Материалдар / Тест тапсырмалары 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тест тапсырмалары 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сыныпқа арналған грамматикалық тақырыптар бойынша тест тапсырмалары берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
1389
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1015-нұсқа

1. Жіңішке дауысты дыбысты көрсетіңіз.

А) ы В) а С) о Д) у Е) ә

2. Дауысты дыбыстардың еріннің қатысына қарай жіктелетін түрлерін көрсетіңіз.

А) жуан, жіңішке В) қысаң, ашық С) үнді, ұяң Д) еріндік, езулік Е) қатаң, ұяң

3. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатар келген сөзді көрсетіңіз.

А) Қасқа. В) Арқан. С) Қаймақ. Д) Алма. Е) Алғаш.

4. Ұяң дауыссыз дыбысы жоқ сөзді көрсетіңіз.

А) лездеме В) өзгеріс С) міндет Д) көмір Е) қазба

5. Астана қаласы орналасқан өзеннің атауын белгілеңіз.

А) Есіл. В) Қаратал. С) Тобыл. Д) Ертіс. В) Обаған.

6.Дауыссыздан басталып дауыстыға аяқталатын буын түрін анықтаңыз.

А) Ашық. В) Буын С) Аралас Д) Бітеу Е) Тұйық

7. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.

А) Құ-мырс-қа. В) Жо-лау-шы. С) Ад-ам. Д) Жа-рай-сың. Е) Қа-йық.

8.Буын үндестігіне бағынбай тұрған біріккен сөздерді табыңыз.

А) Бірсігүні, ендігәрі. В) Сарыарқа, Талдықорған. С) Ақсуат, Сарысу. Д) Көкшетау, Екібастұз. Е) Халықаралық, өнеркәсіп.

9. Жалпы есімді табыңыз.

А) Балқаш. В) Сырдария. С) Бетпақдала. Д) Тау. Е) Жамбыл.

10.Туынды зат есімді көрсетіңіз.

А) Еңбекті. В) Еңбекші. С) Еңбекпен. Д) Еңбегің. Е)Еңбектен.

11.Туынды зат есім жасаушы қосымшаны көрсетіңіз.

А) Сөйлем. В) Қолға. С) Мектеп. Д) Әке. Е) Кеңесші.

12. Дерексіз зат есімді табыңыз.

А)Тұңғыш президент. В)Атақты ғалым. С)Алғашқы махабат. Д)Алғашқы ұстаз. Е)Жақсы адам

13. Күрделі жалқы есімді табыңыз.

А) Астана. В) Жомарт. С) Тараз. Д) Абай. Е) Қартқожа.

14. Етістіктен жасалған туынды зат есімді табыңыз.

А) Белдік. В) Сағат. С) Білім. Д) Кітап. Е) Қызметкер.

15. Барыс септігіндегі сөзді табыңыз:

А) Қаламмен. В) Қағазды. С) Әншіге. Д) Кітаптың. Е) Ақынның.

16.Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты табыңыз.

А) Кішкене төбешік. В) Малды ауыл. С) Биіктеу адам. Д) Сыпайы бала. Е) Баспахана үйі.

17.Сын есім қандай сөйлем мүшесі, белгілеңіз.

Еркін- сабағын жақсы оқитын бала.

А) Бастауыш. В) Пысықтауыш. С) Анықтауыш. Д) Баяндауыш. Е) Толықтауыш.

18. Тәуелденіп келген болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.

А) Осы. В) Туың. С) Ешкімім. Д) Бәрі. Е) Көзім.

19. Шартты рай етістігін анықтаңыз.

А) Айтып келдім. В) Тыңдаса болды. С) Барғым келеді. Д) Біліп отырмыз. Е) Ойнап кел.

20.Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

А) Келдім. В) Алдың. С) Отырмын. Д) Келемін. Е) Жүрді.

21 Септеулік шылауды белгілеңіз.

А) Біз табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. В) Жаңбыр жауса, жер көгерер. С) Менің әпкем тілмаш болғысы келеді. Д) Сабақтан соң біз театрға бардық. Е) Япырмау, неткен ғажап күй!

22. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Үлкенді сыйлау-асыл қасиет. В) Тұрмыс құр, балам. С) Көктем айларында біресе жаңбыр, біресе қар жауады.

Д) Мен, шынымды айтайын, қорқудамын. Е) Жаман айтпай, жақсы жоқ .

23. Толықтауышты табыңыз. Досым қызық кітап сатып алды.

А) Қызық. В) Сатып. С) Досым. Д) Алды. Е) Кітап.

24.. Жақсыз сөйлемде болмайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

А) Баяндауыш В) Пысықтауыш С) Анықтауыш Д) Толықтауыш Е) Бастауыш

25. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

А) Сабақтас құрмалас сөйлем. В) Жай сөйлем. С) Толымды сөйлем. Д) Салалас құрмалас сөйлем. Е) Аралас құрмалас сөйлем.






1012-нұсқа


1.Фонетика нені зерттейтінін көрсетіңіз.

А) Сөз таптарын. В) Тіл дыбыстарының жүйесін. С) Сөз тіркесінің байланысу тәсілін.

Д) Сөз құрамын. Е) Сөз мағыналарын.

2.Тұйық буынды сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) Сөйлем, барыс В) Үтір, нүкте С) Сұлтан, хан Д) Үш, бес Е) Ер, оқ

3.Буын үндестігі заңы бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.

А) Жауынгер В) Кәсіпорын С) Отбасы Д) Мұғалім Е) Кітап

4.Тәуелдік жалғаулы зат есімді табыңыз.

А) Басқа. В) Аяғым. С) Кеудеден. Д) Қолдың. Е) Көзді.

5.Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған барыс септік жалғауын табыңыз.

А) Әжеге. В) Әжесіне. С) Әжелер. Д) Әжетай. Е) Әженіні.

6.Сапалық сын есімді көрсетіңіз.

А) Ынталы. В) Киелі. С) Тамаша. Д) Білімді. Е) Атақты.

7. Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.

А) Ауылдық. В) Ауыспалы. С) Әдемілеу. Д) Күзгі. Е) Тәжірибесіз.

8.Күрделі реттік сан есімді табыңыз.

А) Он-он бес. В) Екі бүтін оннан үш. С) Он бір. Д) Он бірінші. Е) Отыз тоғыздан.

9.. Тиісті есімдікті қойыңыз: ...сабақ оқыдым.

А) Олар В) Ол С) Мен Д) Біреу Е) Кім?

10. Бастауыш қай сөз табынан екенін табыңыз.

Жиналыста ешкім сөйлемеді.

А) Есімдік. В) Етістік. С) Зат есім. Д) Сын есім. Е) Үстеу.

11. Тұйық етістікті көрсетіңіз.

А) Қуу. В) Жабық. С) Күл. Д) Түне. Е) Кірген.

12.Таңдану одағайын көрсетіңіз.

А) Апырай. В) Әттеген-ай. С) Уһ. Д) Қап. Е) Кәні.

13. Сұраулық шылауды табыңыз.

А) Сонда. В) Ма, ме. С) Шейін. Д) Гөрі. Е) Әйтпесе.

14. Сөйлемнің ортасында келген қыстырма сөзді табыңыз.

А) Бүгін күн ашық екен, әйтеуір. В) Біріншіден, Асқардың жасы кіші. С) Қысқасы, сен үйде отырасың. Д) Мен, сірә, киноға бармайтын шығармын. Е) Әлбетте, сенікі дұрыс

15.Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

А) Ұлы жібек жолы- сауда жолы. В) Ұлы жібек жолы өтті. С)Қытайдың жібегі осы жолмен тасмалданған. Д) Ұлы жібек жолы қазақтың кең даласын басып өтті. Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.

16.Сөйлемнің соңындағы сын есім сөйлемнің қандай мүшесі болатынын белгілеңіз.

А) Бастауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Толықтауыш.

17Жай сөйлемнің түрін ажыратыңыз. Қыс. Күн суық.

А) Атаулы. В) Жалаң. С) Жақсыз. Д) Жайылма. Е) Толымды.

18.Құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Алма ағашы. В) Күн ұзақ. С) Қазір қыс. Д) Жел тұрды, жаңбыр жаумады. Е) Жаз айлары.

19. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз: Автобус бірде тез жүреді, бірде баяу жүреді.

А) Кезектес салалас құрмалас сөйлем. В) Іліктес салалас құрмалас сөйлем. С) Талғаулы салалас құрмалас сөйлем. Д)Сабақтас құрмалас сөйлем. Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

20.Синонимдік қатарды табыңыз. А) Қабанбай, Ерасыл. В) Арлы-берлі, ойын-сауық. С) Жабайы, тым-тырақай. Д) Ж үйрік, қара, қалың. Е) Әйгілі, атақты, белгілі.

21.Мақалды табыңыз. А) Ғылым-теңіз, білім-қайық. В) Ғылым адамды биіктетеді. С) Ғылым шыңдайды. Д) Ғалым ғылыммен айналысты. Е) Ол-әйгілі, білімді ғалым.

22.Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

А) Салқын ауа. В) Суық жел. С) Суық қолды. Д) Кеңпейіл. Е) Мамық төсек.

23.Астана қаласы орналасқан өзеннің атауын белгілңіз.

А) Есіл. В) Қаратал. С) Тобыл. Д) Ертіс. В) Обаған.

24.Қатаң дауыссыз дыбыстар қатар келген сөзді көрсетіңіз.

А) Қасқа. В) Арқан. С) Қаймақ. Д) Алма. Е) Алғаш.

25.Діни мейрамдарды көрсетіңіз.

А) Наурыз мерекесі В) Халықаралық әйелдер күні С) Жаңа жыл Д) Тәуелсіздік күні Е) Ораза айты, құрбан айты






1015

  1. Е

  2. Д

  3. А

  4. Д

  5. А

  6. А

  7. С

  8. Д

  9. Д

  10. В

  11. Е

  12. С

  13. Е

  14. С

  15. С

  16. В

  17. В

  18. С

  19. В

  20. Д

  21. Д

  22. Д

  23. Е

  24. Е

  25. Д



















1012

  1. В

  2. Е

  3. С

  4. В

  5. В

  6. С

  7. С

  8. Д

  9. С

  10. А

  11. А

  12. Е

  13. В

  14. Д

  15. Е

  16. В

  17. А

  18. Д

  19. А

  20. Е

  21. А

  22. С

  23. А

  24. А

  25. Е



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!