Еңбекақыдан
«таза»
табысты есептеу
Жұмыс
берушімен сұхбатта сізге болашақ жалақы
мөлшері туралы айтылды.
Қолға
қанша алатыныңызды түсіну үшін, сіз
жалақыңыздан 20% салық және зейнеткерлік
жарнаны алып тастайсыз, сонда «таза
жалақы» сомасы шығады.
Бірақ
жалақының 20% алып тастау дұрыс па,
окладтың қандай бөлігін салық және
зейнеткерлік жарна құрайды, мақалада
осы туралы білуге болады.
Ай
сайын, жұмыс беруші еңбекақыдан міндетті
зейнетақы жарналарын (МЗЖ) болашақ
зейнетақы есебіне және жеке табыс
салығын ұстап қалады (ЖТС).
Бұл
мақаланы оқыған соң, сіз есепшінің
көмегінсіз, «таза» еңбекақыңыздың жалпы
сомасын өзіңіз есептеп алатын боласыз.
Жұмыс
берушімен сұхбатта сізге болашақ жалақы
мөлшері туралы айтылды. Өзіңіздің
«қолыңызға» қанша мөлшерде
жалақы
алатыныңызды түсіну үшін 20% салық және
зейнетақы жарналарын жалақыңыздан
аласыз да, сонда «таза жалақы» сомасы
шығады. Бірақ жалақының қай бөлігінің
іс жүзінде зейнетақылық және салықтық
аударымдарды төлейтінін дәл осыны
жалақыдан 20% -ын алып тастау дұрыс па,
зейнетақы және салық аударым окладтың
қандай бөлігін құрайды, мақалада осы
туралы білуге болады.
Ай
сайын, жұмыс беруші еңбекақыдан міндетті
зейнетақы жарналарын (МЗЖ) болашақ
зейнетақы есебіне және жеке табыс
салығын ұстап қалады (ЖТС).
Бұл
мақаланы оқыған соң, сіз есепшінің
көмегінсіз, «таза» еңбекақыңыздың жалпы
сомасын өзіңіз есептеп алатын боласыз.
«Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру
туралы» ҚР Заңының 25-бабы негізінде,
ең алдымен еңбекақыдан 10% мөлшерінде
зейнетақылық аударым шегеріледі.
Сонымен бірге, міндетті зейнетақы
жарналарын есептеу үшін максималды
мүмкін болатын табыс түріндегі шектеулер
бар, ол ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 50 есе
көлемінде (2019 жылға 50*42500 = 2 125 000
теңге).
Жеке
табыс салығы (ЖТС) сондай-ақ МЗЖ
ұсталынғаннан кейін қалған соманың 10%
-ын құрайды (Қазақстан Республикасының
Салық кодексінің 320-бабына сәйкес), бірақ
ол басқаша есептеледі. Салық кодексімен
2019 жылға 42 500 теңге (1 ЕТЖ) мөлшерінде
табыс салығы ұсталынбайтын сома
белгіленген, жыл сайын бұл мөлшер
көтеріліп отырады.
Есептеп
көрейік. Мысал: жалақы 105 000 теңге
мөлшерінде.
МЗЖ
= 105
000
* 0.1 = 10
500
теңге
МаксМЗЖ=
42 500 * 50= 2 125 000 теңге
МЗЖ
сомасы 10 500
теңге
2 125 000 аспайды, сондықтан біз келесі
есептеуге
көшеміз
ЖТС=
(105 000
– 10
500-
42 500)*0,1= 5
200 теңге
Берілген
жалақы 105 000 теңге 42 500 теңгеден жоғары
– келесі есептеуге көшеміз.
Жалақы=
105 000-10
500-5
200=
89 300
теңге
Сонымен,
105 000 теңге жалақының «таза» табысы
89 300 теңгені құрады.
Қолға
89 300 теңге алынады.