жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тест тапсырмалары
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән |
География |
|
Мұғалім |
Есембек Саят Әмірханұлы |
|
Мектеп, сынып |
Мичурин ЖББОМ, 8-сынып |
|
Сабақ тақырыбы |
Атмосфераның ғаламдық циркуляциясы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.3.2.2 -атмосфераның ғаламдық циркуляциясын талдап, түсіндіреді |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылардың қолынан келеді: суық және жылы ауа-райының қасиеттерін, ерекшеліктерін біледі; Көпшілік оқушылардың қолынан келеді: метеорологиялық терминдерге анықтама береді, картаны ұтымды қолданады; Кейбір оқушылардың қолынан келеді: метеорологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін тірек-сызбалар арқылы ажыратып, картаны қолданып оларға болжам жасайды, шағын жобалық жұмыстарды ұсынады. |
|||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар істей алады: Барлық оқушылардың қолынан келеді: ауа массаларының түрлерін, олардың ерекшеліктерін картаны қолдану арқылы көрсетеді; Көпшілік оқушылардың қолынан келеді: циклон және антициклонның, пассаттар мен батыс желдердің, муссондардың анықтамаларын беріп олардың айырмашылықтарын баяндайды; Кейбір оқушылардың қолынан келеді: Циклондар мен антициклондардың пайда болу себебін тірек-сызбалар арқылы ажыратып өз ойын еркін түрде жеткізеді, пассаттар мен муссондардың оң және теріс жақтарына баға беріп олардан жел энергиясын қалай алуға болатынын шағын жоба түрінде көрсетеді |
|||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Ғаламдық
циркуляцияға
қатысты
ұғымдарды
(айтылым)
сипаттай
алады.
Пәнге тән лексика мен терминология: ауа массалары, теңіздік ауа массалары, континенттік ауа массалары, климаттық фронттар, жылы фронт, суық фронт, окклюзиялық фронт, қысымдық минимум-циклон, қысымдық максимум –антициклон, тропиктік циклон, пассат, муссон, батыс желдер, бриз Диалогпен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Картадағы қызыл және көк изабараларға қарап............ ажырата аламын. Циклонның бағыттары............ қарай бағытталады, ал антициклонның бағыттары.......... қарай бағытталады. Екі жарты шардың 40 º -60º ендіктерінде.......... желдер басым соғады. |
|||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
|
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының «Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы» құндылығын энергетика мәселелерін жаһандық тұрғыдан шешуде топтық жұмыста көрсетеді. Қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, ынтымақтастықты сыныпта бірелсіп жұмыс істеу арқылы жүзеге асырады. |
|||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Физика атмосфералық қысымның пайда болуы және оның жер бетіне әсері |
|||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім
|
7.3.2.3 «ауа райы» ұғымын түсіндіреді. 7.3.2.4 температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин
5- 12 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныптың психологиялық атмосферасын жақсарту үшін шағын тренинг өткізу, сыныпты үш топқа бөлу. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру (С) Ой шақыру Бейнематериалмен жұмыс. «Метеорологиялық жүйелер» https://twig-bilim.kz/kz/film/weather-systems
Топық жұмыс: бейнематериал бойынша бағалау критерийлерін орындау
Үш топ өзара келісіп, бір ғана бағалау критерийлерін топта талықылап орындайды. Кейін топтағы әр оқушы өзінің түсінігін ортаға салып қарсы топ олардың жауаптарына «екі жұлдыз бір тілек» айтып кері байланыс жасайды, бағалайды. |
аудиоматериал
Интербелсенді тақта, компьютер, ғаламтор желісі, бейне материал twig-bilim.kz білім беру сайты
twig-bilim.kz сайтын қолданып, № 1 қалыптастырушы бағалауды орындау
Слайд |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
12-30 мин |
(М) Мұғалім түсіндірмесі Климаттың қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі-атмосфералық циркуляция. Ол түрлі сипаттағы ауа массаларының қысым айырмашылығына байланысты үнемі қозғалыста болады. Жердегі ауа массаларының экваторлық ауа массаларының басқасынан барлығы да теңіздік және континенттік деп жіктеледі, оны оқулықтың 75 бетіндегі 7 кестеден көре аласыздар.
Оқушыларға слайдтан бүгінгі сабақтың басты терминдерді дәптерлеріне көшіріп алуды ұсынамын.
Ауа массаларының өтпелі зоналарында атмосфералық фронттар пайда болады.Олардың полярлық, арктикалық және экваторлық сияқты түрлері болады.
Bilimland.kz білім беру платформасын пайдаланып әр топ келесі сілтеме бойынша топта жұмыс жасайды: «Желдің пайда болуы: № 2605 https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/atmosfera/lesson/zhelding-pajda-boluy
ліметер 75 бет, 7 кесте, 77 бет )
|
Оқулық
Слайд
8 сынып география оқулығы «Мектеп» баспасы 2018 С.Әбілмажінова, К.Каймулдинова
Bilimland.kz білім беру платформасын қолданып, №2 Қалыптастырушы бағалауды орындау |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
30-40 мин |
Бекіту кезеңіндегі орындалатын тапсырмалар
Әр топ өзінің тақырыптарын сайтты қолдану арқылы зерттеп болғаннан кейін тақырып соңындағы 5 тест тапсырмаларын орындайды
Сонымен қатар тағы да өзінің білімдерін тереңдету мақсатында оқушылар bilimland.kz сайтының itest.kz бойынша сілтемені ашып тест орындайды
Дарынды балаларға қосымша тапсырма ретінде twig-bilim.kz сайтындағы қосымша күрделі тест тапсырмасын орындайды
Осы bilimland.kz білім беру сайтын қолданудың ерекшеліктеріне, тиімділігіне топтағы бірнеше оқушы «екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша шағын кері байланыс жасайды, өз бағасын береді.
Бүгінгі жоспарлаған сабақта мақсатқа жеттік пе? Кері байланыс: «Блуб трии ағашы»
|
|
||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар істей алады: ауа массаларының түрлерін, олардың ерекшеліктерін картаны қолдану арқылы көрсетеді; Оқушылардың көбісі істей алады: циклон және антициклонның, пассаттар мен батыс желдердің, муссондардың анықтамаларын беріп олардың айырмашылықтарын баяндайды; Кейбір оқушылар істей алады: метеорологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін тірек-сызбалар арқылы ажыратып, картаны қолданып оларға болжам жасайды, шағын жобалық жұмыстарды ұсынады. |
Бейнематериал бойынша талдау жұмысын бағалау Кесте бойынша талдау жұмысын бағалау.
Әрбір қалыптастырушы бағалауға кері байланыс жасау. |
Осы сабақта ақпараттық технологияларды қолдану бойынша қауіпсіздік техникалық ережелерін сақтау.
|
||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары дұрыс қойылған, себебі әр оқушы барлық бағалау критерийлерін өздерінің деңгейлеріне сай орындады Орта мерзімді жоспардағы барлық іс-әрекеттердің элементтері қамтылды. Сабақта саралау үш түрлі деңгей бойынша жүзеге асты. Сабақттың уақыты ұтымды пайдаланылды және жеткілікті болды. Сабақ жоспарында ешқандай ауытқулар болмады. |
||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақ әдістемелік жағынан жақсы құрылған, барлық педагогикалық технологиялар мен ақпараттық компьютерлік технологияларды қолдану нормалары сақталған. Сабақ кезеңдері жүйелі түрде жүзеге асты, сабақта алға қойған мақсатқа оқушылар бағалау критерийлері арқылы жетті және оны орындай білді. Критериалды бағалаудың ажырамас бөлігі болып саналатын қалыптастырушы бағалау тиімді түрде сабақ басынан соңына дейін өң бойы жүзеге асты. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Bilimland.kz білім беру платформасын тиімді пайдалану арқылы қалыптастырушы бағалауды орындауға оңтайлы жағдай жасалынды. 2: Топтық жұмыста өзара бірлесіп жұмыс істеу арқылы сабақ мақсатына тапсырмаларды орындау арқылы жету. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: оқыту туралыда мұғалімнің сабақты дидактикалық жағынан дұрыс құруы 2: оқу туралыда оқушыларға қызығушылықты оятатын тиімді тапсырмалар беру. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Сабақ барысында оқушылардың жетістіктерін қалыптастырушы бағалау арқылы көре аламын және оған кері байланыс, сабақ соңында рефлексия жасау арқылы сабақтың қандай деңгейде өткенін көре алдым. |
||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген