А.Тихоненко атындағы орта жалпы
білім беретін мектебі КММ бойынша 2017-2018 оқу жылындағы 12
желтоқсан Кеңес Одағының батыры А.Я.Тихоненконың туған күніне
орай 6бсыныбында
өткен
«Тихоненко- батырым» атты ашық тәрбие сағаты
Мақсаты:
Кеңес Одағының батыры А.Я.Тихоненконың өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу, Қарулы Күштер қатарына жан-жақты жетілген жастарды тәрбиелеу;
Бірінші бөлім: «Ер есімі-ел есінде»
- Ұйымдастыру
- «Олар біздің мектепте оқыды» бұрышымен танысу кезеңі
- «Мәңгі ізің өшпейді»-еске алу минуты
Екінші бөлім: «Ұлы Отан соғысы жылдарында»
- «Тихоненконың жауынгерлік бейнесі». Көрініс.
- «Тихоненко-батырым» жыр шашу
- Қорытынды
«Ер есімі-ел есінде»
Бар әлемге қасірет әкелген екінші дүниежүзілік соғыс зардабынан Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау өңірі де шет қалған жоқ. Ер басына күн туған сәтте ауданымыздан 3378 азамат Отан қорғауға аттанған болатын. Ұлы Жеңіс үшін, Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен ерлер бейнесін ел жадынан өшірмеу – бәріміздің ортақ парызымыз. Жас ұрпақ ата – бабаларымыздың даңқты жолын жақсы біліп, келешекке жеткізуі керек. Бұл түптеп келгенде, қоғамымыздағы тыныштық пен келісімнің, ел өркендеуінің басты кепілі болмақ. Бүгінгі бақытты өміріміз бен нұрлы болашағымыздың негізін салушылар қатарында жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Андрей Яковлевич ТИХОНЕНКО да бар еді.
Ол
1912 жылдың 12 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысындағы Шыңғырлау
ауданының Лубен ауылында дүниеге келген. 1919 жылы Андрейдің ата –
анасы өмірден өтеді. Екі қарындасымен жеті жасынан бастап үлкен
ағасы Иосифтің тәрбиесінде болады. Оның балалық шағы ауыр өтті.
Жастайынан жетімдіктің ащы дәмін татқан Андрей ерте есейіп, өмірге
өжет көзқараспен қарай бастайды.
Қолда бар деректер оның 12 жасынан – ақ жер жырту, шөп шабу, астық жинау науқандарында аянбай тер төккенін айғақтайды. Балалық шағындағы оның сүйікті кәсібі балық аулау болған екен.
Андрей Тихоненко 1941 жылы 24 – ші маусымда әскер қатарына алынды. Мәскеу түбіндегі және Литваны азат етудегі ұрыстарға қатысты. Соғыс кезінде ержүректігімен, жан аямай жаумен шайқасуымен ерекшеленді. 1944 жылы 16 шілдеде Литваның Пуни елді мекеніндегі деревня тұсында пулемет оғымен жаудың атыс нүктесін жойып, өздерінен кейінгі бөлімшелердің өзеннен өтуіне жағдай туғызды. Сол шайқаста ол 30-дан астам немістерді жер жастандырған. Шайқас қызған кезде Тихоненконың оғы таусылғанын білген жау оны қоршауға алады. Қолына соңғы гранатасын алып, фашистердің жарқын келуін күтіп, жатқан ол бар күшін жинап гранатаның сақинасын тартып, өзімен бірге айнала қоршаған бірнеше неміс солдатын жер жастандырды.
Ерлікпен қаза тапқан жауынгерді елі ешқашан ұмытпақ емес. 1945 жылдың 24 наурызында оған, қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
20 жылдан артық уақыт бойы Тихоненконың жерлестері батырдың қайда қаза тауып, қай жерге жерленгенін білмеді. Жылдар бойы Литвадағы Рудзяна деревниясындағы кішкене қырат ешкімге сыр ашпады. Тек Вильнюстік "Жас қызыл ізшілердің" арқасында ғана белгісіз солдаттың есімі анықталып, Рудзяна селосының тұрғындары есте сақтаған ерлік есімінің аты аталды.
Қазір Батыс Қазастан облысындағы Ақсай қаласында аудан орталығы Шыңғырлауда және Лубен ауылында Андрей Яковлевич Тихоненконың атында көшелер бар. Осындағы саябақ ішінде кеуде мүсіні орнатылған. Туған жеріндегі Лубен мектебі батыр есімімен аталады.
«Олар біздің мектепте оқыды» бұрышымен танысу кезеңі.
( Жаңа корпус, мектеп дәлізі, 3 қабат) Оқушыларға «Олар біздің мектепте оқыды» обелискідегі тізімді, сол бұрыштағы жерлес батырларымыз туралы ( Кеңес Одағының Батырлары- А.Тихоненко, С.Есқалиев, Г.Шевцов, «Даңқ» орденінің толық иегері Б.Мұхамбетов) айтып беру.
«Мәңгі ізің өшпейді»-еске алу минуты
(Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жерлестерімізді орнымыздан тұрып, 1минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсету)

«Тихоненконың жауынгерлік бейнесі». ( Шағын көрініс.)
«Тихоненко-батырым» жыр шашу
Айнаргүл:
Халық үшін мерт болған
Тихоненко атамыз
Сонау қиын күндерде
Болған біздің панамыз
Асель:
Қиып жанын ел үшін
Оққа ұшты қайран ер!
Ұмытылмас ерлігін
Еске сақтар дүйім ел.
Әсел:
Ел деп соққан жүрегі,
Сұрапыл оқ астында
Үзілді ерте өмірі,
Қан төгіс сонау соғыста
Тихоненко батырым,
Сен шығардың ел даңқын!
Айдина:
Тихоненко атамыз,
Болған біздің панамыз.
Ерлігінен мәңгілік,
Өнеге үлгі аламыз.
Бүгін біздер тойлаймыз,
Жүз жылдығың атаның.
Ұрпағың елдің жинаймыз,
Ерлігің мәңгі сыйлаймыз.
Елі үшін күресті,
Жан алысып, берісті.
Қанға боялған соғыста,
Дұшпанға қарсы керісті.
Тихоненко есімі мақтанышым,
Мәңгіге халық айтып жаттар мүсін,
Ерлігі еліміздің мәңгі есінде,
Анаға мың бір алғыс тапқаны үшін.
Ерте есейді жетімдіктің күшімен,
Мақтанамын батыр бабам үшін мен.
Лубенімнің бір туары қаһарман,
Азат болдық батыр ерлер ісімен.
Қорытынды
Соғыстың сұрапыл отына түсіп шайқасқан жауынгерлерге жанын пида еткен жерлестерімізге тағзым етеміз және Ұлы Жеңіске үлес қосқан тыл азаматтарының еңбектеріне басымызды иеміз. Олардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз