Материалдар / Тест сұрақтары

Тест сұрақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сынып оқушыларына арналған тест сұрақтары оқушыларды алған білімдерін тексеруге арналған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
371
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұнайлы ауданы№ 5 орта мектеп



















Тақырыбы: «Мен және менің мамандығым»











Педагог-психолгі: Умбетова Тилектес













2015-2016 жыл

«Мен және менің мамандығым»

«Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу- үлкен өнер»З.Фрейд. «Менің үнемі ұмтылған тілегім – қалайда пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады»,-қазақтың бір туар жазушысы Ыбырай Алтынсаринның қанатты сөзін серік ете отырып, осы тақырыпты таңдаған болатынмын.Бүгінгі дағдарыс заманында, адам жанының емдеушісі- психолог мамандығы. Бұрындары психолог қызметін абысын-жеңгелер, құрбылар атқарса,қазір бұл кісілер бір-бір маман иелері. Олардың мұны тыңдап, кеңес беру уақыт тапшылығына тіреледі. «Білекке сенер заманда – ешкімге есе бермедік, Білімге сенер заманда – қапы қалып жүрмелік» дегендей, XXI ғасыр – психологтар ғасыры, ия расында да, біздің өміріміздің арқилы болғандықтан, үнемі алдымызға бірнеше мақсаттар қоямыз. Қазіргі дағдарыс заманында бұл мақсаттарды орындау жүйкеге салмақ түсіретіндігі анық. Таусылмайтын проблемалар, келеңсіз оқиғалар жеке қасиеттер мен дағдыларды дамытуға үлкен күш-жігерді талап етеді. Осы тұста психолог, дағдылар мен іскерлікке ие және сол қасиеттерін басқалармен бөлісе алатын ғажайып тұлға иесі.Адамды – бүкіл тіршілік әлемінен ерекшелейтін – оның ерекше жетілген психикасы. Сол психиканың дұрыс дамуына ықпал ететін, әрине психологтар. Мамандық аясында менің басыт бағытым-жан-жақты дамыған, өзіндік «Мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасу үшін оның бойындағы түрлі жағдаяттарды ескеріп, оның позициясында болу керек. Кез-келген жағдайда үйлесімді қарым-қатынас орнатып, ғажайып әлемнің сиқыршысы өзі екендігін мойындатып қана қоймай, орындай алудағы сенімділігін арттыруға көмектесу қажет. Осы мамандық бойынша оқу бітірген соң, Мұнайлы ауданындағы № 5 орта мектепке педагог-психолог болып орналастым. Мамандыққа деген қызығушылығым, жұмыс барысындағы түрлі оқиғалар мен шыдамдылық пен үміт ошағы түрткі болды. Бұл мотивция өзімен және өзгелерге деген көзқарасымды өзгерте бастады. Осылайша оқу орнымдағы меңгерген теорияларымды практикалық тұрғыда анализ жасауға бел будым.Мен кеше ғана бітірген жас маман болсамды өз ортамның басқышын қалыптастырдым. Әзірше, психология әлемінің бастапқы басқышындамын. Десекте, мен өз әлемімдегі құндылықтарды дамытып өзге жандардың жүрісіне жол табуға деген құштарлық ешқашан сөнбек емес. Оларға қуаныш силау арқылы менің әлемім қалыптасады және тазарады. Жұмсақ сезім мен байсалды ісім арқылы өз әлеміме қызықтырмақ, жақсылыққа баулимын.Адасқанның жолын тауып, жол көрсеткішімін.Жер бетінде қаншама адам болса, сонша мінезге адами қасиет сыйлайтын әлемім бар. Әрбір тұлғаның психолог көмегіне жүгінуі , заман талабының тілімен туындап отыр.Себебі психолог-өзінің білімі мен біліктілігіне сүйене отырып өзгелерді тығырықтан шығаруға көмектесетін  ізгі жан. Психолог — өзін терең  түсіне  жүріп, өзгелердің жан — дүниесін түсінуге, зерттеуге ұмтылатын зерттеуші. Психолог — жәрдемші, психолог — көмекші. Психолог өзгелердің жанын ауыртпайды, керісінше жан — дүниесі күйзеліске түскен жандарға өзінің психология әлемін шарлап, жанына дауа іздеуші. Сондықтан бұл жас ғылым болса да, қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан қалмақ емес. Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш – жігерім мен білімімді сала бермекпін. Сол үшін өзімнің ғажайып әлеміме басымды иемін.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ