400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тетіктің изометриялық проекциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
біліктілік санатына
Материалдың қысқаша нұсқасы
Пәні: СызуТақырыбы: Тетіктің изометриялық проекциясын салуОқыту мен тәрбиелеу мақсаттары:Білімділік: Студенттерге изометрия проекциясын құру ережелерін, тәсілдерін түсіндіру, кеңістікті көз алдына елестету қабілетін және график мәдениетін қалыптастыру.Дамытушылық: Студенттердің жаңа тақырып арқылы ой - өрісін, білімін дамыту, ойлау қабілетін дамыту, теориядан сарамандылық жұмысқа икемдеу.Тәрбиелік: Студенттердің сабақта ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабақтың түрі : тәжірибелікСабақтың әдіс-тәсілдері: ақпараттық-коммуникативтік оқыту элементтері,түсіндіру әдісі, сұрақ-жауапКөрнекілігі: ТОҚ, оқулық, слайд, А4 пішім, сызғыштар, қарындаштар, транспортир және т.б.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І.Ұйымдастыру кезеңі (1 мин.)а) Психологиялық дайындықә) Дәрісхана дайындығыІІ.Үй тапсырмасы (20 мин.)а) Ұяшық ашу. Сұрақтарға жауап беру.1.«Проекция»- қай елдің сөзі, қазақша мағынасы. Проекциялау элементтерін атаңыз?2. Тақтаға фронталь, көлденең және профиль жазықтықтарда нәрсенің көріністерін орналасуын көрсетіңіз (жауапты тексеру б.) 3. Тақтаға изометриялық және диметриялық проекциялардың өстерін құрыңыз 4. Аксонометрия сөзінің қазақша мағынасы 5. Аксонометриялық проекцияның түрлерін атаңыз. Бір бірінен айырмашылығы неде? 6. Қандай сызық а әрпімен белгіленген? 7. Сызбада бұйымның көрінбейтін контурын кескіндеу үшін ... қолданылады?8.Тақтаға тетіктің диметриялық проекциясын аяқтап сызыңыз. (жауапты тексеру б.) ә) Логикалық тапсырмаТетіктің үш көріністегі сандар мен диметриялық проекциядағы әріптерді сәйкестендіріп, жасырылған сөйлемді табыңыз





ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту (1 мин.)

ІV. ЖАҢА САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

1.Жаңа сабақты түсіндіру (15-18 мин.)

Тетіктер мен машиналардың сызбаларына түсініктеме бергенде көрнекі кескіндерді пайдаланады.Тетіктің изометриялық проекцияларын салу кезінде үш: х, у және z осьтерін пайдаланады, себебі мұнда үш өлшем (ұзындық, ен және биіктік) қатысады.Изометриялық проекцияда х,у, z осьтерін өзара 120̊ бұрыш жасайтындай етіп немесе х пен у осьтерін горизонталь сызыққа 30̊ бұрыш жасайтындай етіп орналастырады. Бұл бұрыштарды 30̊, 60̊ және 90̊ бұрыштары бар бұрыштықты пайдаланып салаған ыңғайлы. Изометриялық проекцияны салу кезінде х,у, z осьтері бойына және оларға параллель етіп, тетіктің нақты өлшемдерін саламыз.Тор көзді қағазда у осінің 45̊ көлбеулігін сызу үшін осьті тор көздердің диагональдары бойымен жүргіземіз. Х, у осьтерін 30̊ бұрыш жасай жүргізу үшін 3 және 5 тор көз ұзындықтағы кесінділердің қатынасын орындау керек



Өстерді жүргізгеннен кейін нақты өлшемдерді (биіктігін z өсі бойына, енін y, ұзындық х өсі бойына) түсіре отырып, тетіктің алдыңғы жағын саламыз.Алынған фигураның төбелерінен y өсіне параллель етіп сәулелер жүргіземіз. Алынған нүктелер арқылы алдыңғы жақтың қырларына параллель болатындай түзу кесінділерін жүргіземіз.Артық сызықтар өшіріледі.Көрінетін контурды бастыра жүргіземіз. Өлшемдерді түсіреміз. 2. Жаңа сабақты бекіту (1 мин.)1. Изометриялық проекцияларын салу кезінде қандай осьтерін пайдаланады?2. Өстерді құру әдістерін түсіндіріңіз?3. Тетіктің изометриялық проекциясын құру реті4. Өлшемдерді қалай түсіреді?

V. Бағалау (4 мин.)

Критерий бойынша бағалау
№Студенттің аты-жөніСызбаның Мест талаптарына сай орындалуыКеңістікті ойлау қабілеті, ішкі ойлау қабілетіСызу эстетикасыЖалпы
















VІ.Үй тапсырмасы

А4 пішімге тетіктің изометриялық проекциясын орындау

VІІ. Қолданылатын әдебиеттер
  • Ә.К.Бәйдібеков,Т.К.Мусалимов «Инженерлі графика», Алматы «Білім», 2012
  • Б.Г.Миронов, Р.С.Миронова Сборник заданий по инженерной графике, Москва «Высшая школа», 2006
  • В.Г.Чукалин, М.М. Ахметжанов «Сызу», Алматы «Атамұра», 2013






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
920
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі