400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест «Жақсының аты өлмейді»

Материал туралы қысқаша түсінік
тест
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мен өзімнің балалық шағымда Сұлтанмахмұттың әңгімесін көп тыңдадым. Біраз уақыт онымен бір шаңырақ астында тұрған кезім де болды. Оның үстіне біз Сұлтанмахмұтпен жамағайын едік. Осы жағдайдың бәрі ақынның балалық шағынан едәуір хабардар болуыма мүмкіндік берді.

Торайғырдың Әбет деген жалғыз ұлы болған. Оның төрт баласының бірі – Бекет еді. Сұлтанмахмұттың әкесі Шоқпыт (оның шын аты - Әубәкір) – осы Бекеттің баласы. Шоқпыттың Сұлтанмахмұт, Бәшен деген екі баласы болған.

...Бекет кедей еді. Ол 1880 жылдардың ортпа шенінде Көкшетаудағы Көшен Қарауылына ұзатқан апасы Шымпырдың қолына көшіп барады. Шоқпыт жездесінің жылқысын бағып жүрген жігіт кезінде Зүппән деген қызға үйленеді. Сөйтіп, 1893 жылы Сұлтанмахмұт дүниеге келеді. Жас отбасын қуанышқа бөлеген бал бөбегіне ата-ана махаббаты арта береді.

Махмұт жүруге жарап, ойынға араласқан кезінде інісі Бәшен туады. Жас жұбайлар тілек-мақсаттарына жетіп, мерейі арта береді. Бірақ Шоқпыт басындағы бақыт ұзаққа бармады. Бәшеннің бірер жасында ардақты ана дүние салады. Ұяда қос балапан анасыз қызыл қанат күйінде қала береді.

Мұның былайғы жерде екі баланы әжесі Монтай бәйбіше бауырына салады.

Сұлтанмахмұт өте алғыр, зеректігімен көзге түседі. Ол нашар оқитын шәкірттерге көмектеседі. Махмұт қара тани бастағаннан-ақ қисса, жырларды, дастандарды оқуға құмартады. Ол ауылдағы Айман ақсақалдан татар, өзбек тілдерінде шыққан әңгіме кітаптарды алып оқиды.

Бала ақынның шағын өлеңдері ауыл арасына тарай бастайды. Ол өлеңдерін мектеп үйінің қабырғасына, терезе, есік тақтайларына жазып кете беретін-ді. Оны оқушылар көшіріп алатын. Қысқа өлеңдерінің ішінде «Оқыт мен, әкетайым» атты 5-6 ауыз өлеңі ерекше орын алатын. Бұл өлеңінде оқуға, білімге деген құштарлық, алдағы үлкен арман айтылады. (235 сөз)

З.Ақышев



6.Мәтінге қай ақпарат сәйкес емес екенін белгілеңіз.

А) Оны оқушылар көшіріп алатын.

В) Шоқпыттың Сұлтанмахмұт, Бәшен деген екі баласы болған.

С) Оның төрт баласының бірі – Шоқпыт еді.

D) Біраз уақыт онымен бір шаңырақ астында тұрған кезім де болды.

Е) Бәшеннің бірер жасында ардақты ана дүние салады.


7. «Жамағайын» сөзінің мағынасын табыңыз.

А) Нағашы жұрт

В) Төркіні

С) Әкесінің әкесі

D) Қайын жұрт

Е) Аталас ағайын


8. Сөйлемді жалғастырыңыз. Монтай бәйбіше ...

А) Тәрбиелейді

В) Бауырына салады.

С) Бағады

D) Қарап қалады

Е) Қарамағында болады


9. Бекет кімнің қолына көшіп баратынын анықтаңыз.

А) Монтай

В) Шоқпыт

С) Махмұт

D) Әбет

Е) Шымпыр


10. Білімге деген құштарлығы қай азат жолда айтылғанын белгілеңіз.

А) Төртінші

В) Үшінші

С) Бесінші

D) Жетінші

Е) Алтыншы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.01.2023
385
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі