400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест жұмыстары 6,7,8 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест оқушыларға арналған. Биология пәні бойынша білімді бекітуге арналған тест жұмыстары. Тест 6,7,8 сынып оқушыларына арналған. Әр бөлімді аяқтаған кезде білімдерін тиянақтау үшін алынады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сынып

1.Жасушааралық зат алмасу жүретін, көошілес жасуша цитоплазмаларын өзара байланыстыратын саңылаулар орналасады:

А) цитоплазмада

В) жасуша қабықшасында.

С) ядрода.

D) вакуольде.

Е) пластиттерде.

2. Сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат:

А) қабық

В) камбий

С) өзек

D) тін

Е) сүрек


3. Кактус тікенектері – түрі өзгерген:

А) жапырақ

В) өркен

С) жеміс

D) тамыр

Е) гүл


4.Інжугүлдің түрі өзгерген өркені:

А) сояу.

В) түйнек.

С) тамырсабақ.

D) шырынды сабақ.

Е) пиязшық.


5. Түйнек арқылы көбейеді:

А) бүлдірген.

В) құлпынай.

С) картоп.

D) қарағай.

Е) гиацинт (сүмбілшаш)


6. Өсімдікке жасыл түс беретін және органикалық зат түзуге қатысатын пластидтер:

А) хлоропластар.

В) хромопластар.

С) митохондриялар.

D) вакуоль.

Е) лейкопластар.


7. Бүлдіргеннің түрі өзгерген жер асты өркені – тамыр сабағы:

А) жатаған.

В) шырынды.

С) бұршақ тәріздес.

D) қысқарған.

Е) түйнке тәріздес.


8. Пияз, сарымсақ, қызғалдақ көбейеді:

А) түйнек арқылы.

В) тамырсабақ арқылы.

С) мұртшалары арқылы.

D) пиязшықтары арқылы.

Е) қалемше арқылы.


9.Жапырағы үшқұлақты күрделі жапырақ:

А) таңқурай.

В) қазтабан.

С) шие.

D) итмұрын.

Е) шетен.


10.Жасуша шырыны болады:

А) цитоплазма.

В) ядро.

С) хлоропласт.

D) вакуоль.

Е) митохондрия.


11. Алма мен терек жапырақтарының жүйкелкнуі:

А) саусақсалалы.

В) параллель.

С) үшқұлақты.

D) доғалы.

Е) қауырсын тәрізді торлы.




12. Гүлден дамиды:

А) жеміс пен тұқым.

В) жапырақ.

С) өркен.

D) тамыр.

Е) сабақ.


13. Гүл күлтелеріне, піскен жемістерге қызыл, сары түс беретін пластидтер:

А) хлоропластар.

В) хромопластар.

С) митохондриялар.

D) хлорофиллдер.

Е) лейкопластар.


14. Сабақтың әр буынында бір жапырақ қана болған жағдайдағы жапырақтың орналасуы:

А) қарама-қарсы.

В) жеке.

С) буынды.

D) кезектесіп.

Е) топтанып.


15. Генеративті мүше:

А) сабақ.

В) гүл.

С) өркен.

D) жапырақ.

Е) тамыр.


16. Жасушаның көбеюіне қатысады:

А) ядро.

В) вакуоль.

С) цитоплазма.

D) рибосома.

Е) митохондрия.


17. Сабақтың әр буынында екі жапырақтың бір-біріне қарма-қарсы бекіні орналасуы:

А) жұп.

В) қарама-қарсы.

С) топтанып.

D) буынды.

Е) кезектесіп.


18. Егер бір буында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, онда мұндай орналасу:

А) қарама-қарсы.

В) кезекткспі.

С) үш-үштен.

D) буынды.

Е) топтанып.


19. Фотосинтез процесі жүретін пластидтер:

А) лейкопластар.

В) хлоропластар.

С) хромопластар.

D) пропластидтер.

Е) амилопластар.


20. Тамыр ұшы аймақтарының дұрыс реті:

А) өсу аймағы, бөліну аймығы, сору аймығы, өткізу аймағы.

В) бөліну аймығы, сору аймығы, өткізу аймағы, өсу аймағы.

С) өткізу аймағы, өсу аймағы, сору аймығы, өткізу аймағы.

D) өткізу аймағы, бөліну аймағы, өсу аймағы, сору аймығы.

Е) сору аймығы, өсу аймағы, бөліну аймағы, өткізу аймағы.


21. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы:

А) жасушалар тобы.

В) мүше.

С) жапырақ жұмсағы.

D) ағза.

Е) ұлпа.


22. Күрделі жапырақ болады:

А) алмада.

В) асбұршақта.

С) еменде.

D) теректе.

Е) қайыңда.




23. Жасушалары үнемі бөлінуге қабілетті және өсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін ұлпа :

А) жабын.

В) тірек.

С) түзуші.

D) негізгі.

Е) қор жинаушы.


24. Өсімдік мүшелерінің сыртын қаптап, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын ұлпа:

А) жабын.

В) тірек.

С) түзуші.

D) негізгі.

Е) қор жинаушы.


25. Өсімдік тыныс алатын газ: А) сутегі.

В) азот.

С) оттегі.

D) көмір қышқыл газы.

Е) хлор.



























7 – сынып



  1. Органикалық дүниенің тарихи дамуындағы жануарлардың жоғарғы тобы:

А) жалпақ құрттар.

В) былқылдақденелілер.

С) буынаяқтылар.

D) жұмыр құрттар.

Е) желілілер.



  1. Ішекқуыстылардың баяу қозғалатын өкілі:

А) гидра.

В) маржан.

С) құлақты медуза.

D) медуза.

Е) актиния.



  1. Желілілерге жатпайтын жануарлар:

А) қандауырша.

В) балықтар.

С) құстар.

D) былқылдақденелілер.

Е) қосмекенділер.



  1. Суда тіршілік ететін сүтқоректі:

А) көртышқан.

В) түрпі.

С) бұлғын.

D) құндыз.

Е) кенгуру.



  1. Ағзаның қайта қалпына келуіне қатысатын ішекқуыстылардың жасушалары:

А) жүйке.

В) тері-бұлщық ет.

С) атпа.

D) ас қорыту.



  1. Омыртқасы жоқ желілі жануар:

А) қандауыршалар.

В) қосмекенділер.

С) құстар.

D) балықтар.

Е) бауырымен жорғалаушылар.



  1. Әктен түзілген қаңқаларынан рифтер түзілетін ішекқуыстылар:

А) гидралар.

В) актиниялар.

С) көпаяқты.

D) медузалар.

Е) құлақты медуза.



  1. Қандауыршаның кюбеюі мен дамуын зерттеген ғалым:

А) А.Ковалевский.

В) Н.Вавилов.

С) Ч.Дарвин.

D) С.Навашин.

Е) Л.Пастер.



  1. Паразит құрттарды зерттеумен айналысатын ғылым:

А) бриология.

В) палеонтология.

С) гельминтология.

D) микология.

Е) гистология.



  1. Кірпікшелі жалпақ құрттарға жатады:

А) сиыр таспа құрты.

В) сорғыш.

С) ақ сұлама.

D) мысық сорғыш.

Е) ішек сорғы.



  1. Жалпақ құрттардың сыртқы қимылына қатысатын бұлшықеттер:

А) сақиналы.

В) бірыңғай салалы.

С) ұзын.

D) қиғаш.

Е) көлденең жолақты.



  1. Жалпақ құрттардың аралық қыбыт қимылын реттейтін бұлшықеттер:

А) сақиналы.

В) бірыңғай салалы.

С) ұзын.

D) қиғаш.

Е) көлденең жолақты.



  1. Жер шарын мекендейтін жануарлар дүниесінің 80 пайыздан астамы мына типтің үлесіне тиеді:

А) қарапайымдар.

В) буынаяқтылар.

С) желілер.

D) құрттар.

Е) былқылдақденелілер.



  1. Жалпақ құрттарда болмайтын мүшелер жүйесі:

А) жүйке.

В) ас қорыту.

С) қан айналу.

D) жыныс.

Е) зәр шығару.



  1. Адам және жануарлар ағзаларында тіршілік ететін таспа құрттар:

А) эктопаразиттер.

В) ішексорғы.

С) қылқұрт:

D) эндопаразиттер.

Е) үшкіқұрт.



  1. Алғашқы қуыстыларға жатады:

А) ішекқуыстылар.

В) жұмыр құрттар.

С) былқылдақденелілер.

D) жалпақ құрттар.

Е) буылтық құрттар.



  1. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығарумен айналысатын ғылым:

А) ботаника.

В) селекция.

С) бриология.

D) палеонтология.

Е) микология.



  1. Жануарлар терісінің астында тіршілік ететін жұмыр құрт:

А) трихинелла.

В) ішек сорғы.

С) қылқұрт.

D) суыртқы.

Е) үшкіқұрт.



  1. Жануарлар бұлшық етінде паразитті тіршілік ететін жұмыр құрт:

А) трихинелла.

В) ішек сорғы.

С) қылқұрт.

D) суыртқы.

Е) үшкіқұрт.



  1. Сыртқы белгілері бойынша ұқсас және өзара буындасып өздеріне ұқсас ұрпақ бере алатын ағзалар бірігетін топ:

А) туыс.

В) түр.

С) бөлім.

D) тұқымдас.

Е) класс.



  1. Гидра денесі тұрады:

А) жасушалардың бір қабатынан.

В) жасушалардың екі қабатынан.

С) жасушалардың үш қабатынан.

D) жасушалардың төртқабатынан.

Е) жасушалардың көп қабатынан.



  1. Балықтардың тыныс алу мүшесі:

А) өкпе.

В) тері.

С) желбезек.

D) ауа қапшықтары.

Е) мантия (шапанша)



  1. Адамның және жануарлардың қанымен қоректенетін буылтық сақина тәрізді құрттар типінің класы:

А) аққылтандылар.

В) сорғыштар.

С) цепень.

D) көпқылтандылар.

Е) сүліктер.



  1. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласы:

А) гельминтология.

В) ихтиология.

С) маммалогия.

D) орнитология.

Е) герпетология.



  1. Зоология нені зерттейтін ғылым:

А) жануарлады.

В) физиологияны.

С) өсімдіктерді.

D) анатомияны

Е) гельминтологияны.





























8 – сынып



  1. Фагоцитоз құбылысын зерттеген ғалым:

А) Ч.Дарвин.

В) В.Гельмонт.

С) И.Мечников.

D) Т.Шванн.

Е) К.Тимирязев.



  1. Эпителий ұлпасының түріне жатпайды:

А) борпылдақ.

В) безді.

С) негізгі.

D) тығыз.

Е) кірпікшелі.



  1. Мінез-құлық, тәрбие, сөйлеу, есте сақтау, ойлау реттеледі:

А) үлкен ми сыңары қыртысы қызметі арқылы.

В) сопақша ми қызметі арқылы.

С) аралық ми қызметі арқылы.

D) ортаңғы ми қызметі арқылы.

Е) мишық қызметі арқылы.



  1. Сүйектердің қозғалмалы байланысы:

А) бунақ.

В) буын.

С) байланыс.

D) шеміршек.

Е) сүйек тігісі.



  1. Бас миының қабынуы – энцефалитті таратады:

А) үй жануарлары.

В) құстар.

С) кемірушілер.

D) кенелер.

Е) бунақденелілер.



  1. Адам «ақшам соқыр» ауруы кезінде:

А) алыс заттарды көрмейді.

В) заттарды жақыннан көрмейді.

С) кешкі уақытта заттарды ажырата алмайды.

D) күндіз заттарды ажырата алмайды.

Е) заттардың түсін ажырата алмайды.



  1. Жүрек жиырылуын жиілететін қан қысымын арттыратын гормон:

А) тироксин.

В) паратгормон.

С) инсулин.

D) эстроген.

Е) адреналин.



  1. Терінің күбірткі ауруында:

А) тері эпидермисі қабынады.

В) май бездері қабынады.

С) шаш ұясы қабынады.

D) саусақтағы тырнақ көбесі іріңдеп қабынады.

Е) тері бездері қабынады.



  1. Жүйке ұлпасының жасушасы:

А) нейрон.

В) нейрология.

С) эритроцит.

D) миоцит.

Е) нефрон.



  1. Нейронның ұзын өсіндісі:

А) сома.

В) дендрит.

С) аксон.

D) синапс.

Е) дене.



  1. Вегативтік жүйке жүйесі анатомиялық ерекшеліктері мен атқаратын қызметіне байланысты бөлінеді:

А) шеткі және орталық.

В) шеткі және соматикалық.

С) орталық және симпатикалық.

D) симпатикалық және парасимпатикалық.

Е) соматикалық және вегативтік.



  1. Симпатикалық вегативтік ядро орналасады:

А) үлкен ми сыңары қыртысында.

В) сопақша мида.

С) ортаңғы ми.

D) мишықта.

Е) жұлында.



  1. Шеткі жүйке жүйесіне жатады:

А) жүйкелер мен жүйке түйіндері.

В) бас миының үлкен ми сыңары.

С) ақ зат.

D) ортаңғы ми.

Е) сұр зат.



  1. Жүйке жүйесі мен бүйрек функцияларын реттеу жүзеге асырылады:

А) аралық мимен.

В) сопақша мимен.

С) ортаңғы мимен.

D) мишықпен.

Е) жұлынмен.



  1. Рефлекс - ...

А) жүйке қозуы қабылданып және жұмысшы мүшеге жетуі.

В) ағзаның жүйке жүйесі арқылы тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы.

С) қозудың сезімтал нейроннан қозғалтқыш нейронға жалғасуы.

D) қозудың жұмысшы мүшеге берілуі.

Е) жүйке ұопасының қозғыштығы.



  1. Қозғалысты реттеуге қатысатын бас миының бөлігі:

А) алдыңғы.

В) сопақша.

С) мишық.

D) ортаңғы.

Е) аралық.



  1. Гиподинамия бұл –

А) белсенді өмір сүру.

В) қозғалыстың төмендеуі.

С) дене бітімінің бұзылуы.

D) жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі.

Е) тірек-қимыл жүйесінің ауыруы.



  1. Жұлынның диаметрі;

А) 0,5 см

В) 1 см.

С) 1,5 см.

D) 2 см.

Е) 2,5 см.



  1. Ішкі секреция (сөлініс) бездеріне тән қасиет:

А) бөлінген гормонның қанға бірден түсуі, себебі бездерде арнаулы өзектері болмайды.

В) бөлінген гормон қанға түседі және арнаулы өзектері арқылы сыртқа шығарылады.

С) гормондары жүйелік реттелуге қатысады.

D) гормондарының ас қорыту жүйкесіне ғана әсері.

Е) бөлінген сөлдің ас қорыту мүшелеріне түсуі.



  1. Жұлын тұрады:

А) ақ заттан.

В) сұр заттан.

С) сары заттан.

D) ақ және сұр заттан.

Е) сұр және сары заттан.



  1. Нейрон жасушаларынан тұратын ұлпа:

А) эпителий.

В) дәнекер.

С) жүйке.

D) сүйек.

Е) бұлшық ет.



  1. Жұлыннан екі жаққа таралатын аралас жұлын жүйкелерінің саны:

А) 30 жұп.

В) 31 жұп.

С) 32 жұп.

D) 33 жұп.

Е) 34 жұп.



  1. Физиология ғылымы зерттейді:

А) біртұтас ағза, жеке жасушалар, мүшелер, мүшелер және олардың жүйелерінің қызметін.

В) ағзаның, оның мүшелері, ұлпалар, жасушалардың құрылысын.

С) тірі ағзалардың құрсақ ішіндегі дамуын.

D) адам денсаулығын сақтау шараларын.

Е) органикалық дүниенің даму тарихын.



  1. Инсулин гормоны бөлінетін без:

А) гипофиз.

В) эпифиз.

С) бүйрек үсті безі.

D) жұмыртқа безі.

Е) ұйқы безі.



  1. Гигиена ғылымы зерттейді:

А) органикалық дүниенің даму тарихын.

В) ағза, оның мүшелері, ұлпалар, жасушалардың құрылысын.

С) біртұтас ағза, жеке жасушалар, мүшелер, мүшнлер және олардың жүйелері қызметін.

D) адам денсаулығын сақтау жағдайларын.

Е) өсімдіктер мен жануарлар ұлпаларын.





























«Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекеме география, биология, химия, өзін-өзі тану әдіс бірлестігінің 06.10.14 – 18.10.14 аралығында өткен апталықтың анықтамасы.



06.10.14 апталықты Қайнарова Е.Н, Турганова Э.Р мектеп апталығында ашты.

09.10.14 «Золотая осень» мәнерлеп өлең оқу сайысын Абдыкалыкова З.К өткізді. 7 А сынып оқушысы Ж.Жумабаев өте жақсы мәнерлеп оқып І орын алды. ІІ орын

ІІІ орын

10.10.14 «Мир самопознание» тақырыбында Турганова Э.Р сабақтан тыс мектепішілік іс-шара өткізді. 6-9 сыныптар қатысып, өте жоғары дәрежеде өтті.

10.10.14 «Внешнее и внутренее строение корня как вегативного органа» тақырыбында биология пән мұғалімі Абдыкалыкова З.К 6 В сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ топтық тәсілмен өтті. Сабақ мақсатына жетті жоғары дәрежеде өткізді. Ашық сабақ тақырыбы басылымға жіберілді.

11.10.14 - 5 А сыныбымен өзін-өзі тану пәні бойынша Е.Н.Қайнарова «Жақсы көңіл күй – жан шуағы » тақырыбында ашық сабақ өткізді. Топпен жұмыс болды, оқушылар белсенді, өз ойларын толық жеткізе білді, сахналық көріністер көрсетті. Сабақ мақсатына жетті.

11.10.14 – 9а сыныбымен химия пән мұғалімі А.Талас «ӘДТ тұрғысынан негіз ерітінділерінің химиялық қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ аралас сабақ болды. Мұғалім білімділігін көрсете білді. Сабақ жақсы өтті.

«Біз болашақ химикпіз» тақырыбында 9 А, 9 Ә сынып аралығында сыныптан тыс сайыс сабақ өткізді. 6 оқушыдан 2 топ болды:

І топ – «Атом»

ІІ топ – «Молекула»

9 А сыныбы жеңіске жетті.

13.10.14 – 9 В сыныбымен «Химические свойства растворов солей с точки зрения теории электролитической диссоциации» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ аралас сабақ болды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мұғалім мақсатына жетті. Өте жақсы өтті.

14.10.14 – 8 А сыныбымен «қазақстан жазықтары, үстірт, қыраттары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ түрі жаңа форматты сабақ. Оқыту әдісі Джексу әдісі. Оқушылар топқа бөлінді. Әр топ тапсырма алды, 10 минут уақыт берілді. Топтағы әр оқушы сөйледі. Топтың ынтымақтастығын көрдік. Сабақ қызықты өтті.

Аптаның соңы 5-8 сыныптар арасында «Ең әдемі экибана » сайысы мен қабырға газеті сайысымен қорытындылап сыныптарға, оқушыларға орын берілді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
1514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі