жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тиімді есептеу / Сәндік-қолданбалы өнер
81-сабақ. Тиімді есептеу/ Сәндік-қолданбалы өнер
|
Мектеп: 12 |
||||
|
Күні:10.01.19 |
Мұғалімнің аты-жөні:Аймуханова К.Б. |
|||
|
3 «Ғ»-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||
|
Оқу мақсаттары |
3.1.2.3** көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану. 3.1.2.9 - 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу, + қосындыны санға көбейту ережесін қолдану. 3.2.1.3 - көбейтудің үлестірімділік және терімділік
қасиеттерін әріптік теңдік
түрінде: (ab)c=a(bc);
a(b+c)=ab+ac; |
|||
|
Күтілетін нәтижелер |
Барлық оқушылар: |
|||
|
-көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін, қосынды мен көбейтіндіні біртаңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту, қосындыны санға бөлу ережелерін қолдануды біледі. |
||||
|
Бірқатар оқушылар: |
||||
|
-көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін
әріптік теңдік
түрінде: (ab)c=a(bc);
a(b+c)=ab+ac; |
||||
|
Кейбір оқушылар: |
||||
|
-өз бетімен тиімді тәсілдерді табу және олардың теориялық негізін түсіндіруді біледі. |
||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: -көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін қолдана отырып тиімді есептеуді түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология: көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттері, тиімді есептеу. |
|||
|
Сабақта диалог/жазуүшінпайдаланылатынтіл. Талқылау:
|
||||
|
Жазу: |
||||
|
-көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде жазу: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b-c) =ab–ac; қосындыны санға бөлу ережесі (а+в):с. |
||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Көбейту мен бөлу амалдарының қасиеттері, сандық және әріптік өрнектер, формула. |
|||
|
Жоспар |
||||
|
Жоспарлан-ған уақыт |
Жоспарланған іс-әрекет |
Қоры |
||
|
0-3 мин
|
Ынталандыру. Мұғалім алдыңғы сабақты жалғастыра отырып, кез келген сәндік-қолданбалы өнер туындысына қарауды ұсынады. Әңгімені сұрақ пен толықтыруға болады:
Балалардың ұсыныстары тыңдалады. Осылай, мұғалім қандай мамандық болса да математиканың қажет екенін ерекшелеп көрсетеді. |
Сәндік-қолданбалы өнер үлгілері, фотосуреттер. |
||
|
4-6 мин
|
Белсендіру. №1 тапсырманы орындауды ұсынады. Мұнда қасиеттердің әріптермен таңбалануына қарау және өзінің мысалдарыңда көрсету. Балалар ұсынған әрбір қасиетті дәлелдеу үлгісін пайдаланады. |
Оқулық, тұсаукесер. |
||
|
7-11 мин
|
Мақсат қою (мәселелі жағдаяттар). Досыңмен ойна. Әр сандықшадан бір көбейтіндіден ал. Олардың мәндерін қос. Алынған өрнектерді жаз. 5 минуттың ішінде кім көп есептеп үлгерді? Осы тапсырманы орындауда қандай қасиеттер қолданылады. Неге кейбіреулер жылдамырақ есептеді? Мұғалім берілген көбейтудің қасиеттерін әріппен жазуды сұрайды. Балалар туындаған қиындықты байқайды. Осылай сабақтың мақсаты тұжырымдалады: көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде жазу, қосындыны санға бөлу ережесі. |
Оқулық, дәптер. |
||
|
12-29 мин
|
Жаңаны ашу. Жаңаны ашу үшін балалар топтық жұмыс орындайды. Әр топ түрлі түсті қарандашпен жоғарыда көрсетілген қасиеттердің бірін немесе олар бойыншашешкен мысалдың ережесін жазады: 4∙50= (13+22):7= (350+49):7= 5∙45∙20= 600:(60–10)= 880:80=
Топпен жұмыс жасау үшін №1 тапсырмаға ұқсас жаттығу беруге болады. Ережелер сыртына жазылуы мүмкін немесе балалар өздері құрастырады. 1. Екі санның қосындысының қандай да санға көбейтіндісі қосылғыштардың әрқайсысын осы санға көбейтіп алып, оларды қосқанға тең. 2. Екі санның айырмасының қандай да санға көбейтіндісі азайғыштың осы санға көбейтіндісінен азайтқыштың осы санға көбейтіндісін кеміткенге тең. 3. Көбейткіштердің орнын ауыстырғаннан көбейтінді өзгермейді. Топтар өз жұмыстарын тақтаға шығып қорғайды. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. №3, 4 тапсырманы түсінік бере отырып немесе жұппен (мықты + әлсіз оқушы) жоғарыдағы ұстаным бойынша орындайды. Өздік жұмыс.
Балаларға өзін-өзі тексеруге парақ таратыңыз. 3•50=50•3=1500 (14+21):5=35:5=7 (350+21):7=350:7+21:7=50+3 5•65•20 =5•20 •65 =100 •65 =650 60•(6–1)= 60•6–60•1=360–60=300 60•(6–1)=60•5=300 440:40= (400+40):40=400:40+40:40=10+1=11
|
Дәптер, оқулық, тұсаукесер. |
||
|
30-35 мин |
Жаңаны қолдану. №7, 8 тиімді есептеу кезінде көбейтудің терімділік, үлестірімдік қасиеттерін қолдануға арналған. Бұл тәсіл қосындыны санға көбейту қасиетінің негізінде жасалған (көбейтудің үлестірімділік қасиеті). a(b+c) =ab+ac №7 тапсырма санды айырмаға немесе сандардың айырмасын санға көбейту қасиетіне негізделген.
a ∙(b-c) = a ∙ b – a ∙ c Өткенмен жұмыс. №5 – санның квадратын қайталау. № 6 – есепті әртүрлі тәсілмен орындау. Осыған ұқсас есепті өзің құрастыр. Шебер 12 қамшы және 8 дулыға жасады. Барлық бұйымдарды екі қорапқа бөліп салды. Әр қорапта қанша бұйымнан бар? Өрнек құрастырылады: 1-тәсіл: (12 + 8) : 2 = 20 : 2 = 10 2-тәсіл:12 : 2+8 : 2 = 6 + 4 = 10 Сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесін. |
|
||
|
35-40 |
Рефлексия. Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсатымен байланыстыруды ұсынады: кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты:
|
Жетістіктер жолағы |
||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген