15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тест Химиялық тепе -теңдік
Химиялық реакция тепе теңдік
1. Қысымды жоғарылату осы тепе-теңдікті ығыстыруға әсер етпейді
A) CaCO3 ↔ CaO + CO2 B) 2H2 + O2 ↔ 2H2O
C) N2 + 3H2 ↔ 2NH3 D) CO + H2Oбу ↔ СО2 + Н2
2. Берілген реакцияның CO + H2O ↔ CO2 + H2 + Q тепе-теңдігін оңға қарай ығыстыратын жағдай
A) Қысымды жоғарылату B) Қыздыру
C) Қысымды азайту D) СО2 концентрациясын азайту
3. Қысымды жоғарылатқанда газ молекулаларынан тұратын тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі
A) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады.
B) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады.
C) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады.
D) жылу бөле жүретін реакция жағына ығысады.
4. Қысымды азайтқанда газ молекулаларынан тұратын тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі
A) әрекеттесуші заттар реакциясы жағына ығысады.
B) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады.
C) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады.
D) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады.
5. Температураны жоғарылатқанда тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ..
A) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады
B) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады
C) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады
D) жылу бөле жүретін реакция жағына ығысады
6. Реакция өнімінің концентрациясын көбейткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі...
A) өнімдер түзілетін бағытқа қарай ығысады.
B) реагенттер түзілетін бағытқа қарай ығысады.
C) эндотермиялық реакция жағына ығысады.
D) экзотермиялық реакция жағына қарай ығысады.
7. Реакцияға түскен заттардың біреуінің концентрациясын азайтқанда тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі...
A) газ молекулалары санының азаю реакциясы жағына ығысады.
B) осы заттың түзілу реакциясы жағына ығысады.
C) осы заттың жұмсалу реакциясы жағына ығысады.
D) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады.
8. Әрекеттесуші заттардың біреуінің концентрациясын көбейткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ...
A) экзотермиялық реакция жағына ығысады.
B) эндотермиялық реакция жағына ығысады.
C) осы заттың түзілу реакциясы жағына ығысады.
D) осы заттың жұмсалу реакциясы жағына ығысады.
9. Температураны төмендеткенде тепе-теңдік күйдегі жүйенің тепе-теңдігі ...
A) газ молекулалары санының көбею реакциясы жағына ығысады.
B) жылу бөле жүретін реакция жағына ығысады.
C) жылу сіңіре жүретін реакция жағына ығысады.
D) әрекеттесуші заттар реакциясы жағына ығысады.
10. N2 + 3H2 ↔ 2NH3 + Q реакциясы бойынша аммиак шығымын көбейтуге әсер ететін жағдай
A) жүйеде қысымды арттыру
B) температураны жоғарылату
C) сутектің концентрациясын азайту
D) жүйеде қысымды төмендету
11. Егер температура мен қысымды бір мезгілде арттырса, онда қай реакцияның тепе-теңдігі оң жаққа қарай ығысатын реакция теңдеуі
A) Fe + C ↔ Fe + CO – Q B) 2CO + O2 ↔ 2CO2 + Q
C) 2H2O ↔ 2H2 + O2 – Q D) 2N2 + O2 ↔ 2N2O - Q
12. Берілген жүйеде 2СО + О2 ↔ 2СО2 + Q қысымды көбейту, температураны төмендету, оттектің концентрациясын арттыру тепе-теңдікті
A) солға ығыстырады B) ығыстырмайды
C) оңға ығыстырады D) оңға да, солға да ығыстырады
13. Реакцияда сутек концентрациясын арттыру тепе-теңдікті солға ығыстырады
A) жай заттардан аммиакты синтездеу B) аммиакты жай заттарға айыру
C) жай заттардан су буының түзілуі D) темір (II) оксидін сутекпен тотықсыздандырғанда
14. Қысымды арттырғанда тепе-теңдік оңға қарай ығысатын гомогенді реакция:
A) PCl5 ↔ PCl3 + Cl2 B) N2 + O2 ↔ 2NO
C) 2H2 + O2 ↔ 2H2O(бу) D) H2 + I2 ↔ 2HI
15. Қысымның өзгеруі тепе-теңдікке әсер етпейтін гомогенді реакцияның теңдеуі
A) H2 + Br2 ↔ 2HBr B) H2 + S ↔ H2S
C) 2H2 + O2 ↔ 2H2O D) PCl5 ↔ PCl3 + Cl2
16. Гомогенді реакцияның 2СО + О2 ↔ 2СО2 + Q тепе-теңдігі солға қарай ығысады, егер
A) қысымды арттырса B) температураны арттырса
C) көміртек монооксидінің концентрациясын арттырса D) оттектің концентрациясын арттырса
17. Қысымды төмендеткенде тепе-теңдік өзгермейтін реакция, бұл -
A) 4NH3 +5O2 ↔ 4NO + 6H2O B) 2H2O(г) ↔ 2H2 + O2
C) N2 + 3H2 ↔ 2NH3 D) FeO + H2 ↔ Fe +H2O (бу)
18. Гетерогендік жүйедегі СаО(қ) + СО2(г) ↔ СаСО3(қ) + Q тепе-теңдік сол жаққа қарай ығысады, егер
A) СаО-дін қосса B) көмірқышқыл газының концентрациясын арттырса
C) қысымды жоғарылатса D) температураны жоғарылатса

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген