15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тест жұмысы
Тест жұмысы
1 - нұсқа
1. Көне қалалар ненің бойында орналасқанын белгілеңіз.
а) Биік таудың бойында в) Ұлы Жібек жолының бойында с) Солтүстік аймақта
д) Мұхиттың бойында е) Бұғаздың бойында
2. Түркістанның көне атауларын анықтаңыз.
а) Сайрам, Сарайшық в) Сауран, Янги с) Жамбыл, Ақсу
д) Шағбар, Яссы е) Ақтөбе, Атырау
3. Қасиетті Түркістан қаласындағы тарихи ескерткішті белгілеңіз.
а) Айша бибі в) Арыстанбаб с) Қожа Ахмет Йасауи д) Қарахан е) Шамансұр
4. Отырар қаласы ... рет қирап, ... рет жаңарған.
а) үш в) бір с) екі д) бес е) төрт
5. Ертеде «Фараб» немесе «Бәрәб» деп аталған қаланы белгілеңіз.
а) Яссы в) Тараз с) Отырар д) Жамбыл е) Түркістан
6. Арыстанбаб кесенесі қай қалада орналасқанын көрсетіңіз.
а) Сарайшық в) Яссы с) Тараз д) Түркістан е) Отырар
7. Тараз қаласы қай ғасырда гүлденгенін белгілеңіз.
а) V –VІ в) VІ - VІІ с) VІІ – VІІІ д) Х -ХІІ е) ХІІ - ХІІІ
8. Дыбысталуы әртүрлі, бірақ мағыналары жақын сөздерді атауын табыңыз.
а) синоним в) омоним с) антоним д) фразеологизм е) дифтонг
9. Тараз атауы қашан қайтарылғанын көрсетіңіз.
а) 1995 в) 1997 с) 1993 д) 1999 е) 1991
10. Қарама-қарсы мәндес сөздерді белгілеңіз.
а) көп, мол в) жаз, алма с) оқу, оқушы д) мен, сен е) көне, жаңа
11.Еріндік дыбыстардың қатарын табыңыз?
А)а,о,ұ,у.ы В)а,ә,о,ө,е,э С)ы,і,и,ұ,ү Д)о,ө,е,ү,у Е)ә,ө,е,ү,і
12.Қай сөзде қате бар?
А)әріпі В)халқы С)ойна Д)оқу Е)алтау
13.Ұяң дауыссыздан бастаоған қосымшаны табыңыз?
А)терезелер В)қызға С)жастығымызға Д)доптың Е)баласыңдар
14. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.
А)
қаршыға В) құмырсқа С) қарға Д) қасқыр
Е) қарағай
15.
Буынға бөлінбейтін сөзді анықтаңыз.
А)
әке В) қиын С) тарс Д) отан Е) кие
16.
Ашық буынды көрсетіңіз.
А) Мен қарбыз алдым В) Нұрланнан хат алдым
С) Ертең төрт рет ойнаймыз Д) Асқардан ойыншық алды
Е)
Қыстай аппақ қар жауған жоқ
17. Үш
буынды сөзді табыңыз.
А)
күрілдеуік В) уақыт С) дауылпаздай Д)
әділет Е) тыйым
18. Тұйық буынды сөзді
табыңыз.
А)
ұлт В) дауа С) қайық Д) елім Е) оқу
19.
Бірыңғай жіңішке буынды сөзді табыңыз.
А) әлдеқашан В) жолдас С) ғарышкер Д) әріптес Е) әрқалай
20. Ашық- тұйық- бітеу буынды сөзді табыңыз.
А) қатысқан В) жұрағат С) туысқан Д) жиналыс Е) қиылыс
Тест жұмысы
2 - нұсқа
1.
«Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А)
Әдепті. В) Әдемі.
С) Сыпайы. Д) Мықты. Е) Салмақты.
2.
Буын түрін анықтаңыз.
A) Тұйық.
В) Жалғау. С) Жалаң. Д) Буын. Е)
Тасымал.
3. — дар, — дер, — тар, — тер,
— лар, — лер жалғаудың қай түріне
жататынын көрсетіңіз.
А) Септік. В)
Жіктік. Д) Көптік. C) Тәуелдік. Е)
Етістік.
4. Төл сөзді сөйлемді
белгілеңіз.
А) Сен дегенде сөз бар
ма? B) «Келешек — өткен тарихты
қорғау», — дейді Олжас Сүлейменов.
С)
Балалардың соңғы ермегі -«Ақсүйек»,
«Соқыр теке». Д) Сауатты болу дегеніміз
— дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу. Е) Әй дер
әже, қой дер қожа жоқ.
5. Берілген
сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...
А)
Ынтымақ күні. В) Конституция
күні. С) Тәуелсіздік күні. Д) Республика
күні. Е) Жеңіс күні.
6. Қазақстанның
көне қаласын белгілеңіз.
А) Астана.
В) Орал. С) Ақтау. Д) Отырар. Е)
Атбасар.
7. Зергерлік бұйымдарды
белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш.
В) Кесе, қасық, пышақ. С) Кітап, дәптер,
қалам. Д) Шолпы, білезік, сырға,
қапсырма. Е) Қару — жарақ, ер — тұрман,
қоржын.
8. Қазақ халқының ұлттық ойынын
белгілеңіз.
А) Шахмат. В) Дойбы. С)
Баскетбол. Д) Тоғызқұмалақ. Е)
Лото.
9. Күзден кейін келетін жыл
мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта. B) Қыс.
С) Жаз Д) Күз. Е) Көктем.
Тек
үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А)
Сапар. В) Айман. С) Алпыс. Д) Азат.
Е) Аймақ
11. Көне қалалар ненің бойында орналасқанын белгілеңіз.
а) Биік таудың бойында в) Ұлы Жібек жолының бойында с) Солтүстік аймақта
д) Мұхиттың бойында е) Бұғаздың бойында
12. Түркістанның көне атауларын анықтаңыз.
а) Сайрам, Сарайшық в) Сауран, Янги с) Жамбыл, Ақсу
д) Шағбар, Яссы е) Ақтөбе, Атырау
13. Қасиетті Түркістан қаласындағы тарихи ескерткішті белгілеңіз.
а) Айша бибі в) Арыстанбаб с) Қожа Ахмет Йасауи д) Қарахан е) Шамансұр
14. Отырар қаласы ... рет қирап, ... рет жаңарған.
а) үш в) бір с) екі д) бес е) төрт
15. Ертеде «Фараб» немесе «Бәрәб» деп аталған қаланы белгілеңіз.
а) Яссы в) Тараз с) Отырар д) Жамбыл е) Түркістан
16. Арыстанбаб кесенесі қай қалада орналасқанын көрсетіңіз.
А) Сарайшық в) Яссы с) Тараз д) Түркістан е) Отырар
17. Тараз қаласы қай ғасырда гүлденгенін белгілеңіз.
а) V –VІ в) VІ - VІІ с) VІІ – VІІІ д) Х -ХІІ е) ХІІ - ХІІІ
18. Дыбысталуы әртүрлі, бірақ мағыналары жақын сөздерді атауын табыңыз.
а) синоним в) омоним с) антоним д) фразеологизм е) дифтонг
19. Тараз атауы қашан қайтарылғанын көрсетіңіз.
а) 1995 в) 1997 с) 1993 д) 1999 е) 1991
20. Қарама-қарсы мәндес сөздерді белгілеңіз.
Түркістан
Түркістан – қазақ халқының рухани астанасы. 2000 жылы Түркістан қаласының 1500 жылдық тойы болды. Ол Қаратау мен Сырдария өзенінің ортасында, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Бұл кезде қала Шағбар деп аталатын. Мұсылман діні келгеннен бастап қала Яссы деп аталған. Ақын Қожа Ахметтің Йасауи болатын тұс.
Тәуке хан, Жәңгір хан, Абылай хан сияқты хандар осы қалада елді басқарған. Сонымен қатар олардың жанында атақты билер, жыраулар өмір сүрген.
Түркістан «түріктер мекені» деген сөз.
Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген.
Түркістан өзінің Қожа Ахмет Йасауи кесенесімен танымал. Қожа Ахмет Йасауи – түркі әлемінің
рухани көсемі. Оның қабірінің басында үлкен ғимарат бар. Оны атақты қолбасшы Ақсақ Темір салғызған.
Мұнда күн сайын көптеген саяхатшылар келеді.
Отырар
Отырар – қазақ халқының ең көне қалаларының бірі. Бұл қала 2000 жыл өмір сүрген.
Ежелде Отырар қаласының орнында Фараб немесе Бәрәб атты үлкен қоныс болған.
«Бәрәб» - ежелгі түркі сөзі. Ол «сулы қоныс» деген мағынаны білдіреді. Шаһар Арыс пен Сырдария өзендерінің қосылған тұсында орналасқан еді. Ежелгі Отырар қаласының орны қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында жатыр.
Отырар қаласы - өз тарихында сұрапыл соғыстан үш рет қирап, үш мәрте тірілген іргелі орын.
Отырарда медресе, мешіт, базар, монша тағы басқа да ғимараттар болған.
Отырар орнында бұл күндері жалғыз қалған құрылыс – Арыстанбаб ғимараты. Ол ХV ғасырда салынған. Арыстанбаб әулие аты аңызға айналған тұлға болған.
Арыстанбаб – Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі. Ол туралы: «Арыстанбаб - әрі ақын, әрі жұлдызға қарап адам тағдырын болжайтын көріпкел» деген дерек бар.
Ол – Қожа Ахмет Йасауидің ұстазы.
Отырар – Азия мәдениеті мен тарихының белді тұлғалары мен байланысы бар ерекше қала.
Ол Шығыстың ойшылы Әбу Насыр Әл Фарабидың Отаны болып саналады.
Тараз
Қазіргі Қазақстанның Таразы – 300 мыңнан асатын халқы бар қала.
Орта Азия мен Қытай мемлекеттерін байланыстырған Ұлы Жібек жолы қазақ жерінен өткен. Өлкеміздекеруен жолын бойлай ірілі-ұсақты бекіністер мен қалалар пайда болған. Солардың бірі әлемге әйгілі көне қала – Тараз.
Тараз қаласының іргетасы біздің заманымыздың шамамен І ғасырында-ақ қаланған. Ондағы түрлі ғимараттар мен сәулетті құрлыстар археологтарды таң қалдырған. Тараз Х – ХІІ ғасырларда Қарахан хандығы заманында гүлденіп дамыды. Сол кезде қаланған Айша бибі, Бабажы қатын, Тектұрмас, Шамансұр (Дәуітбек) кесенесі тарихи ескерткіштер болып саналады.
Тараз қаласының тарихымен түрлі себептерге байланысты атының өзгеруі.
Тараз ортағасырда Янги, 1853 - Әулие Ата, 1936 – Мирзоян, 1938 – Жамбыл деп аталған.
Ал, 1997 жылы қаңтар айында ежелгі Тараз аты қайтарылып берілді. Қазіргі уақытта Тараз гүлденген жасылқалаға айналды.
Сайрам
Ежелгі Сайрам қазақ жерінің рухани орталығы болған. Ойшылдар, философтар, әулиелер, дін таратушылар шыққан жер.
Сайрамда бүкіл түрік халықтарының рухани көсемі Ахмет Ясауи 1103 жылы дүниеге келген.
Сайрамның Х – ХІІІ ғасырлардағы аты – Испиджаб, соғды тілінде «Ақсу» дегенді білдіреді.
Сайрам – орта ғасырда қолөнерімен атағы шықты. Мұнда ақ мақта, былғары, қару-жарақ шығарылды. Алтын-күмістен асыл бұйымдар дайындалды.
Сарайшық – ХІІІ ғасырдың басында Жайық өзенінің жағалауында негізі қаланған, орта ғасырдағы ірі саяси, мәдени және сауда орталығы.
Ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолының бойында орналасқан.
ХІV ғасырда Сарайшық Ақ Орда мемлекетінің, содан кейін ноғай ұлысының орталығы болған. ХV ғасырдан бастап, ол қазақ хандығының әйгілі астаналарының бірі ретінде саналған.
Сауран ерте уақыттарда Түркістан, Ташкент, Сығанақ, Жанкент т.б. қалаларымен қатар қазақ хандығының сауда, шаруашылық, саяси-экономикалық және әскери орталығы болған. ХVІ ғасырда қазақ хандары қаланы сумен жабдықтау үшін кәріздер жүйесін қолданған. Кәріз – дегеніміз жер астындағы каналдар. Үндістаннан 500 – дей құл әкеліп, бүкіл қаланың астынан кәріздер қаздырып, сумен қамтамасыз еткен. Қазақ жылқысының асыл тұқымдарының бәрі – сауран ат. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Сауран кішігірім қыстақ болып қалады
10- 9 дұрыс жауапқа «5» деген баға
8-7 дұрыс жауапқа «4» деген баға
6-5 дұрыс жауапқа «3» деген баға
5 төмен жауапқа «2» деген баға қойылады.
Жауап кілттері:
І тапсырма
1 в
2 д
3 с
4 а
5 с
6 е
7 д
8 а
9 в
10 е

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген