400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

тест жұмыстары 11 сынып оқылым,тыңдалым бөлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жоғарғы сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер үшін өте пайдалы.Себебі,бақылау жұмысына арналған дайын тест жұмыстары жауаптарымен бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұн мен тұз

Бір сарайға ұн мен тұз қатар қоныстаныпты. Тұзбен танысқан ұн:

- Мен ұнмын. Менен нан пісіреді. Дастархандағы ас атаулының төресі мен боламын,-депті мақтаныпты. Сонда тұз:

- Дұрыс айтасың. Бірақ мен болмасам, сенде ........ болмас еді ғой, -депті. Өзінің ағаттығын сезген ұн құп-қу болып, тұрып қалған екен. Осыдан кейін екеуі достасып, дастарқанда қатар жүретін болыпты

1. Мәтіндегі ұн мен тұзды сипатта:

А) мейірімді, әзілқой В) қатаң, қатты С) сараң,кірпияз Д) мақтаншақ, ақылды

2. «Қоныстаныпты» тіркесінің мағынасы

А) келіпті В) орналасыпты С) достасыпты Д) кетіпті

3. Көп нүктенің орнына қандай сөз қойылады?

А) нәр В) дәм С) мән Д)дән

4. Мақалды толықтыр.

Астың дәмін ........ келтірер.

А) қант В) су Д) тұз С) бұрыш

5. Дастарханда бірге жүретін қандай тағамдар?

А) тұз бен қант В) картоп пен жуа С) қарайды D) қызарды

Менің  қарындастарым

         Бірде қолыма тамаша кітап түсті. Батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова жайында жазылыпты. Оқып шығып, ерліктеріне сүйсіндім.

Менің екі қарындасым бар. Біреуінің аты –Мәншүк, екіншісі –Әлия. Соларға қарап,батыр апаларым өз үйімде жүргендей қуандым. Қуана тұрып:

-          Маған да неге бір батырдың атын қоймадыңыз?-дедім әжеме. Әжем күліп алды.

Ұл бала өз ерлігімен, қайрат-жігерімен еліне танылуға тиіс. Әлия мен Мәншүктің ерлігі тылда еңбек етіп жүрген бізді жігерлендірген еді. Мына кішкене немерелерімді де солардың рухы жебесін деп ойладым. Екі батыр қыздың атын күн сайын үйімнен естіп отырғым келді,-деді ол. Мен әжемнің тапқырлығына сүйсіндім.                                         

6. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты табыңыз

А) табиғат-алтын бесік   В) менің қарындастарым С) менің әжем күлді. Д) әжемнің тапқырлығы

7. Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақалды анықта.

А) туған жердің ауасы да ем В) Қыз туса –елдің көркі С) Көппен көрген ұлы той

Д) Батыр туса- ел ырысы,  жаңбыр жауса-жер ырысы

 8.«Рухы жебесін» тіркесінің  мағынасы  қандай ?

А) келсін В) қолдасын С) марапаттасын Д) мақтасын

9.Мәтінге сай ақпаратты таңдаңыз

А)аналар балаларына көмектессін В) мұғалім әрқашан қолдасын С) әжем үнемі мақтасынД) ержүрек қыздар,оларға еліктеу

10.Ұл бала жұртқа қалай танылуы тиіс?

А)әркіммен танысу арқылы В)еңбектену арқылы С) қайраттылығымен,ерлігімен Д) ержүректілік, еліктешілік

















Тыңдалым

1) Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

А) Баянауыл тастары ертегілер еліне жетелей ме? В) Баянауыл туралы аңыздарды жинастырып жүрген кім? С) Шетелдік демалушылар үшін таптырмайтын мекен қайсы?

D) Баянауыл туралы жазылған қандай шығармаларды білесіз?

2) Мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз.

Аңыз бойынша кім ұрлық жасады?

А) күзетші В) бір жігіт С) жас батыр D) сиқыршы

3)Мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз.

А) Кемпіртас – Көкшенің тауы В) Баянауыл саябағының тарихы

С) Баянауылдағы Кемпіртас аңызы D) Жасыбай жылқылары туралы аңыз

4) Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас қандай?

А) Көкшенің тауы В) Бурабай С) Кемпіртас D) Жасыбай

5) Баянауылдай көрікті аймақта қандай жануарлар ерекше өсірілді?

А) сиыр В) жылқы С) қой D) түйе

6) Әр түн сайын ерекше жануардың ең семізін ұрлап кетіп отырған кім болды?

А) оқушы В) жігіт С) кемпір D) аш халық

7) Кемір мен жас жігіттің арасындағы шайқас қай мезгілде аяқталады?

А) таңға қарай В) күндіз С) түсте D) кешке

8)Кемір мен жас жігіттің арасындағы шайқас кімнің жеңісімен аяқталады?

А) кемпір В) жігіт С) жылқы D) жануар

9) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

......... суына шомылып,құмына қыздырынған адам оны ешқашан ұмытпайды.

А) Кемпіртас В) Бурабай С) Жасыбай D) Балқаш

10) Кемпір қайдан пайда болып жүрді?

А) аспаннан В)жерден С) жердің астынан D) басқа ғаламшардан





























Тыңдалымм

Баянауыл - көрікті аймақ. Ертегілер елі сияқты. Міне, осы өлкені отандық туризмнің орталығына айналдыруға болады. Әр тасының өзі туған өлкенің тарихынан сыр шертеді. Мұндай мекен - отандық, шетелдік демалып келушілер үшін таптырмайтын жұмақ жай. Жасыбайдың жағасында суға түсіп, құмға қыздырынған жан бұл өлкенің сұлу табиғатын ешқашан ұмытпайтыны - ақиқат.

Бұл аймақ туралы аңыздар да өте көп. Солардың бірі - Кемпіртас туралы аңыз. Кемпіртас - Баянауылдың ұлттық саябағындағы ең танымал тас. Ертеде жергілікті тұрғындар бұл жерде ерекше

жылқы тұқымын өсіріпті. Бұл аттардың бағасы қымбат болыпты. Оларды ең батыл жігіттер көздің қарашығындай күзетіпті. Алайда соған қарамастан, күнде бір жылқы жоғала беріпті. Түнде күзет қойылса да, бәрі де ұйықтап қала беріпті. Ақыры солардың арасынан жас батыр түнде ұйықтап қалмау үшін білегін кеседі. Түн ортасында жер астынан түрі қорқынышты кемпір шығады. Ол жылқылардың ішіндегі ең семізін таңдап алып, өзімен бірге жер астына әкетеді. Жас батыр

көргендерін ақсақалдарға айтып береді. Ол халқын сиқыршыдан құтқармақшы болады. Жігіт түнде мыстанның келер уақытын күтеді. Кемпір жерден шығады да жігітпен жағаласа кетеді. Жігіт мыстанмен түнімен алысып, әбден шаршайды.Кемпір де әлсірейді. Өйткені таң білінісімен, кемпірдің күші қайтады. Таң атқан кезде мыстан кемпір жердің астына түсіп үлгермейді. Таң арайлап атып,

күн сәулесі жер бетіне шашылады. Сол мезетте мыстанның басы мен денесінің жартысы тасқа айналып, қатып қалыпты. Халық арасында айтылып жүрген аңыздың бірі осы.

Оқылым 1-д,2-в,3-в,4-д,5-а,6-а,7-д,8-в,9-д,10-с


Тыңдалым 1-с,2-д,3-в,4-с,5-в,6-с,7-а,8-в,9-с,10с




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
3298
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі