Материалдар / тесттер 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тесттер 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың білімін тексеру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
1801
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы

Облыстық білім сапасын бағалау қызметі

Shape1

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ МӘТІНДІ ОҚУ ЖӘНЕ ТҮСІНУ САПАСЫН БАҒАЛАУ 6 НҰСҚА


img1.jpg

PIRLS


Аудан атауы


Қала, ауыл атауы


Мектеп атауы


Оқушының аты-жөні


сыныбы



Тапсырма 1. Қоян жер сілкінісі туралы ескертті

Әдеби мәтін

Б ір нәрсеге әрдайым уайымдап жүретін қоян болыпты.«О құдайым!Мен байғұспын!Мен байғұспын!»-деп күні бойы мыңғырлап жүрді.Бәрінен де ол жер сілкінісінен қатты қорқатын.«Егер жер сілкінсе маған не болады?»-деп өз-өзіне сөйлеп қояды.

Бір күні таңертең кенеттен ағаштан үлкен алманың ГҮРС! етіп түсіп бүкіл жерді дірілдеткені оны қатты шошытып жіберді.

Қоян орнынан секіріп түсті.

«Жер сілкінісі»-деп айқай салды.Ол өзінің туыстарына ескерту үшін егістіктен жүгіріп өтті.

«Жер сілкінісі! Қашыңдар! Қашыңдар!»

Барлық қояндар егістік пен жайылымдарын тастап ессіздерше оның артынан жүгіре берді.Жолда кездескен барлық туыстары жер сілкінісін ести салып тегіс дала,ормандар,өзендер мен белестер арқылы зымырай жөнелді.

«Жер сілкінісі! Қашыңдар! Қашыңдар!»

Бұл қояндар да өзендер мен жазықтықтарды, белестер мен ормандарды тастап ессіздерше жүгіре берді.

Олар тауға жеткен кезде,он мың қоян аяқтарының дүрсілі,ашық аспан астында күн күркірегендей дыбыс берді.

Олар ең биік шыңға да жетті.Бірінші қоян,жер сілкінісі жақындап қалды ма екен деп артқа қарағанда,ол тек жүгіріп келе жатқан үлкен қояндардың тобырын көрді.Сосын ол алдыға қарағанда,тек таулар,алқаптар,тағы да таулар және өте алыстан жалтылдаған көк теңізді көрді.Ол сол жерде әрең дем алып тұрғанда,қайдан екені белгісіз арыстан шықты.

  • Мұнда не болып жатыр?-деп сұрады арыстан

  • Жер сілкінісі, жер сілкінісі!-деді барлық қояндар

  • Жер сілкінісі?-деп арыстан таң қалды.-Оны кім көріпті?Кім естіпті?

  • Анадан сұра,анадан сұра!-барлық қояндар бірінші қоянды көрсетіпшуылдап кетті.

Арыстан қоянға қарай бұрылды.

  • Кешіріңіз,мырза,-деді қоян именіп.- Мен үйде жай отырғанмын,қатты гүрсіл естілгенде жер дірілдеп кетті,мен оны жер сілкінісі шығар деп түсіндім.Мен басқаларға ескерту үшін барынша қатты жүгірдім,олар қашып үлгерді.

Арыстан қоянға ақылды көздерімен қарады.

Тыңдашы,бауырым сенің маған сол қиын жағдайдың қай жерде болғанын көрсетуге батылдығың жете ме?

Шындығына келгенде қоян ондай батыл емес еді,бірақ ол арыстанға сенуге болатындығын сезді. Ол арыстанды үйіне жеткенге дейін тау бөктерлері мен белестерден, өзендерден, жазықтықтардан, ормандар мен егістіктерден алып төмен түсті.

- Міне осы жерден мен жер сілкінісін естідім.

Арыстан назар салып жан-жағына қарады да, сондай дыбыспен құлаған үлкен алманы көрді.

Ол алманы алды да, жартасқа шығып оны жерге тастады ГУРС!

Қоян орнынан секіріп түсті: «Жер сілкінісі! Қашыңдар тез! Ол тағы да сілкінді!»

Бір кезде ол арыстанның күлгенін көрді. Сосын аяғының астында жатқан алманы байқады.

  • Ой, бұл жер сілкінісі емес қой. Ия? деп сыбырлады ол.

  • Жоқ, бұл жер сілкінісіне емес, саған қорқудың қажеті жоқ.- деді арыстан.

  • Мен қандай ақымық болғанмын!

Арыстан мейірлене күліп: «Уайымдама! Бәріміз, тіпті мен де, кейде өзіміз түсінбейтін нәрселерден қорқамыз.»

Сосын ол, таудың шыңына күтіп отырған он мың қояндарға, ештеңеден қорықпай үйлеріне қайта беруге болатындығын айту үшін артқа қайтып кетті.


































«Қоян жер сілкінісі туралы ескертті» мәтіні бойынша сұрақтар


1. Қоян неден қатты қорқатын?

А) арыстаннан

В) гүрсілден

С) жер сілкінісінен

Д) құлап жатқан алмадан


2. Бүкіл жердің дірілдеуіне не себеп болды?

А) жер сілкінісі

В) үлкен алма

С) қашып құтылған қояндар

Д) құлап жатқан ағаш


3. Қоянның «Жер сілкінісі» деген айқайынан кейін жағдай өте тез белең алды. Мәтіннен осыны растайтын екі сөйлем жазыңыз

1____________________________________________________________

2____________________________________________________________


4. Арыстан, қоянға оны қайда алып баруды өтінді?

____________________________________________________________________________________________________________________________


5. Арыстан алманы не үшін жерге тастады?

А) қоян қашып кету үшін

В) қоянға алманы алуға көмектесу үшін

С) не болғанын қоянға корсету үшін

Д) қоянды күлдіру үшін


6. Арыстан алманы жерге тастаған соң, қоян өзін қалай сезінді?

А) ашулы

В) ренішті

С) ақымақ

Д) мазасыз


7. Ертегінің соңында арыстан қандай екі сөзбен қоянның көңілін көтергенін жазыңыз.

1___________________________________________________________

2___________________________________________________________


8. Сіз қалай ойлайсыз, қоян арыстанға ұнады ма? Бұл жайында ертегіде не айтылған?


____________________________________________________________


9. Ертегінің басынан соңына дейінқоянның сезімдері қалай өзгеріп отырды?

Ертегінің басында қоян ______________________________________________________________________________________________________________________________________

Сезінді, өйткені ______________________________________________________________________________________________________________________________________

Ертегінің соңында қоян ______________________________________________________________________________________________________________________________________

Сезінді, өйткені

________________________________________________________________


10. Ертегідегі көрсетілген іс-әрекеттерден сен қоян мен арыстан туралы білдің. Арыстанның іс-әрекеті қоянның іс-әрекетінен қандай айырмашылықтары бар екенін суретте. Екеуінің әрқайсысына соны дәлелдейтінін мысалдар келтір.


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


11. Ертегінің басты ойы қандай?

А) бақытсыздықтан қашты

В) айқайламас бұрын,нақтылап біліп ал

С) тіпті жақсы көрінген арыстандарға да сенуге

болмайды

Д) қояндар-жылдам жануар













Тапсырма 2.

Тупиктердің түндері

Ақпараттық мәтін

Әр жылы қызғылт сары тұмсықтары бар ақ-қара құстар исландық Хеймаэй аралына ұшып келеді. Бұл құстар «тупиктер» деп аталады. Ашық тұмсықтары мен епсіз қимылдары үшін оларды «теңіз клоундары» деп те атайды. Тупиктердің толық денелері және қысқа қанаттарына байланысты ұшып көтерілу мен қонуы қиын.

Анар Хеймаэй аралында тұрады. Ол күнде аспанға қарайды. Осы жылғы бірінші тупикті көру үшін ол биік жартас үстінде тұрып, теңізге көз салады.

Ол ислам тілінде «тупик» мағынасын беретін «ланди» сөзін сыбырлайды.

Тупиктер көп ұзамай олар бүкіл аспанда көрінеді-барлық жерде тупиктер, тупиктер пайда болады. Олар қыстақтан теңізге, Анардың аралына және жақын елсіз аралдарға балапан басып шығару үшін қайта оралады. «Теңіз клоундары» жыл сайын бір ұяға қайтып келеді. Бұл олардың жағалауға шығатын бір ғана уақыттары.

Анар және оның достары жартастардың үстеріне шығып,құстарды бақылайды. Олар, тупик жұптарының тұмсықтарымен тук, тук деп бір-бірін тоқылдатқанын көреді. Әрбір жұп ұзамай жартастарға терең жасырған жұмыртқаларын қорғайды. Жұмыртқалардан балапандар шыққанда ата-аналары оларға балық әкеліп беретін болады. Әрбір балапан кейіннен жас тупикке айналады. Тупиктердің түні, әрбір жас тупик өзінің бірінші ұшуына шыққанда болады. Тупиктердің түндеріне бірнеше апта қалғанымен, Анар көбірек картон қораптарын дайындауды ойланып жүр.

Жаз бойы үлкен тупиктер балық аулайды және өздерінің балапандарына қамқор болып жүреді. Тамыз айында жартастарды гүлдер жабады. Анар гүлдер гүлдегенде, күткен уақытының аяқталғанын түсінеді.

Жасырған балапандар өсіп,үлкен тупиктерге айналды. Анар мен оның достарына өздерінің қораптары мен қалта шамдарын алып шығуға келді. Бүгінгі кештен бастап және екі апта бойы тупиктер теңізде қыстық қайтуларына дайындалады.

Түн пердесін жамылғанда тупиктер өздерінің ұяларын тастап, бірінші ұшуларына шығады. Бұл биік жартастардан қысқа ұшу. Көп құстар төмендегі теңіз бетіне сәтті қонады. Бірақ құстардың бір жартысын ауылдың жарығы алдайды. Мүмкін олар, бұл айдың су сәулесінің шағылуы деп ойлайды. Сондықтан, әрбір түні жүздеген тупиктер ауылға қонады. Олар тегіс жер бетінен ұшып кете алмай, жүгіріп, жасырынуға тырысады.

Әрбір түні Анар және оның достары суға түспей қалған балапандарды іздейді. Бірақ, оларды ауылдағы мысықтар мен иттерде іздейді. Егер, мысықтар мен иттер оларды ұстап алмаса, балапандар машиналардың астына түсуі де мүмкін. Балалар адасқан балапандарды бірінші болып табу керек. Кешкі сағат 10-нан кейін Хеймаэй көшелері балалармен толады.

Анар және оның достары тупиктерді құтқарудан жарысады. Олар қалта шамдарымен ауылды аралап жүріп, қараңғы жерлерге жарық түсіреді. Анар тупикті табады. Содан кейін ол оның артынан қуып, ұстап алғаннан кейін оны жай картон қорабына салады.

Екі апта бойы Хеймаэй аралының балалары түнде ұйықтамау үшін таңертең ұзақ ұйықтайды. Олар мыңдаған тупиктерді құтқарады.

Әрбір түні Анар және оның достары құтқарған тупиктерді үйлеріне әкеледі. Келесі күні Анар және оның достары тупиктерге толы қораптарымен жағалауға барады.

Тупиктерді босататын уақыт келді. Анар біреуін жібереді. Ол тупикті қанатын қаға алатындай етіп ұстайды. Содан кейін ол оны ақырын қолында ұстап, ауада тербетеді де толқынның жағаға шығу сызығы бағытымен суға жібереді. Тупик аздап ұшып, суға сәтті қонады.

Сонымен күн сайын тупиктердің түндері аяқталмағанша Анардың құстары теңізге жүзіп кетеді. Анар соңғы жас және ересек тупиктері теңізге ұшып кеткенін бақылап, келесі көктемге дейін олармен қоштасады. Ол оларға сәт сәпар тілеп, «Сау болыңыздар!Сау болыңыздар!» деп айқайлайды.




«Тупиктердің түндері» мәтіні бойынша сұрақтар


  1. Неге тупиктерге ұшып көтерілу және ққону қиын?

А) Олар мұзда тұрады.

В) Олар жағалауға өте сирек шығады.

С) Олар биік жартаста өмір сүреді.

Д) Олардың денелері толық қанаттары қысқа

2. Тупиктер қайда қыстайды?

А) жартастардың арасында

В) жағалауда

С) теңізде

Д) мұзда


3. Не себепті тупиктер аралға ұшып келеді?

А) аман қалуға

В) тамақ табуға

С) жұмыртқалауға

Д) ұшып үйренуге


4. Анар тупиктердің көп ұзамай ұшатынын қалай біледі?

А) Ата-аналары тупиктерге балық алып келеді

В) Гүлдер гүлдейді

С) Жасырынған балапандар

Д) Жаз енді басталды


5. Тупиктер түнінде не болады?

А) тупик жұптары тұмсықтарымен тук,тук,тук деп бір –бірін тоқылдатады

В) тупиктер өздерінің бірінші ұшуларына шығады

С) жұмыртқалардан балапан шығады

Д) тупиктер теңізден жағалауға шығады


6. Тупиктер қателесіп ауылға қонбас үшін,ауыл тұрғындары не істей алатын еді?

А) шамдарды өшіру

В) қораптарды дайындау

С) мысықтар мен иттерді үйге қамау

Д) өз қалта шамдарын аспанға қаратып жағу




7-8 сұрақтар Анардың тупиктерді қалай

құтқаратынын түсіндіріп беруді сұрайды.


7. Анар тупиктерді құтқаруда өзінің қол шамын қалай қолданатынын түсіндір.

____________________________________________________


8. Анар тупиктерді құтқаруда картон қорабтарын қалай қолданатынын түсіндір.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


9. Мақалада тупиктерді күтіп тұрған қандай қауіптер көрсетіледі?

А) теңізге қону барысында шашалып қалу

В) Ұялар арасында адасып қалу

С) өз ата-аналарынан балықты жеткіліксіз алу

Д) машина астына түсу


10. Неге балалар тупиктерді күндізгі жарық кезінде жіберу қажет?Жауап бергенде,мақала мәтініне сүйен.

_____________________________________________________________________________________________________________________________


11. Анар және оның достары жібергеннен кейін тупиктер не істейді?

А) жағалауда серуендейді

В) Жартастан ұшады

С) ауылда жасырынады

Д) теңізде жүзеді


12. Тупиктерді босатқаннан кейін Анарда пайда болатын екі әртүрлі сезімді жаз.Неге ол әрбір осы сезімді сезінетінін түсіндіріңіз.

1.__________________________________________________

2.__________________________________________________


13. Сен Анар және оның достарымен бірге тупиктерді құтқаруға барғың келеді ме?Жауабыңды түсіндіру барысында оқығаныңды қолдан.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!