жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тиімді тәсілмен қосу және азайту. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пәні: Математика |
Мерзімі: 13.11.2018 |
|||
|
Сабақтың тақырыбы: Тиімді тәсілмен қосу және азайту. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару Ортақ тақырып: «Менің мектебім» тақырыптар аясында Сабақ: 38 |
Мектеп: № 32 Мұғалімнің аты-жөні: Әуезова Гүлмарал Тұңғышбайқызы |
|||
|
Сынып: 2 |
Қатысқандар:25 |
Қатыспағандар:0 |
||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
2.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 2.1.2.3 - қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін/көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану |
|||
|
Бағалау критерийлері |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||
|
Сабақ мақсаты: |
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді |
|||
|
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. |
||||
|
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар қарсы мәндес сөздерді қолданады: артық-кем, |
|||
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: тиімді тәсіл, қосудың терімділік қасиеті. |
||||
|
Сыныптағы диолог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша - жазбаша |
||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар :
|
||||
|
Ишара: «Шапалақ» әдісі. «Алақан» әдіс. «Бағдаршам», «Смайлик» әдісі Жоғары қарай- мен түсіндім,көлденең – мен түсінгендеймін, төмен қарай – мен түсінбедім. «Бағалау ағашы» |
||||
|
Бұған дейінгі меңгерілген білім |
1 сағатта неше минут бар? 60 минут 1 тәулікте неше сағат бар? 24 сағат 1 аптада неше күн бар? 7 күн 1 айда неше күн бар? 30 күн 1 жылда неше ай бар? 12 ай 1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл |
|||
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) |
Ресурстар |
|
Басы 2 минут Топқа бөлу 3-минут Түсіну 9 минут |
Слайд №1 Психологиялық дайындық Жақсылық бар менде де Жақсылық бар сенде де Жақсылық бар әлемде Жақсылық тілеймін бәріңе Слайд № 2 «Қағаз қиындылары» түстер арқылы топқа бөлу. Қызыл-дөңгелек, жасыл- төртбұрыш, сары- жұлдызша, көк- үшбұрыш, қызғылт түс- ромб. Қораппен түрлі – түсті фигураларды әкелу. Оқушыларға қораптан фигураларды алуын сұраймын. Фигуралардың түстеріне қарай 5 топқа бөлініп отырады. Слайд № 3 Сырым үй тапсырмасын орындау барысында қиындықтарға тап болды. Сыныптастарынан көмек сұрады. Әр бала өз нұсқасын ұсынды. Тақтаға назар аударып қай оқушы тиімді тәсілді ұсынғанын көрейік. (8+6)+5= 8+(6+2)= (8+2)+6= Қай өрнектің тімді тәсілге жататынын табады. Слайд № 4 Оқушыларға қосудың терімділік қасиеті туралы бейнетаспа көрсету. https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/qosudyng-terimdilik-qasieti Білімленд сайтынан 1 және 2 –жаттығуларды орындау. |
Қағаз қиындылары АКТ-ны пайдалану |
|
Ортасы Қолдану 4 минут 3 минут Сергіту сәті 2 минут Талдау 13 минут |
Слай № 5 Жұптық жұмыс, топта бір жұп екінші жұпты тексереді. Тиімді тәсілмен есепте (71-16)+9= 41+(25+9)= 24+(48+6)= 32+(8+19)= (52+35)+8= Дескриптор
Кері байланыс «Смайлик» тәсілі. Мөрмен бағалау.
Бейне баян көрсету. «Ұлы тау- Жұмыр қылыш»
Слайд № 7 Дәптермен жұмыс. 13 беттегі №1 тапсырманы тиімді тәсілмен есепте. Оқушылар бірінің дәптерін бірі қызыл қарындашпен тексереді.
(72 + 15)+8= 25+(47+5)= (53+34)+7= Дескриптор
Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі.
Есепті әртүрлі тәсілмен шығару. «Асық» ойыны арқылы түсіндіру. 17 беттегі № 2-ні. Қапшықта 10 көк, 20 жасыл және 30 қызыл асық бар екен. Қапшықта барлығы неше асық бар екендігін әртүрлі тәсілмен көрсету. Дескриптор
Кері байланыс «Шапалақ» тәсілі.
|
Қима қағаз тарату Қима қағаз тарату АКТ-ны пайдалану Жұмыс дәптер. Қызыл қарындаш Оқулық. Жұмыс дәптер. |
|
Жинақтау Соңы 4 минут |
Үй жұмысына 17 беттегі №3 тапсырманы аласыңдар. Слайд № 7 Кері байланыс «Бағалау ағашы» арқылы жүзеге асады. Оқушылар стикерге өз ойларын жазып бағалау ағашына жапыстырады. Ағашқа ілген суреттерге байланысты оқушылардың бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін бағалау.
|
|
Оқушының аты: ________________________________________
Тиімді тәсілмен шығар:
9+6+1=____________________________ 7+5+3=__________________________________
5+9+5 =____________________________ 10+2+8=_________________________________
6+30+4= ___________________________ 45+7+3=_________________________________
Тура теңдік шығатындай жақшаны қой.
50 – 30 – 20 = 0 50 – 30 – 20 =40






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген