Тест Саятшы Ораз

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест Саятшы Ораз

Материал туралы қысқаша түсінік
Саятшы Ораз
Материалдың қысқаша нұсқасы

Саятшы Ораз

Ораз ең алдымен мерген болды деседі және жалғыз оқты шитімен ғана атады екен. Бертініректе аспанда зырлап ұшып бара жатқан үйректі шитімен атып түсіргенін өзім де көзіммен көрдім.Ес біліп, қасына ерген кездерімде Ораздың атқан оғы тимегенін көрген емеспін. Өзгелер де: «Ораздың атқаны өмірде мүлт кеткен емес» деседі. Оның екі түрлі мергендігі елдің есінде ерекше сақталған.

Ораздың бір мергендігін былайша сипаттасады жұрт: тағы бір жазда, ел жайлауда отырғанда той болады. Тойға жиналған жұрт, көлдің жағасындағы көк майсаға отырып, алдарына табақ тартылған кезде, аспанның биігіне шығып ап бір бозторғайды қуып жүрген тұрымтайды көреді. Тұрымтай шалған сайын бозторғай биіктеп ұша береді.Бозторғайды аяған жұрт «бұ бейшара неге төмен қарай ұмтылмайды, неге жоғарылай береді» десе, біреу «төмендесе-ақ қағып түспей ме тұрымтай, соны біліп жоғарылап барады» дейді. Аздан кейін бозторғайдың екпіні бәсеңдеп, тұрымтайдың екпіні күшейе бастағанын көреді жұрт. «Апыр-ай, енді шалады-ау, бейшараны!..» деп аяған жұрт шуласа бастаған кезде, жиынның арасынан мылтықтың даусы гүрс ете қалады. Со кезде торғайды ілгелі жүрген биіктегі тұрымтай қан көбелек ойнап, төмен қарай құлдырай құлайды. Жұрт «не болды бұған?» деп таңданса, тұрымтайды атып түсірген Ораз екен!

Ораздың мергендігі осындай болса, құсбегілігі одан да бетер болған. Есін білгелі қыс бүркіт салудан, жаз қаршыға мен тұйғын салудан қол үзбеген. Алғыр құстардың ішінде ілуде біреуі ғана болмаса, бабын тауып қайыра алмайтыны ителгі деседі. Ораз осы ителгіні де қайырып салған екен.

  • Менің малым көп, - деп қалжыңдайды Ораз.

  • Қайдағы мал? – деп сұрағандарға:

  • Көктің құсы, жердің аңы түгелімен менікі, олар барда мен аштан өлмеймін, көштенқалмаймын, - дейді екен. (246 сөз)

С.Мұқанов


Ғаламтор материалы:


11. Мәтін қандай үлгіде жазылғанын көрсетіңіз.

А) Әңгіме

В) Мақала

С) Өсиет

D) Хат

Е) Поэма


12. Мәтіндегі құстардың атауларын белгілеңіз.

А) Қаршыға, тұйғын, тұрымтай, қырғауыл, бүркіт, ителгі

В) Қаршыға, дуадақ, тұрымтай, бозторғай, бүркіт, ителгі

С) Қаршыға, қыран, тұрымтай, бозторғай, бүркіт, ителгі

D) Қаршыға, тұйғын, тұрымтай, бозторғай, сауысқан, ителгі

Е) Қаршыға, тұйғын, тұрымтай, бозторғай, бүркіт, ителгі


13. Ораздың құсбегілігі қай азат жолда көрсетілгенін белгілеңіз.

А) 3

В) 4

С) 1

D) 2

Е) 5


14. Мәтінде айтылмаған ойды белгілеңіз.

А) Ораздың құсбегілігі

В) Ораздың мергендігі

С) Тойға жиналған жұрт

D) Қырғауылды қуып жүрген тұрымтай

Е) Тұрымтайдың төмен қарай құлауы


15. «Ес біліп» сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.

А) Ақыл тоқтатып

В) Дүние танып

С) Ойланып

D) Есейгелі

Е) Қартайғалы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2023
555
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі