Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
тестелеу 4 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Облыстық білім сапасын бағалау қызметі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘТІНДІ ОҚУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ САПАСЫН БАҒАЛАУ
1 НҰСҚА
PIRLS
Аудан атауы |
|
Қала, ауыл атауы |
|
Мектеп атауы |
|
Оқушының аты-жөні |
|
сыныбы |
|
Таңғажайып түн
Әдеби мәтін
Маралдың жасы онда, ол ұйқысын толық ашар-ашпастан, өз бөлмесінен жуынатын бөлмеге дейін барады. Әдетте оның бөлмесінің есігі сәл ашық тұрады, дәліздегі түнгі шамның жарығы телефон тұрған үстелді соқпай, жуынатын бөлмеге дейін баруға жеткілікті.
Б ір күні түнде, Марал жуынатын бөлмеге барар жолда, телефон тұрған үстелдің жанынан өтіп бара жатып, бір ысылдаған дыбыс естіді. Ұйқылы-ояу күйінде ол ысылдаған дыбысқа көңіл аударған жоқ. Дегенмен, біртүрлі дыбыс бөлмеден шығып жатты. Тек жатын бөлмеге бара жатқанда ғана, ол дыбыстың қай жақтан шығып жатқанын түсінді. Телефон тұрған үстелдің астында ескі газеттер мен журналдар болатын, сол бума қимылдай бастады. Ысылдаған дыбыс сол жерден шықты.Кенеттен газеттер оңға, солға, алға, артқа қарай қозғала бастады, газеттер мен журналдар бүкіл еденге шашылды. Телефон тұрған үстелдің астынан ысылдап аузын айқара ашып шыққан қолтырауынды көргенде Марал өз көзіне өзі сене алмады.
Марал орнынан тапжылмай тұрып қалды. Қолтырауынның газеттердің астынан шығып жан-жағына баяу қарап тұрғанын көргенде, оның көзі бақырайып кетті. Ол өзеннен жаңа ғаны шыққандай болып көрінді, өйткені оның үстінен су ағып тұрды. Ол қай жерді басса да артынан кілем су болып қала берді.
Қолтырауын басын ойнақтатып, қатты ысылдаған дауыс шығарды. Оның ұзын қорқынышты тістері мен аузын көргенде Маралдың демі бітіп қалды. Қолтырауын құйрығын баяу жоғары-төмен қозғалтып тұрды. Марал қолтырауын өзінің олжасын аңдып жүргенде немесе дұшпандарына шабуыл жасағанда құйрығымен осылау суды ұратынын журналдардан оқыған еді.
Маралдың бумадан шығып жатқан, аяғының астындағы жан-жануарлар туралы журналдың соңғы нөмеріне көзі түсті. Ол қайтадан дірілдей бастады. Журналдың мұқабасында өзен жағасында үлкен қолтырауын бейнеленген еді. Енді өзеннің жағасы бос тұр!
Марал еңкейіп журналды көтерді. Сол сәтте қолтырауын құйрығымен қатты соққаны сонша, еденде тұрған күнбағыс салынған үлкен құмыраны сындырып жіберді, күнбағыстар жан-жаққа шашылып кетті. Марал бір секіріп бөлмесіне кіріп кетті. Ол есікті тарс жапты да, кереуетін ысырып есікке тіреп қойды. Сөйтіп, ол өзін қолтырауыннан қорғайтын бөгет жасағандай иығы босап терең демалды.
Марал біраз ойланып қалды. Қолтырауынның мүмкін қарны аш шығар? Қолтырауынды кетіру үшін, мүмкін оған жейтін бірнәрсе беру керек шығар?
М арал жануарлар туралы журналға тағы бір қарады. Егер қолтырауын суреттен шыға алатын болса, мүмкін басқа жануарлар да шыға алатын шығар? Марал журналды тез-тез парақтап отырып, джунглиде сазда тұрған фламингоның суретіне келіп тоқтап қалды. «Нағыз керегі осы»,-деп ойлады Марал. Фламинго қолтырауынға арналған бәліш сияқты көрінді.
Бір кезде сатырлаған қатты дыбыс шықты, қолтырауын құйрығымен есікті тесіп жіберіпті.
Марал тез арада фламингоның суретін есіктің тесігіне тақап бар дауысымен: «Шық саздан! Кіш! Кіш!»-деп айқайлады. Сосын тесіктен журналды дәлізге тастап жіберді де, қолын шапалақтап ащы дауыспен айқайлады.
Одан кейін не болғанына ол түсінбей қалды. Кенеттен бүкіл дәліз айқайлаған, қанаттарын қаққан, ұзын аяқтарымен жүгірген фламинголарға толып кетті. Марал бір құстың тұмсығына күнбағысты салып алғанын көрді, тағы біреуі анасының қалпағын ілмектеп алып жатқанын байқады. Ол тағы біреуі қолтырауынның аузына кеткенін де көрді. Қолтырауын оны екі шайнап жұта салды да, тұмсығында күнбағысы бар екіншісін ұстап алды.
Қ олтырауынға екі фламинго жеткілікті болған сияқты, ол қанағаттанып дәліздің ортасында жатыр. Ол көзін жауып қимылдай жатқанда, Марал жай ғана есігін ашып дәлізге шықты. Ол мұқабасы бос журналды қолтырауынның дәл тұмсығының алдына қойды. «Өтінемін, өтінемін үйіңе қайтшы»,-деп сыбырлады. Сосын қайтадан білдірмей бөлмесіне кіріп, есіктің тесігіне қараса, қолтырауын журналдың мұқабасына қайта оралыпты.
Осыдан кейін Марал ақырын қонақ бөлмесіндегі, теледидардың үстінде және диванның жанына топталып тұрған фламинголарға барды. Журналдың бос тұрған бетін ашып «Рахмет сендерге, көп рахмет. Енді сендердің саздарыңа қайта оралуларыңа болады»,-деді.
Таңертен оған ата-анасына, едендегі сулы үлкен дақты және неліктен есіктің сынғанын түсіндіру қиын болды. Олар, анасының қалпағының жоғалғанына қарамастан, бәрібір қолтырауынмен болған хикаяға сенбеді.
«Таңғажайып түн» мәтіні бойынша сұрақтар
1. Әдеттегіден тыс бір нәрсенің болып жатқанын білдірген алғашқы белгі не?
А) газеттер қозғала бастады
Б) Марал журналдың мұқабасын көрді
В) оның бөлмесінің есігі сынып қалған
Г) Марал ысылдаған дыбысты естіді
2. Қолтырауын қайдан пайда болды?
А) жуынатын бөлмеден
Б) журналдың мұқабасынан
В) кереуеттің астынан
Г) жақын маңдағы өзеннен
3. Маралдың қорыққаны жайында айтатын сөздерді белгілеңіз?
А) «орнына тапжылмады»
Б) «өз көзіне өзі сенбеді»
В) «иығы босап терең демалды»
Г) «жай ысылдауға ұқсайды»
4. Марал неге қолтырауын шабуыл жасағалы тұр деп ойлады?
А) ол өзінің ұзын тістерін көрсетті
Б) ол қатты ысылдады
В) ол ысылдап аузын айқара аша бастады
Г) ол құйрығын жоғары төмен қозғалтты
5. Оқиғаны ретімен нөмірлеңіз. Нөмір 1 қойылған
____ Марал қолтырауынды көрді
____ Қолтырауын екі фламингоны жеп қойды
____ Марал ата-анасына есіктің неге сынғанын түсіндіруге тырысты
__1_ Марал жуынатын бөлмеге барды
____ Марал бөлмесіне жүгіріп кірді де есікті тарс жапты
6. Марал фламинголарды неліктен шақырды?
______________________________________________________________
______________________________________________________________
7. Жатын бөлменің есігі қалай сынды?
А) қолтырауын құйрығымен сындырды
Б) үлкен құмыра есікке тиіп сынды
В) фламинго өткір тұмсығымен есікті соқты
Г) кереует есікке соғылды
8. Журнал Маралға қалай көмектесті? Екі мысал келтір.
______________________________________________________________
______________________________________________________________
9. Әңгіменің соңында Марал фламинголарға деген қандай сезімде болды?
А) өзін кінәлі сезінді
Б) сақтық сезімде
В) ризашылық сезімде
Г) тітіркенді
10. Болған оқиғадан Маралдың ата-анасына түсіндіруге қиын болған бір жағдайды жазыңыз
______________________________________________________________
______________________________________________________________
11. Маралдың істеген істеріне қарап, оның мінезінің қандай екенін білдіңіз. Маралдың мінезінің бір көрінісін жазыңыз. Жауабыңыз нақты болу үшін, оның жасаған істеріне екі мысал келтіріңіз
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
12. Әңгіменің авторы бізге хикая Маралдың түсі мен, түсі емес пе екенін айтқан жоқ.
Түсі болуы мүмкін екендігін білдіретініне және түсі емес кендігіне бір-бір дәлел жазыңыз.
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
Тапсырма 2.
Антарктида: Мұзды құрлық.Антарктидамен танысу.
Ақпараттық мәтін.
Антарктида деген не?
Антарктида – ол планетаның оңтүстік шетінде орналасқан құрлық.Егер сен Антарктиданы глобустан іздесең, оның өте төмен орналасқанын көресің.
Антарктида жер бетінің оннан бір бөлігін алып жатыр.
Ол қалыңдығы 1500 метрден де көп мұз қабаттарымен қапталған.Оңтүстік полюс Антарктиданың дәл ортасында орналасқан.Антарктида –біздің планетамыздағы ең суық,құрғақ,биік орналасқан,желді құрлық болып табылады.Ол жақта жыл бойы тұратын адамдар өте аз.Ғалымдар ол жақта көп бола алмайды,олар арнайы соғылған ғылыми станцияларда тұрады.
Антарктидада қазан мен наурыз айлары аралығында жаз мезгілі болады.Бұл мезгілде ол жақта үнемі жарық болып тұрады.Ал қыс мезгілі,сәуір мен қыркүйек айлары аралығында болғанда бәрі керісінше:Антарктидада алты ай қараңғы болады.
Антарктиданың ауа райы
Антарктидада жаздың өзінде,қатты суық болады! Антарктиданың Оңтүстік полюсі оның ең суық бөлігі болып саналады. Қаңтардағы орташа температурасы, яғни жаздың ортасында,шамамен -28 градус Цельсиді көрсетеді (-28 с). Минус деген судың қату температурасы 0 С тең температурадан да төмен деген сөз. Қыс мезгілінде сәуір мен қыркүйек айларының аралығында орташа температура Оңтүстік полюсте -89 C –дейін төмендейді. Қатты суық күндері,ыдыстан төгілген жаңа қайнаған су,жерге төгілмей-ақ ауада мұз болып қатып қалады. Ғалымдардың үлгілері қатып қалмас үшін, оларды кейде тоңазытқышта сақтауға тура келеді.
Антарктида пингвиндері
Антарктидада пингвиндер кейбір құстардан көп мекендейді. Пингвиндер ұша алмайды,өздерінің қысқа қанаттарын жүзуге пайдаланады. Олар өте жақсы жүзеді,құрғақ жерде теңселе басып немесе аз-аздан секіріп алға ұмтылып жүреді. Пингвиндердің бірінің үстіне бірі орналасқан қауырсындары көп. Оның жылы мамығы және қатпарлы майымен қоса қауырсындары да,қыстағы суық ауадан,желден және судан қорғайды. Пингвиндер жылыну үшін,топтасып алады.
Антарктидадан хат
Сара Тұрсынқызы басқа да ғалымдарымен бірге Антарктидада жұмыс істейді. Оның жиені Маратқа жазған хатынан, Антарктидада өткізген күндері туралы біле аласыз.
Антарктида
Жұма, 9 желтоқсан
Қымбатты Дидар!
Мен сізге, көптен уәделескен хатымды фото суреттермен жіберемін. Мен осы жерге басқа да танымал ғалымдардың артынан келгенім үшін қандай бақытты екенімді білсең ғой. Бұл жердегі өткен күндерім,мен өмір сүріп жүрген жерден әлдеқайда ерекше.
Бұл жерде дүкендер жоқ, мерзімінен өтпеген азық-түліктер табу өте қиын,сондықтан біз мұнда құрғақ, консервіленген, қатырылған тамақтарды жеуге мәжбүрміз (оларды тоңазытқышқа салудың қажеті жоқ,тек далаға шығарып қойса болады). Біз тамақты кішкентай ғана плиткамен дайындаймыз, тамақты әзірлеуге үйдегіге қарағанда, көп уақыт кетеді. Кеше томат тұздығымен және консервіленген жеміспен лапша, сосын тәтті тағамға картонның дәмін еске түсіретін кептірілген құлпынай дайындадым.
Мен жаңа піскен алма мен апельсинді сағындым,сен оларды маған жібере алмайтының өте өкінішті.
Ізгі ниетпен, Сара
«Антарктида:Мұзды құрлық» мәтіні бойынша сұрақтар
1. Антарктиданы глобустың қай бөлігінен табуға болады?
_______________________________________________________________
2.Антарктида-Жердегі ең суық орын.Ол тағы несімен ерекше?
А) ең құрғақ және ең бұлтты жер
В) ең сулы және ең желді жер
С) ең желді және ең құрғақ жер
Д) ең бұлтты және ең биік жер
3. Антарктиданың қай бөлігі ең суық болып табылады?
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
4. Антарктида туралы мақалада не жайында айтқанын есіңізге түсіріңіз.Антарктидаға адамдардың наурыз айы мен қыркүйек айы аралығында неліктен бармайтынының екі себебін жазып,мысал келтіріңіз.
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
5. Мақалада «Ыдыстан төгілген жаңа қайнаған су,жерге төгілмей-ақ ауада мұз болып қатып қалады»-деген қандай мағынаны білдіреді?
А) Антарктидадағы судың қаншалықты ыстық екенін
В) Антарктидада не ішетінін
С) Антарктидадағы ғаламдардың жұмысы туралы
Д) Антарктидада қаншалықты суық екенін
6.Мақалада,пингвиндер қанаттарын не үшін пайдаланатындығы жайында айтылған?
А) ұшу үшін
В) жүзу үшін
С) балапандарын жылыту үшін
Д) тік жүру үшін
7.Пингвиндер Антарктидада тоңбас үшін оларға не көмектеседі? Үш мысал келтір.
1.___________________________________________ 2.___________________________________________ 3.___________________________________________
8. Сараның хатынан Антарктидадағы азық-түліктер жайында не білдіңіз? Екі мысал келтір. 1._____________________________________________________________ 2._____________________________________________________________
9. Сіздің Антарктидада болғыңыз келе ме,сол жайында ойланыңыз.Неге ол жақта болғыңыз келеді немесе болғыңыз келмейді?Ол үшін оқып өткен «Антарктидамен танысу» және «Антарктидадан хат» деген бөлімдерді пайдалануға болады. 1._____________________________________________________________ 2._____________________________________________________________
10.Мәтіннің қай бөлімінде Антарктидадағы мұздың қалыңдығы жайында айтылған?
А) Антарктида дегеніміз не?
В) Антарктидадағы ауа райы
С) Антарктидадағы пингвиндер
Д) Антарктидадан келген хат
11.Бұл мақалада Антарктида жайында мәліметті баяндаудың екі тәсілі көрсетілген.
1. Антарктидамен танысу
2. Антарктидадан келген хат
Осы баяндау тәсілдерінің қайсысы саған аса қызықты болып көрінді? Неліктен екенін түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________________________________________________________