400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тест № 1 Дүниетану (2 сынып)

1.Адам өміріне не қажет?

А.доп,ән,киім. Ә.ауа,су,тамақ. Б.кітап,велосипед

2.Егістікті баптаушы адамды кім деп атаймыз?

А.комбайншы Ә.наубайшы Б.диқаншы.

3.Көкжиек дегеніміз не?

А.Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік. Ә.Аспан мен жердің астасқан жері.

Б.Көзің жететін жерге дейін қарау.

4.Тұсбағар деген не?

А.Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.

Ә.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал. Б.Дәрігер құралы.

5.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?

А.Сұлба. Ә.Масштаб. Б.Сурет.

6.Сұлба дегеніміз не?

А.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі. Ә.Бір заттың көлемін кішірейтетін сан. Б.Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі.

7.Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не деп атаймыз?

А.Сурет Ә. Сұлба Б.Масштаб.

8.Ауаның негізгі қасиеттерін белгіле.

А.Түссіз,дәмсіз,көзге көрінбейді. Ә.Түссіз,дәмді,иісі бар. Б.Дәмсіз,көзге көрінеді,иісі жоқ.

9.Судың қасиеттерін ата.

А.ақ,мөлдір,иісі бар. Ә.сұйық,иіссіз,мөлдір. Б.Көзге көрінбейді,ақ,мөлдір.

10.Топырақтың құрамын ата.

А.ауа,су,шірінді. Ә.жапырақ,саз,тамақ. Б.құм,шыны,ағаш.



Тест № 2

1. Барлық тіршілік иесі жылуды неден алады?

А. Күн. В. Жер С. Ай.

2. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік не деп аталады?

А. Дала В. Көкжиек С. Айна

3. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.

А. Сағат В. Тұсбағар С. Таразы.

4. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрініс.

А. Сурет В. Көлеңке С. Сұлба.

5. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді?

А. Масштаб

В. Сурет

С. Есеп.

6. Ауаның негізгі қасиеті:

А. Көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз

В. Ауыр,

С. Көрінеді, дәмді

7. Қатты cуықта су неге айналады?

А. Буға

В. мұзға

С. өзгермейді.

8. Адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі –

А, әдептілік.

В. мейірімділік.

С. Тазалық

9. Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.

А. Сызу В. Сурет. С. Масштаб

10. Суда тұрақты пішін .....

А. болады В. ұқсайды С. болмайды.

Ана тілі пәнінен тест сұрақтары.

1. Мұхтар Әуезов кім?

а) мұғалім

ә) ұлы жазушы

б) әнші


2. «Бидай мен Қаңбақ» мәтіні не?

а) әңгіме

ә) жыр

б) мысал


3. « Көксерек» әңгімесінің авторы кім?

а ) А.Құнанбаев

ә) М.Әуезов

б) Б. Соқпақбаев


4. Он кап, Он қапты қақ,

Он қапты қақ та, Қатта.

а) жұмбақ па?

ә)өлең бе?

б) жаңылтпаш па?


5. « Еңбекпен ел көгерер» мәтіні неге жатады?

а) әңгіме

ә) ертегі

б) өлең


6. « Байлық пен ақыл » ертегісінде мұрагер кім болды?

а) үлкен ұлы

ә) екінші ұлы

б) кенже ұлы


7. Бала Тұрар дәптеріне қандай сөздер жазды?

а) А, а

ә) Мұғалім,мектеп

б) Аспара,Қызыл жебе,Көке


8. « Райымбек бастауы » –деп нені атады.

а) сулы бастауды

ә) тауды

б) жерді


9. Киіз үйдің жабдығын ата?

а) алаша,киіз

ә) ойыншықтар

б) шаңырақ, уық,кереге


10. Абылай кім?

а) жазушы

ә) жыршы

б) хан


11. Құрманғазы кім?

а) жазушы ә) күйші б) жыршы

12. Атаң атты баптаға

Бәйге бермес Ақтабан

Құстай сергек ұйқысы,

Атаң сенің-жылқышы....өлеңі кімнен алынған?

а) Ж.Смақов «Айтшы әжетай»

ә) Ә.Табылдиев «Дақылдар әні»

б) Ф.Оңғарсынова «Археолог»


13. Сәкен Сейфуллин кім?

а) ғалым

ә) ақын,жазушы

б) дәрігер


14. Ахмет Жұбанов кім?

а) әнші

ә) ұлы ақын

б) сазгер, өнер суретші


15.«Жарайсың, Қоңыр қозым!» Бұл сөздер кімген арналған?

а) Абайға

ә) Мұхтарға

б) Шоқанға


16 Мәңгі масап жерді енд

Биік бол деп таулардан.

Сенің балғын бейнеңді

Жасап қойдық мәрмәрдан.

Бұл өлең жолдары кім туралы айтылған?

а) Ләззат

ә) Әлия

б) Мәншүк


17. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

а) Ю.Гагарин

ә) Тоқтар Әубәкіров

б) Талғат Мұсабаев


18. Жұмбақтың шешуін тап.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң,қолың тоңады.

а) қар ә) жаңбыр б) су


19. Бұл не? Анаға құрмет, Балаға міндет.

а) мақал ә) жұмбақ б) жаңылтпаш


20. Үстіме жалп-жалп жауады

Ақ тауықтың жүніндей,

Жайнатады даланы

Ақ жібектің түріндей.-деген үзіндіде қай жыл мезгілі суреттелген

а) көктем

ә) жаз

б) қыс

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
848
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі