400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тест Мағжан Жұмабаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаев
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мағжан Жұмабаев

Мағжан Жұмабаев – бес арыстың бірі, Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.

Ол Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дәулетті отбасында дүниеге келген. Ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-10 жылдары Қызылжардағы М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Онда Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренеді. 1913-16 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, «Қазақ» газетіне өз өлеңдерін жариялайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. «Алаш» партиясының Ақмола облысы комитетінің мүшесі болды. Екінші жалпықазақ съезінде делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті. 1918-19 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті.

Ақын поэзиясындағы құнарлы арнаның бірі – түркі тақырыбы, түркі халықтарының бірлігі тақырыбы. Қазақ елін әлемдік мәдени жетістіктерге қол жеткізуге қандай күш кедергі деген сауал қойып, оған басты кедергі – отаршылдық деген шешімге келді. (181 сөз)


Ғаламтор материалы:


16. Мәтінде қандай шығыс ақындарының есімдері туралы айтылғанын белгілеңіз.

А) Сағди, Қашқари, Баласағұни, Хафиз, Науаи, Низами

В) Сағди, Фирдоуси, Баласағұни, Хафиз, Науаи, Низами

С) Сағди, Фирдоуси, Омар Һайям, Хафиз, Науаи, Низами

D) Фирдоуси, Фараби, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи

Е) Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Кутб, Науаи


17. «Отаршылдық» деген сөзінің анықтамасын белгілеңіз.

А) Басқа ұлттан өз елін қорғау

В) Тәуелсіз ел

С) Әлемдік жетістіктерге қол жеткізу

D) Тәуелді етушілік, отар етіп билеушілік

Е) Кедейшіліктің белгісі


18. Мағжан өз өлеңдерін қай газетке жариялағанын белгілеңіз.

А) «Алаш»

В) «Айқап»

С) «Қазақ»

D) «Сардала»

Е) «Дала уалаяты»


19. Мәтінде айтылмаған ойды белгілеңіз.

А) 1917 жылы Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды.

В) 1913-16 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқыды.

С) 1914-17 жылдары Павлодарда мұғалімдік қызметін атқарды.

D)1905-10 жылдары Қызылжардағы М. Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды.

Е) 1918-19 жылдары Петропавл уездік земство басқармасында қызмет етті.


20. Мәтін ішінде бес арысқа жататын қайраткерлерді белгілеңіз.

А) М.Бегишев, М.Жұмабаев, Ә.Бөкейханов

В) Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов

С) Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Бегишев

D) А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов

Е) Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.01.2023
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі