Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
тестер ПИЗА
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы
Облыстық білім сапасын бағалау қызметі
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘТІНДІ ОҚУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ САПАСЫН БАҒАЛАУ 4 НҰСҚА
Аудан атауы |
|
Қала, ауыл атауы |
|
Мектеп атауы |
|
Оқушының аты-жөні |
|
сыныбы |
|
PIRLS
Тапсырма 1. Ұш, Бүркіт,Ұш
Әдеби мәтін
Бір күні фермер жоғалып кеткен бұзауды іздеуге кетті.Кеш қарсаңында бақташылар бұзаусыз оралды.Ал бұл түні қатты жел болған еді.
Ол алқапқа барып,өзен арнасында,қамыс арасынан,жартастан және сарқыраған судан іздеген еді.
Ол жартасты құздары бар биік тау баурайына шықты.Бұзау желден қорғану үшін өрмелеп кетті ме екен деп,үлкен жартастарды қарап жүрді.Дәл сол жерде тоқтай қалды.Құздың дөңес жерінде ең ерекше көрініске тап болды.Бір-екі күн бұрын жұмыртқаны жарып шыққан бүркіттің балапаны қатты желден ұясынан құлап түсіп қалыпты.
Ол қолын созып,балапанды қолында тербетті. Ол оны үйіне әкеліп, күтіп өсіргісі келді.
Үйіне жақындап қалған кезде, балалар қарсы алдынан шықты.
«Бұзау өзі келді»,-деп айқайлай жөнелді олар.
Фермер өте риза болды. Ол бүркіттің балапанын отбасына көрсетіп, тауықтар мен балапандар арасындағы құс қораға абайлап жіберді.
«Бүркіт-құстар патшасы,бірақ біз оны балапан болуға үйретеміз»,-деді ол.
Сөйтіп, бүркіт балапандардың қылықтарына үйрене отырып, олардың арасында өсті. Өскен сайын, басқа балапандардан ерекшелене бастады.
Бір күні досы келіп, балапандар арасындағы құсты көріп қалды.
«Әй,бұл балапан емес, бүркіт қой»,-деді ол.
Фермер жымиып: «Әрине, бұл балапан. Қарашы өзің-ол балапан сияқты жүреді, балапан сияқты қоректенеді, балапан сияқты ойлайды. Әрине, бұл балапан»,-деді.
Бірақ досы онымен келіспеді. «Мен саған бұның бүркіт екенін көрсетемін»,-деді ол.
Фермердің балалары досына құсты ұстап алуға көмектесті. Бұл қиынға түсіп еді, бірақ фермердің досы оны көтеріп: «Сен балапан емессің, сен бүркітсің. Сен жер құсы емес,аспан құсысың.Ұш,бүркіт,ұш»,-деді.
Құс қанатын жайып,айналасына қарап, шоқып жатқан балапандарды көріп,секіріп кетіп, олармен бірге шоқи жөнелді.
«Мен айттым ғой саған,бұл балапан деп»,-деді де,фермер күліп жіберді.
Келесі күні, таң атпай, фермердің иттері үре бастады. Қараңғыда сырттан бір дауыс естілді. Фермер есікке қарай жүгіріп шықты. Бұл тағы оның досы екен. «Маған тағы бір мүмкіндік берші»,- деп өтінді ол.
«Сен уақыттың қанша екенін білесің бе? Таң атқанға дейін әлі ерте».
«Менімен жүрші. Өзіңмен бірге құсты да ал жүр».
Фермер еріксіз балапандардың арасында ұйықтап жатқан құсты әкелді. Екі ер адам жолға шықты да, қараңғыда көрінбей кетті.
«Біз қайда бара жатырмыз?»,-деп сұрады ұйқылы ояу фермер.
«Сен құсты тапқан тауға».
«Ендеше неге осындай қолайсыз түнгі уақытта бара жатырмыз?».
«Бүркіт таудың ар жағынан атып келе жатқан күнді көріп, оның артынан өзінің мекені аспанға еру үшін», - деді.
Олар алқапқа қарай жүріп,өзеннен өтті,досы жолды көрсетіп келе жатты». Жылдам, әйтпесе біз барғанша таң атып кетеді»,-деді ол.
Олар тауға шыға бастаған кезде алғашқы күн сәулесі де аспанда көрінді. Аспандағы жіңішке бұлттар алдымен қызғылты болды, содан кейін алтындай жарқырай бастады. Кейде тау соқпақтары қауіпті болады,жартастың тар қайраңынан өтіп, қараңғы саңылаулар арқылы сыртқа қарай әкетіп барады. Ақыры: «Жеткілікті», - деді. Ол төмендегі құзға қарап, мыңдаған километр қашықтықта жатқан жерді көрді. Олар шыңға таяу келген еді.
Досы абайлап құсты дөңес жерге әкелді. Шығысқа қаратып қойып қойды да, онымен сөйлесе бастады. Фермер сықылықтап күлді. Ол тек балапанша сөйлей алады.
Бірақ досы құсқа күн туралы, оның әлемге тіршілік беретіні және әрбір жаңа күні жарқырап, аспанда әмірлік ететіні туралы әңгімелей отырып, тоқтамады». Бүркіт,күнге қарашы. Таң атқанда,сен де онымен бірге ататын бол. Сен жер құсы емес,аспан құсысың. Осы сәтте алғашқы күн сәулелері таудың ар жағынан атып,кенеттен әлем күн сәулесінен лаулай бастап, Ұлы күн шықты. Үп-үлкен құс күнді қошеметтеу үшін және қанатымен оның жылулығын сезіну үшін қанатын жайды. Фермер қозғалмады. Оның досы: «Сен жер құсы емес,аспан құсысың. Ұш, бүркіт, ұш!», -деді. Ол фермерге қарай жорғалап кетті. Тым-тырыс. Бүркіт басын созып, қанатын жайды, тырнақтарымен жартасқа ұстанып тұрып, аяқтары алға қарай иілді.
Содан соң, қандай да бір қозғалыссыз, кез-келген адам немесе құстан да қаттырақ көтеріліп келе жатқан желді сезініп,ұлы бүркіт алға қарай еңкейді де, биіктен биікке көтеріле берді, ол атып келе жатқан күннің жарқылында көрінбей кетті және балапандармен ешқашан бірге болған жоқ.
«Ұш, бүркіт, ұш» мәтіні бойынша сұрақтар.
1.Әңгіменің басында фермер кімді іздеуге кетіп еді?
А) бұзауды
В) бақташыларды
С) жартасты шатқалдарды
Д) бүркіттің балапанын
2.Фермер бүркіттің балапанын қайдан тауып алды?
А) ұядан
В) өзен арнасынан
С) жартастың дөңес жерінен
Д) қамыстың арасынан
3. Әңгіменің қай жерінен,фермер бүркіттің балапанына қамқор болғанын көруге болады?
А) Ол бүркіттің балапанын екі қолымен ұстап келе жатты
В) Ол балапанды өз отбасына әкелді
В) Ол балапанды қайта ұясына салып қойды
Д) Ол балапан үшін өзен арнсын іздеді
4. Фермер бүркіттің балапанын үйге әкелген кезде не істеді?
А) ұшуға үйретті
В) босатып жіберді
С) балапан болуға үйретті
Д) оған жаңа ұя жасап берді
5. Досы алғаш рет келгенде, бүркіттің балапаны тауықтың балапаны сияқты жүрді.Осыны көрсететін екі мысал келтіріңіз.
1.______________________________________________________________
2.______________________________________________________________
6. Фермердің досы бүркітті көрген кезде,оны қалай ұшыруға тырысты?
А) жоғары көтерді
В) жерге қойып қойды
С) ауаға лақтырып жіберді
Д) оны тауға әкелді
7. Фермердің досы «Бүркіт жер құсы емес,аспан құсы» деп нені айтқысы келгенін түсіндіріңіз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________
8.Неліктен досы алғаш рет келгенде фермер күліп жіберді?
А) бүркіт ұшатындай тым ауыр болды
В) бүркітті ұстау қиынға түсті
С) бүркіт басқа балапандардан өзгеше болды
Д) бүркіт оның сөзінің дұрыстығын дәлелдеді
9. Неліктен фермердің досы бүркітті ұшыру үшін биік тауларға апарды? 2 себебін көрсетіңіз.
1.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
10. Таң сәріде аспанның сұлулығы қандай болғанын сипаттайтын сөздерді табыңыз және көшіріп жазыңыз.
_____________________________________________________________________________________________________________________________
11.Неліктен әңгімедегі атып келе жатқан күн соншалықты маңызды?
А) ол бүркіттің ұшу түйсігін оятты
В) ол аспанда патшалық ететін еді
С) ол бүркіттің қанаттарын жылытты
Д) ол сәулесімен таудағы жолдарға жарық түсірді
12.Фермердің досының іс-әрекетінен қандай адам екенін байқадыңыз. Досына сипаттама беріп, қандай іс-қимылдарынан сондай болып көрінгеніне мысал келтіріңіз
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Тапсырма 2.
Антарктида: Мұзды құрлық.Антарктидамен танысу.
Ақпараттық мәтін.
Антарктида деген не?
Антарктида – ол планетаның оңтүстік шетінде орналасқан құрлық. Егер сен Антарктиданы глобустан іздесең, оның өте төмен орналасқанын көресің.
Антарктида жер бетінің оннан бір бөлігін алып жатыр.
Ол қалыңдығы 1500 метрден де көп мұз қабаттарымен қапталған. Оңтүстік полюс Антарктиданың дәл ортасында орналасқан. Антарктида – біздің планетамыздағы ең суық, құрғақ, биік орналасқан,желді құрлық болып табылады. Ол жақта жыл бойы тұратын адамдар өте аз. Ғалымдар ол жақта көп бола алмайды, олар арнайы соғылған ғылыми станцияларда тұрады.
Антарктидада қазан мен наурыз айлары аралығында жаз мезгілі болады.Бұл мезгілде ол жақта үнемі жарық болып тұрады. Ал қыс мезгілі, сәуір мен қыркүйек айлары аралығында болғанда бәрі керісінше: Антарктидада алты ай қараңғы болады.
Антарктиданың ауа райы
Антарктидада жаздың өзінде,қатты суық болады!Антарктиданың Оңтүстік полюсі оның ең суық бөлігі болып саналады.Қаңтардағы орташа температурасы,яғни жаздың ортасында,шамамен -28 градус Цельсиді көрсетеді (-28 с).Минус деген судың қату температурасы 0 С тең
температурадан да төмен деген сөз.Қыс мезгілінде сәуір мен қыркүйек айларының аралығында орташа температура Оңтүстік полюсте -89 C –дейін төмендейді.Қатты суық күндері,ыдыстан төгілген жаңа қайнаған су,жерге төгілмей-ақ ауада мұз болып қатып қалады.Ғалымдардың үлгілері қатып қалмас үшін,оларды кейде тоңазытқышта сақтауға тура келеді.
Антарктида пингвиндері
Антарктидада пингвиндер кейбір құстардан көп мекендейді. Пингвиндер ұша алмайды, өздерінің қысқа қанаттарын жүзуге пайдаланады. Олар өте жақсы жүзеді, құрғақ жерде теңселе басып немесе аз-аздан секіріп алға ұмтылып жүреді. Пингвиндердің бірінің үстіне бірі орналасқан қауырсындары көп. Оның жылы мамығы және қатпарлы майымен қоса қауырсындары да, қыстағы суық ауадан,желден және судан қорғайды. Пингвиндер жылыну үшін,топтасып алады.
Антарктидадан хат
Сара Тұрсынқызы басқа да ғалымдарымен бірге Антарктидада жұмыс істейді.Оның жиені Маратқа жазған хатынан,Антарктидада өткізген күндері туралы біле аласыз.
Антарктида
Жұма,9 желтоқсан
Қымбатты Дидар!
Мен сізге,көптен уәделескен хатымды фото суреттермен жіберемін.Мен осы жерге басқа да танымал ғалымдардың артынан келгенім үшін қандай бақытты екенімді білсең ғой.Бұл жердегі өткен күндерім,мен өмір сүріп жүрген жерден әлдеқайда ерекше.
Бұл жерде дүкендер жоқ,мерзімінен өтпеген азық-түліктер табу өте қиын,сондықтан біз мұнда құрғақ,консервіленген,қатырылған тамақтарды жеуге мәжбүрміз (оларды тоңазытқышқа салудың қажеті жоқ,тек далаға шығарып қойса болады).Біз тамақты кішкентай ғана плиткамен дайындаймыз,тамақты әзірлеуге үйдегіге қарағанда,көп уақыт кетеді.Кеше томат тұздығымен және консервіленген жеміспен лапша,сосын тәтті тағамға картонның дәмін еске түсіретін кептірілген құлпынай дайындадым.
Мен жаңа піскен алма мен апельсинді сағындым,сен оларды маған жібере алмайтының өте өкінішті.
Ізгі ниетпен,Сара.
«Антарктида: Мұзды құрлық» мәтіні бойынша сұрақтар
1. Антарктиданы глобустың қай бөлігінен табуға болады?
_______________________________________________________________
2. Антарктида-Жердегі ең суық орын.Ол тағы несімен ерекше?
А) ең құрғақ және ең бұлтты жер
В) ең сулы және ең желді жер
С) ең желді және ең құрғақ жер
Д) ең бұлтты және ең биік жер
3. Антарктиданың қай бөлігі ең суық болып табылады?
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
4. Антарктида туралы мақалада не жайында айтқанын есіңізге түсіріңіз.Антарктидаға адамдардың наурыз айы мен қыркүйек айы аралығында неліктен бармайтынының екі себебін жазып,мысал келтіріңіз.
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
5. Мақалада «Ыдыстан төгілген жаңа қайнаған су,жерге төгілмей-ақ ауада мұз болып қатып қалады»-деген қандай мағынаны білдіреді? А) Антарктидадағы судың қаншалықты ыстық екенін
В) Антарктидада не ішетінін
С) Антарктидадағы ғаламдардың жұмысы туралы
Д) Антарктидада қаншалықты суық екенін
6. Мақалада,пингвиндер қанаттарын не үшін пайдаланатындығы жайында айтылған?
А) ұшу үшін
В) жүзу үшін
С) балапандарын жылыту үшін
Д) тік жүру үшін
7. Пингвиндер Антарктидада тоңбас үшін оларға не көмектеседі? Үш мысал келтір.
1.___________________________________________ 2.___________________________________________ 3.___________________________________________
8. Сараның хатынан Антарктидадағы азық-түліктер жайында не білдіңіз? Екі мысал келтір. 1._____________________________________________________________ 2._____________________________________________________________
9. Сіздің Антарктидада болғыңыз келе ме,сол жайында ойланыңыз.Неге ол жақта болғыңыз келеді немесе болғыңыз келмейді?Ол үшін оқып өткен «Антарктидамен танысу» және «Антарктидадан хат» деген бөлімдерді пайдалануға болады. 1._____________________________________________________________ 2._____________________________________________________________
10. Мәтіннің қай бөлімінде Антарктидадағы мұздың қалыңдығы жайында айтылған?
А) Антарктида дегеніміз не?
В) Антарктидадағы ауа райы
С) Антарктидадағы пингвиндер
Д) Антарктидадан келген хат
11. Бұл мақалада Антарктида жайында мәліметті баяндаудың екі тәсілі көрсетілген.
1. Антарктидамен танысу
2. Антарктидадан келген хат
Осы баяндау тәсілдерінің қайсысы саған аса қызықты болып көрінді? Неліктен екенін түсіндіріңіз.
______________________________________________________________________________________________________________________________