жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тиінге арналған жиһаз
ҰОҚ өткізу жоспары 26.09.18
Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К
Білім беру сала(сы)лары: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Тиінге арналған жиһаз
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Жиһаздарды қорғау қатынасын
тәрбиелеу.
Білім
берушілік: Жиһаздар туралы
түсініктерін қалыптастыру, жиһаз бөліктері білімдерін
бекіту.
Дамытушылық:
Тілін, зейінін, логикалық ойлауын
дамыту.
Алдын ала жұмыс
жүргізу: Жиһаздардың суреттерін көрсетіп ,әңгімеге
тарту.
Қажетті құралдар: Бөлме суреті,жиһаз сұлбасы,бөлме
нобайы.
Сөздік жұмысы:
Жиһаз,дупло
дерева.
Билингвальды компонент: Жиһаз-мебель,тиін-белка,керует-кровать.
I.Мотивациялық –
қозғаушылық
Жылулық шеңбері.
Қайырлы таң –көк аспан,
Қайырлы таң-жер ана
Қайырлы таң- достарым
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.
Cандықты көрсетіп,оның ішінде бір жануардың тығылып отырғанын айтамын. Егер жұбақтың шешуін тапса,онда сол жануар сабақта қонақ болатынын айтамын.
Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді.
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.
Балалар қимыл қозғалыспен шаттық шеңберін жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Мынау-тиін,ол орманда тіршілік етеді.Ол ағаштың қуысын ұя жасайды.
Ал біз қайда өмір сүреміз?
-Үйлерімізде бөлмелерімізде қандай заттарымыз бар?(Жиһаздар)
-Жиһаз-үйге арналған заттар.Олар:төсек,диван,кітап сөресі т.б.
Бөлме суретін көрсетемін.
-Иә,тиін,біздің үйлеріміздің бәрінде осындай жиһаздар бар.
Тиін:
-Ал менің ұямда ешқандай жиһаз жоқ.Ал мен ыңғайлы жиһаз болғанын қалар едім.Бірақ таңдай алмай жүрмін.Көмектесесіңдер ме?
-Балалар, тиінге жиһаз таңдауға көмектесейікші.Бәріміз дүкенге барайық.
2.Билингвальды компонент: жиһаз-мебель,тиін-белка,керует-кровать.
3. Д/О:«Жиһаздар дүкені»
-Міне,дүкенге де келдік.Енді тиінге жиһаз қарастырайық.Бір бөлмеге жиһаздарды орналастырып көрейік(жапсырмаларды жапсырады).
4.Сергіту сәті.
Қолымызды жаяйық,
Құстай қанат қағайық.
Аяқты бір басыңдар,
Кәне,тағы,тағы да.
Қол соғайық жабыла,
Кәне,тағы,тағы да!
5.Жиһаздар туралы жұмбақ шешу.
Болғанда бір ауызға екі қақпақ,
Еркінде адамзаттың ашып,жаппақ.
Қаншалық өрнек-өрнек азық-ауқат,
Ішінде сол нәрсенің қойған сақтан.
6.Жиһаздар туралы әңгіме жүргізу.
-Тиін,барлық жиһаздарды есіңде сақтап қалдың ба?
Балалар,орманда тиіннің достары көп.Солардың бірі-мына жануар(Аюдың суретін көрсетеді).Таныдыңдар ма?Аюдың көңіл күйі жоқ екен.Оның үйіне біреулер кіріп,жиһаздарын сындырып тастапты.Бұл кім болды екен? Бөліктері жетіспейтін жиһаздарды көрсетемін.Балалар қай бөлігі жетіспейтінін айтады.
-Балалар,жиһаздар неге сынып қалды деп ойлайсыңдар?
-Жиһаз сынбау үшін оны қалай ұстау керек?
Енді аюға көмек беруіміз керек,жиһаздарды орын-орына орналастыру керек.
7.Жеке жұмыс. «Орына қойып шық» ойыны.Магнитті тақтаға жиһаздар бейнеленген суреттер жапсырылады.Өз орнына орналастыу ұсынамын.
Рефлексиялық-түзетушілік
Оқу іс-әрекетін қортындылаймын.
-Біздің топта қандай жиһаздар бар?
-Жиһаздар не үшін қажет?
Тиін балалармен қоштасады.
Сұрақтарға жауап береді.
ҰОҚ өткізу жоспары 26.09.18
Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К
Білім беру сала(сы)лары: «Әлеумет»
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Балабақша жиһаздарымен таныстыру
Міндеттері:
Тәрбиелік:
Жиһаздарға ұқыпты болуға, оларды сындырмауға
тәрбиелеу.
Білім
берушілік: Күз мезгілі туралы
білімдерін білу. Үй жиһаздары туралы айта отырып олардың
қажеттілігі жайлы білім беру.
Дамытушылық: Мысыққа
көмектесу арқылы балалардың жиһаздарға деген қызығушылықтарын
арттыру және тіл байлықтарын дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: Жиһаздардың суреттерін көрсетіп
,әңгімеге тарту.
Қажетті құралдар: Бөлме суреті,жиһаз сұлбасы,бөлме
нобайы.
Сөздік жұмысы:
Жиһаз,дупло
дерева.
Билингвальды компонент: Жиһаз-мебель,тиін-белка,керует-кровать.
Мотивациялық –
қозғаушылық
Ойын ойнату:
Есік қағылады. Тәрбиеші кім келгенін айтады.
-Балалар бізге Гүлнар , Сәуле, Айсұлу атты қуыршақтар қонаққа
келіпті.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Б.Ж.
-Күз мезгіліндегі өзгерістер қандай?
-Б.Ж
-Дұрыс айтасыңдар!
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балабақша жиһаздарына нелер жатады?
-Б.Ж
Әңгімелесу:
Біз керекті материалдарды табиғаттан аламыз. Олар- бүр,
еменжапырақ, бұтақ, ағаш т.б. сол сияқты пайдалануға жарамсыз
заттар бар, оны лақтырып тастағанымен бізге қайтадан қажет болады.
Олар сіріңке қорабы, әр түрлі заттың қорабы, пластик шөлмектер,
стакандар т.б.
Бой
сергіту.
Қыздар мен балалар доп сияқты секіреді,
қолдарын шапалақтайды,
аяқтарын топылдатады,
көздерін жыпылықтатады,
тыныш отырып демалады.
Үлгіні қарау( бөліктің атауы, оны біріктіру тәсілдері)
-Балалар қонақ қуыршақтар сендерге жұмбақ жасырғылары келеді
екен:
Жұмбақтар:
Жайылған дүниеге бір ғажайып
Тік көтеріп отырар адамдарды
Ағайынды төрт батыр
Көтергені бір шатыр
Арқасында азығы
Бауырында қазығы
Қойған тамақ «үйінде »
Тұратын мұздай
күйінде
Рефлексиялық-түзетушілік
«Ағаш шебері» өлеңімен қорытындылау
Бұрқыратып иісін
Тақтай тілем ағаштан
Безендірем үй ішін
Жабдықтармен жарасқан
Болсын берік, көрікті
Пәтерлердің жасауы
Соған лайық ең мықты
-Қуыршақтарға рахметін айтып, шығарып салу
ҰОҚ өткізу жоспары 28.09.18
Топ:7 Тәрбиеші: Оспанова Д.К
Білім беру сала(сы)лары: «Коммуникация»
Бөлімі: Драма
Тақырыбы:
Үйшік (ертегісі)
Міндеттері:
Тәрбиелік: Достыққа, ынтымақтыққа
тәрбиелеу.
Білім
берушілік: Ертегінің мазмұның мұқият
тыңдап түсіне білу.
Дамытушылық: Ертегіге
деген қызығушылығын арттыру.
Алдын ала жұмыс жүргізу:
Қажетті
құралдар: тышқан, бақа, түлкі, қоян, аю суреттері және
үйшік.
Сөздік жұмысы:
Үйшік
Билингвальды компонент:
үйшік-теремок
I.Мотивациялық – қозғаушылық
Жүрісі:Жазық далада бір үйшік
тұр. Шиқылдауық тышқан тоқтай
қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
Ешкім үн қатпады. Тышқан үйшікке кіріп өмір сүреді. Бақылдап бақа
келеді:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Ал мен, бақылдаған бақамын.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
— Кел, бірге тұрайық! — деп бақа мен тышқан үйшікте бірге өмір
сүреді. Секеңдеп қоян келеді.
Тоқтай қалып сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен,..бақылдаған бақамын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар үшеуі үйшікте тұрады. Терезені түлкішек-әпке
тоқылдатады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен түлкішек-әпкемін.
— Кел, бізбен тұр!
Енді олар төртеу болады.
Жүгіріп келіп есіктен сұр қасқыр сұрайды:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Ал сен кімсің?
— Мен, сұр қасқырмын.
— Кел, бізбен тұр! Енді олар бесеу болады. Барлығы көңілді өмір
сүріпті, ән айтыпты.(4-сурет)
Бір күні қорбаңдаған аю үйшіктен шыққан дауыстарды естіп,
тоқтап айқайға салады:
— Үйшік-үйшік! Кім үйшікте тұрады?
— Мен, шиқылдауық тышқанмын.
— Мен, бақылдаған бақамын.
— Мен, секеңдеген қоянмын.
— Мен, түлкішек-әпкемін.
— Мен, сұр қасқырмын.
— Ал сен кімсің?
— Мен, қорбаңдаған аюмын.
— Кел, бізге!
Аю кірейін-кірейін деп, кіре алмайды.
— Мен, шатырда тұрайын.
— Бізді басып қаласың.
— Жоқ, қорықпаңдар.
— Жарайды, шық.
Аю отыра қалғанда үй: «тарс» — етіп
құлады.
Рефлексиялық-түзетушілік
Үйшіктен аман-есен: тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр қашып шықты. Барлығы бірігіп бөрене тасып, тақтай аралап үлкен үй салуға кірісті. Үйшіктері үлкен, биік, әдемі болып шықты!
ҰОҚ өткізу жоспары 27.09.18
Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.
Білім беру сала(сы)лары: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы:
Қуыршаққа
жиһаз
Міндеттері:
Тәрбиелік: Тазалыққа,ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Білім
берушілік:Ұжымда жеке жұмыстарды
қосып сурет салуға үйрету.
Дамытушылық: Шығармашалық
қабілетін дамыту.
Алдын ала жұмыс жүргізу: көрсету,
түсіндіру.
Қажетті құралдар: Жиһаздардың суреттері
Сөздік жұмысы:Қуыршаққа жиһаз
Билингвальды компонент: жиһаз - мебель, қуыршақ - жиһаз
I.Мотивациялық –
қозғаушылық
-Балалар қарандаршы
біздің топқа бүгін көп қонақтар келіпті. Қәне, бәріміз қонақтармен
амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме!
Балалар орнымызға жайғасып әдемі болып отырайықшы..
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Дұрыс айтасыңдар.
Күзде ауа –райы қандай болады?
Күзде не жауады?
-Жарайсыңдар балалар.
-Ал сол ойыншықтар ішінен, қыз балдардың ойнайтын ойыншығы туралы мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы бар сөйлемейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек жылауды білмейді. (қуыршақ)
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Есік қағылады,
-Балалар бізге қонаққа қуыршақ келді, алдымен оған есімін қойып аламызба? Қуыршақтың есімін кім деп қоямыз?
Ендеше бәріміз қуыршақ Данаман амандасайық
Дана қуыршағымыз бізден көмек сұрап келіпті.
Суреттен не көріп тұрсыңдар?
Қандай жиһаздар ?
-Б.Ж
Үлестірмелі материалдармен
жұмыс.
Тәрбиеші балаларға Қуыршаққа
арналған жиһазды салып беруін сұрайды.
Сергіту
сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Жоғары-төмен қараймыз,
Топылдатып басамыз.
Орнымызға жайғасып
отырайық.
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар сурет салған
жиһазымызды, қуыршақ Данаға берейік.
Қуыршақ Дана балаларға рахмет айтып шығып кетеді.
ҰОҚ өткізу жоспары 25.09.18
Топ:7 Тәрбиеші: Адилова Г.М.
Білім беру сала(сы)лары: «Таным»
Бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру (4-5).Тәулік бөліктері. Сол жағында, ортасында, оң жағында.
Міндеттері:
Тәрбиелік: Заттарды санауды үйретуді жаластырамыз (5 саны
көлемінде).
Білім берушілік: Екі топтаы заттарды санау; саны жағынан аз топқа жетпей
тұрған затты қосу; балалардың тәулік бөліктері туралы түсінігін
нығайту.
Дамытушылық: Заттардың орналасу ретін сөзбен баяндатуды жалғастырамыз
(сол жағында, ортасында, оң жағында)
Алдын ала жұмыс
жүргізу: сұрақ
жауап,көрсету,түсіндіру,көрнекілік
Қажетті
құралдар: цифрлар карточкасы,заттық
суреттер.
Сөздік
жұмысы:
Үлгі бойынша санау, сандарды
салыстыру
Билингвальды
компонент:
I.Мотивациялық –
қозғаушылық
«Цифрды тап» дид.ойыны.
Тақтаға 1-5дейін сандарды іліп қою,содан соң балалардың бірін
шақырып,бір цифрды алдыру.Және сол цифр неге ұқсайтынын айту
тиіс.Тура және кері санау.
Ұйымдастырушылық –ізденістік
Бірінші тапсырма:
Жұмбақ
бір аяғы,қалқиған қалпағы бар,
ағаш түбінде тұрағы бар. Ол не?
Екінші
тапсырма:
Мына саңырауқұлақтың үстінде не бар?
Ал артында не тығылып тұр?
Мына үй мен ағаштың арасында не бар?
Үшінші
тапсырма:
Бес сиырдың басы нешеу?
Екі сиырдың мүйізі нешеу?
Оң қолыңда неше саусақ?
Басымызда неше шаш бар?
Төртінші тапсырма:
Тәрбиеші атаған санды балалар цифрлар арқылы көрсетеді.
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бесті беске қосамыз
Қатты қатты соғамыз.
Рефлексиялық түзетушілік
Балаларды мадақтау жұмыстарына
талдау жасау.
өз өздеріне баға береді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген