400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тиімді тәсілмен қосу және азайту. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Тиімді тәсілмен қосу және азайту. Есепті әртүрлі тәсілмен шығару

Мектеп:№62 мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Даримбетова Н

Күні: 13.11.2018

СЫНЫП: 2 «Д»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.2.3**қосудың ауыстырымдылық ,терімділік қасиеттерін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану

2.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000- ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

• тиімді есептеу үшін ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттерді қолданады.

Оқушылардың басым бөлігі:

• есептерді əртүрлі тəсілдермен шығарады.

Кейбір оқушылар:

• əртүрлі тəсілдермен шығару үшін есептер құрастырады

Бағалау критерийі

Есеп шартын табады .

Өрнек түрінде жазады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

• есептеулерді оңтайландыруды түсіндіреді.

Пəндік лексика жəне терминология.

Қосудың терімділік қасиеті, тиімді есептеу, есептерді үш тəсілмен шығару.

Диалог/жазуға арналған пайдалы сөйлемдер сериясыТалқылау: Тиімді тəсілмен есептеп шығарыңдар.

Неліктен тиімді екенін түсіндір.

Неліктен есепті үш тəсілмен шығаруға болады?

Жазу:

Есеп шарттарының қысқаша жазбасы, есепті үш тəсілмен шығару, екі таңбалы сандардың сандық өрнектері.

Құндылықтарға баулу

Шығармашылықпен жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста бір- біріне құрметпен қарауға, отансүйгіштікке, ынтымақтастық пен жауапкершілікті сезінуге баулу.

Пәнаралық байланыс


71

\002,3

1қазақ тілі.

Алдыңғы білім

Екі таңбалы сандар мен шамаларды қосады жəне азайтады.

Жоспарланған

уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!. -Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз

 «Бәйге» ойыны арқылы өткен сабақты еске түсіру.

 1 сағатта неше минут бар?  (60 минут)

1 ғасырда неше жыл? (100 жыл)

1 дм неше см бар? (10см)

1 аптада неше күн бар?(7күн)

1 тәулікте неше сағат бар?(24сағат)

1 жылда неше ай бар?(12ай)

«Мадақтау»әдісі


«Мадақтау»әдісі

Ортасы 23 минут

Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Тақтамен жұмыс.

(8+6)+2. 8+(6+2). (8+2)+6

– Көршілес қосылғыштарды олардың қосындысымен ауыстырса, үш жəне одан да көп қосылғыштардың қосындысы өзгермейді.

Ұжымдық жұмыс. Тиімді тәсілмен есепте.

Кері байланыс: «Сұрақ-жауап»

Бағалау:

Топтық жұмыс.  «Кім жылдам?» ойыны .Достарыңмен бірге тиімді тәсілмен есепте.

Қосудың терімділік қасиеті. Жақшалардың орны ауысқанымен қосындының мәні өзгермейді.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

2-тапсырма. Қапшықта 10 көк, 20 жасыл жəне 30 қызыл шар бар. Қапшықта барлығы неше шар бар?

Осы есепті əртүрлі 3 тəсілмен шығаруға болады:

1-тəсіл: көк + (жасыл+қызыл шарлар).

2-тəсіл: жасыл+(көк+қызыл).

3-тəсіл: қызыл+ (көк+жасыл).

Дәптермен жұмыс.Жеке жұмыс

ҚБ: 3-тапсырма

Шарты: сары шымшық - 3
көгершін- 4?
торғай- 6
Сұрағы: Жемсауытта барлығы неше құс болды?
Шешуі: (6+4)+3=13
Жауабы: 13 құс

Бағалау критерийі

Дескриптор

Есеп шартын құрады .

Өрнек түрінде жазады.

есептің шешуін өрнек түрінде жазады;

өрнектің мәнін табады.

есептің жауабын жазады.



Көрнекіліктер

Оқулық,

мәтіндер.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығу жасату.


Аяқталуы 10 минут

Оқулықтағы 4-тапсырмада есептемей, салыстыру жүргізу қажет. «Кім жылдам?»

Кері байланыс: «Сұрақ-жауап»

Бағалау:

(Ұ)«Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақ-жауап жүргіу     -Бүгін  қандай  тақырыппен  таныстық?     -Сабақта  не істедік?    -Қандай  тапсырма қиын  болды?

Оқушылар тапсырмалармен жұмыс жасайды

Үйге тапсырма: оқулықта қалған тапсырманы аяқтау.


Саралау-Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Қабылдау деңгейі төмен балалар үшін бірлескен оқу ұйымдастырамын. Талантты балалар үшін деңгейлік тапсырмалар жүргіземін.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қажеттілігі мен қабылдауына қарай оқушыларға деңгейлік тапсырмалар енгіземін.

Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға үшін бірлескен оқу жүзеге асырылады.

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында нақты көмек ұйымдастырылады.

  1. «Мадақтау»әдісі

  2. Кері байланыс: «Сұрақ-жауап»

3. Бағалау:

4. «Кім жылдам?» ойыны .

5. Серпілген сауал» әдісі 



Сергіту сәті кезінде аяқ –қол қимылдарын жүзеге асырады

Сабақ бойынша рефлексия


1.Сабақ мақсаттары қолжетімді ме?

2.Оқушылар бүгін нені үйренді?

3.Сабақтағы ахуал қандай болды?

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

5.Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді? (оқыту мен оқуға қатысты?)

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
1850
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі