400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тест «Шыңырау» повесінен үзінді

Материал туралы қысқаша түсінік
«Шыңырау» повесінен үзінді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шыңырау» повесінен үзінді


Еңсеп көзін тарс жұмып ұзақ тұрып қалды. Біраздан соң қайта ашты. Жан-жағынан түксиген қарасұр қабырғалар қарауытады. Жалма-жан беліндегі арқанды қағып жоғарыдағыларға белгі берді. Қыл арқан қайтадан көкке көтерілді. Шелтеңдеген ұшы көкірек тұсынан сипап өтіп еді, тікендей тиді. Әлгінде ғана екі жүз құлаштан астам түксиген сұр-қара тас, мелшиген меңіреу қара жердің астындағы оны серіктерімен, жер үстіндегі жарқыраған тірлікпен, мұп-мұздай сұп-сұр қабырғаларды шыжыған шаңқай түстегі күннің оттай ыстық нұрымен байланыстырып тұрған қыл арқан енді жеті қабат жердің астына жалғыз тастап, өзі сонау иненің жасуындай сығырайма тесікке, жарық дүниеге қарай жаныға өрмелеп барады.

Кенет көз ұшында сығырая жалтыраған жалғыз саңылау да бітеліп қалды. Алыстан болса да атой беріп, емексітіп тұрған жарық дүние жым-жылас ғайып болды.

Еңсеп жан-жағынан анталап тұрған сыз қабырғаларды бәрібір көріп отыр. Қатпар-қатпарға тығылған үрейлі көлеңкелер қазір тұтаса ұйысып, меңіреу қараңғыға айналыпты.

Табанын қарыған суық шекесінен өтіп барады. Башпайларының да быртиып-быртиып ісіп кеткен түрі бар.

Көп ұзамай түу жоғарыдағы ұйлыққан тұтас қою түнек қайта жыртылды. Қол басындай қап-қара бірдеңе төмен зулап келеді. Жарқ ете қалған жабағы нұр шашырай сынып, зулап келе жатқан жұдырықтай қараның жан-жағынан жапа-тармағай шарпып жатыр. Бұл – құдықтың ауыз жағындағы жарық. Ол мына тұңғиыққа жете алмай, орта жолда өлеусіреп жоғалады. (191 сөз)

Әбіш Кекілбаев


6. Мәтіннің мазмұнында кездеспейтін қатарды табыңыз.

А) Шекесінен суық өтіп барады.

В) Башпайлары ісіп кеткен.

С) Табанынан суық өтті.

D) Қолдары қатып қалды.

Е) Көзін тарс жұмып алды.


7. Мәтінде қандай ақпарат берілмегенін белгілеңіз.

А) Еңсептің тоңуы

В) Енсептің құдық қазуы

С) Жігіттердің құдыққа түсуі

D) Тереңдей қазылған құдық

Е) Машақаты көп жұмыс


8. Еңсеп құдыққа немен түскенін белгілеңіз.

А) Жіппен

В) Арқанмен

С) Шелекпен

D) Сыммен

Е) Қылмен


9. Төмендегілердің қайсысы бұл мәтіннің кілт сөздерінің бірі бола алмайтынын белгілеңіз.

А) Тас

В) Түнек

С) Құдық

D) Жарық

Е) Тамақ


10. Мәтінге лайықты тақырыпты қойыңыз.

А) Өте зерек

В) Сөзге шешен

С) Сегіз қырлы, бір сырлы

D) Ең таңдаулы спорт

Е) Өз ісінің шебер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
13.01.2023
1267
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі