400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест «Қаһарлы күндер» романынан

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қаһарлы күндер» романынан
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қаһарлы күндер» романынан


Соғыс даласының әлі де қызуы басылмаған, бусанып тұр. Төгілген ыстық қан бу болып көкке ұшқандай, кейде ауадан жылымшы қан иісі де келіп кетеді. Окоп сыртында да сірескен өліктер жатыр. Жаңа ғана бірге қимылдап, бірге таныстап жүрген жолдастар мәңгі қоштасты. Осы взводқа ұйытқы болып, елден ерек қажыр көрсеткен Кусков енді жоқ. Ыстық жүрек, дамылсыз қайрат сөніп, суық дене шалқасынан жатыр. Басынан құлақшыны ұшып кетіпті. Жақсы мінезді, еңгезердей икемсіз Дәурен де жоқ. Жырынды болып қалған, қисық тартатын қыңыр Добрушкин... Бұлардың бәрі Ержанға етене болып кеткен адамдар еді. Бауыр етін бөлшектеп кесіп алып жатқандай көрінді. Кейбір сәтте өзінің де тірі екеніне сенбей қалады.

Ержан шошып кетіп, қалт кейін шегінді. Окоп ішінде топырақ астынан қолы мен шинелінің шалғайы шығып жатқан өлікті басып кете жаздапты. Ол азғана секунд есеңгіреп қалшиып тұрды да, тез еңкейіп, қолымен топырақты қазып, өліктің басын көтеріп алды. Топырақ астынан құп-қу болып Зелениннің беті көрінді. Ержан Зеленин өлді дегенге сенбей, азғана уақыт оның жансыз бетіне қадала қарады.

Окоп бойы қансырап, талықсып қалғандай сұлық. Азғана адамның үштен бірге жуығы қаза тапқан, қатардан шыққан. Өзгелері әбден қалжыраған. Ержан үнсіз траншеяны бойлап жүре береді. Адамның қажырын алып, бүкіл денесін қорғасындай басатын қазаның зіл салмағынан арылды. Енді қызу әрекет ету керек. Болмаса қырғын ұрыстың зілі өзінің де, өзгелердің де еңсесін басып кетеді. (206 сөз)

Т. Ахтанов


1. Оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.

1) Енді қызу әрекет ету керек.

2) Окоп сыртында да сірескен өліктер жатыр.

3) Ержан шошып кетіп, қалт кейін шегінді.

4) Бұлардың бәрі Ержанға етене болып кеткен адамдар еді.

5) Өзгелері әбден қалжыраған.


А) 5,4,3,2,1

В) 1,2,3,4,5

С) 3,5,2,4,1

D) 4,3,1,5,2

Е)2,4,3,5,1


2. Ержан күш жігерін жинауы қай азат жолда көрсетілгенін белгілеңіз.

А) 1

В) 2

С) 3

D) 1-2

Е)1-3


3. Мәтіннің негізгі идеясын көрсетіңіз.

А) Рухын көтеру

В) Еңсесі құру

С) Етене болып кеткен адамдар

D) Зелениннің қазасы

Е) Жауынгерлердің қашуы


4. Мәтіннің тірек сөздерін табыңыз.

А) Сержан, соғыс, қырғын

В) Той, Ержан, топырақ

С) Окоп, бәйге, соғыс

D) Топырақ, домбыра, соғыс

Е) Соғыс, Ержан, қырғын


5. «Зіл» сөзінің мағынасын көрсетіңіз.

А) Мықты

В) Бұйрық

С) Пір

D) Ауыр

Е) Қайғы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13.01.2023
471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі