жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тест тапсырмаларын жинақтау 10-11 сыныптарға
«Бастапқы әскери дайындықтың бейіндік бағдар курсы» пәнінен тест тапсырмалар
«Жана тұрпатты мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық аспектілері» пәнінің тестілері
I. Педагогика:
А) Адам тәрбиесі жайлы ғылым
В) Баланы өмірге дайындау жайлы ғылым
С) Бала жетектеу жайлы ғылым
Д) Бала тәрбиесі жайлы ғылым
Е) Баланы тәрбиелеу және оқыту жайлы ғылым
2. Ізгілендіру, қоғамдық бағытта оң нәтижеге және белсенділікке сүйену, жеке тұлғалық бағдар, тәрбиелік әсерлердің бірлігі, тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы – бұл тәрбиенің…
А) Принциптері
В) Заңдылықтары
С) Мақсаты
Д) Міндеті
Е) Түрлері
3. Оқушыларда табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру – бұл экологиялық тәрбиенің ... .
А) Міндеттері
В) Принциптері
С) Мақсаты
Д) Түрлері
Е)Заңдылықтары
4. Тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті – бұл тәрбиенің ...
А) Құралы
В) Принциптері
С) Міндеттері
Д) Мақсаты
Е)Түрлері
5. Орта ғасыр мектептерінде қолданылған, жасы әр шаманы құрайтын бір мектепте оқытылатын оқушылармен атқарылатын оқыту түрі:
А) Жеке-топтық
В) Бригадалық
С) Топтық
Д) Жеке
Е) Мангеймдік жүйе
6. Оқығанды қысқаша жазба түрінде қағазға түсіру - бұл:
А) Конспектілеу
В) Сауалнама
С) Дидактикалық тест
Д) Бақылау жұмысы
Е) Қорытындылау
7. Оқытудың сынып-сабақтық жүйесін сақтай отырып, оқушыларды қабілеттеріне, интелектуальды даму мен дайындық деңгейіне қарай саралап оқыту – бұл жүйе:
А) Мангеймдік
В) Белл-Ланкастерлік
С) Жеке-топтық
Д) Топтық
Е) Трампа жоспары
8. Балалардың шығармашылық қабілеттерін, әлемді сұлулық заңдары арқылы тануға қызығушылықтары мен талпыныстарын дамыту – бұл эстетикалық тәрбиенің…
А) Мақсаты
В) Тәсілі
С) Құралы
Д) Формалары
Е) Принциптері
9. Қазіргі дидактикада сабақтың типін дидактикалық мақсат бойынша жіктеуді ұсынушы:
А) И.Т.Огородников
В) Д.Б.Эльконин
С) А.М.Матюшкин
Д) Г.А.Цукерман
Е) З.И.Калмыкова
10. «Оқытудың дамытушылық әдістеріне, ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады» -деп тұжырымдаған ғалым:
А) Занков Л.В.
В) Огородников И.Т.
С) И.Ф.Гербарт
Д) В.Лай
Е) В.В.Давыдов
11. Әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім әдісті орындау жолындағы өзгеше қадам – бұл:
А) Тәсіл
В) Міндет
С) Құрал
Д) Принцип
Е) Заңдылық
12. Даму, тәрбие процестерін басқару субъектісі, сыныптың оқу-тәрбие процесінің менеджері:
А) Сынып жетекшісі
В) Мектеп директоры
С) Пән мұғалімі
Д) Ата-ана
Е) Мектеп директорының орынбасары
13. Оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі – бұл:
А) Оқыту әдісі
В) Оқыту тәсілі
С) Оқыту міндеті
Д) Оқыту құралы
Е) Оқыту принципі
14. Сабақтың тақырыбы, апталық сабақ саны, өткізу уақыты, үй жұмысы, әдебиеттер тізімі, мақсат, міндеттері көрсетіліп, жарты немесе бір жылға жасалатын жоспар – бұл ... жоспар:
А) Күнтізбелік
В) Перспективалық
С) Тоқсандық
Д) Жылдық
Е) Апталық
15. Дидактиканы “бәрін, барлығын да оқытудың әмбебап өнері»- деген мағынада түсіндірген педагог:
А) Я.А.Коменский
В) Вольфганг Ратке
С) И.Г.Песталоцци
Д) М.И.Махмутов
Е) Ю.К.Бабанский
16. “Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек” деген сөз жолдарының авторы:
А) К.Д.Ушинский
В) Я.А.Коменский
С) И.Г.Песталоцци
Д) П.Я.Гальперин
Е) М.И.Махмутов
17. Аралас сабақ, сабақта жаңа білімді игеру, сабақты бекіту және және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру, оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау - бұл сабақтың типтері бойынша жіктеген педагог:
А) М.И.Махмутов
В) К.Д.Ушинский
С) Я.А.Коменский
Д) С.Т.Шацкий
Е) И.П.Иванов
18. Оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын негізгі жағдайлар – бұл оқытудың…
А) Принциптері
В) Мақсаты
С) Міндеттері
Д) Заңдылықтары
Е) Әдісі
19. Алғаш рет «Дидактика» терминін өз шығармасында оқыту өнері мағынасында қолданған педагог:
А) В.Ратке
В) Я.А.Коменский
С) В.А.Петровский
Д) С.Т.Шацкий
Е) П.П.Блонский
20. Салауатты өмір сүру негіздерін білу және ұстану, өз еркімен дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру – бұл дене тәрбиесінің…
А) Мақсаты
В) Міндеті
С) Құралы
Д) Әдісі
Е) Тәсілі
21. Белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, ретін, берілген сағат санын анықтайтын құжат – бұл:
А) Оқу жоспары
В) Оқу бағдарламасы
С) Күнтізбелік жоспар
Д) Апталық жоспар
Е) Жылдық жоспар
22. Оқу материалдарын игеру деңгейін анықтайтын стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы:
А) Дидактикалық тест
В) Бақылау жұмысы
С) Диктант
Д) Сауалнама
Е) Реферат
23. Танымдық қызығушылықты дамыту, белсенділікті қалыптастыру, белгілі білім көлемін меңгеру, ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ғылыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру – бұл ақыл-ой тәрбиесінің …
А) Міндеті
В) Мақсаты
С) Құралы
Д) Әдісі
Е) Тәсілі
24. Оқушының білімге деген ынтасына оқытушы әсерінің сәйкестігі – бұл оқыту процесінің …
А) Заңдылықтары
В) Принциптері
С) Міндеттері
Д) Мақсаты
Е) Әдісі
25. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары: тұқым қуалаушылық, тәрбие және ...
А) Орта
В) Табиғи ерекшеліктер
С) Нышан
Д) Даралық
Е) Қабілет
26. Оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау – бұл…
А) Оқыту нәтижесін тексерудің мәні
В) Жоспарлау
С) Бақылау
Д) Жүйелеу
Е) Нақтылау
27. Адамның өз іс-әрекеттерін, психикалық процестер мен көңіл-күйлерін түсінуі, бағалауы және реттеуі – бұл:
А) Өзін-өзі бақылауы
В) Өзін-өзі сынауы
С) Өзін-өзі зерттеуі
Д) Өзін-өзі бағалауы
Е) Өзін-өзі түзеуі
28. Тәрбиенің негізгі мақсаты дженттельменді “өз істерін ақылмен және байыппен жүргізетін адамды” қалыптастыру деп танушы:
А) Дж.Локк
В) Я.А.Коменский
С) Ж.Пиаже
Д) Э.Торндайк
Е) Джон Дьюи
29. «Білімі көптік ақылды емес» деген дидактикалық формализмді жақтаушы:
А) Гераклит
В) Сократ
С) Аристотель
Д) Э.Торндайк
Е) Платон
30. Жеке оқытудың түрлері: репетиторлық, гувернерлік, менторлық, және...
А) Тьюторлық
В) Бригадалық
С) Топтық
Д) Мангеймдік
Е) Белл-Ланкастерлік
31. Адамның өз тұлғасын қалыптастыруға , өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне, өзін-өзі дамытуға, өз қабілеттерін өзі іске асыруға бағытталған мақсатты, саналы, жүйелі түрде жүргізетін іс-әрекеті:
А) Өзін-өзі тәрбиелеу
В) Өзін-өзі бақылау
С) Өзін-өзі сынауы
Д) Өзін-өзі зерттеу
Е) Өзін-өзі бағалау
32. Білім мақсатына жету әрекетіндегі қандай да бір ғылымның, өнердің негіздері бойынша дидактикалық сараптаудан өткен білім жүйесі:
А) Оқу пәні
В) Оқулық
С) Оқу бағдарламасы
Д) Оқу жоспары
Е) Жылдық жоспар
33. Ақыл-кеңес, есіне түсіру, тілек-ұсыныс түрінде қолданылып, оқушының психикасына астыртын әсер етіп, іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтерін қалыптастыратын сананы қалыптастыру әдісінің түрі:
А) Сендіру
В) Өсиет
С) Насихат
Д) Жарыс
Е) Үлгі-өнеге
34. Төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс, сатылай эволюциялық ауысу, жоғары сапалы күйге қарай өрлеу процесі – бұл:
А) Даму
В) Қалыптасу
С) Ынта-ықылас
Д) Мақсат-мүдде
Е) Қабілет
35. Педагогикалық теория мен тәжірибеде «қиын», тіпті «тәрбиесі қиын» балалармен жұмыста тәрбиенің игілікті күшін дәлелдеген педагог:
А) Макаренко А.С.
В) Ушинский К.Д
С) Сухомлинский В.А
Д) П.П.Блонский
Е) В.С.Ильин
36. Танымдық әрекетті дамыту тұжырымдамасын жасаушы педагог:
А) Г.И.Щукина
В) В.С.Ильин
С) П.П.Блонский
Д) В.В.Краевский
Е) П.Я.Гальперин
37. Қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік, дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі – бұл:
А) Оқыту
В) Оқу
С) Білім беру
Д) Тәрбиелеу
Е) Дамыту
38. Адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі, баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы – бұл:
А) Микроорта
В) Макроорта
С) Мегафактор
Д) Мезофактор
Е) Әлеуметтік
39. Деректердің, құбылыстардың, сапалардың, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау мақсатында қолданылатын әдіс түрі:
А) Ранжерлеу
В) Тіркеу
С) Болжау
Д) Модельдеу
Е) Ұқсастыру әдісі
40. Ұжымда жеке тұлғаның дамуын жеке топтық, құндылық-бағдарлы, қызметтік-әрекет, уақытша-кеңістік, диагностикалық-талдау компоненттері қамтамасыз етеді деп көрсеткен педагог:
А) Е.Н.Степанова
В) Н.Е.Щуркова
С) Т.Е.Конникова
Д) Г.И.Щукина
Е) В.А.Сластенин
41. Балалармен дұрыс қарым-қатынас жасай бiлу, педагогтiк әдептiлiктi дамыту педагогтiк қабiлеттiң қандай түрiне жатады?
А) Коммуникативтi қабiлет
В) Ұйымдастырушылық қабілет
С) Перцептивті қабілет
Д) Қолданбалы қабілет
Е) Құрастырушылық қабілет
42. Е.Н.Степанова бойынша ұжымда жеке тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін компоненттер саны:
А) 5
В) 4
С) 6
Д) 3
Е) 2
43. Қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өзін-өзі басқаруының жоғары деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысуымен сипатталатын ұжым дамуының кезеңі:
А) Оқушы ұжымын дамытудың үшiншi кезеңі
В) Оқушы ұжымын дамытудың екінші кезеңі
С) Оқушы ұжымын дамытудың біріншi кезеңі
Д) Орта перспектива
Е) Жақын перспектива
44. .«Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды» деген педагогиканың ұлы классигі:
А) К.Д.Ушинский
В) А.С.Макаренко
С) И.П.Иванов
Д) С.Т.Шацкий
Е) П.П.Блонский
45. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістерін атаңыз:
А) Жаттығу, талап ету, үйрету
В) Сендіру, талап ету, үйрету
С) Үлгі-өнеге
Д) Жазалау
Е) Мадақтау
46. Баланың мiнез-құлқындағы терiс қылықтарды тежеу тәсiлi:
А) Жазалау
В) Мадақтау
С) Сендіру
Д) Жаттығу
Е) Тапсырма беру, үйрету
47. Қоғамдық шығармашылық іс-әрекетке белсенді қатыса алатын жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру- бұл қазіргі қоғамдағы тәрбиенің басты...
А) Мақсаты
В) Міндеті
С) Құралы
Д) Принципі
Е) Әдісі
48. Сабақтың құрылымын объективті болжап, оның болашақ жолдарын терең түрде зерттеген педагог:
А) Р.Г.Лемберг
В) С.Т.Шацкий
С) И.П.Иванов
Д) П.П.Блонский
Е) М.Н.Скаткин
49. Жеке пєннің мақсаты мен міндетін, пәннің сипаты мен құрылымын және пәнаралық байланысы мен мазмұнының бірізділігін көрсететін құжат:
А) Оқу бағдарламасы
В) Оқу жоспары
С) Күнтізбелік жоспар
Д) Перспективалық жоспар
Е) Жылдық жоспар
50. Әрбір тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуін қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға бағытталуы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің бірі – бұл тәрбиенің ...
А) Мазмұны
В) Мақсаты
С) Міндеті
Д) Формалары
Е) Әдісі
51. Білім беру, тәрбиелік дамыту, кәсіби бағдар, үздіксіз білім алуға даярлау, креативтілік – бұл оқытудың ...
А) Міндеті
В) Мақсаты
С) Мазмұны
Д) Әдісі
Е) Принциптері
52. Тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті – бұл:
А) Тәрбие әдістері
В) Тәрбие бағыттары
С) Тәрбие мақсаты
Д) Тәрбие міндеті
Е) Тәрбие принциптері
53. Сананы қалыптастыру әдістерін атаңыз:
А) Этикалық тақырыптағы әңгіме
В) Жаттығу
С) Талап ету
Д) Үйрету
Е) Тапсырма беру
54. Адамгершілік мәселелерді мұғалімдер мен оқушылардың бірігіп жүйелі де бірізді талқылауы – бұл… әңгіме-сұхбат:
А) Этикалық
В) Түсініктеме
С) Сендіру
Д) Насихат
Е) Нұсқау
55.Белгілі бір әдетті тез және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығу түрі:
А) Үйрету
В) Үлгі-өнеге
С) Тапсырма беру
Д) Насихат
Е) Талап ету
56. Оқушының белгілі бір іс-әрекетіне дем беріп немесе тежеп, жекелік қасиеттерді қалыптастыратын әдіс –бұл:
А) Талап ету
В) Жаттығу
С) Үйрету
Д) Дағдыландыру
Е) Насихат
57. Әлеуметтік, диагностикалық, адамгершілік, даралық-тәжірибелік сипаттағы міндеттер … іс-әрекетіне тиесілі:
А) Сынып жетекшісінің
В) Мектеп директорының
С) Ата-ананың
Д) Директор орынбасарының
Е) Жұртшылықтың
58. Отбасын мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасы:
А) “Кіші педагогикалық кеңестер”
В) «Ашық есік күндері»
С) Әңгіме
Д) Ата-аналар жиналысы
Е) Сұрақ-жауап кештері
59. Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту бұл - ақыл-ой тәрбиесінің …
А) Мақсаты
В) Міндеті
С) Құралы
Д) Формалары
Е) Әдісі
60. Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру – бұл адамгершілік тәрбиесінің…
А) Мақсаты
В) Міндеті
С) Құралы
Д) Әдісі
Е) Тәсілі
61. Оқушыларды күрделі құқықтық қоғамдық қатынастармен таныстыру бұл – құқықтық тәрбиенің …
А) Мақсаты
В) Міндеті
С) Құралы
Д) Әдісі
Е) Тәсілі
62. Адам бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын, бейбітшілікке деген ұмтылысын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелейтін – бұл азаматтық тәрбиенің…
А) Мақсаты
В) Міндеті
С) Құралы
Д) Әдісі
Е) Формасы
63. Оқушыларды табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру бұл – экологиялық тәрбиенің …
А) Мақсаты
В) Міндеті
С) Құралы
Д) Әдісі
Е) Тәсілі
64. Еңбек тәрбиесінің мақсаты:
А) Балаларды еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру
В) Оқушыларды табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру
С) Адам бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу
Д) Оқушыларды күрделі құқықтық қоғамдық қатынастармен таныстыру
Е) Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
65. Экономикалық тәрбиенің мақсаты:
А) Тиімді экономикалық іс-әрекетке байланысты экономикалық ұғым мен сана-сезімді қалыптастыру
В) Оқушыларды табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру
С) Адам бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу
Д) Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Е) Балаларды еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру
66. Дене тәрбиесінің міндеті:
А) Денсаулықты нығайту, табиғи қозғалтқыш қасиеттерді, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру, гигиеналық дағдыларды қалыптастыру
В) Адам бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу
С) Балаларды еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру
Д) Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
Е) Оқушыларды күрделі құқықтық қоғамдық қатынастармен таныстыру
67. Эстетикалық білімді қалыптастыру, мәдениетке тәрбиелеу, сезімді қалыптастыру, адамды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әсемдікке баулу, өз өмірін және іс-әрекеттерін сұлулық заңдарына сай құру қажеттіліктерін дамыту бұл – эстетикалық тәрбиенің …
А) Міндеті
В) Мақсаты
С) Әдісі
Д) Құралы
Е) Тәсілі
68. Адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін атаңыз:
А) Сана-сезімді, мінез-құлық әдеттері мен іскерліктерін, өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге талпыну, қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру
В) Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
С) Адам бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу
Д) Балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру
Е) Оқушыларды табиғатқа, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды, оны қорғауға даярлықтарын қалыптастыру
69. Құқықтық тәрбиенің міндеттерін атаңыз:
А) Азамат тәрбиелеу, өмірге қажетті заңгерлік сауаттылықты меңгеру дағдысын қалыптастыру, өз құқықтары мен жауапкершіліктерін сезіну
В) Сана-сезімді, мінез-құлық әдеттері мен іскерліктерін, өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге талпыну, қоғамның адамгершілік идеалдарымен таныстыру
С) Адам бойында отанға деген сүйіспеншілік сезімін, қоғамның адамгершілік идеалдарын, қоғам мүддесі үшін еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу
Д) Балалардың еңбекке деген дұрыс көзқарастарын, еңбек етуге даярлықтарын, мамандықты саналы таңдауларын қалыптастыру
Е) Денсаулықты нығайту, табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамыту, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру, гигиеналық дағдыларды қалыптастыру
70. Азаматтық тәрбиенің міндетін атаңыз:
А) Тұлғаның өз абыройын құрметтеу сезімін, басқаға және мемлекетке деген сыйластық, сенімділік қасиеттердің болуы, адамға өзін саяси әлеуметтік тұрғыдан әрекетшіл екенін сезіндіру
В) Азамат тәрбиелеу, өмірге қажетті заңгерлік сауаттылықты меңгеру дағдысын қалыптастыру, өз құқықтары мен жауапкершіліктерін сезінуі
С) Денсаулықты нығайту, табиғи қозғалтқыш қасиеттерді дамыту, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті жетілдіру, гигиеналық дағдыларды қалыптастыру
Д) Сана-сезімді, мінез-құлық әдеттері мен іскерліктерін, өзін-өзі тәрбиелеуге, жетілдіруге талпынуды қалыптастыру, қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру
Е) Балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
71. Белсенділік, іскерлік қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, тұлға қайсарлығын, ұқыптылығын, ептілігін, өзара жауапкершілік сезімдерін дамытатын дағдыларды бекіту – бұл еңбек тәрбиесінің …
А) Міндеті
В) Әдісі
С) Құралы
Д) Тәсілі
Е) Мақсаты
72.Адам бойында ұқыптылық, тәртіптілік, үнемшілдік, іскерлік, ұйымдастырушылық, еңбексүйгіштік қасиеттерді, іс-әрекетке деген ынта мен талпынысты қалыптастыру, аз шығындармен жоғары нәтижелерге жете алу іскерліктерін дамыту – бұл экономикалық тәрбиенің …
А) Міндеті
В) Мақсаты
С) Құралы
Д)Әдісі
Е) Тәсілі
73.Адамның өзіне-өзі берген қысқа, үздік-үздік үкімі – бұл:
А) Өзіне-өзі бұйыру
В) Өзін-өзі тәрбиелеу
С) Өзіне-өзі баға беру
Д) Өзін-өзі бақылау
Е) Өзін-өзі түзету
74. «Педагогикалық технология – педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы(алгоритмі)» деген анықтама авторы:
А) Г.Т.Хайруллин
В) Б.Т.Лихачев
С) В.М.Монахов
Д) М.В.Кларин
Е) П.И.Пидкасистый
75. Адамға өз мінез-құлқын, кемшіліктерін, қателіктерін және басқа адамдарға деген қарым-қатынасын өзгертуі – бұл:
А) Өзін-өзі түзету
В) Өзін-өзі тәрбиелеу
С) Өзіне-өзі бұйыру
Д) Өзіне-өзі баға беру
Е) Өзін-өзі бақылау
76. Жеке адамның өзі қабылдаған құндылықтар жүйесі, тұлғаның жеке маңыздылықтар жүйесі – бұл:
А) Өзін-өзі бағалау
В) Өзіне-өзі бұйыру
С) Өзін-өзі бақылау
Д) Өзін-өзі тәрбиелеу
Е) Өзін-өзі түзету
77. Адамның жетістіктері оған рухани, интеллектуалдық, күш-жігерлік қорларының ішкі мүмкіншіліктерін байқатып, өмірдің жаңа белестерін жеңе алуға деген сенімділік тудыру – бұл:
А) Өзін-өзі құптау
В) Өзін-өзі тәрбиелеу
С) Өзін-өзі бақылау
Д) Өзін-өзі түзету
Е) Өзін-өзі бақылау
78. Дүниетаным – бұл:
А) Қоғамдық сананың жалпы және жоғары түрі
В) Өмірлік позициясын таңдау
С) Адамдар қарым-қатынасын түсіну
Д) Шындықты ұғыну
Е) Басқа адамдарды түсіну әдістері
79. Әлемге деген философиялық, әлеуметтік-саяси, адамгершілік білімдер, көзқарастар, сенімдер жүйесі:
А) Ғылыми дүниетаным
В) Әлеуметтік тәжірибе
С) Оқыту нәтижесі
Д) Білім беру мазмұны
Е) Ғылымдар жүйесі
80. Арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе – бұл:
А) Жіктеу
В) Нақтылау
С) Салыстыру
Д) Бекіту
Е) Сараптау
81.Т.И.Щукина бойынша тәрбие әдістері қанша топқа бөлінеді:
А) 3
В) 4
С) 5
Д) 2
Е) 6
82. Оқушыларға сезім мен сөз арқылы әсер ету әдісі – бұл:
А) Түсініктеме
В) Әңгіме-сұхбат
С) Жаттығу
Д) Үлгі-өнеге
Е) Насихат
83. Абырой, ұят, ар-намыс сияқты адами қасиеттерді оқушы бойына сіңірудің алғы шарттарын қалыптастыратын сананы қалыптастыру әдісінің түрі:
А) Насихат
В) Сендіру
С) Әңгіме
Д) Түсініктеме
Е) Жаттығу
84. Сананы, сенімді, мақсат-мұраттарды, құндылық бағыттарды қалыптастырудың күрделі әдісі – бұл:
А) Пікірсайыс
В) Дебат
С) Дөңгелек үстел
Д) Конференция
Е) Кеш
85.Оқушылардың жағымды әрекеттерін қолдау үшін қолданылатын әдіс түрі:
А) Мадақтау
В) Жазалау
С) Үйрету
Д) Сендіру
Е) Түзету
86.Мадақтаудың түрлері:
А) Мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапаттау
В) Мақұлдау, ескерту, алғыс, құрметке бөлеу, мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапаттау
С) Алғыс, құрметке бөлеу, мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапаттау, ұялту
Д) Құрметке бөлеу, алғыс, сөгіс беру, сыйлықтармен марапаттау
Е) Мақұлдау, мақтау, алғыс, құрметке бөлеу, жиналысқа салу
87. Жазалаудың түрлері:
А) Ескерту, ұялту, жиналысқа салу, белгілі бір жеңілдіктен айыру, төтенше жағдайда сабаққа қатыстырмау
В) Ескерту, ұялту, құрметке бөлеу, белгілі бір жеңілдіктен айыру, төтенше жағдайда сабаққа қатыстырмау
С) Ескерту, ұялту, жиналысқа салу, белгілі бір жеңілдіктен айыру, сыйлықтармен марапаттау
Д) Алғыс беру, жиналысқа салу, белгілі бір жеңілдіктен айыру, төтенше жағдайда сабаққа қатыстырмау
Е) Ескерту, ұялту, жиналысқа салу, мақұлдау, төтенше жағдайда сабаққа қатыстырмау
88. «Балалар ұжымы - өте сезімтал аспап, ол тек педагог тұлғасы басшылығымен ғана дамиды» деген педагог:
А) В.А.Сухомлинский
В) А.С.Макаренко
С) Л.И.Новикова
Д) Н.К.Крупская
Е) Р.С.Немов
89. «Ұстаздық дастан» еңбегінің авторы:
А) А.С.Макаренко
В) В.А.Сухомлинский
С) Н.К.Крупская
Д) л.Н.Толстой
Е) Ш.Амонашвили
90. Жауапкершілікті тәуелділік(іскерлік, ресми) және эмоционалды-психологиялық-тұлғааралық(достық, ұнату, жаратпау) сияқты күрделі қатынастар – бұл …кездеседі:
А) Оқушылар ұжымында
В) Отбасында
С) Ата-ана мен оқушы арасында
Д) Мұғалім мен оқушы арасында
Е) Сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері арасында
91. Оқушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы – бұл … сипатталады:
А) Оқушылардың нашар ұйымдастырылуы, мұғалімнің талапты өзі қоюымен
В) Талапты тек мұғалім емес, белсенді топ мүшелері де қоюымен
С) Ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талаптың қойылуымен
Д) Ұжымдағы іс-әрекетті ұжым мүшелерінің қолдауымен
Е) Ұжымда қоғамдық пікірдің болуымен
92. Оқушы ұжымын дамытудың екінші сатысы – бұл … сипатталады:
А) Талапты тек мұғалім емес, белсенді топ мүшелері де қоюымен
В) Оқушылардың нашар ұйымдастырылуы, мұғалімнің талапты өзі қоюымен
С) Талапты оқушыларға тек тәрбиешінің қоюымен
Д) Ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талаптың қойылуымен
Е) Талапты тек мұғалімнің өзі қоюымен
93. Жақын перспектива – бұл:
А) Ұжымды немесе жеке адамды әртүрлі іс-әрекетке күнделікті қызықтыру, ынталандыру
В) Ұжымды немесе жеке адамды алда тұрған оқиғаларды орындауға қызықтыру, ынталандыру
С) Ұжымды немесе жеке адамды ұзақ мерзімдегі істі орындауға қызықтыру, ынталандыру
Д) Ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар
Е) Ұжымды әртүрлі іс-әрекетке қызықтыру, ынталандыру
94. Орта перспектива – бұл:
А) Ұжымды немесе жеке адамды алда тұрған оқиғаларды орындауға қызықтыру, ынталандыру
В) Ұжымды немесе жеке адамды әртүрлі іс-әрекетке күнделікті қызықтыру, ынталандыру
С) Ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар
Д) Ұжымды әртүрлі іс-әрекетке қызықтыру, ынталандыру
Е) Ұжымды немесе жеке адамды ұзақ мерзімдегі істі орындауға қызықтыру, ынталандыру
95. Қашық перспектива – бұл:
А) Ұжымды немесе жеке адамды ұзақ мерзімдегі істі орындауға қызықтыру, ынталандыру
В) Ұжымды әртүрлі іс-әрекетке қызықтыру, ынталандыру
С) Ұжымдағы адамдардың қатынастарын көрсететін нормалар
Д) Ұжымды немесе жеке адамды әртүрлі іс-әрекетке күнделікті қызықтыру, ынталандыру
Е) Ұжымды немесе жеке адамды алда тұрған оқиғаларды орындауға қызықтыру, ынталандыру
96. Параллельді ықпал ету (қос ықпал) принциптерінің авторы:
А) А.С.Макаренко
В) Н.К.Крупская
С) В.А.Сухомлинский
Д) С.Т.Шацкий
Е) П.П.Блонский
97. Жеке тұлғаның қасиеттерін құндылық қатынастардың қалыптасу нәтижесі деп түсінген педагогтар:
А) Н.Е.Щуркова, А.П.Сейтешов
В) Н.Е.Щуркова, Е.Н.Степанова
С) А.П.Сейтешов, Е.Н.Степанова
Д) С.Т.Шацкий, П.П.Блонский
Е) Р.Г.Лемберг, И.Г.Песталоцци
98. Сынып жетекшісі қызметі қай жылы енгізілді:
А) 1934ж
В) 1935ж
С) 1954ж
Д) 1950ж
Е) 1960ж
99. Мектептегі сынып өміріне қамқорлық, топтың пәндік іс-әрекетін, өмірді түсініп, сезінудің рухани іс-әрекетін ұйымдастыру, тәрбие нәтижелерінің диагностикасы жеке тұлғалық дамудың сипаттамасын негіздеген педагог:
А) Н.Е.Щуркова
В) А.П.Сейтешов
С) Е.Н.Степанова
Д) Р.Г.Лемберг
Е) С.Т.Шацкий
100. Балаға көмек, оны әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізу, жеке тұлғаның дамуы мен оның даралығының қалыптасуына тиімді жағдай жасауда жанұямен және тәрбие институттарымен әрекеттестікті ұйымдастыру - бұл сынып жетекшісінің … міндеттері:
А) Әлеуметтік
В) Диагностикалық
С) Адамгершілік
Д) Даралық-тәжірибелік
Е) Зерттеушілік
101. Сыныппен жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін оқушының жеке тұлғасы мен ұжымның дамуы диагностикасын белгілеу – бұл сынып жетекшісінің … міндеттері:
А) Диагностикалық
В) Әлеуметтік
С) Адамгершілік
Д) Даралық-тәжірибелік
Е) Зерттеушілік
102. Баланың бойында қайырымдылық критерилерін қалыптастыру, баланы адамгершілікке бейімдеу жағдайына қою – бұл сынып жетекшісінің … міндеттері:
А) Адамгершілік
В) Диагностикалық
С) Әлеуметтік
Д) Даралық-тәжірибелік
Е) Зерттеушілік
103. Оқушылармен жұмыстың нәтижелі педагогикалық тәсілдерін таңдау, өз жұмысын жоспарлау, іс-әрекетті бақылау мен түзету, рефлексия педагогикасы – бұл сынып жетекшісінің … міндеттері:
А) Даралық-тәжірибелік
В) Адамгершілік
С) Диагностикалық
Д) Әлеуметтік
Е) Зерттеушілік
104. Оқушы ұжымын дамытудың үшінші сатысы – бұл … сипатталады:
А) Қоғамдық пікірдің ескерілуі, оқушылардың өзін-өзі басқаруы, ұжым жұмыстарымен айналысуымен
В) Талапты тек мұғалім емес, белсенді топ мүшелері де қоюымен
С) Ұжымдық пікірдің болмауымен
Д) Ұжымдағы іс-әрекетті ұжым мүшелерінің қолдауымен
Е) Оқушылардың нашар ұйымдастырылуы, мұғалімнің талапты өзі қоюымен
105. БҰҰ қабылдаған “Бала құқығы туралы” Конвенция қай жылы қабылданды?
А) 1995 жылы
В) 1991 жылы
С) 1996жылы
Д) 2000 жылы
Е) 1997жылы
106. Репродуктивті, тәрбиелілік, тұрмыстық-экономикалық, коммуникативті, рекреативті – бұл жанұяның негізгі…
А) Қызметтері
В) Мақсаты
С) Міндеті
Д) Әдісі
Е) Формасы
107. Оқушылардың жеке және ұжымдық іс-әрекеттеріне оқытушы әсерінің сәйкестігі – бұл оқыту үрдісінің…
А) Заңдылығы
В) Принциптері
С) Мақсаты
Д) Міндеті
Е) Әдісі
108. Оқушының танымдық, ақыл-ой және басқа да мүмкіндіктеріне оқыту әсерінің сәйкестігі – бұл оқыту үрдісінің…
А) Заңдылығы
В) Мақсаты
С) Міндеті
Д) Принциптері
Е) Әдісі
109. Оқытушы мен оқушының іс-рекеттерін оқытудың техникалық құралдарының мүмкіндіктеріне сәйкестігі – бұл оқыту үрдісінің…
А) Заңдылығы
В) Міндеті
С) Мақсаты
Д) Принциптері
Е) Әдісі
110. Оқытушы мен оқушының іс-әрекетін қазіргі таңдағы өмір мен іс-әрекеттің талаптарына сай модельдеу– бұл оқыту үрдісінің…
А) Заңдылығы
В) Принциптері
С) Мақсаты
Д) Мідеті
Е) Әдісі
111. Құбылыстар мен үрдістердің дамуын бейнелейтін, объективті, қажетті, мәнді байланыс:
А) Оқыту үрдісінің заңдылығы
В) Оқыту үрдісінің принциптері
С) Оқыту үрдісінің мақсаты
Д) Оқыту үрдісінің міндеті
Е) Оқыту үрдісінің әдісі
112. Оқыту үрдісінің негізгі қозғаушы күші – бұл:
А) Қарама-қайшылық
В) Құралдар
С) Мотивтер
Д) Талаптар
Е) Таным
113. Оқушылардың сабақтың мақсаты мен міндетіне жауапкершілігін, оның практикалық мәнін ұғыну – бұл оқытудың … принциптері
А) Саналылық, белсенділік және өз бетіншілік
В) Көрнекілік
С) Жүйелілік, бірізділік, кешенділік
Д) Күрделіліктің жоғары деңгейінде оқыту
Е) Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру беріктілігі
114. Сабақтың айқын мазмұнды, ұғымды болып, шығармашылық, әдістемелік жағынан дұрыс қолданылуы сабақтың мазмұны мен мақсатына жауап беретін оқытудың … принципі:
А) Көрнекілік
В) Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру беріктілігі
С) Күрделіліктің жоғары деңгейінде оқыту
Д) Саналылық, белсенділік және өз бетіншілік
Е) Жүйелілік, бірізділік, кешенділік
115. Оқу пәнінің білімдерін жүйелі беруге жаңа білімді бұрынғы білімдермен байланыстыра оқытуды, оқу материалының логикалық байланысы мен орналасуын қатаң сақтауды керек ететін оқытудың принциптері:
А) Жүйелілік, бірізділік, кешенділік
В) Көрнекілік
С) Саналылық, белсенділік және өз бетіншілік
Д) Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру беріктілігі
Е) Күрделіліктің жоғары деңгейінде оқыту
116. Оқу материалының күрделілігіне, оқу материалын қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп оқытуға, оқушылардың оқу әрекеттерінің қиыншылықтарын жеңуге саналы қатынасын тәрбиелейтін оқыту үрдісінің принципі:
А) Күрделіліктің жоғары деңгейінде оқыту
В) Жүйелілік, бірізділік, кешенділік
С) Көрнекілік
Д) Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру беріктілігі
Е) Саналылық, белсенділік және өз бетіншілік
117. Оқытылатын материалдың мазмұнын берік, әрі ұзақ уақытқа дейін есте сақтауға деген мақсатын, бұрын оқытылған оқу материалын жүйелі қайталауды қалыптастыратын оқыту үрдісінің принципі:
А) Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру беріктілігі
В) Күрделіліктің жоғары деңгейінде оқыту
С) Көрнекілік
Д) Жүйелілік, бірізділік, кешенділік
Е) Саналылық, белсенділік және өз бетіншілік
118. Балаларды келісімге негізделген бірлестік әрекеттерде оқытуға, топта жағымды психикалық жағдайда оқытуды болжайтын оқыту үрдісінің принципі:
А) Оқытудың топтық және жеке тәсілдері
В) Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру беріктілігі
С) Күрделіліктің жоғары деңгейінде оқыту
Д) Саналылық, белсенділік және өз бетіншілік
Е) Көрнекілік
119. Оқытудың қорытынды элементі:
А) Бекіту
В) Бақылау
С) Білімді практикада қолдану
Д) Педагогикалық диагностика
Е) Жаттығу
120. Я.А. Коменскийдің пікірі бойынша «Дидактиканың алтын ережесі»:
А) Көрнекілік
В) Сабақтастық
С) Жүйелілік
Д) Түсініктілік
Е) Ғылымилық
121. Мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, негізгі мазмұны мен бағытын анықтап, сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын құрастыру – бұл:
А) Сабақты жоспарлау
В) «Ашық есік күнін» жоспарлау
С) Ата-аналар жиналысын жоспарлау
Д) Сұрақ-жауап кештерін жоспарлау
Е) «Кіші педагогикалық кеңесті» жоспарлау
122. Қазіргі мектептегі оқытудың жетекші формасы:
А) Сабақ
В) Ата-аналар жиналысы
С) “Кіші педагогикалық кеңес”
Д) “Ашық есік” күні
Е) Сұрақ-жауап кеші
123. Сыныптың мұғалім басшылығымен жаппай атқаратын оқытудың іс-әрекет формасы – бұл … жұмыс:
А) Фронтальды
В) Жеке
С) Топтық
Д) Фронтальды, жеке
Е) Жеке, топтық
124. Оқушылардың дара дайындығы мен мүмкіншілігіне қарай әр оқушының өздігінен жұмысын белгілейтін оқытудың іс-әрекет формасы – бұл … жұмыс:
А) Жеке
В) Фронтальды
С) Топтық
Д) Жеке, фронтальды
Е) Жеке, топтық
125. Мұғалімнің психологиялық, дидактикалық, технологиялық дайындығын, алгоритмдік білімін қажетсінетін 4-6 адамнан жеке бірлесіп жұмыс атқаратын оқытудың іс-әрекет формасы – бұл … жұмыс
А) Топтық
В) Фронтальды
С) Жеке
Д) Жеке, топтық
Е) Фронтальды, топтық
126. Оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсеткен педагог:
А) С.А.Ананьев
В) М.Д.Виноградов
С) Н.Н.Хан
Д) Г.К.Селевко
Е) М.А.Данилов
127. Кәсіби мұғалімдерге орын берілу, ауызша сөздерді жазбашаға ауыстыру, оқуға баспа сөздерін кіргізу, автоматтандыру мен компьютерлендіруді оқу процесіне енгізуді болжап, оқыту әдісі сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсеткен педагог:
А) К.Керр
В) Р.Г.Лемберг
С) Г.К.Селевко
Д) М.И.Махмутов
Е) С.А.Ананьев
128. Баяндау, лекция, кітаппен жұмыс, әңгімеден тұратын оқыту әдісі - бұл:
А) Сөздік
В) Көрнекілік
С) Машықтық
Д) Бақылау және өзіндік бақылау
Е) Бағдарламалы
129. Бақылау, демонстрация, бейне әдістен тұратын оқыту әдісі – бұл:
А) Көрнекілік
В) Сөздік
С) Машықтық
Д) Бақылау және өзіндік бақылау
Е) Бағдарламалы
130. Жаттығу, лабораториялық, өзіндік оқу жұмыстары, танымдық ойындар, ситуациялық әдіс, дискуссиялық оқытудан тұратын оқыту әдісі – бұл:
А) Машықтық
В) Сөздік
С) Көрнекілік
Д) Бақылау және өзіндік бақылау
Е) Бағдарламалы
131. Бақылаудың ауызша әдістері (дербес, фронтальды, сауалнама) және жазбаша әдістерден (диктант, мазмұндама, шығарма, реферат, баяндама) тұратын оқыту әдісі – бұл:
А) Бақылау және өзіндік бақылау
В) Машықтық
С) Сөздік
Д) Көрнекілік
Е) Бағдарламалы
132. Бақылауды ұйымдастыру әдісінен (жазбаша, лабораториялық, машиналы, текстік, өздік бақылау) тұратын оқыту әдісі – бұл:
А) Бағдарламалы
В) Бақылау және өзіндік бақылау
С) Көрнекілік
Д) Сөздік
Е) Машықтық
133. Оқу процесінде объективті түрде пайда болатын және оның басты қозғаушы күші болып табылатын қарама-қайшылықты анықтаған белгілі дидакт:
А) М.А.Данилов
В) Р.Г.Лемберг
С) А.Синицкая
Д) Г.К.Селевко
Е) Т.Е.Конникова
134. Әлеуметтік тәжірибені игеру, өзінің танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып, тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті:
А) Ұжымдық-танымдық
В) Өзіндік
С) Жеке
Д) Эксперимент
Е) Жеке-топтық
135. Оқыту үрдісіндегі зерттеушілік, іс-әрекеттік, гумандық психология мен педагогиканың идеяларындағы тұлғалық-бағдарлық тәсіл, дифференциалдап, алгоритмдеп оқыту, оқытуды компьютерлеу, ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл – бұл:
А) Танымдық іс-әрекетті белсендіру
В) Танымдық іс-әрекетті төмендету
С) Танымдық іс-әрекетті қайталау
Д) Танымдық іс-әрекетті жоғарылату
Е) Танымдық іс-әрекетті жою
136. Оқытудың мазмұнына, ұйымдастырылуына және әдістемесіне қойылатын талаптар жүйесін анықтайтын, негзігі жағдайлар – бұл:
А) Оқыту принциптері
В) Ереже
С) Анықтама
Д) Оқыту мазмұны
Е) Оқыту заңдылықтары
137. Оқушылардың білім, дағды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыратын бұл оқытудың … қызметі:
А) Білім беру
В) Тәрбиелеу
С) Дамыту
Д) Қалыптастыру
Е) Жаттықтыру
138.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыратын оқытудың – бұл … қызметі:
А) Тәрбиелеу
В) Білім беру
С) Дамыту
Д) Жаттықтыру
Е) Қалыптастыру
139. Оқушылардың өз бетінше ойлауын арттыратын – бұл оқытудың … қызметі:
А) Дамытушылық
В) Тәрбиелеушілік
С) Білім берушілік
Д) Қалыптастырушылық
Е) Жаттықтырушылық
140. Оқушылардың белгілі бір бағдарлама, пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау – бұл…
А) Оқыту нәтижесін тексерудің мәні
В) Сынып жетекшісі жұмысын тексеру мәні
С) “Кіші педагогикалық кеңес”жұмысын тексеру мәні
Д) “Ашық есік күні” жұмысын тексеру мәні
Е) Сынып белсенділері жұмысын тексеру мәні
141. Алдын-ала бақылау, күнделікті бақылау, қорытынды бақылау – бұл:
А) Бақылау түрлері
В) Бақылау мақсаттары
С) Бақылау міндеттері
Д) Бақылау құралдары
Е) Бақылау әдістері
142. Сабақ өткізу үшін әзірленген жоспарлар, материалдармен танысу, түсіндіру, бекіту әдістері мен формалары, оқушылардың өзіндік жұмысының тәсілдері туралы әңгіме жүргізу – бұл …бақылау:
А) Алдын ала
В) Күнделікті
С) Қорытынды
Д) Тура
Е) Жанама
143. Сабақты немесе сабақтардың өтуін бақылау, оқушы білімі мен дағдысын тексеру, оқушы жұмысын қарап шығу – бұл … бақылау:
А) Күнделікті
В) Алдын ала
С) Қорытынды
Д) Тура
Е) Жанама
144. Белгілі бір уақыт аралығындағы мұғалімнің оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысының нәтижелерін зерттеу – бұл …бақылау
А) Қорытынды
В) Күнделікті
С) Алдын ала
Д) Тура
Е) Жанама
145. Оқытудың жетістігі, оқу процесінің тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде қарама-қарсы байланысты қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, өзара байланысты диагностикалық қызметтерінің жүйесі – бұл:
А) Бақылау әдістері
В) Бақылау түрлері
С) Бақылау мақсаты
Д) Бақылау міндеті
Е) Бақылау құралы
146. Бақылау әдістері түрлерін атаңыз:
А) Ауызша, жазбаша, тәжірибелік, дидактикалық тест
В) Ауызша, жазбаша, сауалнама, дидактикалық тест
С) Ауызша, дидактикалық тест, сұхбат
Д) Дидактикалық тест, жазбаша
Е) Тәжірибелік, сауалнама, дидактикалық тест
147. Сұхбат, оқушы әңгімесі, түсіндірме, тексті оқу, технологиялық карта, сызба, тәжірибе туралы хабарлар – бұл …бақылау әдістері
А) Ауызша
В) Жазбаша
С) Тәжірибелік
Д) Дидактикалық тест
Е) Эксперимент
148. Бақылау жұмысы, мазмұндама, шығарма, диктант, реферат – бұл …бақылау әдістері
А) Жазбаша
В) Ауызша
С) Дидактикалық
Д) Тәжірибелік
Е) Зерттеу
149. Педагогикалық үрдістегі заңдылықтар негізінде анықталады:
А) Принциптер
В) Жоба
С) Педагогикалық үрдіс
Д) Жоспар
Е) Оқу жоспары
150. Әлеуметтік-экономикалық, биопсихикалық сипаттағы және педагогикалық себептер – бұл оқушының … себептері
А) Артта қалуының
В) Жетістікке жетуінің
С) Жоғары деңгейінің
Д) Орта деңгейінің
Е) Бейтараптылық

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген