50-
жылдан кейінгі кездесу
1967 жылы Ақсуат
ауданы,Көкжыра ауылы М.Әуезов атындағы
орта мектепті бітірген түлектер 50 жылдан
кейін кездесті.Бұл кездесуді өткізу
туралы ой тастап ұйымдастырушы болған
Алматы қаласында тұрушы Жақиянов Болат
деген азамат болды.Ол өз ойын Семей
қаласында тұратын Қойшан,Шайғазина
Әлия ,Абылғазин Мейірғазы ,Сләмбекова
Нағима т.б достарымен бөлісті.50 жыл
кездеспеген бір-бірін көрмеген сыныптастар
бұл ойды құптап жан-жақта жүрген бала
күнгі достарын іздестіре бастады . Әрине
алғашында көпшілігін білмеді.Ақыры сол
мектеп бітірген кездегі сурет бойынша
естеріне түсіріп ағайын –туыстар арқылы
адрестерін алып хабарласып тапты.Семей
қаласында өтетін болып келісті.Асыға
күткен күнде келіп жетті.
Шілденің 7-күні әр
қаладан, жан-жақтан келетін сыныптас
достарын Семей қаласында тұратындар
күтіп алып Қырықбаев Қойшан деген
кластастарының үйінде алғашқы танысып
білісу кешін өткізіп әңгімелесіп мәз
болды.
Ертеңінде сағат
11-00де орталық мешітке жиналып өмірден
өтіп кеткен достарына құран бағыштады.
Сағат түскі 13-00де
жас кездерінде талай қыдырып серуен
құрған паркке барып суретке түсті жастық
шақтарын еске алып әр қайсысы өздерінің
қайда тұратыны не қызмет істегендері
қазір зейнеткер немере шөбере бағып
отырған ата мен әжелер екенін айтып сыр
бөлісті .Білінбей өткен уақыт-ай десеңші.
Кешегі 17 жастағы қыз-жігіттер қазір 67
жасқа толып самайларын ақ шалған ақ
жаулықты ана мен ақсақалды әке .
Кештің екінші
бөлімі «Макар» мейрамханасында сағат
4-те басталды. Алғашқы ашылуы салтанатын
Қулафина Айман мен Абылғазин Мейірғазы
бастап кеш қонақтарын атап ортаға
шақырды. Кеуделеріне «50» жыл деген
эмблема тақты. Жиналған сыныптастар «
Қайдасындар достарым» әнін шырқады.
Ары қарай кештің көңілді өтуін асаба
басқарып кетісімен түлектерге
ойынға,әнге,биге кезек берді.Араларында
Мұрат,Нұркамила ,Озанбай ,Жумаш,Кенжеш
сияқты өнерлі достарыда ән салып
өнерлерін ортаға салды.Сағынысқан
сыныптастар қуанышында шек жоқ.Бала
күнгі достар әңгімелері бітер емес.
9-шілде күні сағат
таңертеңгі 7-30да жиналып Жидебайға
баруға жолға шықты.
Автобус жолы
сыныптастар көңілді жол бойы 70-80
жылдардағы Шәмшінің әндерән шырқап
арасында жарасымды әзіл-қалжынды
араластырып отыруды да ұмытқан жоқ .
1-ші Бөріліге жоқтап
М.Әуезовтың мұражайымен мұражай
қызметкері Гүлзат сіңіліміз өте жақсы
мағлұмат берді.Одан әрі Еңілік-Кебектің
жасырынған үңгіріне барып Еңілік Кебек
туралы оқып білгендері туралы айтылды.
Арамызда әр түрлі мамандық иелері бар
сыныптастар білім жағынанда кем емес
екендіктері көрініп тұрды. Жидебайға
барғанада Абайдың мұражайындағы
қызметкеріде жақсы қарсы алып
,мұражайдағы әр заттың тарихы мен фото
суреттер туралы түсінік берді
.Абай мен Мұхтарды оқып өскен сыныптастар
ол жерде де өз пікірлерін айтып жақсы
жерде болды .Абай атамыздың зиратына
құран бағыштады.Қайтар жолда қайтадан
Бөріліден түсіп Гүлзат сіңіліміздің
дайындап қойған шайын ішіп,кітаптар
сатыпалып үлкен рахметтерін айтып
қоштасты.
Қалаға көтеріңкі
көңіл-күймен келген сыныптастар
бірін-бірі қимай қоштасып ендігі
кездесуді 2020жылы деп белгіледі.Себебі
осы жылы барлығы 70 жасқа толады.Алла
амандығын берсе сол кездесуге жетуге
тілектеспін.Міне 50 жыл бойы кездеспеген
сыныптастар осылай сағынышқа толы
кездесумен бастап бір-біріне амандық-саулық
тілеп қимастық сезіммен бір жасап қуанып
тарқасты.