский Ю.К. “Выбор методов обучения в средней школе”- М.: Педагогика,1981, б 132-142.
-
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. Алматы. Мектеп, 2002 -956 б.
-
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы, 2002. -270 б.
-
Молдағалиев . Педагогика. Сөздік. Орал, 2004ж
-
Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002 ж. 383 б.
-
Қозыбаев С. Педагогика.- Алматы, 1999 - 274 б.
-
Сағындық ұлы. Педагогика. - Алматы, 1998 - 356 б.
-
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары (жалпы бастауыш білім) - Алматы,2003 - 135 б.
-
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1987. 392-6.
-
Қаңтарбаев С.Е. Бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін қалыптастыру: теория және әдістемесі. - 2001, 7 б.
-
Оспанов. Математиканы оқыту әдістемесі.
-
Қанаш Жұмалыұлы. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - 2000
-
Оспанов Т.Қ., Құрманалина Ш.Х., Құрманалина С.Қ., Математиканың бастауыш курсын оқыту әдістемесі. Астана 2007
-
Бабаев С “Бастауыш мектеп педагогикасы”Алматы 2007
-
Жаманқұлов Б. Педагогикалық бақылаудың кейбік түрлері // Қазақстан мектебі. - 2000.№1
-
Әнуарова Б. Тест сұрақтарын құру // Қазақстан мектебі.- 2002. №5
-
Азыбаева Ж. Ұлттық бірыңғай тестілеу қалай өтеді? // Қазақстан мектебі.-2004. №4. б 11-13
-
Медеуов Е., Абдулдинова Г. Мектеп бағдарламасы көлемінде тестік есептердің құрылымы // Қазақстан мектебі.-2004. №7
-
Құрдасова Н. Оқушылар білімін бағалау // Қазақстан мектебі.-2005. №2
-
Байжұманова Р. Білім бақылауда тесттерді пайдалану // Қазақстан мектебі.- 2005. №7
-
Байдыбекова А. Тесттік жүйені қолдану // Бастауыш мектеп. - 1997.№4
-
Жоламанова Н. Оқытудың нәтижелерін жоспарлау мен тексеру // Бастауш мектеп.- 2003. №6
-
Сайдинова А. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру мен бақылау // Бастауыш мектеп. - 2004. б 47-51
-
Абдолдинова Г.Т. Тестік есептерді шығаруға жаттықтыру // Бастауыш мектеп. - 2004. б-37
-
Абдолдинова Г.Т. Мемлекеттік білім стандарттарының талаптарын қамтамасыз етудгегі математикада бақылаудың тестік әдістері //Бастауыш мектеп. - 2007. №8-9. б 22-24
-
Әлдібаева Т.Ә., Зейдалиева Ж.Е., Бастауыш сынып оқушыларының математиканы оқыту барысындағы бақылау және бағалау іс-қимылдарының сипаты // Бастауыш мектеп. - 2008. №11. б 3-6
-
Жетпісбаева С.О. Бастауыш сынып оқушыларының білімін, біліктіліктерін, дағдыларын бақылауда ЭЕМ-сын қолданудың тиімділігі //Бастуыш мектеп. - 2008. №11. б 16-18
-
Таңирбергенова А. Математиканы оқытуда оқушылардың өзіндік бағалау рефлексиясын анықтау жолдары //Бастауыш мектеп. – 2009. №7. б-17
-
Жакипва Ж. Оқушыларды МАБ-қа дайындаудың жолдары // Бастауыш мектеп. – 2011. №7-8. б-6
-
Логвиеа Е.А. Тест как средство контроля за качеством учебных достижении младших школьников // Бастауыш мектепте оқыту. – 2009. №1. б-3
-
Блялова Г. Оқушылардың математика сабағында танымдық белсенділігін арттыру // Бастауыш мектепте оқыту. – 2011. №12. б-18
-
Баянбаева Қ. Бастауыш сыныптарда тест әдісін пайдалану // Бастауыш сыныпта оқыту. - 2005.№3. б 3
-
Тоқтарова Л. Білім сапасын арттыруда математика пәніне жаңа технологияларды енгізудің ролі // Бала тәрбиесі. - 2006 №5
-
Есназарова У. Оқушылардың білімін тест арқылы тексеру // Ұлағат. - 2001. №5. б-22
66

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген