Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тиімді кері байланыс – мұғалімнің жетістігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақтың қорытынды бөлімінде кері байланыс жүргізгенде тиімді екенін байқаған барлық ұстаздарға арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1


Жаңаөзен мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Болтаева Ұлшат Ерболатқызы


Тиімді кері байланыс – мұғалімнің жетістігі

«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді дана халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен
адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын
жарық жұлдыз ол – оқу. « Надан жұрттың күні қараң,келешегі тұман » - деп Міржақып
Дулатов айтқандай егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Елімізде жарияланған төтенше
жағдайларға байланысты Ел Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты
короновирустық инфекциядан қорғау шараларын міндеттеуіне байланысты Білім және
Ғылым министрлігі арнайы бұйрық шығарып, оқу жылының IV тоқсаны қашықтықтан
оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшті.
Бұл бағытта біз мұғалімдер қауымы,білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің аса
маңызды екеніне көз жеткізіп отырмыз. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғаны
емес, сонымен қатар алған білімін қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып
отыр. Білім беру ісінің нәтижесін бағалап, бағдарлау сабақ барысындағы кері байланыс
кезінде анықталып, аңғарылады. Осыған байланысты сіздермен бүгін тәжірибе алмасу
мақсатында «Сабақтағы тиімді кері байланыс - мұғалім жетістігі» деген тақырыпта сөз
қозғағым келеді.
Кері байланыс - нақты іс-әрекетке, жағдаяттарға, сұрақтар мен жұмыстардың дұрыс-
бұрыстығына көз жеткізе отырып баға беру немесе пікір айту үдерісі. Кері байланыс
мұғалімге оқудың қалай жүріп жатқанын, оқушы жетістігі мен қиындығы туралы хабардар
етіп, жетістік деңгейі мен қиындығын шешуге көмектеседі.
Кері байланыс әрекетін ұйымдастыруда көзделетін басты мақсат:
Оқушының саналы ішкі рефлексиясын даярлау, сол арқылы қазіргі кездегі маңызды
болып саналатын өз бетімен еңбектену, бәсекеге қабілетті болу, алғырлық сияқты
қабілеттерін дамыту.
Кері байланыстан күтілетін нәтижелер:
- Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынас жақсарады.
- Оқушыға өзінің мықты және осал тұсын көрсетіп, алға жылжуға ықпал етеді.
- Оқушы тек бағалауды ғана емес, өз жетістігімен хабардар бола отырып, оқуға
қызығушылығын арттырады.
Мұғалім оқушы кері байланысына қарай, өз жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға
бағытталады.


Page 2

Сабақтағы кері байланыстың 3 түрі бар:
1.Көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Көңіл күйді
әртүрлі суреттер, смайликтер және бояу түсте-рімен анықтау. Мысалы, «алма ағашы» деп
алайық. «Алма ағашы» әдісінде оқушыларға сабақ басында түрлі-түсті алма беріледі. Сабақ
соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма мен бүгін бәрін жақсы орындадым,
сондықтан, көңіл күйім көтеріңкі, қызыл түсті алма мен тапсырманы орындай алмадым,
көңіл күйім жоқ дегенді білдіреді.
2. Сабақтағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс. Мысалы, « Бес саусақ» әдісі.Балалар
параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар
сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза
жасадым?
3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы.
3.Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. «Бұрын мен білмеуші едім. Енді
білемін» деген сияқты ой-пікірлерін білдіру болып табылады. Мысалы, «Алақан», Ойлаудың
алты қалпағы, «Плюс, Минус, Қызықты». «Плюс» – оң әсер еткен фактілері, алған білімдері
жайлы жазады. «Минус» – қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген
ойларын жазады. «Қызықты» дегенде бағанға өздеріне қызықты болған жайтты немесе
көбірек білгісі келетін дүниені жазады.

Кері байланыс мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында, мұғалім
менмұғалім арасында жүзеге асырылады және ауызша да, жазбаша да қолдануға болады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
05.05.2020
726
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12