Материалдар / Тиімді тәжірибе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тиімді тәжірибе

Материал туралы қысқаша түсінік
мектептегі тәжірибе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Желтоқсан 2017
517
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тиімді тәжірибе«Тиімді оқыту және оқу» бағдарламасынның бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімді мектепте тәжірибе кезінде жүзеге асырдым. Орта мерзімді жоспарым жыл бойы өткенді қайталау тарауы болғандықтан оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында орта мерзімде көрсетілген тақырыптарын өттім.Тізбектелген сабақтар топтамасынан мемлекеттік оқу-бағдарламасының стандартына сәйкес құрылған күнтізбелік жоспардан «Сөз және оның мағынасы» тақырыбын алдым. Алға қойған мақсатым: оқушылардың өздігінен білім алуына, өзін-өзі реттеу дағдыларының қалыптасуына өзара ынталандыру. Сұрақ- жауап барысында оқушылар белсенділікпен жауап беріп, өмірмен байланысты мысалдар келтіреді.Сабағымда Бағдарламаның жеті модульдің ішіндегі «Сын тұрғысынан ойлану», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модульдеріне көбірек тоқталдым. Орта мерзімді жоспарлауда «Бұлақ», «Аяқталмаған сөйлем», «Айналмалы бекет», «Ойлан,топтас, талқыла», «Сөз теру» , «Реттілігін тап», «Қатесін тап» әдістері арқылы «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі осы әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы көрініс тапты. Оқушылар шынайы бағалауды үйрену үшін бағалау критерийлеріне сүйене бағалаудың шынай түріне бет бүрды. «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін кіріктірдім. Себебі оқушы өзінің қай сатыда тұрғанын, қалай даму керекпін деп өзін-өзі бағалайды.Мен мектеп тәжірибесі кезінде әдіс-тәсілдерімнің кейбіреулері «Басқатырғыш базары», « суреттеу стартегиясы» оқушы қажеттілігніе орай өзгеріп отырды.





Сабағымды бастар алдында сыныпты ынтымақтастықты реттеп алдым. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «шаттық шеңбері» атты сергіту жаттығуын өткіздім.Оқушылар өз аттарының бірінші әрпі бойынша сын есім құрап, есімдерін тіркестіріп жылы сөздер айтты. Оқушыларды топқа бөлгенде дыбыс,әріп, сөз, сөйлем болып бөлінді.Әр топ өз топбасшысын, хатшы, баяндамашысын сайлап алды. Оқушылардың көңіл-күйлері көтерілді.Топтық жұмыс барысында Выготскийдің «Жақын арадағы даму аймағы» атты теориясы жүзеге асады.Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаcқа түседі. Мұғалімнің бақылауымен, ынталандыруымен білімдерін тереңдете түседі.Топтық жұмыс барысында әлеуметтік қарым-қатынасқа түсіп, оқушылардың ойлау және сөйлеу дағдылары дамиды. Мәселені бірлесіп шешудің амалын табады, барынша жоғары нәтижеге жетуге ұмтылады.Оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау үшін сабағымда қолданылатын әрбір әдістен кейін бағалаудың «Бағдаршам», «Cмайлик», түрлерімен қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау бағаларды анықтап, одан жиынтық бағаларын шығаруды жөн деп санадым.Осы тұста сабағымның жақсы өтуі үшін бағалау критериін жасап алдым.
Сабақ кезеңдеріДискрипторБал
Үй тапсырмасы-Сөйлемнің анықтамасы, түрлері-Жаттығуды дұрыс орындауы 1 1 1
Жаңа тақырып-Сөздердің мағынасын ажырта алу, яғни мәндес сөздер, мағынасы әртүрлі сөздер, қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу-Дәптерге толық,ұқыпты, көркем жазу

2



1
Деңгейлік тапсырмалар А деңгейВ деңгейС деңгей 1 1 2


Барлығы-10 балл. С оқушы:0-5 балл-3, В оқушы: 6-8 балл-4, А оқушы: 9-10 балл-5. Бағалау критериін таныстырып, тапсырмасын сұрау барысында оқушылардың дайындығын тексеріп, білу үшін топ басшыларына бағалау парақшаларын таратылып, өз тобының мүшелерін бақылап, бағалап отырады.Бұл тұста айта кететіні оқушылар өзі-өзін бағалай отырып, оқуға деген қызығушылықтары артады, білім алуға ынталанады.Үй тапсырмасын пысықтап алу үшін «Сөз теру » әдісімен тексердім.Әр топқа қима қағаздардан сөз құрап, сөйлемнің түрлерінің ережесін айтты. Әріптерден не құрадыңдар? Сөздерден не құралады? Сөйлемнің неше түрі бар? Сабаққа қызығушылығын арттыру үшін әр бір-бірін «Басбармақ» әдісімен бағалады. Оқушылар әр сабақты «бүгін қандай қызықты жаңалықтар болады» деген оймен, ынтамен күтеді. Сыни тұрғыдан ойлау- бақылаудың,тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сын тұрғысынан ойландыру үшін, оқушыларға «ойлан, жұптас, талқыла» әдісімен әр топқа оқулықтан тапсырмалар берілді. Әр топ өз тапсырмасын түсіндірді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін «Кім жылдам» әдісімен әр топқа бірдей тапсырмалар бердім. «Миға шабуыл» әдісі бойынша топтарға әртүрлі мағыналы сөздерді табу және оларға сөйлем құрау тапсырылды. Сыныпта талантты оқушылар яғни олардың ойлау қабілеті тез оқушылар таба алды.Оқушылардың бүгінгі сабақты қалай меңгергені жөнінде керібайланыс алдым.Сергіту сәті ретінде оқушыларға мақал-мәтелдер берілді.Мақал-мәтелдердің жалғасын тапты. Сөздердің мағынасын тапты. Досыңа өтірік айтпа, дұшпаныңа сырыңды айтпа. Ащыда- тіл, тәттіде-тіл. Анаңа ауыр сөз айтпа! Атыңа ауыр жүк артпа! Топтар арасында талантты, дарынды оқушыларды анықтау үшін әр топқа тапсырмалар бердім.Оқушылардың білім деңгейлерін анықтау үшін сұрақтың түрткі болу, сынақтан өткізу,қайта бағыттау түрлерін қойдым.Бүгінгі сабақта қандай баға алғанын, қай сатыда даму керектігін оқушылар бағалау парақшасынан біліп тұрды.Оқушылардың сындарлы оқыту теориясы арқылы оқуға деген белсенділіктері артып,сын тұрғысынан ойлау деңгейі дами түсті.Жаңа сабақты тезірек, ұтымды, жақсы түсіне алды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!