Сын есім. (The
Adjective)
Сын
есім қандай деген сұраққа жауап
береді.
Мысалы: red қызыл, good жақсы,
interesting қызықты, Russian
орысша.
Өзінің құрылысы бойынша сын
есімдер жай (big үлкен,
small
кішкентай, short қысқа), туынды
(cultural мәдениетті, hopeless үмітсіз,
doubtful күдікті) жəне күрделі болады
(dark-blue қара-көк, red-
hot
қыздырылған).
Ағылшын тілінде сын есімдер
жақ түрінде, көпше түрінде, септеу
түрінде
өзгермейді.
Мысалы: a young man жас жігіт,
a young woman жас əйел, young people
жас
адамдар, with a young man жас
жігітпен.
Шырайлар (Degrees of
Comparison)
Ағылшын тілінде сын есімдердің
үш шырайы бар: жай шырай (The
Positive Degree), салыстырмалы
шырай (The Comparative Degree) жəне
күшейтпелі шырай (The
Superlative Degree).
Сын есімдер жай шырайда заттың
сапасын ешбір сөзбен
салыстырмай көрсетеді : Long
–ұзын( жай шырай)
Longer -ұзындау (салыстырмалы
шырай)
The longest- ең ұзын
(күшейтпелі шырай)
Бір буыннан тұратын сын
есімдер cалыстырма шырайды сын
есімнің
жай шырай
формасына er
[ə], күшейтпелі
шырайдs est
[ist] жалғау
арқылы
жасайды. Сын есімнің алдында
күшейтпелі шырайда the деген
артикль
қолданылады.
Мысалы: Cold-colder-the
coldest
Large-large-the
largest
Hot-hotter-the
hottest
Екі жəне көп буынды сын
есімдердің салыстырмалы шырайы
more,
күшейтпелі шырайы most сөздері
арқылы жасалады. Бұл сөздер (more
жəне most) сын есімнің алдында
тұрады.
Мысалы: Active-more active-the
most active
Difficult-more difficult-the
most difficult21
Ағылшын тілінде кейбір сын
есімнің шырайлары ережеге бағынбай
жасалады.
Мысалы: good-better-the
best
Жақсы-жақсырақ-ең
жақсы
Bad-worse-the
worst
Жаман-жаманырақ-ең
жаман
Little-less-the
least.
Аз-азырақ-ең
аз
Many, much-more-the
most
Көп-көбірек-ең
көп
Far-farther, further-the
farthest, the furthest
Алыс, қашығырақ, тым қашық, ең
қашық
Салыстырмалы шырайда сын
есімдерден кейін than деген шылау
қолданылады.
Мысалы: Moscow is larger than
Leningrad.
Мəскеу Ленинградтан
үлкендеу.
Сөйлемде күшейтпелі шырайдағы
сын есімдерден кейін зат есім
демеулікпен жиі
кездеседі.
Мысалы: The Volga is the
longest river in Europe.
Волга Европадағы ең ұзын
өзен.