жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Тиімді басқару – жетістік бағдары»
«Тиімді басқару – жетістік бағдары»
Аннотация
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді.
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
(Уильям.У)
Педагогикалық процесті тиімді басқару ең алдымен мақсат қою мен және жоспарлаудан басталады. Білім саласы үнемі қозғалыста, даму үстінде болғандықтан мақсат пен жоспардың да нақты әрі айқын болуын талап етеді. Менің педегогикалық идеямның негізі ұстаздарды әдістемелік сүйемелдеу, әсіресе мектебімізге жаңадан орналасқан жас мамандармен тығыз байланыста болу.
Қазіргі заман талабы білімді, білікті, жан жақты оқушыны дамыта алатын ұстаздарды даярлау. Білім беру ұйымдарының ең құнды ресурсы ол- білікті мұғалім. Мектепішілік басқару субъектінің объектіге мақсатталған әсер етуі, басқарушы жүйенің басқаруындағы жүйеге оны сапалы жаңа күйге аударудағы ықпалы, басқару іс-әрекетінде ғылыми тәсілді жүзеге асыруда педагогикалық еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру элементтерін енгізу және т.б.
Педагогикалық идеяның тезистері
- Тиімді басқару стилі
- Білім сапасын басқаруды жобалау
- Мұғалімдердің нәтижелілігін бақылау және қадағалау, әдістемелік көмек
- Жас мамандардың педагогикалық кәсіби біліктілігін арттыру
- Білімнің биік шыңы – кәсіби жетістік
Тиімді басқару стилі
Тиімді басшының басқару стилінің мінездемесі
Білімді менеджмент – бұл жетістіктің формуласы. Қазіргі кезде ағарту жүйесін басқарудың ғылыми негіздерін қалау, оны басқарудың стильдері мен әдістерін жетілдіру жолдарын үлкен назармен зерттеу ерекше мәнге ие болып отыр.
Басшы жұмысының стилі – оның басқару процесінде пайдаланатын тәсілдердің, амалдардың іс-әрекеттерінің жиынтығы. Басшының стилі – бұл шешім қабылдау және қызметкерлерге тапсырма беру әдісі.
Стиль- басқарушы орган басшы қызметкер жұмысының тәсілі ретінде өзіндік формалық сипатқа ие. Стильдің қалыптасуы – бұл ұзаққа созылатын, күрделі, мақсатты процесс. Әрбір басшы өзінде және өзінің қарамағындағыларға алуан сипатта тексерілген тәсілдер мен амалдарды қолдана білуі тиіс.
Алғаш рет басқару стилі ұғымын К.Левин қарастырды, ол басқарудағы
1.демократиялық
2.авториторлы
3.либералды
4. Лидер стилдерді көрсетті .
Қазіргі заман басшысы – ол: мектеп алдында тұрған міндеттерді шешудің дәстүрден тыс жолдарын табуға, инновациялық басқару технологияларын құрып, пайдалануға қабілетті шығармашыл тұлға; өз ұйымының даму болашағын бірнеше жыл алдын көре алатын стратег; мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді әзірлеуші, қызметкерлер арасында жаңа құндылықтарды насихаттаушы, идеяшыл, новатор оны іске асыруда белгілі бір қиындықтарды жеңуге дайын болатын ұйымдастырушылық өзгерістерді тасымалдаушы, өзін үнемі бақылап, өзінің кәсіби және жеке қасиеттерімен жұмыс жасайтын тұлға. Басқару қызметіндегі әрбір басшы тек өзіне ғана тән стильде қызмет міндетін орындайды. Адамдардың қарым-қатынасында, соның ішінде басқару қызметін жүзеге асыруда стильге ерекше мән беріледі.
Менің ойымша, әр басшы өз стилімен басқарады. Тиімді басшының бойында жоғарыда айтылған мінездеме сипаттамалары болуы тиіс. Өз тәжірибемде деңгейлік, басшылық курстарынан өткеннен кейін қазіргі заманауи басшының, яғни көшбасшының бойындағы басқару қабілеттері туралы меңгердім деп айта аламын. Себебі, менің мектебімде демократиялық басқару стилі қалыптасқан деп айта аламын. Өйткені мен ұжыммен біргемін.
Табысты мектеп болу үшін демократиялық стильдегі көрсеткіштерді қолданамын.
Қорыта келгенде, кез келген басшы басшылық стилін таңдай отырып өзінің мінез-құлқын жасайды дегім келеді.Төменде көрсетілген басқару стилі ерекшеліктерінің нәтижесін кесте түрінде көрсеткелі отырмын. Мұнда бірінші қатарға мен демократиялық басқару стилін қойғым келіп отыр. Себебі, әрбір тиімді басшы осы стильде көрсетілген көрсеткіштер мен сипаттамасын басқару ісіне пайдалануы тиіс деп ойлаймын. Сонда ғана мектептегі жұмыстар оң нәтижесін беретініне көзім жетеді.
Басқару
стилінің ерекшеліктерінің нәтижесі
Демократиялық
Либералды
Авториторлы
1.шешімдерді
ұжымдық
түрде қабылдайды. 2.ұжымға
қолдау
көрсетеді. 3.
сыпайы
сөйлеседі. 4.қарым-қатынасы
жақсы
5.адамдарға сене біледі.
6.талап етеді,
бірақ
әрдайым әділетті. 7.
ұжыммен
бірге болады. 8.
Еркін
пікірін
айтуға
мүмкіндік
етеді.
9.басқару
ісіне
ұжымды қатыстырады. 10.Көшбасшылықты
бөліп
береді.
1.ұжым
жұмысына
мүлдем көңіл бөлмейді,
2
Қызметкерлермен
сыпайы,
3.қызметкерлердің ұсынысын
тыңдайды 4.
конфликтерден
қорқады,
5.Қызметкерлердің
жұмысымен келісіеді.
6.Жұмсақтығы
жұмысына
кері
әсерін тигізеді.
7.
Шешім
шығаруға дәрменсіз
8.барлық
шешімге
қосылады,өз пікірін айтуға именеді.
1.Басқару
бір адамның қолында 2. қарым-қатынаста
шектеу бар 3. шешімді жеке өзі қабылдайды
4. қатал, әрқашанда бұйрық береді
5.
жұмысқа деген құлшынысты тудырмайды
6.Өктемдік
жүргізеді.
7.
Жаңа
нәрсені қабылдайды, бірақ
қолданбайды
8.
Ескі басқару жолымен жүреді
Білім сапасын басқаруды жобалау
Білім беру үрдісінің сапасы өз кезегінде мектептің даму тұжырымдамасының сапасына, білім бағдарламаларын жүзеге асыру сапасына, оқу-әдістемелік кешендердің сапасына, педагогикалық кадрлардың әлеует сапасына, мектепішілік біліктілікті арттыру сапасына, мектепке дейінгі балалар әлеуетінің сапасына, бастауыш сынып оқушыларының сапасына, мектептегі инновациялық үрдіс сапасына, білім беру үрдісінің зерттеу үрдістерімен кіріктірілу сапасына, мектептегі үрдүсті ұйымдастыру сапасына тікелей байланысты. Олай болса, аталған педагогикалық әрекеттердің сапасын калай басқаруға болады?
Мектепішілік басқару жүйесінің түпкі нәтижеге бағытталуы оны ақпараттық қамтамасыз етуге, педагогикалық талдауға, жоспарлау мен бақылауға жаңаша көзқарасты қажет етеді.
Қазіргі мектепішілік менеджментте бірінші орында күн санап күрделеніп бара жатқан мәселелердің шешімін табуға және оған жауапты болуға тиісті адам факторы тұр.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде процеске бағытталған дәстүрлі басқарудан нәтижеге бағытталған басқаруға көшу жүріп жатыр.
Дәстүрлі басқарудан нәтижелік басқарудың айырмасы неде?
Дәстүрлі басқаруда шаруашылық басшы іс-шаралардың маңызын көрсете отырып, қызметтік міндет бөлінісін жасайды, ұзақ мерзімді жоспар жасай отырып, жоспардың орындалу барысы туралы кезеңдік есеп береді.
Нәтижелік басқаруда менеджер басшы нәтиженің алатын орнын көрсете отырып, нәтижелік міндет бөлінісін жасайды, стратегиялық жоспар жасай отырып, нәтиженің анықталу барысы бойынша нәтижелік есеп береді.
Нәтижелік басқаруда нәтиже деңгейлеп көрсетіледі, педагогикалық мониторинг негізінде аралық натижелермен де жұмыс жасалады, үрдіс себеп-салдарлық тұрғыдан талданып, олқылық пен қателіктен сабақ алуға бағытталады.
Натижелік басқару екі өзара байланысты процестен тұрады: жүзеге асыру және талдау. Нәтижелік басқаруды жүзеге асыру жағдай жасаудан басталып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы нәтижеге алып келсе, нәтижелік талдау керісінше алынған нәтижені талдаудан басталып, білім беру процесін талдау арқылы жасалған жағдайларды талдауға барып тіреледі:
Ж
ағдай
Процесс Нәтиже.
Нәтижеге бағдарланған талдау кезеңдері төмендегіше болады:
1-кезең күтілетін нәтижені анықтау
Үлгерім, жарыстар мен сайыстар, денсаулық пен тәрбие бойынша жету керек нәтижелерды кесте түрінде сандық негізде жазу,
2-кезең осы көрсеткіштер бойынша мектеп жұмысының нәтижесін бақылау
Осы салалар бойынша мектептің қазіргі көрсеткіштерінің нақты деңгейін айқындап ашып көрсетуге болатын деңгейде анықтау:
3-кезең- екі нәтижені салыстыру, ауытқуды анықтау
Мектептің қазіргі көрсеткіштерінің бұл нәтижелерге қаншалықты жетпей жатқандығын салыстырмалы кесте түрінде беру;
4-кезең осы ауытқуға әсер еткен оқу-тәрбие үрдісінің кемшіліктерін анықтау
Пәндерді тереңдетіп оқыту, жаңа пәндер енгізу және оқыту әдістемесін (технологиясын) жетілдіру, сыныптан тыс шаралардың ықпалы арттыру, жаңа тәрбиелік салаларды іске қосу бойынша іс-әрекетте кетіп жатқан кемшіліктерді анықтау;
5-кезең оқу-тәрбие үрдісі кемшіліктері мен нәтижесіне еткен жағдайлар
Кадрмен қамтамасыз ету, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру, ынталандыруды жүзеге асыру бойынша өз күшімен түзетуге болатын және арнайы көмек керек болатын кемшіліктерді бөліп жазу;
6-кезең осыдан нақты себептері көрсетілген маңызды проблемаларды белгілеу
Дарынды немесе жай баламен жұмысқа қажетті кадрлар іздеу, мектептегі бар мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, қажетті бағдарламалар мен оқулықтар (жай немесе электронды) алу не жасау, оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету, технологияландыру мен ақпараттандыру бойынша мәселелерді ашып көрсету, оларды топтау, реттеу.
Жағдайды талдау мына мәселелерді қамтиды:
1. Сапалы кадрдың болуы,
2.Оқушыларға психологиялық диагностика жасалуы.
3.Мектептің қазіргі талапқа сай болуы.
Ал процесске мыналар жатады:
1. Ата-ана, мектеп арасындағы байланыс.
2. Әдістемелік жұмыстардың, жүзеге асуы, озық тәжрибенің таратылуы.
3.Мектеп ұжымындағы психологиялық ахуалы.
Нәтиже де үш бағыттан тұрады:
1. Тәрбие деңгейі.
2.Оқу денгейі.
3. Бәсекеге қабілетті, толерантты тұлға
Білім сапасын бақылаудың құралы ол- мектепішілік бақылау.
Мұғалімдердің нәтижелілігін бақылау және қадағалау, әдістемелік көмек
- Жас мамандардың педагогикалық кәсіби біліктілігін арттыру
Мұғалімдердің нәтижелілігін бақылау мен бағалау; коучинг пен тәлімгерлікті басқару мен жүргізу; мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау; командалық жұмысты және бірлескен оқуды ұйымдастыру арқылы білім сапасының артуына ықпал ете алатынымыз айқын. «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім» (Strong,Ward & Grant,2011) Яғни мұғалімнің құзырлы қасиеттері мен біліктілігін, икемдіктерін әділетті бағалау, оны бағалаушының да құзыретті болуын талап етеді. Мұғалім жұмысының сапасын арттыруға ықпал ету үшін төмендегідей қағидаларды ұстанғаны абзал:
- әріптестерінің сабақ жоспарлары мен оқытуын бақылап, бағалау сәтінде тәлімгерлік қағидаттарына сүйену;
-кәсіби мүддеге, яғни мұғалімдер арасында кәсіби өзара құрмет таныту; бірге жұмыс істейтін мұғалімдерге жағымды ахуал қалыптастыруға ұмтылу;
-жақсы жұмысты мойындаумен қатар жеке-дара стиль мен абыройды дамытуды қолдау; мұғалімдерге өз әлеуетін толық жүзеге асыруға көмектесу үшін мұғалімдердің қажеттіліктерін білу;
-әділ, шыншыл және тура болу, мұғалімдер үшін уайымдаудың маңыздылығын сезіну.
Мектебімізде мұғалімдердің нәтижелілігін бақылау және қадағалу мақсатында бірлестік жетекшілері мен пән мұғалімдері жыл сайын апталықтар өткізеді және де «Ақылды сабақ» жобасы барысында әрбір мұғалім өзінің ашық сабағын көрсетеді. Ақылды сабақ жобасында мұғалімдер қазіргі жасанды интеллект және де көптеген жаңа әдіс тәсілдер, ең бастысы сабаққа SMART мақсат қоя білуі керек. Сабақ соңында әрдайым талқылау болады. Менің практикамда Fail Conference жобасын қолға алғанмын.
Fail Conference деген не?
Бұл педагогтар мен оқу орынбасарлары және әдістемелік бәрлестік басшылары үшін арнайы алаң, онда:
Өз қателіктеріңіз туралы ашық айтып, алған сабақтармен бөлісесіз;
✓ Басқалардың тәжірибесінен үйреніп, ерекше шешімдер табасыз;
Қателіктен қорықпай, шабыт алуды үйренесіз;
✓ Білім беру саласында қолдау мен ашықтық мәдениетін дамытасыз.
Неліктен қатысу керек?
Fail Conferencе бұл сіздің кәсіби өсуіңізге бастайтын мүмкіндік. Мұнда сіз:
* Сәтсіздіктерді жеңудің жаңа жолдарын табасыз;
* Өз қатеңізбен жұмыс жасай алу
* Сынды қабылдап, өзіңізді жетістікке жетелейтін мақсат қоя аласыз.
Мектебімізде тағы аса бір назар аудартын мәселе қазақ сыныптарының ұзтаздарының 80 пайызы жас мамандар. Бізде «Жас мамандар» мектебі жұмыс жасайды. Әр жылдың сәуір айында «Жас маман сайысы» және де жас мамандар апталығы өткізіледі. Жыл бойы жас мамандармен түрлі іс-шаралар өткіземіз, яғни тренинг, коучинг, «Ақылды сабақ» жобасында жас мамандар әріптестеріміздің сабақтарына қатысып, өздеріне керек кеңестерді түртіп алады және де жыл соңында әрбір мұғалімге мониторинг жасалып, оқушы жетістігі, өзінің жетістігі есептелініп, мотивация ретінде мадақтау қағазы және де арнайы ақшалай сертификаттар табыс етіледі.
Қорыта келе айтарым, ең әуелі тиімді басқара алу үшін әрбір басшы ашық сабақ болсын, сайыстар болсын өзі қатысып, содан кейін әрбір ұстазға жол көрсете алу керек. Білімнің биік шыңы - дамыған озат елдер қатарына қосылудың алғышарттары. Сондықтанда ең алдымен сапалы білім керек. Сапалы білім мемлекет пен қоғам үшін басты құндылық. Білім беру ұйымдарының ең құнды ресурсы ол – білімді мұғалім
Әр басшының мақсаты, кемшіліктерді ғана көріп қоймай, мұғалімнің кәсіби дамуына неғұрлым ұтымды жолмен ықпал ету керектігін түсіну және біліктілікті арттыру жөніндегі бірлескен іс-шараларды жиі өткізіп, біріккен талқылау жасағанда ғана мұғалімнің кәсіби дамуы арқылы мәртебесінің де көтерілетіні ақиқат.
Тиімді басқару алға қойған мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізу мақсатында іс шараларды ұйымдастыру, үйлестіру және оны басқара білу. Тиімді басқару нәтижесінде үш жыл қатарынан мектебіміз негізгі мектептер арасында бірінші орынды иеленіп келеді және де 2024-2025 оқу жылының басында жас мамандарымыздың 80 пайызы педагог-модератор санатын алса, 4 ұстазымыз педагог-сарапшы біліктілігін растап, 1 мұғалім педагог-зерттеуші санатын алды. Бұл дегеніміз – мектебімізде мұғалімдердің сапалық құрамының артқанын білдіреді. Мұғалімдеріміздің кәбіби біліктілігі артса, оқушылардың білім сапасы да көтерілетініне сенімім мол. Сапаны басқару тиімді болғанда , білім беру сапасы да көтеріледі.
Директордың оқу ісі- жөніндегі орынбасары: Умиргалиева Арайлым
Білім беру ұйымының мекен жайы: КММ «Подгорное негізгі мектебі»,
Школьная көшесі 13 ,тел 22340
E-mail: Umirgalieva.arai@mail.ru
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген